Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 103. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет154/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 103. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
а) Еліктеуіш сездер
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта үшырасатын сан ал- уан құбылыстар мен заттардын. бір-біріне кақтығысу- соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан- ^ануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсі- ніктердің атаулары есебінде калыптасқан сездерді ай- тамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; ңарға қарқ етті Аеген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс деген сез мылтық- Тьің атылуынан туған дыбыстың атьш білдірсе, қарқ де-

345



ген сөз карғанын. дыбыстау мүшесінен (каркылдауы- нан) шықкан дыбыстын. атын білдіреді. Демек, бұл екі сездің екеуіне де жансыз және жанды заттардан шық- кан дыбыстар негіз болған. Бірақ бұл дыбыстардың қай- сысы болса да, әрине, сол дыбыстардың дауыстарын дәлме-дәл етіп айтуға тырысудан туған әрі дыбыстық бейне, әрі сол бейненің атауы ретінде қалыптасқан ды- быстар Заттың кұрылымдық бөлшектерінің ерекшелік- теріне карай, жерге түскендегі дыбысы я дүңк,
я тыңқ, я діңк, я тоқ, я тық... етіп естілуін тілмен дәлме-дәл айтып жеткізу қиын-ак. Дегенмен, осы дыбыстар дыбыс- тық бейне ретінде де, сол бейнелердің атаулары ретін- де де калыптасқандықтан, оларды біз сөздер есебінде кабылдаймыз. Оның бер жағында, бұл дыбыстар, қай- сысы болса да, жалан дыбыстар емес, күрделі Yibi6bic- тар. Ал осы күрделі дыбыстар белгілі-белгілі табиғат дыбыстарының таңбалары есебінде қабылданып, тиісті сөздерге айналған. Оған көркем әдебиеттен кейбір мы- салдар келтірейік.
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас ңызыл қозы топ ете түсті (М. Әуезов); Қасқыр тыпыр- лсіп жатқан қозыны көре сала, ырр етіп барып бас сал- ды (бұ да). Қозы екі қомағай ауыздың кереісінде қан- жоса болып дар-дар айрылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаіи-қүпаш цорң-қорң етіп қомағай ңанды ауыздар асайды (бү да). Осы сөйлемдердегі топ, ырр, дар-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ сөздері де тиісті ды- быстарды есітуден пайда болған түсініктерді білдіреді. Сондықтан бүлар да, әрине, еліктеуіш сөздерге жа- тады.
Осындағы дар-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ деген елік- теуіш сөздер бастапқы түбірлердің екі рет кайталауы- нан жасалған. Егер сол сейлемдердің құрамдарына да, құрылыстарына да ешқандай езгеріс енгізбей, тек осы еліктеуіш сөздерді қосарланған түрде емес, жалаң түрде ғана колдансақ (мысалы, сырт етіп жас сүйек сынды), өзге сөздер сияқты, еліктеуіш сөздердің не жалаң түрі мен қосарланған түрі болатыны, олардың мағыналарын- да тиісті айырмашылық барлығы аңғарылады. Демек, еліктеуіш сездің жалаң түрі амал-әрекеттің бір ғана рет жасалатыкын білдірсе, қайталанған түрі сол амал-әре- кеттін үсті-үстіне әденеше рет қайталанып жасалатыньін білдіреді. Мысалы: дар айрылды және дар-дар айры.л- ды; сырт етіп және сырт-сырт етіп; қорқ етіп және қорҚ'

346



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет