Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Суретке қарап мазмұнын түсіне біледі.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Қолданады: Сөздерді анық айтып, есте сақтайды.
Тексерілді: әдіскер Ускембаева Г
Күні: 01.02.2021ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды».
Мақсатары: Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету.Сөздерді дұрыс, анық, ашық айтуларын қадағалау, қимыл – қозғалыстарды көрсете білуді дамыту. Бір – біріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: дос, жау.
Қостілдік компонент:ағаш – деревянный, мұз – ледяной, дос – друг.
Әдіс-тәсілдер: Тәрбиелеу, түсіндіру, өткенді қайталау.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Балаларға тәрбиежағынтүсіндіре отырып, мақалдап айту.
Мақал:Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
- Бір – бірлеріңе дос болсаңдар ешкім сендерге тиіспейді де, ешкім сендерді ренжіте алмайды. Дос қиын кезде көмектеседі.
|
Сұрақтарға жауаптар
береді.
Мақалды қайталайды.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Балаларға қоян мен түлкі ертегісін естеріне түсіру.
Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару– Қоян, Түлкі, Ит, Аю және Әтешті.
Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.
Қате жерлерін түзетіп отыру.
Сергіту сәті.
|
Таңдалған кейіпкерлерді тақтаға шығару – қоян мен түлкіні.
Балалар сөздерді ашық, анық айтады.
Көрермендер қолдарын шапалақтап, кейіпкер атрибуттарын қарсы алу. Балалар сөздерді ашық, анық айтады.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорыту.
Балаларды мадақтау.
|
Сұрақтарға жауаптар
береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |