Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндайды.
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажыратады.
Тексерілді: әдіскер Ускембаева Г
Күні: 05.04.2021ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Жібек шашақты сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар».
Мақсаты: Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлеін таңдау, рөлдерді бөлу.сөздері мен қимыл қозғалыстарын үйрету. Көркем сөздер арқылы балалардың тілін, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін арттыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, еске түсіру, ойлау т.б. Фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Байқағыштыққа, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке, дос болуғатәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Әтеш, мысық, түлкі,
Көрнекіліктер: Фланелеграф, кейіпкерлер суреттері.
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Жұмбақ жасыру:
- Ерте тұрады
Жыр шақырыды.
- От басында құмған,
Екі көзін жұмған
|
Балалармен
- Әтеш.
- Мысық.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
- Балалар, алтын айдарлы әтеш ертегісі естеріңде ме?
Суреттерді көрсете отырады.
- Бұл ертегіде кейіпкерлердің мінездері қандай?
Әтеш – аңқау.
Мысық – ақылды, қамқор болады.
Түлкі – қу, айлакер.
- Ертегі соңында кім жеңеді?
- Мысық па, әлде түлкі ме?
- Әтешке кім көмектеседі?
2) Балаларды тақтаға шығарып, фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып, ой түйінін айтқызу.
3) Балалардың қабілеттеріне қарай кейіпкерлерді таңдап, рөлдерді беру.
|
Балалар ертегі мазмұнын естеріне
түсіреді.
Кейіпкерлерді атайды:
- Әтеш,
- мысық,
- түлкі.
- Мысық.
Қандай мінез-құлықта
болатынын айтады.
Ертегіден көрініс үзіндісін
сахналайды.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
Сұрақ – жауап арқылы сабақта түсінгендерін тиянақтау.
- Бұл ертегіде сендерге кім ұнады?
- Әтеш кіммен қалды?
|
Балалар сұрақтарға жауап айтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |