3.4 «Газет мәтініндегі концептілердің берілу ерекшелігі» деп аталатын тармақта қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси концептілерге көбірек көңіл бөлінді. Бұқаралық коммуникациядағы саяси дискурсты құрайтын негізгі концептілер тізбесін: Билік – Президент – Заң – Оппозиция – Халық түрінде көрсетуге болатындығы анықталды. Осы тізбек прагматикалық аясы аса кең «өзім/өзге» бинарлы концептісі шеңберінде қарастырылды. Себебі аталмыш терминдер қазіргі қазақ басылымдарында жиі қолданылатын, әртүрлі мән-мазмұнда танылатын өзекті базалық ұғымдарға айналып отыр. Сондай-ақ олардың мазмұндық ерекшелігі ұлттық, мәдени, ғылыми, тарихи, жалпы энциклопедиялық білімдер негізінде танылады.
Жұмысымызда қазақ газеттеріндегі билік концептісінің вербалдануы нақты мысалдар түрінде көрініс тапты: «Билік – үлкейткіш шыны... Онда сиқырдың элементі бар», «Билік – орынтақ», «Билік – мемлекет деген алып машинаның тетіктерін іске қосу», «Биліктің бөденесі» (Е.Ертісбаев), «Билік пен оппозиция – Алаш деген арбаның қос тертесі», «Билік бір адамның, оның отбасының және олигархтың қолында», «Билік – ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстау» т.б.
Медиа-мәтінге прагматикалық және когнитивтік талдау жасау барысында бұл екі саланың негізгі ұғымдарын сабақтастықта алып қарастырудың мәні зор. Осылайша зерттеу нәтижесінде газет материалына арқау болатын өзек концептінің құрылымына мәтіннің тақырыптық-мағыналық кескіндемесі (немесе ақпараттық-талдамалық қаңқасы) сай келетіні анықталды. Жұмысымызда бұл сәйкестік мынадай сызба түрінде көрсетілді.
-
Ю.С.Степанов ұсынған концепті құрылымы
|
Байланыс
|
Газет мәтінінің тақырыптық-мағыналық кескіндемесі
|
Мәтін құрылымы
|
1. Негізгі қабат
|
|
Мәтіннің бастапқы кіріспе бөлігі
|
Мәтіннің бірінші абзацы
|
2. Қосымша қабат
|
|
Дәйектеуші бөлік
|
Арадағы бірнеше абзац
|
Жинақтаушы бөлік
|
3. Этимологиялық қабат
|
|
Мәтіннің түйіні мен мәре бөлік
|
Соңғы абзац
|
Бір ескеретін жайт, осындағы концепті құрылымы тұрақтылығымен сипатталса, мәтіннің ақпараттық-талдамалық қаңқасын құрайтын бөліктер айнымалы, өзгермелі болып келеді. Яғни газет мәтінінің барлық жанрларында концептінің үш қабатты құрылымының көрініс табуы шарт емес. Сондықтан біз ұсынған концептуалдық талдау тәсілін бастапқы – кіріспе, жинақтаушы, дәйектеуші, түйін және мәре бөліктері түгел қамтылған мәтінге қатысты қолдану тиімді болмақ.
Зерттеу жұмысының 3.5 тармағында қазіргі қазақ газеттеріндегі жаңа қолданыстарға семантикалық және прагмапсихолингвистикалық талдау жасалды. Ол үшін студенттер мен әртүрлі информанттар арасында жүргізілген эксперименттік-сауалнама нәтижелері пайдаланылды. Мерзімді баспасөз бетінен жиналған тілдік материалдарды саралай келе жаңа қолданыстарды прагматикалық тұрғыдан, яғни адресатқа түсініктілігі, әсерлілігі жағынан мынадай 3 топқа бөлдік: І. Уәжділігі айқын қолданыстар (жоғарғы топ);
Достарыңызбен бөлісу: |