Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету



бет16/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

4. Медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету


Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі – МСАК) сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі 2019 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 103-ө өкімі)

МСАК дәрігеріне жүктемені және кадрлар тапшылығын төмендету, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, МСАК ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша шаралар қабылдануда.

МСАК жетілдіру үшін қаржыландыруды одан әрі ұлғайту, МСАК дәрігеріне жүктемені төмендету мақсатында МСАК орталықтарын ашу жоспарлануда

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ана өлімі 13% - ға төмендеп, 100 000 тірі туылғанға


12,5 құрады (2018 жылдың осы кезеңінде 14,4).

Көрсетілген кезеңде нәрестелер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда


8,2 құрады (2018 жылғы 7 айда 8,2).

Ана мен балаға медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп 2019 жылға арналған ана өлім-жітімін азайту жөніндегі жедел жоспарды және 2019-2021 жылдарға арналған Бала мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі жоспарды бекітті.

Жоспарлар ана мен баланы қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен әзірленді және босандыру мен балалық қызметтердін инфрақұрылымын жақсартуды, кадрлық әлеуетті нығайтуды, әйелдер мен балаларға медициналық көмекті ұйымдастыруды және т.б. көздейді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықтандыру жүргізілді, онлайн трансляция режимінде өткізу арқылы дәрі-дәрмек сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды, тегін дәрі-дәрмек берудің электрондық есебі енгізілді.

Сондай-ақ, емханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелерін дербестендірілген деректермен (бұдан әрі – АЖДД) және «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай ақпараттық фармацевтикалық жүйесімен интеграциялау жүргізілді. Интеграция тегін дәрілерге арналған электрондық рецептілердің 100% - ын қамтуға, дәрі-дәрмек қалдықтарын онлайн режимде есепке алуға, қажеттілікті қалыптастыру процесін тиімді жоспарлауға және бақылауға мүмкіндік берді.

Дәрілердің нақты алынуын бақылау мақсатында пациенттерге SMS-хабарлама жіберу жобасы іске асырылды

Дәрілік заттардың бағасын реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың этикалық ілгерілеуін енгізу, тегін амбулаториялық дәрілік заттардың тізбесін кеңейту, формулярлық жүйені жетілдіру жөніндегі шаралар іске асырылды.


2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмек тізімі 2018 жылмен салыстырғанда 108 атауға артты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (бұдан әрі - МӘМС) енгізуге дайындық шеңберінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне қатысушылардың қатынастарын және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) жаңа моделін реттейтін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғасуда.


2019 жылғы 20 маусымда ТМККК жаңа моделі бойынша (Үкіметтің
2019 жылғы 20 маусымдағы № 420 қаулысымен)
және МӘМС жүйесінде (Үкіметтің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен) медициналық көмек тізбесі бекітілді. Медициналық көмек көрсету бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер өзектілендірілді.

МӘМС туралы Заңмен 15 жеңілдік санаты анықталды, олар үшін МӘМС жарнасын мемлекет жүзеге асыратын болады.

Бүгінгі күні 15 жеңілдік санатының саны 10.6 млн. адамды құрайды (немесе елдің барлық халқының 57%).

МӘМС тиімді енгізу мақсатында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру жалғасуда, медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде, медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен және Интернетке қолжетімділікпен жарақтандырылады.

Барлық өткізілетін іс-шаралар медициналық қызметтер нарығындағы ашықтықты және бәсекелестікті арттыруға, мамандардың еңбекақы деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қоса алғанда, тарифтерді жетілдіруге, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, медициналық қызметтер үшін «қалта» шығыстарын төмендетуге, МӘМС тиімді енгізуге және МЖӘ дамытуға ықпал ететін болады.

МӘМС-ті толық және ауқымды енгізуге дайындық үшін, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында МӘМС бойынша пилоттық жоба басталды.

Қарағанды облысында МӘМС пилоттық енгізу сақтандырылған адамдардың мәртебесін сәйкестендіруге, ТМККК және МӘМС құралдарын бөлек есепке алуға және жалпы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС енгізуге дайындық деңгейін анықтауға бағытталатын болады.

Сондай-ақ «церебралды сал ауруы» диагнозы бар балаларды медициналық және әлеуметтік сүйемелдеуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, қабылданатын болады, оған балалар үшін «қадамдық қолжетімді» шағын және орта оңалту орталықтары желісін кеңейту шаралары қоса кіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет