ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында



бет26/37
Дата12.12.2021
өлшемі494,5 Kb.
#99805
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
avtoref kalshabayeva

«Қорытынды» бөлімде негізгі ойлар тұжырымдалды. Орта Азия елдерінің жергілікті этникалық тобын құрайтын қазақтар аумақтың автохтонды халықтары: өзбек, қырғыз, түрікмендермен ежелден бірге қатар өмір сүрді. Ресей патшалығы Орта Азияның елдерін жаулап алған соң ежелден бірге қатар жатқан туысқан халықтарды бір - біріне айдап салу мақсатында аумақтық- әкімшілікке бөлу жұмыстарын жүргізді. Осыған байланысты өлкедегі халықтардың этникалық, сандық құрамы айқындала бастады. Түркістан генерал-губернаторлығы кезеңінде жүргізілген аудандастырудағы өзгерістер халықтың дамуына, белгілі бір аймақта тұрақтануына кері әсер етті. Кеңес дәуіріндегі Орта Азия елдерінің әкімшілік бөлінулерін сипаттай отырып, мынандай қорытынды жасаймыз. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі әкімшілік -аумақтық бөлінулер патша өкіметінің әкімшілік бөлінуінің жалғасы іспеттес болды. Бұл кезеңдерде бөлінген ауылдық Кеңестер саны мен халықтардың қонысы нақты есепке алынбады, ауылдар мен селолардың әсіресе көшпелі ауылдардың нақты шекарасы болмады. Міне, Орта Азия елдері территориясындағы осындай әкімшілік бөліністер мен басқарудағы кемшіліктер, республикаларда аз санды ұлт өкілдерінің көбейіп, диаспораға айналуына бірден бір негіз болды деп айтуға болады.

Қазақтардың Орта Азияда қоныстану тарихына келетін болсақ, Кеңес дәуіріне дейін Өзбекстанның солтүстік шығысы бойын мекендеген ұлы жүз қазақтарының өз атақонысында отырған автохтонды халық екендігін дәлелдейтін тарихи құжаттар жеткілікті. Біз оларды ертедегі қазақ, өзбек халықтарының этноқұрамын құраған, қазіргі кезеңде өмір сүріп отырған рулардың ата қонысын мекендеген ежелгі тайпалармен байланыстырамыз. Шет жерлердегі қазақтың «ирредент» тобын құрайтын тағы бір бөлігі Түркіменстандағы Красноводск уезінде түркімендермен қатар мекендеген қазақтың кіші жүз руының адай тобын атауға болады. Сырттағы қазақтардың ендігі бір тобын халқымыз басынан өткізген ауыр да қиын тарихи оқиғалармен байланыстырамыз. 1924-1926 жж Орта Азия елдеріндегі этникалық-территориясын межелеу кезіндегі 42 үй арғындардың Қазақстан аумағына өтіп тұрғанына қарамастан өздерін Қырғызстан иелігінде қалдыруды өтініп, сонда қалады.



Шекара межелеу жергілікті жергілікті халықтардың талап тілегін қанағаттандыра алмады. Қазақстан мен Өзбекстан арасында даулы территориялар көп болды. Атап айтсақ, Ниазбек, Болат, Зеңгіата болыстықтары мен Қауыншы станциясы елді мекендерінде қазақтардың сан жағынан үстем болғандығына қарамастан Өзбекстанның құрамында қалдырғандығы жөнінде жоғарыдағы тарауда тарихи құжаттармен баяндаған болатынбыз. Сондай ақ тарихи құжаттардан белгілісі Ташкент қаласы жөнінде де қазақтар мен өзбектердің арасында дау болғандығы белгілі. Қазақтардың тағы бір бөлігінің Өзбекстан республикасы құрамында қалуының себебі архив құжаттарында көрсетілгендей 1942-1947 жж Қазақстанның қазіргі Сарыағаш, Келес аумағындағы жерлердің біраз бөлігінің өнеркәсіп орындарына қосалқы шаруашылық үшін жалға алуымен байланысты. Енді бір тобы 1950-1960 жж Қазақстанның Бостандық, Шыршық және Мырзашөл аудандары жерлерінің бір бөлігінің Өзбекстанға жалға беруімен байланысты. Қазақтардың Орта Азияда шет жерлік аталынуы жоғарыда айтып өткендегі еріксіз ата қоныстан ажыратылып бөгде мемлекеттің құрамында қалуы болса, екіншіден басқа да қоғамдық саяси жағдайлармен босқындыққа ұшырауымен, (ұжымдастыру, ашаршылық,т.б.) сондай-ақ басқа да көршілес елдердегі өндіріс орындарына қомақты қаражат көзін табу мақсатында, т.б. жағдайлармен де барғандар жеткілікті. Мәселен, ең бірінші қазақтардың төл Отанынан бөлініп қалуы 1924–1926 жж. Орта Азияның елдерінің этникалық-аумақтық шекарасын айқындаумен байланысты. 2. Ұжымдастыру кезеңіндегі солақай саясат пен 1932–1933 жж. ашаршылыққа байланысты қазақ халқының басына түскен қасірет. 3. 1942–1947 жж қазақ жерінің Өзбекстанның өнеркәсіп орындарына қосалқы шаруашылық үшін жалға берілуі, 4. 1956–1960 жж. Қазақстаннан Өзбекстанға жалға берілген жерлермен бірге кеткен қандастарымызды құрайды. Ал, енді Орта Азия елдеріндегі қазақ халқының егіншілігі олар көбіне «ақ егістік» түрлерін бидай, күріш оның қызыл тұқымын, тарыны көбірек еккен. Сонымен қатар олар бау-бақша өсімдіктері мен қатар жергілікті халықтардан қалыспай мақта өсіруді де білген. Мал шаруашылығы Өзбекстанның қазіргі Бостандық, Бөке және Шатқал аудандарында, Қызылқұм шөлдерінде қазақтың құйрықты қойлары мен қаракүл қойларын өсірген. Сондай ақ соңғы аталған өңірдегі қазақтар тұз кәсіпкершілігімен де айналысса, Қарақалпақстандағы қазақтар балық аулауды жетік меңгергендігін тарихи зерттеулерден айқындадық. Орта Азия елдеріндегі қазақтардың отбасылық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне келетін болсақ аталған аумақтағы қазақтардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен қатар әдет- ғұрып, салт дәстүрлерде қазақи дәстүрлі мәдениеттің сақталуымен бірге жергілікті басым ұлттың мәдениет элементтерінің ықпалдастығын жоққа шығара алмаймыз. Ол әсіресе Өзбекстандағы қазақтарда айқынырақ байқалады. Өзіндік дәстүрлі мәдениетін сақтаған Түркіменстандағы қазақтар өздерінің тарихи Отанындағы қандастарымен (Маңқыстаудағы қазақтар) бір, тығыз байланыста екендігін көрсетеді. Ал, Қырғызстандағы қазақтардың отбасындағы әдет ғұрып, салт дәстүрлерде екі халықтың мәдениет элементтері ұштасатындығын көрсете келіп, екі халықтың некеараласу тенденциясы Орта Азия елдеріндегі басқа жергілікті халықтарымен салыстырғанда жоғары екендігін байқатады. Отбасылық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің ішінде марқұмды әрулеуге байланысты жасалынатын әдет ғұрып, салт дәстүрлер Орта Азияның басқа халықтарының дәстүрлерімен ұқсастығын байқатады. Оның себебі, өліктің артын күту негізінен мұсылмандағы шариғат жолының бір екендігімен түсіндіруге болады. Осыған байланысты елімізде көші-қон департаменті, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Нұрлы көш, т.с.с мемлекеттік және қоғамдық орындар жұмыс істеуде. Орта Азия елдерінен оралған қандастарымыздың басым бөлігі мәселен, Өзбекстан, Қарақалпақстандағы қазақтар Оңтүстік облыстарға орналасса, Түркіменстан, Қарақалпақстандағы қазақтар Ақтау, Ақтөбе облыстарына көптеп орналасуда. Дегенмен де мемлекеттік квота оларды Қазақстанның солтүстік аймақтарына да орналастыруға бөлінген. Сонымен сырттағы қандастарымыздың тарихи отанға оралуы халқымыздың санын ғана өсіріп қоймайды, халқымыздың бай этномәдени құндылықтарын сақтап, жандандыруға да ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет