Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет63/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

Қадiрi кеттi 
кадрдың...
» (ЕҚ. – 08.09.1994), «
Шайқап сөйлемей, байқап сөйлейiк
» 
(П. – 2005. № 10), «
Зиялы қауым зиянды қауым ба?
» (Ақ. – 2013. №1), 
«
Бiр күдiк, бiр үмiт
» (П. – 2000. №9), «
Иран мен уран
» (ЖА. – 
07.01.2010). 

Тақырыпаттың әсер етушілік, экспрессивтілік деңгейін 
арттыруда өзіндік орны бар фоностилистикалық құралдардың тағы бір 
– 
интонация.
Оның мақала атауының дұрыс сарында қабылдануына, 
оқырманға 
әсер 
етуіне, 
тақырыпаттың 
экспрессивтілігі 
мен 
стилистикалық табиғатына тікелей әсер етеді. Мысалы: интонация 
парцелляциялық құрылым (
«"Алтын алқалы" аналар азайды. Неге?
» 
(ЕҚ. – 18.04.2003); лексикалық қайталама («
Жаңа оқулықтармен 


103 
жаңа ғасырға
» (Ақ. – 2000. №6), «
Түйе, түйе, түйелер: түйенiң 
қасиеттерi
» (П. – 2005. №9); эллипсис («
СПИД жайлы бiлгiңiз 
келсе...
» (А. – 29.09.2004); окказионализм («
Түнгi үште тұрып... 
айтыс көрiңiз
» (ЖА. – 12.02.2002) сынды тілдік бірліктердің негізінде 
көрініс табуы мүмкін; одан басқа «не – кімге», «кім – қайда», «не – не 
үшін» деген сынды үлгілер бойынша құрастырылған тақырыпаттарда 

Жығылғанға – жұдырық
» (ЕҚ. – 25.05.2010), «
Өлiлерге – сауал, 
тiрiлерге – сабақ немесе жерлеудегi "коммунистiк тәсiл" жалғаса 
бере ме?
» (П. – 2004. №2) және бірінші бөлімі жағдайға жалпы баға 
беріп, екінші бөлім оның мағынасын түсіндіретін күрделі мақала 
атауларында да кездеседі («
БҰҰ-ға 51 жыл: жеңістер мен реформалар 
уақыты
» (СС. – 07.11.1996). 
Көріп отырғанымыздай, аллитерация не ассонанс сынды әдеби 
формалар болсын, я болмаса интонация сияқты күрделі фонетикалық 
құбылыс болсын, барлығы да публицистикалық тақырыпаттың 
фоностилистикалық табиғатына белгілі деңгейде ықпал етумен ғана 
шектелмей, сонымен қатар мақала атауының көркемдік бейнелілігін 
арттыру, реципиент назарын аударып, мақала мәтінін толық оқуға 
итермелеп, соған тиісті сарында «жол салу» арқылы публицистикалық 
шығарманың осы бір құрамдас бөлігінің прагматикалық әлеуетіне де 
өзінің елеулі септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет