Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Диссертацияда Орта Азиядағы қазақтарды ХVІІІ ғасырдан бастап ХХІ ғасырдың бас кезіне дейін тарихи-этнографиялық аспектіде қарастырамыз. Қазақтардың Орта Азиядағы бүгінгі жай күйіне байланысты тарихи Отанға оралуы және бейімделу мәселелері де зерттеледі
Зерттеу жұмысының нысаны -Орта Азиядағы қазақ диаспорасы (тарихи-этнографиялық зерттеу).
Зерттеу жұмысының пәні – Орта Азиядағы қазақтардың этникалық тарихы, этнографиясындағы дәстүрлі мәдениеттің сақталуы мен ерекшеліктерін кешенді зерттеу арқылы қазақ диаспорасының қазақ этносымен тұтастығын көрсету.