Эссе жазуға машықтандыру



бет2/6
Дата13.09.2023
өлшемі92,75 Kb.
#180935
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЭССЕ ЖАЗУҒА МАШЫҚТАНДЫРУ электив
бастауыш кезекш, Положение конкурс ср. школьников, 1606994396, Нурлыбаева жетістіктер, 7-сын 2 тоқсан бжб, 9 сын қмжж, Білімді ұрпақ жарқын болашақ, Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды, 5-9 класс РУКОВОДСТВО для педагогов 02.09.2022, P7.05 - kk - 10100634733505, санды теңсіздіктер, тапсырма 11 А, 9 сын тіл тәуелсіздік, Абай 09.2023 (1)

Курстың өзектілігі:


Жаңа педагогикалық технологияларды басшылыққа ала отырып, өздігінен білім алу тәсілдерін игерту, оқушыларды шығармашылық жұмыстарға, пәннің мазмұндық біліміне сыни тұрғыдан мән беруге дағдыландыру. Ой қорытындысын жасап, пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдануға септігін тигізеді. Эссе жазу арқылы жазу тілінің мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 16 қарашасында шыққан
№660 бұйрығына сәйкес, 2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізілді. 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу міндеттелді. Эссе жазу оқушыларғаемтихан алды дайындық үшін бұл бағдарлама мектеп үдерісіне аса қажетті болып табылады. «Эссе жазуға машықтандыру» курсы арқылы эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері ұсынылып, оларға талдау жасауға машықтандыруға бағытталған. Нәтижесі – оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алуы. Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып, ой-пікірін, көзқарасын жүйелеп жаза білуге үйренеді.
Қоғамдық-гуманитарлық әдебиет білім саласын факультатив сабақтарында, арнайы «Эссе жазуға машықтандыру» курсын тереңдете оқытуға қажеттілік жоғары. Мектеп бағдарламасында эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып жазуға мүмкіндік ашатыны тәжірибе барысында белгілі болып отыр. Бұл бағдарламаны жасау- курсқа деген заманауи сұраныстан туындады.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім 10-11 сынып


  1. Кіріспе. Топтық жұмыс арқылы тақырыппен танысады (1 сағат).

  2. Эссенің айырмашылығы. Топтық жұмыста «Венн диаграмма» әдісі арқылы эссенің басқа жазба жанрдан айырмашылығы туралы біледі. (1 сағат).

  3. Эссенің құрылымы, эссені жоспарлау. Топтық жұмыс арқылы эссе жазуға қойылатын талаптарды кластерге орналастырады. (1 сағат).

  4. Эссе жазу барысында қатаң сақталуы тиіс талаптар. Топтық жұмыс, «Кластаер» әдісі. (1 сағат).

  5. Эссенің мақсаты,көлемі. Жеке жұмыс (1 сағат).

  6. Эссенің түрлері. Академиялық эссе. Топтық жұмыс. Постер қорғайды. (1 сағат).

  7. Әдеби эссе. Әдеби-талдау эссе. Топтық жұмыс. «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы Абайдың:

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген философиялық ойын қазіргі заманмен салыстыра отырып, өз көзқарасыңызды білдіреді. (1 сағат).

  1. Жеке жұмыс. «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы А.Құнанбаев отыз үшінші қара сөзінде: «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды...» деп, мал табудың адал жолын өнерден іздеуді өсиет қылады. Абай өсиетінің қазіргі таңдағы маңыздылығын дәлелдеп жазады. (1 сағат).

  2. Топтық жұмыс.«Жылжымалы дебат» әдісі арқылы әдеби – талдау эссеге құрылымдық талдау жасайды. (1 сағат) .

  3. Әдеби-сыни эссе. Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінде өзін қалай таныстырады? Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтап, сыни көзқараспен талдап жазыңыз. Топтық жұмыс. «Үш қадамды сұхбат» әдісі (1 сағат).

  4. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды талдап, сыни талдау жасайды. Жеке жұмыс (1 сағат).

  5. Әдеби – сыни эссеге құрылымдық талдау. Топтық жұмыс. «Бірлескен жоба» әдісі (1 сағат).

  6. Әдеби-синтез эссе. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы бас кейіпкер Демежанның кісілік келбетін нақты мысалдармен дәлелдеп жазады. Жеке жұмыс (1 сағат).

  7. Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасындағы«Қазақ үшін қыз — ұлттық намыстың бір белгісі» деген ойды өз көзқарасымен дәлелдеп жазады. Жеке жұмыс (1 сағат).

  8. Әдеби – синтез эссеге құрылымдық талдау. Жұптық жұмыс. «Бірлескен жоба» әдісі (1 сағат).

  9. Білім, білік дағдыларын бақылау. (1 сағат).

  10. Әдеби-дәлелдеме эссе. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесінің тарихи маңызын талдап, көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз. Топтық жұмыс. «Концептуалды кесте» әдісі (1сағат).

  11. Рабиға Сыздықтың «Асқар Сүлейменовтің «Бесатарындағы» ой-сана тартысы – зиялылардың өзара пікірталасы емес, ұлттық намыс пен империялық өктемдік арасындағы арпалыс» деген пікірін дамытып, шығармадағы заман көрінісіне талдау жасайды. Жеке жұмыс (1 сағат).

  12. Әдеби – дәлелдеме эссеге құрылымдық талдау. Топтық жұмыс. Постер (1 сағат).

  13. Әдеби-салыстырмалы эссе. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазады. Топтық жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісі (1 сағат).

  14. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесінің тарихи маңызын салыстыра талдап жазады. Жеке жұмыс (1 сағат).

  15. Әдеби – салыстырмалы эссеге құрылымдық талдау. Топтық жұмыс. «Үш қадамды сұхбат» әдісі (1 сағат).

  16. Әдеби-шығармашылық эссе.Т.Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі көтерілген мәселенің ғаламдық деңгейдегі өзектілігіне дәлел келтіре отырып жазады. Топтық жұмыс. «Еркін әңгіме» әдісі (1 сағат).

  17. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазады. Жеке жұмыс (1 сағат).

  18. Әдеби – шығармашылық эссеге құрылымдық талдау. Топтық жұмыс. «Үш қадамды сұхбат» әдісі (1 сағат):

  19. Сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссе. Жұптық жұмыс. «Бірлескен жоба» әдісі (1 сағат).

  20. Білім, білік дағдыларын бақылау. Жеке жұмыс (1 сағат).

  21. Бағалау өлшемдері. Ескерілетін тілдік құрылымдар. Топтық жұмыс. «Стикердегі диалог» әдісі (1 сағат).

  22. Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі. Эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі. «Ұлттық құндылықтар – қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері» пікіріне байланысты өз ойыңызды дәлелдеп, аргументтік эссе жазады. Жұптық жұмыс. «Бірлескен жоба» әдісі (1 сағат).

  23. Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық берілуі. Жұптық жұмыс. «Бірлескен жоба» әдісі (1 сағат).

  24. Орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтау. Топтық жұмыс. Постер (1 сағат).

  25. Грамматикалық және сөйлеу нормаларын сақтау. Топтық жұмыс (1 сағат).

  26. Жиі кездесетін қателіктер. Эссе не береді? Топтық жұмыс (1 сағат).

  27. Қорытынды сабақ. Эсселер жинағын шығару. Топтық жұмыс (1 сағат).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет