Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


Қолдан келмейтін іске ұрынған болмаса алаяқтар мен қулардың



Pdf көрінісі
бет26/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

Қолдан келмейтін іске ұрынған болмаса алаяқтар мен қулардың
қармағына түскен немесе тəжірибесіздігі мен қияли қылығы кесірінен
тез баюға ұмтылған адам байлығының берекесі қашады.
Жинағы бар адамға ылғи да сыйқырға толы ертегідей алдамшы
ұсыныстар түседі. Оларға қарап, шексіз байлықты сыйқырлы күш қана
қолға түсіретіндей көрінеді.Бірақ та ондай жоспарға қалай мұқият үңілсең,
тез байытатын ол істердің соншалықты тəуекелге толы екеніне көз
жеткізуге болар еді.


Бұл жағынан ниневиялық байдың ешуақытта қол жетпейтін табысқа
басты байлығын тəуекел етпейтінін ұмытпаңдар.
Байлықтың бес заңы осы. Хикаяны айта отырып, сендерге өз
байлығымның құпиясын да аштым.
Шын мəнінде, ол - байлықтың құпиясы емес, күн сайын аштық қысқан
қасқырдай болғаннан, күйбең тірліктен суырылып алға шыққысы келетін
кез келген адамға тəн ақиқат еді.
Ертең біз Бабылға жетеміз. Көрдіңдер ме, анау Ваала тəуханасының
үстінен самаладай самсаған оттарды.Алтын қала қол бұлғап тұр.Ертең
сендерді лайық қызметтерің үшін алатын тиісті жинақтарың күтіп тұр.
Он жыл өткен соң бұл байлықтарың туралы не айта аласыңдар?
Араларыңда Номасар секілді, Арқаттың даналығына сай алғашқы
қадамды байлыққа барар жолға салатын біреулерің болса,онда он жылдан
соң олар Арқаттың ұлы сияқты ауқатты да абыройлы адам болмақ.
Біздің дана қылықтарымыз текке кетпей, əруақта бізді өмір бойы
қуантып, лəззатқа бөлейді. Дəл сол сияқты ақымақ қылықтарымыз бізге
өмір бойы мазамызды алып, қауіп төндірумен болады.Өкінішке қарай, оны
киім секілді шешіп тастап, ұмытып кете алмайсың.Бірақ та, істей
алатыныңды кезінде тындырмай кеткенің, қыр соңыңнан қалмай, өмір
бойы өкшелеп жүреді.
Бабылдың қазынасы ағыл-тегіл.Оны ешкім де өлшей алмас. Жыл өткен
сайын шаһардың байлығы еселеніп, гүлдене түсуде. Бұл байлықтың бəрі де
іскер адамдар үшін марапат болып табылады.Əр адамның тілегі мен
ойында дүлей əрі сыйқырлы күш жасырулы. Байлықтың бес заңын
білсеңдер, ол күшті өз пайдаларыңа жарата отырып, Бабылдың
байлығынан өз үлестеріңді аласыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет