Аширов Ш.А., Султанова Н.Ж.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной научной статье рассматривается некоторые вопросы истории краеведческих музеев Казахстана 1917-1945 гг.
Summary
In this scientific article discusses some of the issues the regional museum history of Kazakhstan 1917-1945 gg
Кеңес өкіметі өзінің алғашқы кездерінен бастап құнды маңызы бар мұражайларды, сәулет туындыларын мемлекет иелігіне алу, қорғау, оларды тіркеудің біртекті тәртібін жасады. 1917 жылдың қазан айында музей ісі, көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғау ісі бойынша Бүкіл ресейлік коллегия құрылды.
1918 жылдың мамыр айында Халық Ағарту комиссариатының құрамында ескерткіштерді қорғау мәселесіне жетекшілік ететін музей бөлімі құрылды.
Олар жер-жерлерден көркем, тарихи құнды заттарды іздестіріп, маңызын анықтап, есепке алды. Жаңа музейлер құруға ықпал жасады. Құнды жәдігерлерді жинау өте қиын азамат соғысы кезінде, аштық, ауыр экономикалық қиын жағдайда жүргізіліп, жұмыс жасалды.
1918 ж. музей ісін басқару құрылымында ерекше бөлім – Мемлекеттік музей қоры құрылды. Ол музейлік маңызы бар жеке заттар мен коллекцияларды сақтау, инвентарлау, бөлумен айналысты.
Кеңес Өкіметінің алғашқы жылдары мұражайларды құру, ғылыми, тарихи, көркем құндылықтарды қорғау саласында үлкен жұмыстар жүргізілді.
Осы бағытта төмендегідей іс-шаралар жүйесі жасалды: бар мұражайларды есепке алу; жеке меншік, иеліктен құнды жеке жинақтарды, таңдаулы шіркеу, монастырь, мешіттерді алып, национализациялау, музейге айналдыру; мұражайдан тыс маңызды жеке коллекцияларды есепке алу, ескі тарихи маңызы бар ғимараттарды зерттеу, оларды өзгеруге тыйым салу, жер-жерлерде жыртқыштық археологиялық қазба жүргізумен күресу; мұражайларды мұражайға қатысы жоқ заттардан тазарту, оларды ағарту орталығына айналдыру[1, 41 б. ].
Қазан төңкерісін дейінгі және төңкерістен кейінгі мәдени-рухани іс-шаралардың бәріне дерлік Алаш зиялылары себепкер болды. Алаш көсемдеріннің бірі - А.Байтұрсынов 1920-21 жж. Халық Ағарту Комиссары болды. Осы қызметте ол тұңғыш мемлекеттік баспаны, Академиялық орталықты, Ғылыми комиссияны, Халыққа білім беру институтын ашты. Бірақ, ресми тарихта бұл туралы ештеңе жазылған жоқ. Сонымен бірге мәдени ұйым мен музей ісіне қатысты ғылыми иелікке айналған фактілер де аз емес.
1920 жылы «Қырғыз (Қазақ) АССР-ін құру туралы» декретке қол қойылғаннан соң, 1920 жылы 31 тамызда Қырғыз (Қазақ) Халық ағарту комиссариаты мен Орынбор губерниялық халық ағарту бөлімінің біріккен Кеңесінде Орынбор Өлкелік музейінің Қырғыз халық ағарту комиссариатының қарамағына беру мәселесі қаралды.
1922 жылы Республиканың Халық Ағарту комиссариаты Орталық Өлкетану музейі туралы қарарды бекітті. Бекітілген құжатта музей қазақ халқының рухани өмірін бейнелейтін барлық заттарды жинап, сақтауға, жиналған материалдарды көрсетуге, губерниялық музейлермен тығыз байланыста болу қажеттілігі айтылады. Осы кезеңдерде табиғатты, шаруашылық тарихымен, тұрмыс пен мәдениетті зерттеу, оларды тұрғындар арасында насихаттаумен тарихи-өлкетану музейлері айналысты [2, 43 б. ].
20-шы жылдары облыстық, аймақтық, аудандық өлкетану бөлімдерінде көне ескерткіштер, өнер, тұрмыс ескерткіштерін қорғау комиссиялары құрылды. 1921 ж. Қазақ АССР Халық комиссариатының Орынбор Өлкелік музейіне Қырғыз өлкесінің Орталық Өлкетану музейі ретінде қайта құру туралы қаулысы қабылданды.
1922 ж. 24 қаңтарда Республикалық Халық ағарту Комиссариаты орталық және губерниялық музейлер туралы Ережені бекітті. Ереже музейлердің құқықтары мен міндеттерін, олардың өзара жұмыс істеу шарттарын анықтап берді. 1923-1924 жж. Орталық Өлкетану музейі өз есептерін Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектерінде жариялай бастады. Мамандардың жетіспеушілігі, Орталық Өлкетану музейін қаржыландыру тапшылықтары болды. 1923-1924 жылдары Қазақстанның Орталық музейі, губерниялық музейлер, көне ескерткіштерді қорғау комиссиялары өздерінің қызметін Қазақстанды зерттеу қоғамымен тығыз байланыста жүргізді. 1926 ж. Мәскеуде музей қызметкерлерін қайта даярлау курстары ашылды. 1927 жылы Қазақстанда тоғыз өлкетану музейі жұмыс жүргізді. Олардың қатарында 1883 жылы құрылған Семей, 1915 жылы құрылған Қостанай, Орал, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Жетісу, Шымкент, Қазақстан Орталық тарихи-өлкетану музейлері болды. Қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен мәдениетіне қатысты экспонаттар, яғни барлық экспонаттардың үштен екісі Орталық музейдің дербес қорына жинақталды. Экспонаттарды бөлу 1927 жылы аяқталды.
1927 ж. Орталық Өлкетану музейінің директоры болып А.Махонин тағайындалды. 1928 ж. 15 наурызда музей кеңесінде экспонаттарға байланысты мәселелер қаралды. Республиканың жаңа астанасына музей 1929 жылы ауыстырылды. 1927 ж. 2 наурыздағы Халық Комиссарлар кеңесінің қаулысына сай Республика астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. 1929 ж. шілдеде Қазақстан Орталық Өлкетану музейі Алматыға көшіріліп, 13 шілдеде музей кеңесінің отырысы Қазақстан Орталық Өлкетану музейін Қазақстанның орталық музейі деп атауға шешім қабылдады. 1929 ж. музейде жергілікті жануарлар және өсімдіктер дүниесін бейнелейтін мол экспонаттар жиналды. Музей директоры А.Махонинмен, ғылыми қызметкерлер жануартану, өсімдіктану саласы бойынша 3 мың экспонат жинады [3,44 -45 бб.].
ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында музей ісінің теориялық мәселелері Кеңес үкіметінің «мәдени төңкерісімен» байланысты зерделенді. Ғылыми еңбекті жазу барысында кеңестік музей үлгісінің теориялық негізін қалыптастыруға араласқан Н.К. Крупская, М.В. Луначарский, М.И. Калинин сынды партия және мемлекет қайраткерлерінің еңбектеріне көңіл бөлінді.
Музей ісінің мәдени қызметіне әкімшілік жүйенің араласуы, тек социализм идеясын насихаттау бағытында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу талап етілді. Осыған байланысты музейлерді жүргізілген мәдени – ағарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бұрынғы әдістері мен тәсілдері социализм құрудың жаңа талаптарына сай келмейді деп танылып, мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу, экспозиция жұмыстарын қайта құру мәселелері қаралды. Музей ісіндегі мұндай өзгерістер музей қызметкерлерінің сандық және сапалық деңгейіне де тікелей әсерін тигізді. Бұрынғы музей кадрлері жаңа заман талабына сай емес деп, жаңа кадрлермен алмастырылу өріс алды.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының (1925 жылдан Қазақстанды зерттеу қоғамы) ұйымдастырылуы музейлердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге айтарлықтай әсерін тигізді. Құрылған күннен бастап қоғам мүшелері Қазақстан өлкесін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарының бағыттарын анықтап, мұрағат, кітапханалар, музейлермен етене байланыс жасау, тарихи-мәдени құндылықтарды жинақтау мақсатында экспедициялар ұйымдастыру, жергілікті жерлердегі сәулет өнері, археологиялық ескерткіштерді зерттеушілерге қолдау көрсету, жинақталған жазба және заттай деректерді жүйелеу, сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыруды көздеді.
Орталық өлкелік музей қызметкері этнограф А.А. Четыркина Қызыл керуен жұмысына қатысып, Торғай, Ақмола және Семей қалалары мен ауылдарынан қазақтың өлеңдерін, ертегілерін, жұмбақтары мен аңыздарын жазып, ұлттық ою-өрнектің үлгілерін суретке салып, музейге қазақ киімдері мен тұрмыс заттары үлгілерін алып келді. Олардың арасында бөрік, бешпент, көйлек, байпақ және т.б. болды. Қоғамның тағы бір мүшесі, музей қызметкері А.Л. Мелков 1923-1924 жылдар аралығанда ауылдарын аралап, қазақ фольклорын жазып, қолөнері бұйымдарын жинастырды. Музей қызметкерлері жәдігерлерді дұрыс күтімде ұстау әдістерін іздестіру және оларды жан-жақты зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білді.
Республикада сол кездегі Кеңес Одағы аумағындағы жүргізілген саясатқа сәйкес 1925-1936 жылдар аралығында жұмысшы-шаруалардан шыққан музей мамандарының саны 16,3% -дан 51,7%-ға өсті. Музейлердің ғылыми-зерттеу, ағарту жұмыстарының, білім және кәсіби деңгейінің төмендеуі байқалды, жоғары білімді мамандардың саны 1925-1940 жылдар арасында 59,9%-дан 27,7%-ға кеміген.
1932 жылы 26 қазанда Алматыда Қазақ АССР Орталық музейінің ықпалымен шақырылған өлкетанулық конференция өтті. Конференция жұмысына өлкетану ұйымдарының өкілдері, облыстық, аудандық музейлер қызметкерлері қатысты. Конференцияда жергілікті музей қызметкерлерінің Т.И. Шпотаның, В.И. Тишкованың, А.А. Адриановтың, С.И. Бекметовтың, А.Н. Шардинаның баяндамалары тыңдалды [4, 112-119бб. ].
1932 жылы шілдесінде ССР Орталық Атқару комитетінің Президиумының жанында тарихи ескерткіштерді қорғау комитеті құрылды. Сол жылы қарашада СССР Орталық Атқару комитетінің Ұлттар бөлімі ұлттық музейлердің жұмысы туралы кеңес өткізді. 1937 жылы музейде Қазан төңкерісінің 20 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Сол кезде музей қорында 1390 жәдігер болды. Музейдің тұңғыш экспозициясы 1938 жылы 8 қарашада ашылды.
1938-1939 жж. Орталық музей қоры Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы, ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары Исатай Тайманов пен Амангелді Иманов туралы экспонат-тармен, археологиялық қазба кезінде және жеке адамдар тапсырған экспонаттармен толықтырылды. Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары Ә.Жиреншин, С.Есова, Л.Семенов, А.Баталова, А.Мұхамбетовалар Қазақстан музей ісін қалыптастыру мен дамытуға айтарлықтай үлес қосты. 1942 жылы көрнекі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қ.И. Сәтпаевтың басшылығымен, қатысуымен геологиялық алғашқы коллекциялар жинала бастады. Бұл қазіргі кездегі Қ.И. Сатпаев атындағы Геология ғылыми зерттеу институтының геологиялық ғылыми зерттеу музейінің негізін қалаған коллекциялар болатын[5, 11 б. ].
А.Ибраеваның зерттеуінде көрсетілгендей соғыстан кейінгі жылдары да музейлерде кадр мәселесі қиын жағдайда болды.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Қазақ КСР Орталық музейі, Семей, Қостанай, Орал, Көкшетау, Шымкент, Ақмола, Қарағанды, Петропавл, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облысық тарихи-өлкетану музейлері, Мирзоян, Риддер, Арал, Жәркент аудандық салалық музейлер, Т. Шевченко атындағы (кейіннен Ә. Қастеев атындағы) ұлттық көркемөнер галереясы, Абай Құнанбаев, Д. Фурманов, В. Чапаев, Т. Шевченко мемориалдық музейлері және Дінге қарсы (антирелигиозный) барлығы 24 музей халыққа қызмет көрсетсе, олардың қорында 70 мыңнан астам жәдігер және 35 мыңдай кітап қоры тіркелген [6, 133б.].
ҰлыОтан соғысы жылдарында республиканың басқа мәдени-ағарту мекемелерімен бірге музей саласында кеңінен етек алып, оның жұмысына айтарлықтай кедергі келтірген еді. Партия ұйымдарының басшылығымен көптеген бұқаралық ұйымдастыру жұмыстар жүргізгені мәлім. Бірақ, соғыс Қазақстан музейлеріне айтарлықтай зардабын тигізбей қойған жоқ. Музей қызметкерлерінің майданға кетіп, көпшілігінің қайтып оралмауы,келеңсіз жағдайларға байланысты музей құндылықтарының талан-таражға түсуі, республикалық бюджеттін қажетіне жұмсалуынан музейлердің көпшілігі өз тұрағынан айырылып, жабылып қалуға дейін жетуі аталмыш мекеменің жұмысын қиындатып жіберді.Осы тұрғыда белгілі тарихшы ғалым Х.Әбжанов мынандай мәліметтерді келтіреді: «Соғыс жылдары еңбекші халыққа мәдени- саяси білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасымен кадр әлеуеті қатты әлсіреді. Төрт жыл ішінде республиканың мәдени – ағарту мекемелерінің 1621-і жабылып қалды. Көптеген кітапханалар мен клубтардың ғимараттары әскери және халық шаруашылығы қажеттілігіне пайдалана бастады».
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан музейлері өз экспозицияларында жауынгерлердің ерлігін насихаттау арқылы халықтың рухын көтеріп, жігерлендірді. Музейлердің ғылыми-зерттеу және жинақтау қызметі Отанды қорғау тақырыбы төңірегінде өрбіді. Соғыстан кейін қаржы тапшылығы, кадр жетіспеушілігінен музейлердің ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндігі болмады. Сондықтан, Қазақ КСР Ғылым Академиясының музейлердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде айтарлықтай әсері болды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облыстық музейінің қызметкерлері профессор А.М. Бернштамның басқаруымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының археологиялық экспедициясына қатысып, оңтүстік өңірдегі ертедегі Отырар, Сауран, Исфиджаб қалаларының тарихына қатысты құнды жәдігерлер жинады [7, 135 б. ].
1941 жылғы мәліметке сүйенсек еліміздің 24 музейінің 2 тарихи-ревалюциялық, 1 мемориалдық, 1 дінге қарсы, 19 өлкетану бағытындағы жұмыс істейтін музейлер болған. Аталмыш музейлер қорындағы 73.922 жәдігердің экспозицияға қойылғаны 40809, бүкіл қызметкерлері (әкімшілік-шаруащылықты қосқанда) 187 адамды құрады. Музейлер экспозициясын тамашалауға келген 557.548 көрерменнің 65.524 жекелеген адамдар болса, қалғандары экскурсиялық негізде келген болды. Музейге кіру ақылы болғандықтан аталған жылы келушілерден түскен төлем ақы 124.379 сомды құрған. Байқап отырғанымыздай қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан республика музейлерінің жұмысы өз денгейінде атқарылып жатты. Дегенмен, елдің экономикалық негізінің соғыс қажеттілігіне жұмсалуы, мемлекет тарапынан дұрыс көңіл бөлінбеуі, маман тапшылығы музейлердің жұмысын тежейтіндей келеңсіз жағдайларды туғызды. Мұрағат қорларында сақталған деректерге жүгінсек соғыс басталғанан кейінгі 1942 жылы республика музейлерінің аянышты жай –күйін мына бір мәліметтерден аңғару қиын емес.
Батыс Қазақстан облыстық музейі 1942 жылдын 14 қаңтарынан уақытша жабылып, жәдігерлері және мүлкі суық әрі ылғалды бөлмелерде үйіліп жтыр. Қараусыз қалған музей құндылықтарының көпшілігі ылғалдан көгеріп, көпшілігі бүлініске ұшыраған. Қызылорда облыстық музейінде осы жылдын 13 қарашасында деректорынын ауысуымен музей мүлкін өткізу барсында тіркеу кітапшасындағы көптеген жәдігерлер болмай шыққан, бүкіл жаратылыстану-тарихи бөлімі педагогика бөлімі институтына беріліп қойған. Бұрынғы деректор Мускатов көптеген заттарды жеке адамдарға үлестіріп қойған. Олардын не мекен -жайы, не аты - жөні сақталмаған. Музей заттарының көпшілігі талан-таражға түсіп, мәңгілікке жоқ болған. Осындай себептерге байланысты музей уақытша жабылуға мәжбүр болды. Облыстық атқару комитетінің шешімімен Ақмола облыстық музейінің ғимараты басқарма қажеттілгіне алынып, жәдігерлері бір бөлмеге үйілді. Мұндай жағдай ретті температуралық-ылғалдылықты қажет ететін көптген құнды заттардың (киімдер, ағаштан, теріден жасалған заттар) бүлініске ұшырауымен, ұрлануына алып келді. Тіпті музейдің бір қатар заттарын ұрылардын базарда сатып тұрған жерінен милиция көмегімен облыстық халық ағарту бөліміне тапсырған. Шығыс Қазақстан облыстық музейіне тиісті қаржының бөлінбеуі салдарынан өз жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Музей басына түскен келенсіз жағдай құнды заттардың талан-таражға түсуіне, зоология және табиғат бөлімінің заттары А.Иманов атындағы орта мектепке берілген. Музей мүлкінің бір бөлігі (орындықтар, үстелдер, төсеніштер т.б.) қалалық әдістеме кабинетіне және облыстық халық ағарту бөліміне үлестірілген. [8, 57-59 бб.]
Еліміздің ең ірі музейлердің бірі Қазақстан орталық тарихи-өлкетану музейіне тоқталатын болсақ, соғыс жылдарында бұл мекеменің де жағдайы айтарлықтай мәз емес еді. Тап осы кезеңде Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесіне қарасты Республикалық Қазақстанды зерттеу қоғамнның ғылым хатшысы және төрағасы қызметінде ұйымдастыру және мәдени-бұқаралық жұмыстардан кейін тек оңтайлы жағымен көрінген Әбусағит Мұсұлманқұлұлы Жиреншин 1942 жылдың 10 наурызында Қазақстан Орталық музейі директорлығына ұсынылды.
Осы уақыттан бастап оның өмірінде жаңа кезең басталды. Ә. Жиреншинның музейдегі қызметінің басталуы Ұлы Отан соғысымен дөп келді. Енді ғана тәй-тәйлеп аяққа тұрып келет жатқан музейлердің жағдайы тағы да құрдымға кете бастаған еді. Жұмысқа деген жауапкершілігі, өзіне сеніп тапсырылған істі жанашырлықпен атқаруы сияқты қасиеттер бойынан табылған Ә. Жиреншин музей ісіне бел шеше кірісті. Аталмыш музейде қазақ халқының құнды байлығы сақталғанын, оны болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында көздін қарашығындай сақтау және қорғау қажеттігін өте жақсы түсінген Ә. Жиреншин музей жұмысын толық өз қолына алды [9, 72 б.].
Музейлердің материалдық-техникалық базасының төмендігі кейбіреуінің жабылуына себеп болды. Мәліметтер бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда 18 музей жұмыс атқарған. Олардың ішінде республикалық деңгейде Қазақ КСР Орталық мемлекеттік музейі, 11 облыс көлемінде, 6 аудандық дәрежеде қызмет атқарды. Ал, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстық өлкетану музейлері мен Амангелді Иманұлы, Шевченко мемориалдық музейлері мүлдем жабылып қалды.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі. - Алматы, 2009. – 175 б.
2. ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікорталықмузейі. - Алматы, 2009. – 175 б.
3. ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікорталықмузейі. - Алматы, 2009. – 175 б.
4. Мустапаев Д.Ө. Қазақстандағы музей ісінің тарихы. –Түркістан, 2011. – 200 б.
5. Мухамбетова А. Центральный историко-краеведческий музей Казахстана // Советский музей, 1940. – № 4. – 35 б.
6. Ибраева А.Ғ. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан музейлері // Қарағанды хабаршысы. –Қарағанды, 2007. – № 4 . – 133-137 бб.
7. Ибраева А.Ғ. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан музейлері // Қарағанды хабаршысы. –Қарағанды, 2007. – № 4 . – 133-137 бб.
8. Тайман С.Т. Қазақстанда мұражай ісінің дамуы: тәжіребилері және проблемалары (1946-1970 жж): Тар. ғыл-ң. канд. дис. – Қарағанды, 1999. – 130 б.
9. Муханова М.З. Развитие музеев Казахстана (1991-2001 гг.) т.ғ.к. дис автореферат. – Алматы, 2007 – 161 б.
УДК 159.925
ДИНАМИЧЕСКИЕ ИЗМЕНЕНИЯ АКЦЕНТУАЦИИ ХАРАКТЕРА ПОДРОСТКА
Асилбекова К.Б., Нурмухамбетова Т.Р.
Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Түйін
Бұл мақалада жеткіншектердің мінез акцентуациясының даму динамикасы талданған
Sammary
The article about reasons analysed of accentuation dynamics behavior of scool children
Большой вклад в изучение отклонений в поведений и проявлений акцентуации хъарактера внесли П.Б. Ганнушкин и его последователи. Они рассматривали акцентуации характера как крайние проявления нормы поведения и выделили три основные характеристики, отличающие акцентуации от расстройства личности:
- акцентуация характера не влияет на все сферы жизни человека;
- акцентуация характера не является стабильной и характеризуется динамичностью во времени, могут наиболее ярко проявляться только в течение определённого периода жизни человека, изменяться под воздействием воспитания и специальных мер, и, обычно, сглаживаются со временем;
- акцентуация характера не приводит к социальной дезадаптации вообще или приводит к ней лишь на непродолжительное время [1, с.194].
Следовательно, для акцентуации характера подростков характерна динамическая трансформация типов и она возможна только по определенным закономерностям – только в сторону совместных типов. Трансформации типов акцентуаций с возрастом могут быть обусловлены как эндогенными закономерностями, так и факторами экзогенными – как биологическими, так и особенно социально-психологическими.
Динамические изменения акцентуации характера подростков изучали В.М.Боровский, Н.И.Титова, Б.Н.Алмазов, Ю.А.Строгонов, Г. Е. Сухарева, Капанадзе и др [2]. Хотя есть различия в описаний некоторых проявлений акцентуации характера обобщенно можно сказать, что они выделили две основные группы динамических изменений при акцентуациях характера.
Первая группа – это преходящие, транзиторные изменения. По сути дела они по форме те же, что и при психопатиях. На первом месте среди них стоят острые аффективные реакции следующих видов.
1. Интрапунитивные реакции представляют собой разряд аффекта путем аутоагрессии – нанесение себе повреждений, покушение на самоубийство, учинение себе вреда разными способами (отчаянные безрассудные поступки с неизбежными неприятными последствиями для себя, порча ценных личных вещей и т. п.). Наиболее часто этот вид реакций встречается при двух, казалось бы, диаметрально противоположных по складу типах акцентуаций – сенситивной и эпилептоидной.
2. Экстрапунитивные реакции подразумевают разряд аффекта путем агрессии на окружающее – нападение на обидчиков или «вымещение злобы» на случайных лицах, попавших под руку предметах. Наиболее часто этот вид реакции можно видеть при гипертимной, лабильной и эпилептоидной акцентуациях.
3. Иммунитивная реакция проявляется в том, что аффект разряжается путем безрассудного бегства из аффектогенной ситуации, хотя это бегство никак эту ситуацию не исправляет, а часто даже очень дурно оборачивается. Этот вид реакции чаще встречается при неустойчивой, а также при шизоидной акцентуациях.
4. Демонстративные реакции, когда аффект разряжается в «спектакль», в разыгрывание бурных сцен, в изображение попыток самоубийства и т. п. Этот вид реакций весьма характерен для истероидной акцентуации, но может встречаться и при эпилептоидной и при лабильной [3, с.245].
Другой вид динамических изменений акцентуациии характера, которые называются транзиторными изменениями, наиболее выраженный в подростковом возрасте, – это преходящие психопатоподобные нарушения поведения (пубертатные поведенческие кризы). При этом виде преходящие нарушения поведения могут проявляться в следующих видах:
1) делинквентности, которые выражаются в проступках и мелких правонарушениях, не достигающих наказуемого в судебном порядке криминала;
2) токсикоманического поведения, которые выражаются в стремлении получить состояние опьянения, эйфории или пережить иные необычные ощущения путем употребления алкоголя или других дурманящих средств;
3) побегов из дома и бродяжничества;
4) транзиторных сексуальных девиациях (ранней половой жизни, промискуитета, преходящего подростковый гомосексуализм и др.).
Еще одним видом транзиторных изменений при акцентуациях характера являются развитие на их фоне разнообразных психогенных психических расстройств – неврозов, реактивных депрессий и т. п. Но в данном случае дело уже не ограничивается «динамикой акцентуаций»: происходит переход на качественно иной уровень – развитие болезни.
К следующей группе динамических изменений при акцентуациях характера относятся довольно стойкие изменения следующих типов.
1. Переход «явной» акцентуации в скрытую, латентную. Под влиянием взросления и накопления жизненного опыта акцентуированные черты характера сглаживаются, компенсируются. Но при определенных неблагоприятных условиях тип акцентуации, которые были до этого замаскированы, раскрываются во всей полноте и порою внезапно.
2. Формирование на почве акцентуаций характера под действием неблагоприятных условий среды психопатических развитий, достигающих уровня патологии (краевые психопатии). Для этого обычно бывает необходимо сочетание нескольких факторов:
- наличие у подростка изначальной акцентуации характера;
- неблагоприятные условия среды, которые адресованы «к месту наличия наименьшего сопротивления» данного типа акцентуации,
- действие неблагоприятного фактора должно быть продолжительным во времени;
- влияние неблагоприятного фактора должно совпасть с критическим для формирования данного типа акцентуации возраст.
Этим возрастом для шизоида является детство, для психоастеника – первые классы школы, для большинства других типов – разные периоды подросткового возраста (от 11-13 лет у неустойчивого до 16-17 лет у сенситивного типов). Только при паранойяльном типе критическим является более старший возраст – 30-40 лет – период высокой социальной активности.
3. Динамическая трансформация типов акцентуаций характера является одним из кардинальных явлений в их возрастном развитии. Суть этих трансформаций состоит обычно в присоединении черт близкого, совместимого с прежним, типа и даже в том, что черты последнего становятся доминирующими. Наоборот, в случаях изначально смешанных типов черты одного из них могут настолько выходить на первый план, что полностью заслоняют черты другого. Это касается обоих видов смешанных типов, описанных нами: и промежуточных, и «амальгамных». Промежуточные типы обусловлены эндогенными факторами и, возможно, особенностями развития в раннем детстве. Примерами их могут быть типы: лабильно-циклоидный, конформно-гипертимный, шизоидно-эпилептоидный, истеро-эпилептоидный. Амальгамные типы формируются как напластование черт нового типа на эндогенное ядро прежнего. Эти наслоения бывают обусловлены длительно действующими психогенными факторами, например, неправильным воспитанием. Так, вследствие безнадзорности или гипопротекции в воспитании черты неустойчивого типа могут наслоиться на гипертимное, конформное, эпилептоидное и реже на лабильное или шизоидное ядро. При воспитании в обстановке «кумира семьи» (потворствующая гиперпротекция), истерические черты легко наслаиваются на основу лабильного или гипертимного типа.
Примером эндогенной трансформации может послужить превращение части гипертимов в послеподростковом возрасте (18-19 лет) в циклоидный тип. Сперва на фоне постоянной до этого гипер-тимности появляются короткие субдепрессивные фазы. Затем циклоидность обрисовывается еще более отчетливо. Вследствие этого у студентов-первокурсников в сравнении со школьниками старших классов частота гипертимной акцентуации заметно снижается, а частота циклоидной заметно возрастает.
Примером трансформации типов акцентуации под действием экзогенных биологических факторов является присоединение, аффективной лабильности (легко взрываются, но быстро отходят) как одной из ведущих черт характера к гипертимному, лабильному, астено-невротическому, истероидному типам акцентуации вследствие перенесенных в подростковом и молодом возрасте легких, но повторных черепно-мозговых травм.
Мощным трансформирующим фактором являются продолжительные неблагоприятные социально-психологические влияния в подростковом возрасте, т. е. в период становления большинства типов характера. H.Нельсон-Джоунс к ним относит разные виды неправильного воспитания, такие как гипопротекция, которая проявляется в самых различных видах: от крайней степени безнадзорности до потворствующая, в крайней степени достигающая воспитания «кумира семьи» [4, с.95].
Из всего сказанного очевидно, что появление акцентуации характера приносит огромный ущерб процессу развития и воспитания подростка. Во-первых, нарушается контакт между ребенком и взрослым, без чего воспитание вообще становится невозможным. Во-вторых, тот факт, что взрослые постоянно препятствуют исполнению собственных решений и желаний подростка, постепенно приводит к ослаблению самих этих желаний, то есть к ослаблению его стремления к самостоятельности. Если у родителей не хватает терпения дать детям возможность своевременно проявить самостоятельность, то через некоторое время дети перестают стремиться проявить самостоятельность и требуют, чтобы их одевали, кормили взрослые. Насилие над ребенком, навязывание ему поведения, не соответствующего его внутренним потребностям, уродует психику маленького человека. Необходимо избегать такого насилия, всячески поощрять стремление подростка к самостоятельности.
Достарыңызбен бөлісу: |