Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Диалог бойынша орындайды.
Түсінеді:Кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз жақтарын біледі.
Қолданады: Суреттер театрыарқылы қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Тексерілді: әдіскер Ускембаева Г
Күні: 19.04.2021ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін сахналау.
Мақсаттары:
а) Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.
Ертегідегі кейіпкерлердің рөлдерін дұрыс орындауларын қадағалау.
Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.
ә) Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, көңіл-күй әсерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауларын қадағалау.
Ұқыптылыққа, мейірімділікке, шеберлекке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.
б) Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,тамашалау,сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: Сахна, кейіпкерлер атрибуттары.
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Сабаққа бір-бірден ертегі атрибуттары кіріп таныстырылады.
- Балалар бұл кім?
- Ал мынау кім?
- Балалар бұл кейіпкерлер қандай ертегілерде ойнайды?
|
- Мысық.
Балалар барлық
кейіпкерлер атайды.
- «Алтын айдарлы әтеш» ертегісінде.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Балалардың естеріне «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін түсіру.
Бұл ертегіде мысалы: сен мысық – ақылды, қамқоршы боласың, әтеш – ақылсыз сенгіш боласың, ал түлкі сен – қу, жаман боласың дейміз.
Қалған балаларды көрермендер ретінде тамашалауға отырғызу.
Балаларға сөздерді анық, ашық айтқызып, бар эмоциясымен сахналатқызу. Көрермендерге қолдарын шапалақтатып кейіпкерлер атрибуттарын қарсы алғызу.
|
Таңдалған кейіпкерлер -
мысық, әтеш, және түлкіні тақтаға шығады.
Балаларды ширма жанына шығады, кейіпкерлер
атрибуттарын қолға киіп, сөздерін айтады.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
Сұрақ – жауап арқылы ертегі сабағын аяқтау.
- Ертегі қалай аяқталды?
Балаларды мадақтау, бағалау.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |