Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар - «Сақина». Бас бармақпен басқа сұқ, орта және т.б.саусақтарды біріктіре отырып кезекпен және тез сақина жасау. Әдіс тура және кері кезекпен орындалады. Басында жаттығу әр қолмен жеке, кейіннен екі қолмен бірге жасалады.
- «Жұдырық—қыр—алақан». Қолдың үш күйі столдың жазық бетінде кезекпен орын ауыстырады. Алақан жазықта, жұдырықтау, алақанды жазық үстелде бүйірімен қою, алақанды түзу қою. Басында сол қолмен, сосын – оң қолмен, сосын екі қолмен бірге 8-10 рет. Өзіне команда беруге болады(«Жұдырық—қыр—алақан». ).
- «Қоңырау». Үсттелге алақанмен сүйеніп, ұолдышынтаққа жартылай бүк. Кезекпен білезікті сілку.
- «Бүйір-алақан». Оң қолды бүйірге бұру, жұдырық түю,түзулеу, қолды алақанға қою. Сол қолмен де осыны жасау.
- «Үйшік». Қол саусақтарының түзу бөліктерін қосу. Оң қол саусақтарын күшпен сол қол саусақтарына бүгу, сосын керісінше. Бұл қимылдарды әр саусақ жұптармен жеке жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |