Жеке аударма бюросын ашатын болсаңыз, арнайы лицензия мен түрлі рұқсат қағаздар қажет емес. Тек заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек.
Ғимарат.Аталған бизнес түрін жүзеге асыру үшін арнайы кеңсе жалдаудың қажеті жоқ. Сіз бизнестің бұл түрін үйіңізде отырып-ақ жүзеге асыра аласыз.
Құрал-жабдықтар. Аударма бюросын ұйымдастыру үшін мынадай техника мен жиһаз керек: компьютер, принтер, сканер, факс, ксерокс, жазу үстелі, орындық. Сонымен қатар, интернетке шығу мүмкіндігі болуы тиіс.
Қызметкерлер.Аталған істе қосымша қызметкерлер қажет емес. Клиенттер іздеу, тапсырыстар алу, аудару және басқа да жұмыстарды сіз өзіңіз де жасай аласыз.
Болашақта өзіңіз тек аудармамен айналысу үшін қалған жұмыстарды (тапсырыстар алу, клиенттерді іздеу) отбасы мүшелеріне бөліп бере аласыз. Атқарылған жұмыс үшін оларға тиесілі ақысын бересіз.
Технология.Аударма бюросы үшін ең маңызды мәселе – баға белгілеу. Атап өтерлігі, сирек кездесетін тілдерге аудару неміс не ағылшын тіліне қарағанда едәуір қымбатқа түседі. Мысалы, бір бетті вьетнам немесе жапон тіліне аудару бағасы 4 500-5 000 теңгені құрайды. Бірақ мұндай аудармалар аз кездеседі, сондықтан олар тек негізгі жұмысыңызға қосымша ретінде болуы керек.
Ауызша, синхронды және ілеспе аудармалар бағалы болып есептеледі. Ауызша аударма сөз тіркестерін бірден аударудан тұрады, ал екіншісінде біркелкі аударылады. Мұндай аудармалар түрлі конференцияларда жасалады. Аударманың ең жоғары деңгейі болып синхронды аударма есептеледі. Синхронды аудармада екі аудармашы қажет, сәйкесінше төленетін ақының да екі есе өсетінін ескеру керек.
Аударма ісінің жеке бір түрі – аударылған құжаттарды наториалды куәландыру, яғни апостиль. Мұндай қызмет шетелде жазылып, Әділет министрлігі мен консулдықтарда рәсімделген құжаттарды заңдастыру үшін қажет.