Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 109. ОДАҒАИЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ



бет171/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


§ 109. ОДАҒАИЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияклы болып келеді. Бірақ олар жай ғаиа дыбыстар емес, жұртшылықка әбден тү- сінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайда- ланылатын дыбыстар. Олар жүртшылыкка әбден түсінік- ті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қа-

379


тарынан шығып, оелгілі сөзге айналған. мысалы: Уау жігіттер-ау, бул ңалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал бол ғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да) Е, жолдас, жақсы жатып, жай турдыңьіз ба? (С. Мұқа нов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйрен шікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болыг кеткен.


Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді
Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я пай, э, о, оһо, ой, әй, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады Бұл одайлар қайталанып та қолданылады.
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай жаракімалла, мащарай, о тоба, астапыралла, япырмай ойпырмай, о дариға... сияқтанғандар жатады. Бүлар әуел-бастағы мағыналы сөздерден я сөз тіркестерінеи бірігіп одағай сөздерге айналған. Мысалы: мәссаған де- ген одағайдын бастапқы төркіні — мә, саған; бәрекелді дегеннің төркіні — барақа аллаһу (алла саған бақьп берсін); жаракімалла дегеннің төркіні — я рақым (бер) алло; масщрай дегеннің түбірі — масқара-ай; о тобс дегеннің төркіні — иситиғфсіру аллаһу (алла кешірсін); япырай, ойпырмай, апьірай дегендердің түбірлері — я, пірім-ай; ой, пірім-ай дегендерден шыққан. Ал әттегенай деген одағай эйт деген-ай (айт дегенің -ой) дегеннен шыққан. Бірақ бұл сөздер өздерінің бастапкы акиқат- тық мағыналарынан тіпті алыстап, тан калу, үнату, ма- дақтау, өкіну шошыну сияқты көңіл күйлерін білдіретін одағайларға айналып кеткен.
Сол тәрізді, е, тәйір; тәйір-ай; уа, дуние; әттең; іиір- кін-ай; я сәт; аттан; алақай деген сияқты ескі ұғымдар- ды білдіретін сөздер көбінесе одағай ретінде әуелі ауыз- екі тілде қолданылып, біртіндеп әдеби тілге де еніп ке- тіп жүр.
Сөйтіп, одағайлар тек көңіл күйін білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, бастапкы кезде ақиқаттық ма- ғынасы бар сөздерден де шығады. Одағайлар тек ерте- ректегі дәуірлерде шыққан сөздер ғана емес, я олардын калдықтары ғана емес, кейінгі кездерде де, біздің зама- нымызда да шығып отыратын категория.
Одағайлардың дәлді мағынасы нактылы сөйлеу жағ- дайларымен байланысты контексте айкындалады, өйтке- ні бір одағай сөздің өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай, әр сөйлемде әр түрлі мағьіна береді. Демек, бір одағай- дың өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде налу, бірде

аяу, бірде ызалану, бірде үнату, бірде үнатпау, бірде кү- діктен^' бірде мысқылдау, бірде назар аудартып қара- ту сиякты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Мы- (Салы: Әй, сол ма, тейірі!
(Ғ. Сланов); Әй, байғүсым-ай, басын бастаса, тусіне кетесің-ау! (С. Мұканов); Әй, сен өзің әрі кетші! (С. Мұқанов).
Сөйтіп, көңіл күйіне байланысты, жоғарыдағы сияқ- ты, одағайлардың өздері әлденеше түрге бөлінеді. Бі- рақ мағыналарының соншалык ауысып отырғандығынан оларды жіктеу тіпті киын. Егер топтасақ, көңіл күйінің. алуан түрлі райын бас-басына атап санауға мәжбүр бо- латын сияқтымыз. Сондыктан жоғарыдағы сияқты ода- ғайларды шартты түрде бір топқа жатқызып, көніл күйі одағайлары деп атауға болады.
Бұлардан баска тілімізде адамға арнай айтылатын: кзне, міне, әні, мэ, жә, әйда, әй, тек, тәйт сияқты ода- ғайлар да бар. Бұлардың мағьіналары жоғарыдағы ода- ғайлардан гөрі басқашарактау. Демек, олардың кейбі- реулері көрсету я нүсқау (кәні, міне, әні), кейбіреулері үсыну (мә, айда), кейбіреулері тыю (жәй, тәй, тек, тәйт) мағыналарын береді; бұларды ишарат одағайлары де- ген дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет