ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында


« Өлген адамды жерлеу және артын күтуге байланысты жалпықазақи әдет ғұрыптар мен ерекшеліктер»



бет24/37
Дата12.12.2021
өлшемі494,5 Kb.
#99805
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
avtoref kalshabayeva

« Өлген адамды жерлеу және артын күтуге байланысты жалпықазақи әдет ғұрыптар мен ерекшеліктер» атты тараушада марқұмды әрулеу, оның артын күтуге байланысты жасалынатын әдет ғұрыптар аумақтар бойынша қарастырылған. Өлікті Өзбекстандағы қазақтар «мәйіт» деп те атайды. Ертеден науқастың соңғы мезгіліндегі арыз-тілегін, арман өсиетін араздасу десе, Түркіменстандағы қазақтарда «ант мезгілі» деп те атайды. Өзбекстандағы қазақтарда марқұм көз жұмған соң «мейрам суын» (дәреттендіріп, оң жаққа салу) беріп кісіні оң жаққа салады. Оң жақта жатқанда да тоңғанымдай не оң жақтағыдай жалғызсырағанымдай деп айтпасын деп, қыс кезінде қайтыс болса, мәйіттің үстін жауып қояды. Ал, Түркменстандағы қазақтар ел арасынан жиналған кейбір мәліметтерге қарағанда мәйіттің жүрек тұсына жерленгенше ақ шүберекке түйілген азғана топырақ қойылады. Бұл ғұрып тек аталған аймақта ғана емес, Батыс Қазақстан аумақтарында да кездесетіндігін белгілі этнограф Ү. Қыдыралин де өз мақаласында айтып өтеді. Оның мәнісі «топырақпен біргесің» деген мағынаны білдіреді. Оң жаққа салуды Өзбекстандағы қазақтар «тәрбиелеу» деп атайды. Өлген күнін «шілдехана» деп те атайды. Қарақалпақстандағы қазақтарда да өліктің денесі қара жерге енгенше шырақты өшірмей бір адам болса да күтіп отырады. Осылай күзету қырғыздарда да жақсы сақталған. Өлген кісі тыныш өмірге кетті деп, оны «қайтты» «қайтыс» болды деп қана атайтын. Орталық Азия халықтарында ертеде кісі таңертең қайтыс болса, түске дейін жерлейтін болған. Бұл ғұрып жергілікті халықтармен (өзбектермен) аралас мекендеген қазақтарда кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет