Есенова қалбике өмірбайқызы қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


ІІ. Уәжділігі бәсең қолданыстар (аралық топ)



бет31/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#32408
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
ІІ. Уәжділігі бәсең қолданыстар (аралық топ);
ІІІ. Уәжділігі солғын қолданыстар (төменгі топ).
Тілімізге әртүрлі жолдармен енетін жаңа қолданыстардың тұрақтануында, сөздік қорымызға орнығуында БАҚ-тың атқаратын рөлі зор. Өйткені бұқаралық санада ғаламның медиа бейнесін қалыптастыру үшін қоғамдық-саяси ұғымдарды білдіретін терминологияның маңызы зор десек, баспасөз арқылы таралып, көпшілік назарына ұсынылатын қоғамдық саяси терминдер арқылы социум мүшелері ақиқат болмысты концептуалды деңгейде интерпретациялайды. Осындай коммуникативтік салада жүйелі түрде қайталанып отыратын сөзқолданыстар бірте-бірте контекссіз-ақ түсінілетін танымалдық деңгейге жетеді.
Қазақ газеттеріндегі әсер етудің қосалқы факторларды – Айдар мен тақырыпат 4. 1 «Қазақ газеттеріндегі тақырыпаттық кешеннің прагматикасы» деген тармақта арнайы қарастырылды. Газет – бүгінгі ақиқат заманында толассыз келіп жатқан алуан түрлі мәліметтердің топтамасы емес, тақырыптық, идеологиялық, жанрлық ерекшеліктеріне орай реттеліп, топтастырылып берілетін ақпараттық хабарламалардың күрделі жүйесі ретінде қарастырылуы тиіс. Ол жүйе газеттің бір санында жарияланатын бүкіл материалдың алдымен әртүрлі бағандарға, одан соң айдарларға жіктелуінен көрінеді. Сөйтіп, өзара мазмұндас, объектісі мен көтеретін проблемасы ортақ материалдар газеттің бір бетіне, мүмкіндігінше бір-бірімен қатарластырыла орналастырылады. Мұны бір сөзбен тақырыпаттық кешен деп атауға болады. Осы кешен өз ішінен айдар және тақырыпат (заголовок) деп бөлінеді. Осындағы айдарлар газеттің ішкі құрылымындағы басты константалар болып табылады. Олар бағанда бірнеше (тұрақты шамалар) газет типіне ортақ және жекелеген басылымдарға тән спецификалық ақпараттарды танытады [21]. Зерттеушілер айдарды газеттегі тақырыптық бөлімдердің және бағыттардың атауы, тақырыпат түрі, кейде материал жанрының көрсеткіші ретінде сипаттайды.
Газеттегі тақырыпаттық кешен құрамына кіре отырып айдар тұтас басылымның моделіне тән типтерді қалыптастырушы қызметін атқарады. Жалпы айдарлар атауынан басылымның типологиялық өзіндік ерекшелігі, хабарламаларды іріктеу стилі, газеттегі стилистиканың доминантасы мен идеялық позициясы көрініс табады.
Газет материалдарының әртүрлі айдарларға топтастырыла ұсынылуы бір жағынан, редакция жұмысын жеңілдетсе, екінші жағынан, адресат мүддесін көздейтін қадам десек болады. Өйткені, кез келген оқырман қолына тиген газетке алдымен көз жүгіртіп шығады. Осындайда үлкен әріптермен, түрліше формада, мәтіннен оқшау, ықшам түрде берілген айдардың реципиент көзіне бірден түсетіні сөзсіз. Айдар атауы арқылы ондағы материалдардың тақырыптық мазмұнынан да біршама хабардар болатын оқырман осы мәтінді өзі үшін аса пайдалы немесе қызықты, қажетті деп белгілеуіне себеп болады. Яғни айдар біріншіден, атауыштық, тақырыптық, екіншіден, ақпараттық, үшіншіден, жарнамалық қызметтерді қатар атқаратын прагматикалық маркер болып табалады. Сонымен айдарды міндетті түрде тақырыпатпен қатар қолданылатын тұтастықтың бір бөлігі деп тануға болады. Соған сәйкес тақырыпат пен айдардың атқаратын қызметтері бірдей деуге негіз бар.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет