Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

№ 1 Сазбітік
Қазір, толған ай кезі, мен, жуырда ғана Бағдаттағы құлдықтан оралған,
Табасар, аса көп қарызымды өтеу жəне ауқатты адам болу үшін, туған
Бабыл атты қаламда абыройлы ғұмыр кешу жолында, менің іс əрекетіме
жəне мəнді мақсаттарымның орындалуына оңды əсері болу үшін, осы
сазпараққа өз ісімнің жайын жазып отырмын.
Қайырымды досым, өсімгер Матонның даналық кеңесі бойынша, өзімді
орасан көп қарыздан ауқатты тірлік деңгейіне шығаратын əрі абыройлы
адамдардың құрметіне бөленуге жол ашатын нақты жоспарға сүйенуге бет
бұрдым. Бұл жоспар өзім ұстанатын əрі нəтижесіне үміттенетін үш
мақсаттан тұрады.
Біріншіден, жоспар менің болашақ игілігіме негіз қалайды. Ол үшін əр
табысымның оннан бір бөлігін жинаймын əрі оны сақтаймын.Кемеңгер
Матон маған былай деген: «Жұмсамастан, əмиянына алтын мен күмісті
сақтайтын адам, əулетіне игілік жасақтайды жəне патшаға адал қызмет
етеді.
Əмиянында санаулы ғана жез бақыры бар адам, өз əулетіне де, патшаға
да енжар қарайды.


Əмияны бос адам, зұлым жүрегімен өз əулетіне зиян келтіреді, ал
патшаны сатып кетеді.
Сондықтан да, бірдеңеге қол жеткізуге ниеті бар адам, əмиянында -
сыңғырлаған бақыры, ал жүрегінде - əулетіне деген іңкəрлік пен патшаға
деген адалдығы болуы керек».
Екіншіден, жоспар маған төркінінен оралған адал жарымды қолдауға
жəне лайықты киіндіруге нұсқау етеді. Əйтпесе, Матонның айтқаны бар:
адал əйелге лайық қамқорлық еркектің жүрегінде өзіне деген құрметін
туғызып, оған қуат беріп, оның əрекетіне мақсат айқындатады.
Сондықтан да, өз табысымның оннан жеті бөлігін жанұямның
қажетіне,киім-кешек пен азыққа, сондай-ақ, аз бөлігін өміріміздің лəззаты
мен қуанышына жұмсаймын. Бірақ, бұл пайдалы шығындардың табыстың
оннан жетіден артпайтынын мұқият қадағалаймын. Жоспардың сəттілігі де
сонда болмақ. Мен бөлінген қаржыға ғана тірлік етіп, қаржы жетпейтін
ешбір нəрсені сатып алмауым керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет