Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет39/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

Бабыл
Тарихи сипатсөз
Тарих беттерінен Бабылдан басқа əйгілі қаланы табу мүмкін емес.
Оның бір ғана атауының өзі адамды байлық пен ұлылық туралы небір ойға
жетелейді.Бұл қаланың қазынасы есепсіз байлыққа толы болған.Əрине,
осындай бай шаһарды жұрт аса ыңғайлы жерде, ауасы жанға шипалы
тропикалық жұмақта орналасқандай, оны айнала қыруар орман-тоғай мен
пайдалы қазбаның кеніші болғандай елестетеді. Бірақ мұның бірі де
болмаған.Қала шөлейіт ойпаттағы Еуфрат (Евфрат) өзенінің жағасында
жайғасқан еді. Айнала орман түгілі тоғай да жоқ, ешбір пайдалы қазба да
болмады.Тіпті, құрылысқа жарайтын тас та табылмайтын. Бабыл дəстүрлі
сауда жолынан да алшақ болатын.Анда-санда жауатын жауын мөлшері егін
егуге жеткіліксіз еді.
Бабыл – қолда бар шектеулі мүмкіндік пен жарақты жарата отырып,
адамзаттың ұлы мақсаттарға қол жеткізу нəтижесінің жарқын үлгісі.Бұл ірі
қаланың тірлігі мен байлығы адамның қолымен жасалған игіліктен ғана
құралып еді.
Бабылда бар болғаны екі басты ресурс болды – құнарлы топырақ пен
өзен суы. Адамзат тарихындағы алапат жасампаздық құрылыстың бірі –
бөгет пен қыруар суарғыш арықтар арқылы өзен суын егін алқаптарына
шығара білді. Бұл - тарихтан белгілі, осындай ірі ауқымдағы инженерлік
жетістіктің біреуі ғана.Əзірге əлем мұндай суару жүйесінің көмегімен
алынған ағыл-тегіл қырманды көрген емес.
Бақытқа орай, Бабылдың ұзақ ғұмыры бойында билеген патшалар
басқындық пен тонауды басты мақсат етпегендер еді.Олардың көптеген
соғыстары негізінен жергілікті сипатта немесе қорғаныс қана болды да,
Бабылдың бай қазынасына ынтыққан сыртқы басынған жауға қарсы
бағытталды. Бұл қаланы билеген көрнекті басшылардың есімдері өздерінің
кемеңгерлігі мен іскерлігі жəне əділеттігі арқасында бүгінге жетті. Жалпы,
Бабылда əлемді билеуге тыраштанған өркөкірек монархтар болған емес.


Бабыл бүгінде қала ретінде ғұмыр кешуден қалған. Оны тұрғызып,
мыңдаған жылдар бойы тұрған онда өмірлерін сүрген жанкешті адамдар
қаладан кеткесін, көп ұзамай Бабыл шаһар шөлдаланың үйіндісіне
айналды. Азиядағы бұл қала Суец суарнасынан шығысқа қарай 950
шақырым, Парсы шығанағынан сол тұсқа қарай, америкалық Аризона
штатының Юма қаласының ендігінде орналасыпты. Құрғақ та ыстық
климат бұл екі қаланың екеуіне де тəн жағдай.
Бір кездері ауыл шаруашылығы гүлденіп, халық тұтаса қоныстанған
Еуфрат ойпаты бүгінде қайтадан жел қыдырған шөлдалаға айналды.Сараң
шыққан шөптесін өсімдіктер мен шөлге төзімді бұта біткен құм боранмен
күресуде. Ойпаттағы жайқалған алқап та, керілген қалалар да, созылған бай
саудагерлердің керуендері де көрінбейді.Біздің дəуірімізден осы күнге
дейін бұл жерді аз санды көшпелі арап малшылары мекен етіпті.
Ойпатты бойлап шашырған төбелер. Ғасырлар бойы бұл маңды
аралаған саяхатшылар көзге түсер ештеңені байқамай келді. Бұл төбелерге
деген тарихи қазбашылардың назары анда-санда жауатын жауын шайып
шығарған кəрлен сынықтары мен кірпішердің арқасында қаққан қазыққа
айналды. Еуропалық жəне америкалық мұражайлар қаржыландыратын
экспедициялар мұнда қазба жұмысына аттанып, көп ұзамай бұл төбелерде
ежелгі қалалардың үйіндісі жатқанын анықтады. Дұрысы, ол төбелер -
қалалардың моласы еді.
Бабыл солардың бірі болатын.Жиырма ғасырдай уақыт бойы құм боран
оны жасырып келген еді.Оның саз кірпіштен қаланған бекінісі езіліп,
қайтадан сазға айналыпты.Бір кездегі ең бай Бабыл қаласы бар болғаны
үйім саз болып кеткен. Бірнеше ғасырлық мəлімет жойылған, бірақ оның
көшелерінен ғасырлар бойғы шөгінділер сылынған соң, адам көзіне ұлы
тəуханалар мен сарайлар бой көрсетті.
Көптеген оқымыстылар, бұл ойпаттағы Бабыл мен басқа қалаларға тəн
өркениет – адамзат тарихының ең ежелгісі деп есептейді.Ол жөнінде 8000
жыл бұрынғы ескерімдер пайда болған.Бəрінен бұрын оқымыстылардың
бұл датаны анықтаған тəсілі қызғылықты. Бабыл үйіндісінен күн
тұтылуына байланысты жазбалар табылып отыр.Астрономдар жазбада
көрсетілген күнтұтылым уақытын есептеп шығарып, бабылдық жəне
кəзіргі күнтізбенің байланысы анықталды.


Осылайша, 8000 жыл бұрынғы шумерлер бекінісі бар Бабылда тұрған.
Əйтпесе, бұл қалалардың тұрғыны бізден қанша ғасыр бұрын өмір сүргенін
тек қана болжауға болар еді. Ол тұрғындар сол кездің өзінде-ақ бекініске
тығылған жабайылар емес еді. Тарихтың айғағына сенсек, олар адамзаттың
алғашқы инженерлері мен жұлдызшылары, бастапқы математиктері мен
қаржыгерлері, алғашқы жазбаға жүгінген сауаттылары болатын.
Шөліркеген ойпатты суармалы жұмаққа айналдырған олардың суару
жүйесі туралы əңгімелеп те кеттік.Сол арықтар мен суарналардың
қалдықтары əлі күнге дейін құм басса да, айқын байқалады.Кейбір
суарналардың шамасына қарап, олардың аңғарына бірнеше атты қатар
өтетіндей əсер алуға болады. Ауқымына қарағанда, олар Колорадо мен Юта
штаттарындағы ең ірі суарналармен тайталаса алар еді.
Ойпатты суарумен бірге, бабылдық инженерлер алыптығы жағынан
одан да кем түспейтін ірі жобалар жүзеге асырған. Құйтырқы құрғату
жүйесінің арқасында, олар Еуфрат пен Тигр өзендерінің сағаларын
құрғатып, енапат аумақты ауыл шуарашылығына жарамды етіпті.
Ежелгі грек саяхатшысы əрі тарихшысы Геродот гүлдеп тұрған
шағында Бабылға барыпты да, бізге шетелдік көзімен жалғыз ғана
сипаттамасын мұра етіпті.Өз еңбегінде ол бізге бұл қаланың бейнесін
сипаттап, тұрғындарының ерекше əдеттері мен салттары туралы жазып
қалдырған.Ол жердің құнарын, бидай мен арпа дақылдарының ағыл-тегіл
қырманын қайран қала атап өтіпті.
Бабылдың даңқы өшті, бірақ оның даналығы бізге жетті. Сонысы үшін
оның жазуға құмар тұрғындарына қарыздармыз.Есте жоқ ескі сол заманда
қағаз да əлі болмаған еді. Оның орнына Бабыл тұрғындары өз ойларын
иленген саздан қалың парақ жасай отырып, оған бітік жазбаларды ойып
түсірді.Жазба түскен сазпарақтарды күйдіріп, пісірді. Олардың өлшемі
15 Х 20 см жəне қалыңдығы 2см болатын.
Бұл сазпарақтар сол кезде кəзіргі біздің хат жазғанымыздай, кеңінен
қолданысқа түскен. Оларға аңыз, өлең, тарихи мəліметтер, патша
жарлығы,меншікке деген құқық, қарыздық міндеттеме,тіпті, шалғай
қалаларға жөнелтілген хаттар да жазылған.Бұл сазпарақтар олардың
авторларының жеке ғұмырларына көз тігуге бізге мұрсат беріп


отыр.Мəселен, саудагердің сазпарағында, бəленше деген сатықшы келіп,
сиырын жеті қап бидайға айырбастағаны,оның үшеуі сол бойда, қалған
төртеуі айтылған кезде берілетіні жазылыпты.
Археологтар қала үйіндісінде жақсы сақталған жүздеген,тіпті,
мыңдаған сазбітіктерден құралған бүтін бір кітапхана тапты.
Бабылдың кереметтерінің бірі оны қоршаған бекінісі болатын.
Замандастарымыз оны «дүниенің жеті кереметіне» жататын Мысырдың
ұлы пирамидасымен теңестірді. Қаланың бастапқы қалыптасу кезінде
Семирамида патшайым бекіністі салуға жарлық бергендігі жөнінде уəж
айтылады. Қазба барысында оның бастапқы дуалының ізі табылмады. Сол
кездегі айтылған уəжге қарағанда, бекініс биіктігі 15-тен 18 метрге дейін
болғандығын қорытуға болады.Бекініс сырты күйдірілген кірпішпен
қапталып, оның сыртынан су толтырылған ор айналдыра қоршап тұрған.
Кейініректегі дуал қабырғасын тұрғызу шамамен біздің дəуірімізге
дейінгі 600 жыл бұрын билеген Набупаласар патша тұсында басталған
сыңайлы. Құрылыстың үлкендігі сондай, ол құрылыстың соңын көрмей
дүниеден өтіпті. Бекіністі аяқтау оның ұлы Набуқұданасырға бұйырып,
оның есімі Библия хикаяларына енгізілген еді.
Дуалдың биіктігі мен ұзындығы қайран қалдырады. Сенімді тарихи
дереккөздер оның биіктігі 50 метрге жетеғабыл болып, бүгінгі он бес қат
үймен биіктес болған секілді. Бекіністің жалпы ұзындығы 14-18
шақырымды құраған.Дуалдың үстіңгі бөлігінің жалпақтығы сондай, оның
үстінен алты ат жегілген арба еркін өткен. Осы бір енапат құрылыстан
бүгінде іргетас пен ордың үзіктері ғана қалған.Бекіністің құлауына күш
салған табиғат апатынан басқа, өз құрылыстарына кірпішін тасыған
араптар да қол тигізді.
Бабыл бекінісіне қарсы атышулы соғысы жеткілікті сол кездегі талай
басқыншылар кезек пе кезек шабуылдады. Талай патшалар Бабылды тізе
бүктіруге тырысқанымен, əрдайым да нəтижесіз болды. Оған шабуылдаған
əскердің санын шамалауға ғана болар. Тарихшылардың айтуынша, 100 мың
атты, 25 мың əскери арбалы, əрқайсысында мың адамы бар 1200 жаяу əскер
қарсы шыққан. Əскери жарақ пен шабуыл жолдарына қойма салу
жұмыстары үшін соғысқа дайындық көбіне екі жылдан үш жылға дейінгі
мерзімді қамтыған.


Бабыл көбінесе, кəзіргі қалаларға ұқсаған. Оның көшелері мен
дүкендері болды. Кезбе сатушылар тұрғын маңдарда өз тауарларын ұсынып
жүретін.Абыздар болса, өз табыныстарын заңғар тəуханаларда атқарды.
Қаланың қақ ортасында ішкі дуалмен қоршалған патша сарайы орналасқан.
Оның дуалы сыртқы бекіністен де биік болыпты.
Бабылдықтар аса шебер суретші əрі қолөнерші болған. Олар мүсін мен
көрнек (картина) жасап, мата тоқып, алтын бұйым өндірді, темір қару-
жарақ пен шаруашылық құралдарын шығарды.Зергерлер көздің жауын алар
əшекей жасады. Бай бабылдықтар моласынан табылған олардың бірқатары
бүгінде əлемнің жетекші мұражайларында көрсетілуде.
Адамзаттың қалған бөлігі ағашты тас балтамен соққылап жатқанда, аң
аулап күн көріп, найза мен жебелеріне шақпақ тас байлап соғысып
жүргенде,бабылдықтар темір балта тұтынып, найза мен жебелеріне темір
ұшық орнатқан еді.
Бабылдықтар сауатты қаржыгер əрі саудагер болды. Айырбас құралы
ретінде олар ақшаны бірінші болып ойлап шығарып, сондай-ақ, қарыздық
жазба мен меншік құқығын бекіткен құжаттың алғашқы нұсқасын дүниеге
келтірген.Бабыл өзінің тарихында, біздің дəуірімізге дейінгі 540 жылды
қоспағанда, бір де бір басқыншыға тізе бүкпеді. Тіпті, жеңілген күнде де
оның бекінісі бұзылмаған күйі қалып отырған. Бабылдың күйреуі де
ерекше. Сол кездегі əйгілі басқыншы, парсылық Кир патша қалаға шабуыл
бастайды. Бабылдың патшасы Набонид кеңесшілері оған қаладан шығып,
бекініске қатер төндірместен, Кирге тойтарыс беруге ақыл береді. Бабыл
əскері жеңіліп, қашады. Кир ашық тұрған қақпа арқылы Бабылға емін-еркін
басып кіреді.
Осы кезден бастап, Бабылдың қуаты мен келбеті құлдырай берді де,
бірнеше жүз жылдан соң қала қаңырап қалып, оның құландысы жел мен
құмның құзырына берілді.Бабыл осылай күйреді де, одан кейін ешуақытта
қайта қалпына келген емес,бірақ ол біздің кəзіргі өркениетімізге көп нəрсе
беріп кетті.
Аяусыз уақыт заңғар бекініс пен сарайларды шаңға айналдырды,
алайда, Бабылдың даналығы ғасырдан ғасырға өте бермек.
МАЗМҰНЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет