Естественные и педагогические науки



бет4/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Әдебиеттер


  1. Ақсауыт. Батырлар жыры. 1 т. А., 1977 ж.

  2. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғ. 20-40 жылдары. в. Алматы: Қазақ
    Университеті, 1992; Жеті томдық шығармалар жинағы. 5 том. (Ғылыми
    мақалалар жинағы). Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ Алмас қылыш: Батырлар жыры. А., Жалын, 1973.

  3. Нұрмағамбетова О. «Қобыланды батыр» эпосының негізгі варианттары және олардың өзара байланысы. / Өмір өрнектері. Астана, 2004

  4. Ахметжанов Қ.С. Ер қаруы - бес қару.//Ата салтыңды аяла. Қазақ салт-дәстүрлері туралы таным. - Алматы: Ана тілі, 1998.

  5. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында А., 1994

  6. Құрманбеков Е.. «Қара Қыпшақ Қобыланды батыр» // Алаш №6(9), 2006 ж.

  7. Байтұрсынов А. Ауыз әдебиеті. Шығармалары. Алматы, 1989.


ӘОЖ. 663.223
КҮЙІС ҚАЙТАРАТЫН МАЛДАРДЫҢ АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ РОЛІ
А.Л.Айтбекова, А.М.Бердалиева., Ф.К.Тулепова
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент
Резюме
В статье рассматриваются значение микроорганизмов в питании жвачных животных, и изменение числа бактерий и инфузорий по камерам преджелудков жвачных
Summary
The article discusses the importance of microorganisms in the diet of ruminants, and the change in the number of bacteria and ciliates on cameras rumen of ruminants
Тірі ағза бір қалыпты, тұрақты ұзақ жыл өмір сүруі үшін, ондағы жасушалар мен ұлпалардың өсуі және жаңаруы үшін, ағзалардың морфогенезінде және физиологиялық функцияларының қалыптасуы үшін тірі ағзаға органикалық және бейорганикалық заттар әрдайым қажетті деңгейде түсіп тұруы керек. Бұл заттарды өсімдіктер мен жануарлар қорек арқылы қабылдайды және олар сол организмнің энергия көзі мен зат алмасу процесіне қатысады. Қоректің заттардың кұрамында нәруыздар, көмірсулар, майлар, витаминдер, гармондар, су және суда еритін минералды тұздар болады. Аталған қоректік заттар азық құрамында болады және олар ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездесетіндіктен ас қорыту жүйесінде қан мен лимфа арқылы ағзаға тарағанымен, жасушалар мен ұлпаларға тікелей сіңе алмайды. Олардың сіңуі үшін арнайы химиялық, биологиялық және физикалық өңдеуден өтіп, қарапайым және суда еритін қосылыстар түріне міндетті түрде айналу қажет.

Мысалы: азық құрамындағы нәруыздар біртіндеп амин қышқылдарына, майлар май қышқылдары мен глицеринге, ал көмірсулар жүзім қанты не болмасы басқа моносахридтерге айналғанда ғана олар денеге қан арқылы тарап, жасушалар мен ұлпаларға сіңе алады. Бұл процестердің барлығы ас қорыту мүшелерінде жүретін процесстер, бұл процесті астың қорытылуы деп аталады. Ал барлық қорытылатын заттар, яғни амин қышқылдары, глицерин мен май қышқылдары, жүзім қанты ас қорыту трактысының кілегейлі қабаты арқылы қан мен лимфаға сіңе алады, және сол арқылы жасушалар мен ұлпаларға өтеді.

Нақты айтатын болсақ, ас қорыту - деп сыртқы ортадан ағзаға қабылданған қоректік заттардың күрделі қосылыстары денеге жеңіл және оңай сіңетін қарапайым қосылыстарға ыдырауын айтады.

Күрделі молекулалы қосылыстардың қарапайым қосылыстарға айналу үшін ас немесе қоректік заттар химиялық, физикалық (механикалық) және биологиялық процесті өңдеуден өтуі керек деп жоғарыда айтылды, ал енді осы прцестерге қысқаша түсінік берейік.

Механикалық процесті өңдеуден - шайнау аппараты, яғни тіс, жақ арқылы, ауыз қуысында өтеді. Ауыз куысында шайналып, ұнтақталған азық, ас қорыту мүшелерінің кейінгі бөліктерінде ондағы ет қабығының жиырылуы немесе созылуы әсерінен шайқалып, араласып отырады.

Химиялық процесті өңдеу - ас қорыту процесіндегі негізгі кезеңнің бірі. Мұнда қарын ішек жолы сөлінің құрамындағы сілтілер мен қышқылдар арқылы азықты ыдырату арқылы қорыту процесіне дайындайды да, ал ағзадағы ферменттер қоректік заттардың ағзадағы химиялық өзгерістерін жылдамдатады.

Биологиялық процесті өңдеу – бұл өте күрделі процес. Ас қорыту жолында микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен ірі молекулалы қоректік заттар ұсақ молекулаларға (мономерлі) ыдырайды, яғни микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен ірі молекулалы қоректік азық алғашқы өңдеуден өтеді. Микроорганизмдер әсіресе қарындағы ас қорыту процестерінде арасан зор роль атқарады. Кейбір өсімдіктерде (мақтада, кенепте, жоңышқада) азық ретіндегі түрлерінің құрамында клетчатка көп мөлшерде болады. Ал жануарлардың, әсіресе күйіс қайтаратын малдардың аc қорыту сөлінің құрамында осы клетчаткаға әсер ететін ферменттер болмайды. Сондықтан целлюлозалық клетчатка тек микроорганизмдер есебінен және солардың әсерінен қорытылады. Тоқ ішекте микроорганизмдердің әрекетінен ақуыз ыдырап және шіріп, майлар тотығып, көмірсулар ашиды.

Ал мес қарындағы организмдердің түрі, саны, қабылдаған азықтың құрамына тікелей байланысты болады. Сонымен қатар мес қарында микроорганизмдердің тіршілігі үшін жағдай, өсіп көбеюіне қажетті жағдайлар жасалған. Осыған байланысты қарапайым инфузориялар, бактериялар, саңырауқұлақтар мес қарында жүретін биохимиялық процестерге әсері өте жоғары.

Күйіс қайтаратын малдардың ас қорыту жүйесі мес қарынындағы микрорганизмдердің ас қорытудағы қызметін анықтап, биохимиялық прцестерді зерттеу арқылы үй жануарларынан жоғары сапалы өнім алу үшін қоректік заттармен қамтамасыз етілді. Микроорганизмдердегі белоктардың түзілуін камтамасыз ету, қоректік заттардың сапасын арттыру.

Күйіс қайыратын малдың қарнын мекендейтін инфузориялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ірі қара қарнында олардың 60 түрі, қойларда — 30, бұғы мен ешкіде 20 түрі кездеседі. Солардың ішінде кірпікті инфузориялар маңызды орын алады. Олардың саны малды пішен және тамыр-түйнекті өсімдіктерден тұратын рационмен азықтандырғанда көбейеді. Малды клетчатка мен белоктарға бай азықтармеи жемдегенде қарында инфузориялардың ірі түрлері ал, рацион құрамында крахмал молайса, инфузориялардың кіші түрлері дамиды



Әдебиеттер

1.Алиев А.А. и др. " Изменение числа бактерий и инфузорий по камерам преджелудков жвачных".-В.кн.материалыЗ-ей всесоюзной конференц. По физиологии и биохим. Основом. Повышения продуктивности с.х. животных. Москва Колос 1966. вып.2. ст.30-32.

2.Базанова Н.У., Ташенов К.Т., "Значение микроорганизмов в питании жвачных животных" - науч. Труд. Инст. Физиологии академии наук . Алм. 1959 том 2. ст.20-29

3.Т.У. Измайлов "Мал физиологиясы" 1987 жыл.

4.Л.И. Катречко, О.В. Бахмут " Количественные изменения микрофлоры рубца животных при скармливаний кормосмесей с различным содержанием трявяной муки", - В кн: Физиология и биохимия сельско- хозяйственных животных. Кишенев 1973 вып. - 23, ст. 48 – 50.

ӘОЖ 637.5.04/.07

Жылқыларды көктемгі-жазғы мерзімдерде жайып семірту нәтижелері

Абишев М. C., Аубакиров Х.А, Даулетқұлова Қ.

Халықаралық гуманитарлық- техникалық университеті1, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ2,3



Резюме

В материале статьи освещается вопросы весенно-летнего выпаса лошадей, результаты контрольного забоя откормленных животных и молодняка лошадей, динамики роста живой массы животных

Summary

In material of article it is lit questions of a vesenno-year pasture of horses, results of a control face of the fattened animals and young growth of horses, dynamics of growth of live mass of animals

Қазақстанда жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі және көп сырлы салалардың бірі. Жылқының еті, қымызы, сондай-ақ қазы-қартасы, жал-жаясы, халықтың сүйікті тағамы. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап артып отыр.

Кең байтақ жерімізде жылқының жоғары өнімді көптеген тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы, ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалджар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.Көшпелі халықтарда ет пен қымыз бағытындағы жылқы шаруашылығының перспективті дамуына олардың материалдық-өндірістік саласының даму дәрежесінің төмен болуы, егін шаруашылығының болмауы, ұлан-байтақ табиғи жайылымдардың және оларда жылқы табындарын жыл бойы бағуға мүмкіндіктің болуы, жылқы шаруашылығының тиімділігі мен оның мол өнімділігі септігін тигізді. Қазіргі кезде бұл өнімнің құнды да құнарлы тағам екенін және оны емдік, диетикалық жағынан пайдалануға болатынын дәлелдейтін жылқы етінің физикалық-химиялық, биологиялық қасиеттері жөнінде көптеген ғылыми мәліметтер жинақталып отыр.

Қазақстанның тау етегі аймағында жергілікті жылқыларын табында ұстаудың азық базасы болып, әр түрлі өсімдікті табиғи жайылым есептелінеді. Жазғы құрғақ маусым түскенге дейін, жайылымдарда, қоректік құндылығы жоғары болған эфемерлік және эфемероидтік өсімдіктер өте жылдам өседі. Қияқ, арпабас, арпақан және т.б. әртүрлі шөптер кеңінен тараған. Қатқыл бұтақты шөптердің арасында кеуреук, жантақ, селеу кездеседі, жусанның бірнеше түрлері де кеңінен тарқалған.

Көктем-жазғы жайылым шөптерінің құнарлылық құндылықтарын зерттеу мақсатында, жайылым шөптерінің үлгілері жиналып, олардың химиялық құрамдары зерттелінді (1-кесте).

1-кесте. Жылқылардың көктем-жазғы жайылым семіру кезеңіндегі азықтық шөптердің химиялық құрамы, % (1978ж.)



Шөп түрлері

Жалпы ылғалдылығы

Шикі протеин

Шикі май

Шикі жасуша қабықшалары

БЭВ

Шикі күл

Дала қырықбуыны ()

16,53

4,83

2,74

27,90

40,13

7,57

Қияқ

14,63

5,54

3,42

24,00

45,20

7,21

Қоңырбас ()

15,35

7,73

4,32

23,00

42,20

7,40

Арпабас ()

13,52

6,32

2,70

24,92

46,22

6,32

Бетеге ()

14,29

4,44

2,10

27,22

45,93

6,02

Бидайық ()

17,05

5,95

1,98

33,11

33,11

8,80

Жоңышқа ()

15,63

15,42

2,10

28,45

30,30

8,10

Таспа шөп ()

12,80

4,14

3,17

29,50

43,04

7,35

Арпақан ()

12,70

10,60

2,70

28,55

38,70

6,75

Шөл қияғы ()

13,00

7,95

2,45

26,70

42,75

7,15




11,29

6,59

3,00

37,02

34,85

7,25

Әр түрлі жастағы жылқылардың тірі салмағының өсу қарқыны 2-кестеде көрсетілген. Кестедегі мәліметтерден, тірі салмақтың тәуліктік орташа салмақ басуы – олардың жайылып семіру маусымына байланысты екені көрінеді. Ересек жылқылар мен төлдердің ең жоғары салмақ қосуы мамырдың 11-і мен 25-і аралығында байқалды. Маусымның соңында ол төлдерде – 400г, ересек жылқыларда – 533 г дейін төмендеді. Бұл, жайылым шөбінің күюіне, нәтижесінде оның қоректік құндылығының төмендеуіне байланысты. Біздің тәжірибелерде, ең қарқынды жайылып семіруі кезеңінде (сәуірдің соңы және мамыр) стандартқа сай емес семіздіктегі төлдер орта есеппен тәулігіне 1200-1400г салмақ қосса, орташа семіздіктегілер 1100-1267г қосты. Осындай жағдайлар ересек топтағы жылқыларда да байқалды.

2-кесте. Жылқылардың көктем-жазғы жайылып семіруінің жалпы нәтижелері, М±m



Көрсеткіш

Төлдер

Ересектер

Семізділігі

Семізділігі

Стандартқа сай емес, n=15

ІІ-категориялы, n=15

Стандартқа сай емес, n=15

ІІ-категориялы, n=15

Бастапқы салмақ

167±2,67

211±4,04

281±3,6

370±4,57

Соңындағы салмақ

234±4,12

264±5,82

345±4,94

421±6,11

Қосылған салмақ,кг

67±1,45

53±1,78

64±1,56

51±1,64

Орташа тәуліктік













Қосылған салмақ,г

893±19,30

883±29,6

853±21,0

850±27,40

Жайылып семірудің басындағы мен соңындағы тірі салмақтық арасында оң корреляцияның (ν=+0.998), семіру басындағы тірі салмақпен қосылған салмақтық, сонымен бірге тәуліктік орташа қосылған салмақтық арасында да (сәйкесінше, ν=+988; ν=+988) оң корреляцияның барлығы байқалды. ІІ категориялы төлдердің бұл көрсеткіштері, сәйкесінше, ν=+996; ν=+996 және ν=+0,9666, ал стандартқа сай емес семіздіктегі ересек жылқылар тобындағы көрсеткіштер, сәйкесінше ν=+0,959, ν=+0,880 және ν=+881, екінші категориядағылар - ν=+0,989; ν=+0,922 және ν=+0,921 құрады.

3-кесте. Жылқылардың жазғы жайылымда семіруінен кейін өткізілген бақылау сойылымының нәтижелері, (М±m). N=3∑n=12



Жылқылардың жастық топтары

Семізділік категориясы

Сойылым алды тірі салмағы, кг

Ушаның салмағы, кг

Сойылым шығымы, %

Іш майының салмағы, кг

Төл (еркек құлын)

ІІ

235±4,10

126,0±2,44

53,6

2,00±0,17




І

262,0±7,26

144,0±5,52

55,0

3,51±0,45

Ересектер

ІІ

348,0±8,62

187,0±6,21

53,7

4,50±0,23




ІІ

419,0±7,55

234,0±5,40

56,0

7,38±0,55

Семіздігі стандартқа сай емес жылқылардың қосқан салмағы, семіздігі одан жоғарырақ жануарлардан көбірек болды. 3-кестеде жылқылардың көктем-жазғы жайылымда семірудің жинақталған мәліметтері келтірілген. Көктем-жазғы жайылымда семірудің соңында, оның басында ІІ-категориялы болған төлдер мен ересек жануарлар, семіздіктің І-категориясына жетті. Тәжірибенің басында семіздігі стандартқа жетпейтін топтағы жануарлардың, тәжірибенің соңына келіп; төлдердің 74,8% семіздіктің І-категориясына, 25,2% ІІ-категорияға жетті, ал ересек жануарлардың тобында болса – бұл көрстеткіш, сәйкесінше, 71,6 және 28,4% тең болды. Көктем-жазғы жайылым семірудің нәтижесінде, семізділігі стандартқа жетпейтін І-шағын топтағы төлдердің тірі салмағы 40,1% (67кг), ал ІІ-топтағы (ІІ-категориялы) төлдердікі – 25,1% (53кг) көбейді. Ересек жылқылардың І-шағын тобында, олардың тірі салмағы бастапқыға қарағанда 22,8% (64кг), ал ІІ- топта – 13,8% (51кг) өсті.

Әртүрлі жастағы және семіздіктегі жылқылардың ет өнімділігін зерттеу мақсатында, біз, жазғы жайылымда семіру кезеңінің соңында, әр түрлі семіздік категориясындағы жануарлардың бақылау сойылымын өткіздік (әр топтан 3 бастан).

Жылқылардың жазғы жайылымда семіру кезеңінен кейін өткізілген бақылау сойылымының нәтижелері 4-кестеде келтірілген.



4-кесте. Жылқылардың тау етегі зонасындағы көктем-жазғы жайылымда семіру кезеңдегі тірі салмағынаң өсу қарқындылығы

Тірі салмағының өсуі

Жылқылардың жастық тобы

Семіру басындағы семіздігі

Семіру мерзімінің ұзақтығы, күн

11 мен 25

IV

IV-26мен

V-10

VII мен 25.V

26.V мен 9.VI

10.VI мен 25.VI

Кезең ішінде, кг

Орташа тәуліктік, г

Кезең ішінде, кг

Орташа тәуліктік, кг




















Төл (еркек құлын) n=15

Стандартқа сай емес

75

10,0±6,13

666

18,0±0,31

1200

21,0±0,51

800

12,0±0,74

800

6

400

ІІ категория

ІІ категория

60

9,0±0,07

600

15,0±0,24

1000

18,0±0,54

1200

11,0±0,40

667

-

-

Ересектер

Стандартқа сай емес

75

8,5±0,16

567

16,0±±0,20

1007

19,5±6,45

1300

12,0±0,67

800

8

533




ІІ категория

60

8,0±0,24

533

14,0±0,31

967

17,0±0,29

1133

11,55±0,27

767

-

-

4-кестенің мәліметтерінен, жайылымда семіргеннен кейін ең ауыр салмақты ұша І-категориялы төлдерден алынғандығы көрініп тұр. Ересек жануарлардың ішінде де бұл көрсеткіштің жоғарылылығы І-категориялы жылқылардың еншісінде. І-категориялық семіздіктегі төлдердің сойылымдық шығымы ІІ-категориядағы жылқылардың осы көрсеткішінен 2,3%-ға артық болды.

Жаратылыстану және педагогика ғылымдары
Аширов ш.а., султанова н.ж.

Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет