Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

 келе – түйе тобыры
Ол мысалға: «Иə, мен саудагерлерге жəрдемдестім. Смирнуға барып
арзан кілем сатып əкелуді білем». – десе, оның ниетіне ден қойып, ісін
қолдауға болар еді. Егер де қарызды қайтаруға кепілдік берсе, елу алтын
ақшаны бере салар едім.Бірақ ол: «Менде кепілдік жоқ, алайда, қарызды
қайыруға таза абыройыммен ант етейін» десе, мен: «Əрбір бақырды қадыр
тұтатын адаммын. Смирнуға барар жолда қарақшылар ақшаны тартып алса
болмаса қайтар жолда кілемді тонап алса, қарызға алған менің алтыным
бірге құриды ғой».
- Көрдіңбе, Родан ақшаны молайту да - саудагерліктің бір жолы, тек
қана ақшамен сауда қылу.Ақшаны қарызға беру қиын емес, бірақ ойсыз
бере салған ақшаны кері қайтару -қиынның қиыны. Білікті молайтушы
ақшасын босқа тəуекелге тікпейді, оған қайтарым кепілі керек.
- Иə, кедейге қол ұшын берген жөн, тағдырдың соққысына ұшырағанға
көмектесу қажет. Бірақ, бөгденің міндетін өзіне артқан есектің ахуалын
кешпес үшін, көмекті ақылмен берген мақұл.
- Сенің көздеріңнен тағы бір сұрақты оқып тұрмын, Родан, менің
жауабым мынау: анау алтыныңды өзіңе қалдыр. Өз еңбегіңе бұйырған
алтын - сенікі, өз қалауың болмаса, оны ешкіммен де бөліспеуге қақың
бар.Егер оны молайтуға бағытталған қарызға айналдырғың келсе, оны
ақылмен істе. Сен қанша жыл бойы найза жасап келесің?


- Толық үш жыл болды.
- Патша марапатын қоспағанда, осы жылдар ішінде қанша ақша
жинадың?
- Алтын үш бақыр.
- Сен өзіңді көп нəрседен тыю ақылы жылына бір бақырдан ғана
жинадың ба?
- Дəл солай.
- Демек, сен елу жыл ішінде елу алтын бақыр жинар едің.
- Сонда, өмір бойы сонша ақшаға ғана қол жеткізер екем ғой.
- Неліктен, сенің қарыңдасың өз күйеуін саудагер болып байқауға ғана
сенің елу жылғы ақыңды алып тəуекелге салмақ?
- Жоқ, сен секілді түсіндірсем, ол бас тартар.
- Ендеше барып айт: «Үш жыл бойы таңнан кешке дейін еңбек еттім.
Өзіме де қимастан жылына бір алтын бақыр жинадым. Сен – менің сүйікті
қарындасымсың, күйеубаланың да өзінің сүйікті ісінде жемісті болуын
қалаймын.Егер де ол менің Матон досым қолдайтындай нақты жоспарын
айтсын, мен бір жылғы жинағымды берейін, ал ол қолынан іс келетінін
көрсетсін». Дəл осылай істе.Егер онда кепілзат болса, соған сəйкес қарыз
бергін, ал егер жоқ болса, онда қайтара алатын сомасын ғана ұсын.
Мен өз саудамнан артылған алтыным болғасын ғана молайтушы
болдым. Алтынымның өзгеге жұмыс істегенін қалаймын, бірақ ол маған
пайда келтіруі қажет. Оның үстіне ол таза еңбегімнің ақысы болғасын,
бостан босқа жоғалтқым келмейді. Сондықтан да, істің мығым екенін жəне
алтынымның кері қайтатынына көзім жетпесе, кім көрінгенге қарыз бере
салмаймын.
Мен 
саған 
қобдиымдағы 
кейбір 
құпияларды 
ғана 
айттым,
Родан.Солардың ішінде, ақшаны қайтаратындай берік мүмкіндігі болмаса
да, қарызға алуға құмар пенделердің көп екеніне көз жеткіздің.Сонымен
бірге, егер де адамда жеткілікті қабылет пен тəжірибе болмаса, тезірек əрі


ірі табысқа жетерлік үміттің түкке тұрғысыз екенін байқадың.
Сенде алтын бар, енді сен оның қолыңнан сусып кетпей, өзіңе жұмыс
істеп, табыс əкелуін ойлануың керек.Мен секілді молайтуға жұмсауыңа
болады. Өз жинағыңды көздің қарашығындай қорғасаң, ол саған алдын ала
бірнеше жылға жетерлік мол табыс сыйлайды.Ал, оны қолдан шығарып
алсаң, өмір бойына жетерлік ащы өкініштен арылмайсың. Ал, енді өзіңде
қандай жоспар бар?
- Алтынды жоғалудан сақтауым керек.
- Дұрыс əңгіме,- Матон мақұл сыңай танытты,- Алғашқы тілегің –
алтынды сақтау. Ал, күйеубалаңда ол сақталар ма еді?
- Олай болмас деп қорқам. Ол сақтай алмас еді.
- Ендеше жасанды туыстық сезімге беріліп керек емес. Егер де туысыңа
жанашырлық жасағың келсе, оны басқа жолмен, қолда бар жинағыңды
тəуекелге тікпейтіндей, істе.Алтынның сақтай алмайтын адамның қолынан
алды-артына қарамай кететінін ұмытпа.Одан да, өзгенің ақшаңды қалай
жоғалтып жатқанын бақылап отырғаннан, оны өзің жұмсағаның жөн ғой.
Ақшаңды қатерден сақтаудан басқа тағы не ойлайсың?
- Оның маған ақша еселегенін қалаймын.
- Бұл айтқаның да жөн сөз. Алтынның өсіп, көбейгені дұрыс.Егер де
оны ақылмен іске салсаң, қартайғанша, ол еселене алар еді.Егер де оны
жоғалтсаң, онда болашаққа табыс əкелетін ақшаны да бірге құртасың.
Сондықтан да, өздері істің ретін білмейтін жəне сенің ақшаңды
тəуекелге 
тігіп 
байығысы 
келіп, 
бас 
қатыратындарға 
басың
айналмасын.Олардың құрғақ уəдесі сенің жиған-тергеніңді бір сəтте-ақ,
жойуы мүмкін. Онан да ісі оңға басқандармен бірге болғаның абзал.Білігі
мен тəжірибесінің арқасында олар саған ақшаңды да сақтайды, мол
табысқа да кенелтеді.Осы жолмен ғана күтпеген олжаға кенелген көп
адамдардың жіберетін қатесіне жоламайсың.
Патшаның мына сыйы саған əлі талай сабақ береді.Өзіңе өзің сақ бол,
өйткені, алдан əлі де талай алдамшы жайттар күтіп тұр. Саған жұрт ірі
табысқа жеткізетін талай кеңес те, мүмкіндік те береді. Қобдиымды


ақтарып саған айтқан хикаялар сені ойланбай əрекет етуден сақтар əрі
басқаға қарызға берген əрбір бақыр саған аман-есен табыспен оралар.
Болашақта кеңесім керек болып жатса, мен саған құлшыныспен беремін.
Кетпес бұрын, қобдидың төменгі жағына ойып жазған жазбаны оқып
шық. Ол жазба қарызды берушіге де, алушыға да қатысты:
ҮЛКЕН ӨКІНІШТЕН, БОЛМАШЫ САҚТЫҚ АРТЫҚ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет