Бәйшешектей бүр жарса... бизнес
тiлi
» (АТ. – 22.03.1995).
Метафора
– «сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп
отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу
үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп,
суреттеліп отырған заттың не құбылыстың, мағынасын үстеу,
мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту» [139]. Баспасөз беттерінен
метафораларды көптеп кездестіруге болады, себебі сөздерді ауыспалы
мағынада қолдану тілге көріктілік сыйлайтыны бұрыннан белгілі.
Осыны ескерген журналистер өз шығармаларына атау беруде
прецедентті құрылымдар, окказионализмдерді қолдануға мүмкіндігі
болмаса да, көбіне-көп метафоралық құрылымдардың негізінде
тақырыпат
кешенін
айшықтауға
тырысады:
«
Дүкеннің
түнгі
"меймандары" қолға түсті
» (СС. – 26.12.96), «
Ән – көйлек болса,
әншi – манекен...
» (ЖА. – 09.02.1999), «
Билiктiң бишiгi кiмнiң
қолында?
» (З-Қ. – 05.12.1997), «
Қалауын тапса – қар жанар
» (З-Қ. –
09.08.2002). Әсіресе публицистер сөздердің ауыспалы мағынасының
негізінде ойнақы тақырыпаттарды, окказионализмдерді құруды
ұнатады: «
Жерлеу жемтiк iздеу, той тонау ма?
» (П. – 2000. №9),
«
Таусылмайтын «тәжірибенің» торына түстік
» (ЕҚ. – 23.08.2014),
«
ГБО – дастарханда көрiнбейтiн құбыжық
» (З-Қ. – 18.07.2003),
«
Достарыңызбен бөлісу: |