Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 83. КӨМЕКШ! ЕТІСТІКТЕР МЕН АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР



бет108/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі
Пифагор және оның мектебі қызметі
§ 83. КӨМЕКШ! ЕТІСТІКТЕР МЕН АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР
Аналптикалық етістікті жасауда кемекші етістің кызметі ерекше. Көмекші етістік болмаса, аналитика- лық етістік де жасалмайды. Сол оебепті аналитикалық етістіктіц негізгі белгілері болып танылатын аналити- калық формалар да көмекші етістікпен тікелей байла- нысты.
Жалпы, көмекші етістіктердің қызметтерін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу — қазақ тілі грамматикасынын аса бір қызық та, киын да, маңызды мәселесі. Оның кызыктығы да, қиындығы да мәселенің күрделілігіне байланысты. Осы күрделіліктің

245



үлкен бір түйіні аналитикалык, форманттарға тікелей қатысты.
Әдетте, көмекші сөз туралы әңгіме бола қалса, бір- ден оның не мағына жагынан олқылығы, не форма жа- ғынан жетімсіздігі, не қызмет жағынан шалағайлығы бар екендігі туралы ғіемесе осылардың бәрі бірдей оның басынан түгел табылатындай бір ой я түсінік көкенге орала кетеді. Көмекші етістікті атағанда да, дәл осы ұғым ілесе туа қалады.
Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тіліміз- де атқаратын қызметі орасан зор. Олардыц көмегі ар- қасында, мағыналары каншалыкты олқы бола түрса да, мағынасы толық дербес сөз арқылы білдіре алмай- тын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматика- лық абстракты мағығіалар жасалып я беріліп отырады. Мысалы: шөлдеп кеттім
және шөлдеп қалдьім, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым және жығылып ңала жаздадым... деген етістіктердің бір-бірінен ерекшелене- тін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ғана ажыратуға болады.
Көмекші етістіктердің колданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестерде, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере оты- рьғп, оларды ең әуелі толымды көмекшілер және толым- сыз көмекшілер деген екі салаға бөліп карауға болады. Бұл етістіктер түрақты және ауыспалы деп аталады.
Толымды көмекші етістіктерге бір жағынан, негізгі лекснкалық мағынасын толық сақтап, дербес грамма- тикальіқ функцияларын түгелдей атқарып, етістік атау- лыға тән парадигмалык формалардың бәрін кабылдап, жазба тілде де, сөйлеу тілінде де дербес сөз мүше ре- тінде қолданыла беретін, солай бола түра, екінші жағы- нан, аналитикалық етістік қурамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған досым- ша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір ал- уан (30 шамалы) етістіктер жатады. Ондай толымды көмекшілердің қатарына жататын етістіктер мыналар: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел,

246

жібер, кел, кет, көр, қал, қара, қой, сал, таста, түр, отыр, өт, шық, де, қыл, ет.
Толымды көмекшілердің әрі жетекші (негізгі), әрі көмекші (жәрдемші) етістік ретінде қызмет атқараты- нын мынадай нүсқалардан көріп, мойындауға әбден бо- лады. Мысалы: ол поездан ңалып қойды:
ол үстелді ңо- йып қалды дегендерді салыстырсақ, қал етістігі алғаш- қы тіркесте жетекші, соңғы тіркесте көмекші болып тұр- са, қой етістігі, керісінше, алғашкыда — көмекші, соң- ғыда — жетекші болып түр. Сондай-ақ бере сал және сала бер, сала крй және кря сал, бере көр және көре бер... тәрізді аналитикалы тіркестердің сипаттары да осындай. Етістікке тән парадигмалык формалардың бә- рі де қажетіне қарай аналитикалы етістіктің көмекші компонентіне қосылады. Мысалы: қалып қойды, қалып ңойған, ңалып ңоятын, ңалып қояр, қалып крйса, қалып қоііма, қалып крйғалы (отыр), қалып қойып (жүрме), қалып коймайыншы, қалып қойганша, қалып қойган- дықтан, ңалып крярлыкүтай т. б.
Кейбір толымды көмекшілер негізі басқа етістікке я жетекші, я көмекші болып қана қоймай, өзіне-өзі әрі жетекші, әрі көмекші болып, аналитикалы форма жасай алады. Мысалы: ала алдың ба? Үйде қала қалған екен- сін, ғой; ендігісін айтпай, ңоя кой; мынаны жәшікке са- ла сал; дәптерді үлестіріп бере бер; қар түсе түссе игі еді; сол киноны көре көр; біле білсең, білім кітапта; ба- ла жүріп жүр; қонақтар жатып жатыр, сіз сәл түра түрыңызшы т. б. Бүдан толымды көмекшілердің семанти- сы ерекше, қызметі де төтенше екені айқындала түседі.
Толымды көмекшілердің бірде-біреуі негізгі етістік- ке тиісті дәнекер қосымша (-а, -е, -й; -ып, -in, -п, әредік -ган, -тын, -р...) жалғанбаса яғни жетекші етістікке ай- налмаса, көмекші етістікке тән касиетке ие бола ал- майды, яғни көмекші етістік ретінде жүмсалмайды да, онын, қызметін де атқара алмайды, өйткені негізгі етістік- ке ондайдәнекер (қосымша) жалғанбаса, екінші (көмек- ші) етістік оған (бірінші етістікке) грамматикалык семантика үстейтін компонент бола алмайды. Мысалы. айта сал, айта крй, айта көр, айта бар, айтып крй, ай- тып көр дегендердегі бірінші (негізгі) етістікке жалға- нып түрған -а, -ып жүрнақтарын алып тастасак, бүл тіркестердін бірде-біреуінен де айқын түсінік аңғарыл- май, олар қиыстырылмай, әлдеқалай іргелестіріле салынған екі-екі сөздін тізбегі (айт сал; айт қой; айт көр)

247


болады да шығады. Сондай-ақ, айта сал, айтып сал... деген тіркестерден комекші етістіктерді альіп тастап, тек негізгі етістікті қосымшасымен (айт, айтып) ғана калдырсақ та, аналптикалық тұлғаның (единицаның) формасы да, мағынасы да жоғалып, кәдімгі жай көсем- ше форманың (айта, айтып) соқа басы ғана қалады


Толымды көмекшілер мен жетекші етістікке қосыла- тын форманың (кесемше журнағының) бір-бірімен тір- кесу қабілеті де, бұл екі компоненттің бірлесіп, жетекші етістікке үстейтін семантмкалық мағынасы да бәрінде біркелкі емес. Мысалы: ал, бар, бер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, таста, шық, жатыр, жүр\ түр, отыр 'етістіктері көсемшенің -а (-е, -й) жұрнағымен де, -ып (-іп, -п) жұр- нағымен де тіркесіп, семантикалық айырмашылықтары бар, демек, алды-алдына формант ретінде жұмсалып, екі түрлі саралама (аналитикалы) етістік жасауға қатыса- ды. Ал, кейбір көмекшілер тек -а (-е, -й) жұрнағымен ға- на (айта бастады; тыңдай түсті) тіркессе, кейбіреулері тек ып (-іп, -п) форма жұрнағымен ғана (айтып жібер, тыңдап қара) тіркесіп, сынар аналитикалы етістіктер жасауға ғана катысады.
Толымсыз кемекші етістіктер. Бүл топка енетін көмекші етістіктердің саны көп емес. Оларға сөз- діктен жеке сөз ретінде лүғаттық орын алғанымен, прак- тикада (ауызша, жазуша тілде) я әуелгі (ер), я қазіргі (е) түбір күйінде қолданылмайтын жалғыз сөз -е етістігі ғана, ол негізден өрбіген формалардан сақталып жүрген шалағай еді (ер+ді), екен (ер+кен), емес (ер+ме+с) сөздері және еміс-еміс деген қос сөз ғана жатады.
Бұл көмекші етістіктің е түбірінде қазір толық лек- сикалық мағына жоқ. Оның тек жоғарыда аталған еді, екен, емес, еміс-еміс формалары ғана болмаса, езге па- радигмалық формалары қазіргі тілден шығып қалған. Сейтіп, бұл көмекшілер — мазмұны жағынан да, форма жағынан да шалағай, яғни, толымсыз сездер. Бірақ лек-. сикалық мағыналары да, грамматикалык формалары да толымсыз (шалағай) болғанымен, олар тілімізде айы- рықша мол функция атқарады.
Бұл кемекшілер жалан жзке күрделі есімдерге де, етістіктін көптеген категорияларына да, күрам-қүрылыс- тары аралас басқа сөздерге де талғамай тіркесе береді. Мысалы: бала еді; аға дәрігер екен; қырық-отыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет