жетуде.
Оған қарт саудагер қолы дірілдей жанаса кетті.
- Айтшы! Айта гөрші! – жалынды ол.- Аналар бекініске өте алмайды
ғой? Менің ұлдарым патшаға еріп кеткен. Кемпірім екеумізді қорғайтын
ешкім қалмады.Олар менің мүлкімді, барымды тонайды-ау. Ештеңе
қалмайтын болды!Қорғануға да, құл болуға да жарамаймыз -кəріміз
ғой.Өлетін болдық. Айтшы, аналар өте алмайды ғой, солай ма?
- Сабыр ет, досым,- деді сардар.- Бабылдың бекінісі берік.Базарға бар
да, кемпіріңе айт, қала бекінісі патшаның қазынасын қорығандай, өздеріңді
де, мүліктеріңді де қорғайтынын жеткіз. Қабырғаға сүйене жүр, жебе тиіп
кетпесін.
Саудагер орнына емізулі бала көтерген əйел тұрды.
-
Сардар,
айтыңызшы,
бекіністе
не
болып
жатыр?
Менен
жасырмаңызшы, мен бейшара күйеуімді тыныштандырайын.
Жараның
кесірінен оның ыстығы көтеріліп жатыр, бірақ ауық-ауық қалқан мен
найзасын сұрауда.Баласы мен екеумізді қорғауға аттанғысы келеді.Оның
пікірінше, бекіністі бұзған жаудың айбыны жаман болады.
- Жүрегіңді бас, айналайын. Бабыл бекінісі мына балаңды да, өзіңді де,
болашақ балаларыңды да қорғайды. Дуал аса биік əрі мығым. Шабуылға
шыққан жауға ыссы май құйған біздің жауынгерлердің дауысын естіп
тұрған жоқпысың?
- Иə, естіп тұрмын. Бірақ қақпаны соққылаған таран дыбысын да естіп
тұрмын ғой.
- Жұбайыңа бар.Оған бекініс қақпаларының таранға төтеп беретінін
айт.Дуал үстіне шыққандарды зымыраған найзалар қағып түсіретінін
жеткіз. Абайлап жүр, үйлердің арасымен қайт.
Банзар ауыр қаруланған қосалқы күшті өткізу үшін қапталға
ығысты.Қола қалқандары қаңғырлап, олар өткен кезде, оған қаршадай қыз
жабыса кетті:
- Айтшы, сардар, біз аман қаламыз ба?
Айналадағы дыбыстан қорқып
тұрмын. Қаптаған адамдар қансырауда, маған сонша қорқынышты.Менің
апама, кішкентай ініме не болар екен?
Қарт сарбаз көзін сығырайтты да, оның иегін қысып қойды.
- Қорықпа, балақан, - басынан сыйпады,- Бабыл бекінісі сені де, анаңды
да, ініңді де қорғайды.Сол үшін жүз жылдан аса уақыт бұрын ұлы
Семирамида тұрғызған мұны.Бұған əлі күнге ешкім басып кірген емес.Кері
қайт та, апаң мен ініңе айт, бекініс берік, қорқатын түгі де жоқ.
Тың қосалқы күш дуал үстіне шығып шайқасады да, олардың
жаралылары мен өлгендерін кейін алып кететінін бірнеше күн бойы қарт
Банзар бақылаумен болды.Оны айнала үрейі
ұшқан жұрт толастар
болмады, бəрінің де қоятыны бір сұрақ: бекініс төтеп бере ме? Оның бəріне
де оның ардагерге тəн мақтанмен айтатыны: «Бабылдың бекінісі сендерді
қорғайды».
Үш апта жəне бес күн бойы қаланы соққылау бір де бір
толастамады.Қан сасыған өткілмен қосалқы күш қатары жоғары қарай
бірінен соң бірі қанша өтсе, соншама олардың жаралы тобы мен өліктерін
шығарғанын бақылаған Банзар ернін барған сайын аямастан тістелеп
тұрды. Күн өткен сайын, бекініс түбінде өлген
жаудың өліктері де таудай
болып үйіле берді. Оларды түнде ғана жолдастары алып кетіп, жерлеп
жатты.
Төртінші аптаның бесінші түні ғана айқай-шу сап тыйылды.Жаңа туған
айдың сəулесі жазыққа түсіп, шегінген қолдың шаңын көрсетті.
Бекініс қорғаушылардың əлемет айқайы айналаны тітіркентті.Оның
мəніне қателесу мүмкін емес еді. Ол айқайды дуал түбіндегі сарбаздар іліп
əкетті де, одан əрі жаңғырық іспетті дауыс көшелерді жаңғыртты.
Жұрт үйлерінен шығып жатыр. Көшелер халыққа лық толды.Өткен апта
бойы ұйлыққан үрей қуанышқа толы айқайға ұласты.Ваала тəуханасының
мұнара басынан жеңіс оты аспанға шапшыды.Көкке көтерілген көгілдір
түтін, шаттыққа толы жаңалықты түкпір-түкпірге жеткізуде.
Бабыл бекінісі қала қазынасы мен байлығына қол сұғуды аңсап,
тұрғындарын құл етуді көксеген қуатты дұшпанға осылайша тойтарыс
берді.
Бабыл ғасыр сайын гүлдене берді, өйткені, ол толық қорғаныста еді.
Басқа жайтты ол өзіне керексінбеген қала еді.
Бабыл бекінісі қорғанысқа деген адамдық
қажеттіліктің көрінісі
болатын. Ол ниет əркімге де тəн. Бүгінде ол, өткен замандардан гөрі, тіпті,
күштірек, бірақ бізде енді сол мақсатқа жарайтын одан да жақсы əрі қуатты
саймандар бар.
Бүгінде ондай саймандарға қамсыздандыру компаниялары, жинақ
шоттары, мақсаттық инвестициялар жатады. Олар бізге кез келген есіктен
кіріп келетіндей, тосын апаттан қорғануға жарайды.
ЛАЙЫҚТЫ ҚОРҒАНЫССЫЗ, АЛҒА БАСУҒА БОЛМАЙДЫ