Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Мәдениет саласының қызметкерлерін қолдау



бет17/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

5. Мәдениет саласының қызметкерлерін қолдау


ҚР Президентінің а.ж. 2 қыркүйегіндегі Жолдауын іске асыру мақсатында 2020 жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі пысықталатын болады. Үкіметтің тиісті қаулысы а.ж. соңына дейін қабылданатын болады.

Ауылдық тұрғылықтық жерге жұмыс немесе тұруға келген мәдениет саласының мамандарына «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік кепілдік қарастырылғанын атап өткен қажет.Атап айтқанда кепілдік еңбекақы 25% кем емес мөлшерде көтеру, қызметтік тұрғын үй немесе құрылыс үшін жер телімін берілу, коммуналдық қызметтерді төлеу және т.б. жағында қолданылады.



6. Әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту


Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, шығындарды оңтайландыру және инвестициялық активтерді басқару сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін келесі мәселелер қаралады:

- жұмыс істейтін азаматтардың өз жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін Тұрғын үй сатып алу үшін немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында мақсатты пайдалануы;

- бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлем енгізу жолымен әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру.

Осы тапсырмаларды іске асыру қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мүдделерін ескере отырып, кешенді және егжей-тегжейлі пысықтауды, жүктемені төмендетуді және қызметкерлердің жалақысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша бизнес үшін ынталандыруды сақтауды талап етеді. Сондай - ақ, зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың негізгі мақсаты жоғалған кірістің 40% - ынан төмен емес деңгейде немесе ЭЫДҰ стандарттары деңгейінде (жоғалған кірістің 50% - 60%-ы) барабар зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету болып табылатынын ескеру қажет.

Бұл үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында (2019 жылғы 19 тамызда) жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында сарапшылар деңгейінде мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ҚҚҚ, кәсіподақтар өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және т. б. енгізілген.

Президенттің осы жұмыс тобының шеңберінде әзірленген Президенттің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейіндегі жұмыс тобының қарауына шығарылатын болады.

Көп балалы аналарды шағын және шағын бизнеске тарту үшін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасының қолданыстағы тетіктері қайта қаралатын болады.

«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие беру құралы халыққа шағын несие алудың қарапайымдылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, өзінің тиімділігін көрсетті.





ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТақы ЖҮЙЕсінЕН ТӨЛЕМДЕР АЛУ ҚҰҚЫҒЫ




Активтердің инвестициялық басқару сапасын жақсарту және шығындарды оңтайландыру

Бюджеттен тыс әлеуметтік қамтамасызету жүйесін шоғырландыру

Қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРЫН ҚҰРУ

Бір әлеуметтік төлемді енгізу

Әлеуметтік саланың қаржылық ағындарын есепке алу және өндеудің БІРЫҢҒАЙ жүйесін құру

Бюждеттен тыс қорларға ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ төлеу және есептеу ТЕТІКТЕРІН жеңілдету

Міндеттерді орындау мен қамтамасыз ету үшін Қордың кірістілігін арттыруға бағытталған бірыңғай ИНВЕСТИЦИЯЫҚ САЯСАТ әзірлеу

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы

Зейнетақы жасына жеткен тұлғалар

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар тұлғалар

Ең төмен зейнетақы мөлшерін қамтамасыз етуге жеткілікті зейнетақы қорланым соммасы бар тұлғалар

10,1млн. тг.

13,5млн. тг.

51жас

55жас

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАНЫМЫН шешіп алу

Ел шегінен тысқары жерге тұрақты өмір сүруге кету

Салымшыныңөлімі болған жағдайда

Бағдарламаны іске асырудың 2,5 жылы ішінде 2017 жылдан бастап 27 мыңнан астам адам шағын несие алды, оның 64% - ы немесе 17 мыңнан астамы бірінші рет жеке бизнесті ашты.

Көп балалы аналарды шағын және шағын бизнеске, оның ішінде үйде тарту жөніндегі шараларды пысықтау үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатарынан жұмыс тобын құруды жоспарлап отыр.

Көп балалы аналарды шағын және шағын бизнеске тартуға бағытталған өзгерістер ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет