«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
7
Кіріспе
Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі
- оқушыны шынайы өмірге
дайындау. Оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын, алдынан шығатын түрлі
проблеманы шеше білуге үйрету міндеті тұр. Осы міндеттерді жүзеге асыруда,
оқушыны сыни ойлауға, өз көзқарасын білдіруге, ізденуге жетелейтін, өз ойын
тұжырымдап, дəлелдеуге бағыттайтын тəсілдердің бірі – эссе жаздыру.
Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін
негізгі
іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын
жүзеге
асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең
негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек
маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере
алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға əрі уақытқа сай ойын толғай алатын
маман болуы тиіс. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша əлемдегі
ең сауатты адам
берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын əдеби тілмен бере білген
адам болып табылады.
Эссенің мақсаты - эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын
жетілдіру, ұстанымын дəлелді бекіту үшін
жан-жақты білім алып, ақпараттық
қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану,
шығармашылық
қабілетін шыңдау, ой жүйелігін реттеу, жазу түрлеріне қарай
жазу тəсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің
бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану,
шығармашыл
жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті
термин сөздерді қолдану.
Қазіргі уақытта эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық жəне əдеби
өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді. Сондықтан ұсынылып
отырған бағдарлама оқушыларды эссе жаздыруға төселдіру мақсатын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: