Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет80/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   351
Ешкінің негізгі азығы. Ешкінің құнарлы заттарды қажет етуі жасына, жүктілік мерзіміне, емізу мерзіміне және өнімділік деңгейіне байланысты болады. Дұрыс емізбеу, әсіресе жас кезінде, даму мен өсуінің артта қалуына алып келеді, мұндай ешкілер көп сүт бермейтін болады. Қорада тұру науқанында ешкілердің басты азығы ұсақ шабынды шөп болып табылады. 45 кг. салмаққа дейінгі ешкілерге тәулігіне 2 кг. жуық шөп береді. Дұрыс тамақтану рационында шөптің болмауынан сүт өнімі мен сүттің майлылығы жылдам төмендейді. Дәнді азықтардың ішінен ешкілерге кебекті ұнтақталған немесе пісірілген түрінде, құрама жемді – сулы жемдермен бірге немесе бұқтырылған түрде беруге болады. Минералды заттардың ішінен ешкілерге ас тұзы мен бор беру керек. Ешкінің қыс мезгілінде қоректенуі шамамен 2 кг. шөптен, 2 кг. тамырлы жемістерден, 0,2-0,3кг. концентраттардан тұрады.

Ешкілерді байланып тұрған жерінен жайылымға біртіндеп шығарады. Жаз мезгілінде ең басты азығы – жасыл шөп. Ешкілерді тек шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде оларды екі рет суарады.
4. Ешкі өсіру. Ешкілер – көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Орташа буаздылық уақыты шамамен 150 күнді құрайды. Ешкінің жыныстық жетілуі 6-7 айынан 1,5 жылға дейін болатындықтан, оларды қашыруға 16-18 айында жіберген дұрыс. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   351




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет