Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет62/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

Жасығандардың жанашыры 
Жошыбаев
» (П. – 2008. № 3), «
Топонимдер төңiрегiндегi толғамдар
» 


102 
(А. – 1999. № 6.), «
Тың таланттар тұғыры
» (СС. – 13.02.1999), 
«
Бүгiнгiнiң бiз бiлмейтiн батыры
» (АТ. – 8-14.04.2010), «
Тұғырымыз 
тыныштық, тiрегiмiз – тұрақтылық, тiлегiмiз – татулық
» (А. – 
02.05.2012). 
Тілшілер кейде жоғарыда аталған әдеби формаларды бір-бірімен 
қиюластырып, қатар қолданып та жатады. Мұндай қадам мақала 
тақырыпатының прагматикалық әлеуеті үшін өз септігін тигізбей 
қоймайды: «
Тығырыққа тiреген төрт тосқауыл
» (Ақ. – 1995. №4), 
«
Жұрт жадында жүрген жан
» (П. – 1995. №9), «
Қайтпас қайсар 
Қайсенов
» (Ақ. – 2000. №2), «
Қаламы қанатты қайраткер
» (Ақ. – 
2011. №4), «
Сайтани сайттардан сақтан!..
» (П. – 2009. №6), 
«
Даланың дархан данасы
» (СС. – 07.06.2003). 

Қазіргі кезде журналистер мақала атауында паронимдер
квазиомонимдер сынды дыбысталуы біршама ұқсас сөздерді қолдану 
арқылы тақырыпатқа 
ұйқас
бітіреді. Мұндай әдіс арқылы автор 
тақырыпаттың көркемдік бейнелілігін шыңдаумен қатар оқырман 
назарын аудартып, мақала мәтінін толықтай қабылдауы үшін «жол 
салады». М.: 
«"Еларна", жақсылықты жұртқа хабарла!
» (ЕҚ. – 
20.03.2002). Мұндай тақырыпаттардың тағы бір ерекшелігі – олардың 
оқырман жадында жақсы және оңай сақталуы. 

Уақыт өтіп, публицистикалық басылымдар саны артқан сайын 
тілшілер өз мақалаларына неғүрлым қызықты әрі оқырман көңілін 
еліктіргіш атау беруге тырысады. Қазіргі журналистер арасында 
осындай мақсатпен біршама кең қолданысқа ие болып келе жатқан 
құрал – парехеза. 
Парехеза
– бір әрпі өзгеруімен болмаса буындары 
ауысуымен өзара өзгешеленетін сөздердің парономазиясы кездесетін 
псевдоэтимологиялық фигура [157, 321]. Мұндай айырмашылықтары 
бар сөздердің контекстілік антоним болып, каламбур тудыруы да 
кездесіп жататындығы – бұл фигураның публицистикада жиі 
қолданылуын түсіндіретін тағы бір себеп. М.: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет