ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында


«Қазіргі кезеңдегі Орта Азиядағы қазақтардың Отанға оралуы және бейімделу мәселелері»



бет25/37
Дата12.12.2021
өлшемі494,5 Kb.
#99805
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
avtoref kalshabayeva

«Қазіргі кезеңдегі Орта Азиядағы қазақтардың Отанға оралуы және бейімделу мәселелері» атты алтыншы бөлімде Орта Азиядағы қазақ диаспорасының Отанға оралу барысы мен орнығу мәселелері, Репатрианттардың жергілікті ортаға бейімделу проблемалары қарастырылған. Соңғы жиырма жылда сырттағы қандастарымыз өздері тұрып жатқан елдердің саяси-әлеуметтік жағдайларының тұрақсыздығы мен кейбір қажеттіліктерінің орындалмауына байланысты (қазақ мектептерінің жабылуы, басшылық орындарға алмау, жұмыссыздық т.с.с.) тарихи Отанға оралуда. Осыған байланысты елімізде көші-қон департаменті, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Нұрлы көш, т.с.с мемлекеттік және қоғамдық орындар жұмыс істеуде.

Орта Азия елдерінен оралған қандастарымыздың басым бөлігі мәселен, Өзбекстан, Қарақалпақстандағы қазақтар Оңтүстік облыстарға орналасса, Түркіменстан, Қарақалпақстандағы қазақтар Ақтау, Ақтөбе облыстарына орналасуда. Дегенмен де мемлекеттің қаулысымен оларды Қазақстанның солтүстік аймақтарына да орналастырылып жатқандығы құжаттардан белгілі. Заң жобасына оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталығы бойынша қосымша бап енгізілді. Заң жобасы қабылданған жағдайда оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің осы орталықтарда болу мерзімі және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетудің тәртібі айқындалды. Оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталықтарын құру ең алдымен, тәжірибе жүзінде, республика бойынша оралмандар едәуір көп қоныстанған Маңқыстау облысында жүзеге асырылуда. Бұл орайда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика Үкіметіне, барлық облыстар мен Астана, Алматы қаласы әкімдеріне мүмкіндігінше өз бетімен көшіп келгендерге де қарайласу, қамқорлық жасау қажет екендігін үнемі ескертіп келеді. Сонымен осы қандастарымызды бауырмалдықпен қарсы алып, олардың өз елінде өгейсімей, ортамыздан орын тауып, елге сіңісті болып кетуіне жағдай жасау. Мәселен, оларды әр ауданға, әр ауылға әр бөлімшеге орналастырғаннан гөрі бір жерге топтастыра орналастыруға тырысу керек. Себебі, қаймағы бұзылмаған халқымыздың игі дәстүрлерін сақтап қалған олар елімізде болып жатқан күрделі өзгерістерді таразылап, жаңаша ойлау мәселелеріне әсер етумен қатар, халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша қасиеттерін тірілтуге, өткеннің өнегесінен үйренуге баулиды. Біртұтас орналастыру олардың бейімделуін тездетеді.

Шетелдегі қазақтардың ата-мекенге оралуы Қазақстан мемлекетінің даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуда және экономикамызды жаңа еңбек ресурстары мен қамтамасыз ету үшін, Елбасымыз 2015 жылға дейін республика халқы санын 20 миллионға жеткізуді міндет етіп отыр. Сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи- демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсіммен сырттан келетін көші-қонды тиімді пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға әсіресе, жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына Қазақстан үкіметі тарапынан жан-жақты, нақтылы түрде қамқорлық ұйымдастырылуы қажет. Ал, сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шет елдердегі қазақтарды елге қайтару үшін квотаны шектемей, қазақтар тұрған мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үрдістерін жеңілдетіп, тездету, ал көшіп келгендер үшін барлық жан-жақты жағдай жасау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет