Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Тексерілді: әдіскер Ускембаева Г
Күні: 01.03.2021ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді!
Мақсаты: Ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Ертегіні қайталай отырып,
таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелеуге үйрету. Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға, сұлулықты тануға баулу.
Сөздерді дұрыс, анық, ашық айтатынын қадағалау, қимыл – қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.Бір – біріне қиын жағдайда көмектесіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптыстыпу.
Сөздік жұмыс:ешкімге ашпаңдар, темір ұста, ешкі, лақтар, алдады.
Қостілдік компонент: Дыбыс – голос,темір ұста– кузнец, ор – яма, қарын –
брюхо, жиналды – собралась,ешкімге ашпаңдар – никому не отпирайте.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, өткенді қайталау, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Балаларға жұмбақ жасырады:
Жарға шығып ойнайды,
Ойыныңа бір тоймайды.
Болса –дағы саналы,
Секеңдеуді қоймайды.
- Жақсы, дұрыс шештіңдер.
Ақ, ақ секеңдейді лақ.
|
Жұмбақтың шешімін
табады.
- Ешкі.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Балаларға ешкі, лақтар және қасқыр ертегісін естеріне түсіру.
Таңдалған кейіпкерлерді (балаларды) тақтаға шығару: жеті лақ (Балаларды) олардың қуаныштарын бөлісуі.
Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, сөздерін айтқызу.
3. Балаларға сөздерін ашық, анық бар эмоциямен айтқызу.
III Сергіту сәті
|
Балалар қызығушылық білдіреді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар екі топқа бөлініп, қай топ көп ертегі атаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қимылмен көрсетіп,
орындайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорыту.
Балаларды мадақтау, бағалау.
|
Сұрақтарға жауаптар
береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |