Есенова қалбике өмірбайқызы қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


тармақта Газет мәтіні тақырыпатының прагматикасына



бет33/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#32408
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
4.1.3 тармақта Газет мәтіні тақырыпатының прагматикасына арналды.
Кеңес кезеңіндегі таптаурындық, эмоционалдық бояуы солғын, қатаң стильдегі тақырыпаттардан үлкен айырмашылығы бүгінгі газет бетіндегі тақырыпаттар мағыналық кернеуінің күштілігімен, жоғары мәнерлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе бағалауыштық, экспрессивтік, жарнамалық мән арқалаған ойнақы да қызықты тақырыпаттардың прагматикалық рөлі зор. Олар ә дегеннен оқырмандарға газет материалы жайында түсінік беріп, оны мақаланы белгілі бір бағдармен қабылдауға дайындайды. Осы мақсатпен қазіргі қазақ баспасөзінде контрастқа құрылған тақырыпаттардың көбірек кездесетіні байқалды. Мұның өзі бүгінгі газет мәтіні тақырыпатының айрықша ақпараттық және прагматикалық бағытта дамып қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі тақырыпаттың бағалауыштық сипаты әсіресе оның эмотивтік қызметінде көрініс табады.
Газет мәтіні тақырыпатының мағынасын түсінуде адресат пресуппозицияға сүйенеді, ол (пресуппозиция) газеттің тұрақты оқырмандарында қалыптасады. Осы пресуппозиция мәтін тақырыпатының эксплицитті элементтерінің семантикалық мазмұнын анықтайды. Мысалы: «Жеңгесіндей сырласты» (Е.Қ., 06.03.04). Бұл тақырыпаттан адресат мақалада сөз болатын мәселе (әңгіме тақырыбы, болған жері, уақыты, оған қатысушылар т.б.) туралы толық ақпарат ала алмайды, бірақ қазақы менталитетке тән етене жақын болу, ойын бүкпесіз ашық айту сияқты жақын, пікірлес, бір-біріне жаны ашитын, қамқорлық танытатын адамдардың арасында болатын жылы қарым-қатынас сипаты аңғарылады. Жеңгесін анасындай көретін қазақ ұғымында одан ешқандай сыр жасыруға болмайды, яғни бұл мақаладағы кейіпкерлер арасында барынша ашық әңгіме болғанын білдіреді. Осындай аялық білімге ие адресатқа бұл тақырыпат ерекше әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан мақаланың атауын оқыған сәтте оқырман санасында «жақындық», «жанашырлық», «сенімділік», «достық», «қамқорлық» сияқты ассоциациялар туындап, адресаттың мақала мазмұнымен танысуға деген қызығушылығы оянады. Дегенмен, мақаланы оқып шыққанда аталғандардан мүлдем басқаша ассоциациялар туындауы да мүмкін. Тақырыпаттың мұндай түрін мақала мазмұнымен толықтай емес, ішінара байланысты болатын, прессуппозицияға негізделген меңзеу сипатындағы тілдік бірліктер деп атауға болады. Бұл тақырыпат мақала мазмұнымен онда баяндалатын іс-әрекеттің (оқиғаның) өту сипаты бойынша ғана байланысып тұр.
Қазіргі қазақ баспасөзінде оқырманның назарын аудартып, мақаланы оқып шығуға «мәжбүр ету» мақсатымен осы сияқты ұлттық танымды көрсететін, эмоционалдық бояуы қанық, бедерлі оралымдарды қолдануға ұмтылыс дәстүрге айналып келе жатқаны байқалады. Мысалы «Сақтансаң сақтайды» («Құдай сақтанғанды сақтайды») (Е.Қ., 22.05.04); «Күлшелі бала сүймекке жақсы» Ж.А.), «Түйені түгімен жұту жеңіл-желпі диета болып қалды» (Ж.А., 22.11.05); «Дымды түсінбейтін депутаттар» (Т., 02.06.05), «Әр әнші өз қазанында қайнап жүр» (Ж.А., 01.01.04) т.б.
Газеттің бір санындағы тақырыпаттар жиынтығы оқырманға сол күнгі шығарылымда берілген ақпараттар туралы жалпы түсінік беріп, көпшілікті оның прагматикалық бағыттылығы жайында, газет шығарушының осы санда көздеген мақсаты мен коммуникативтік міндетінен хабардар етеді.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет