Естественные и педагогические науки



бет9/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
#38003
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Литература
1.Теория и методика физического воспитания детей дошкольного возраста,

А.В.Кенеман, Д.В.Хухлаева, Москва «Просвещение», 1972 год.

2 Физическая культура в детском саду,

Т.И.Осокина, Издательство «Просвещение»,1986 год.



ӘОЖ 372.851
МАТЕМАТИКА САБАҒЫН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ
Абдирахманова З. Б., Халмурзаева Б. М.
«Болашақ» колледжі, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной работе покозаны игровые моменты при изучении математики, которые повышают качество и уровень знаний учащехся
Summary
There is an information about the peculiarities of providing the math with the help of role-playing technology. And its impression to improving the quality of knowledge
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі оқушыларға терең де сапалы білім берудің тәсілдерін қарастыру болып табылады. Білім беру жүйесінің алға қойып отырған мақсаты – оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету. Ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты, адамзат қоғамы жаңа табалдырығын аттап отырған кезеңде оқушыға белгілі көлемде білім, білім дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандарттарын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдстемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа бын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйлі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызы әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, аңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі түрде жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның тлық өзіндік өсуінің, зіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. Математика ғылым, оның іргетасы – математика заманымыздың аса мәдени құбылысы, жалпы өркениетіміздің бөлінбес маңызды бір бөлігі болып отыр. Сондықтан да тек болашақ математика пәнінің мұғалімдер ғана емес, білім – парасатқа ұмтылған әрбір адамзаттық ғылым тарихынан, әсіресе «ғылым патшасы» математика тарихынан белгілі бір дәрежеде хабардар болуы игілікті нәрсе. Ғылым тарихын зерттеп білудің ғылымның өзі үшін де маңызы зор. Көрнекті математика тарихшысы Поль Таннедің сөзімен айтсақ тарихтың бірден – бір түпкі мақсаты тіпті де бекер әуесқойлықты қанағаттандыру емес, оны зерттеп білу, сайып келгенде, болашақты нұрландыру деген[2]. Мысалы, тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Ньютон XVII ғасырдағы физика – математика ғылымдарындағы ең көрнекті тұлға. Оның еңбектері қазіргі кездегі жаратылыстану ғылымадрының көп заманғы физикаға іргетас қалады. Ол қазіргі астрономияның да негізін салушылардың бірі. Ньютон – жоғары математиканы жасаушалардың бірі. Алайда ежелгі грек оқымыстылары – Архимед, Аполлоний, Потоломей еңбектері болмаса, Ньютон да болмас еді. «Мен жұрттан алысырақ көремін, өйткені мен алыптардың иығында тұрмын» - деп Ньютонның өзі айтқан екен[1]. Ал Ньютон болмаса, ұлы Эйнштейннің физикасы дүниеге келмес еді. Осындай сабақтастықтың заңдылықтарын зерттеп ашып, ғылыми жұртшылық пен қалың бұқараға жеткізіп отыру – ғылым тарихы мен ғылым тарихшыларының негізгі міндеті. Кейбіреулер математика өте шабан дамитын, тіпті өзгермейтін ғылым деп есептейді. Бұл түрімен дұрыс емес. Адамзат мұқтаждығын, қоғамдық прогресс талабын өтеу жолында математика ғылымы ұдайы дамып, кемелденіп келеді. Математиканың арифметика, алгебра, геометрия, математикалық анализ сияқты классикалық салаларын қоғам қажеттігін, прогресс талабын өтеу, сондай – ақ математиканың дамуының өзінің ішкі логикалық талаптарын қанағаттандыру барысында функциялық анализ, математикалық логика, математикалық статистика, кибернетика, хабарлар териясы және толып жатқан жаңа салалардың қосылуы. Бұл айтқанымызды толық дәлелдейді. Бұл прогресс қазір де толассыз жүріп жатыр. Математика өзінің туып, өрбу барысында тарихи дамудың ұзақ жолын басып өтті. Екі нүктенің ең жақын ара қашықтығы түзудің кесіндісі болатыны туралы және ең бастапқы сандар жайлы өте қарапайым ілімдерден басталған математика өзінің қазір нақты пәні, мақсаты әдіс – тәсілдері бар аса күрделі абстрактылы ғылымға айналып отыр. «Екі жерде екі төрт» деген шындықты білуден бастап осы күнгі аспан денесінің қозғаылсын алдын ала дәл есептеуге, атом ішіндегі процесстердің есебін білуге, саусақпен санау орнына қиялдан да ұшқыр тез есептегіш электронды машиналармен санауға жету үшін адам баласының көп мыңдаған жыл уақыт керек болды. Ф.Энгельстің анықтауы бойынша «Математика ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік пішіндері туралы ғылым»[3]. Белгілі француз маематигі Н.Бурбаки «Математика сәулетшісі» атты проблемалық мақаласында: «ХІХ ғасырдың аяғынан бастап, математиктердің, математика салаларының күрт өсіп, көбейіп, аса тармақталып кету бағытын аңғарта келіп, қазір тұтас бір математика бар ма, әлде ол дара – дара байланыссыз, берекесіз көп математикалық құрылымдар мен аксиомалық теория негізінде математиканың барша салаларының бір негізге, ортақ зерттеу объектісіне келтіруге болады, сондықтан да тұтас бір – ақ математика бар» - деп жауап береді [4]. Жас ұрпаққа беретін білім мазмұнын жақсарту,оны заман талабына сай игеру, оларды отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеу,шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беру.бірінші кезекте ұстаз еңбегімен тығыз байланысты. Математика сабағын формуласыз,өрнексіз және сызбасыз өткізу өте қиын. Сонымен бірге, математикалық тілді түсінікті, қарапайым тілге айналдыруда қиын мәселелердің бірі. Математика мәселелерін толық ғылыми түрде баяндау үшін оның өз тілін қолдану керек.Тіл шеберлігін арттырудың бір жолы тарихи деректі материялдарды тартымды етіп ұғындыра білу. Математика ғылымының бір ерекшелігі міне осында. Орыс халқының көрнекті ғалымы, академик М.В.Остроградский «Математикадан сабақ бергенде,ол тәжірибеден аулақ абстракт ғылым деген пікір туғызбай,оның тәжірибеде қолданылуы жағынада көңіл бөліп отыру керек, міне сонда ғана математикадан сабақ беру қызықты болады және оқушылар оған өздерінің назарын тез аударады,сабақ беруде алуан түрлі әдістер қолданып, оқушылардың ғылымды сүю сезімін туғызу мақсаты көзделу керек»-деген[6]. Академиктің осы айтқанын негізге ала отырып, математика сабағынада ойын түрлерін қолдануға болады.Бұл бір жағынан оқушылардың сабаққа қызығушылығын туғысса, екіншіден мұның зор тәрбиелік мәніде бар. Мысалы: Бір ойын олардың туған жерді сүю, оның салт-дәстүрлерін қастерлеу сезімін қалыптастыруға ықпал етсе,ал екінші бір ойындар ойлау қабілетін дамытуға, ауызша есептеуге дағдыландырады. Сондай-ақ ойындар арқылы айтылатын жағдайларды көрнекті түрде көрсетуге болады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың берері мол. Мысалы: қайталау сабақ, аукцион сабақ, ойын сабақ, тартыс сабақ т.б. Осындай түрлі сабақтардың тартымды, қызықты болуы, логикалық және қызықты математикалық есептерге байланысты. Енді осы математика сабағына қолданып жүрген кейбір ойындарға тоқталайық.

«Шахмат» ойыны.

Бұл ойынның негізгі мақсаты, әрине есептер шығару. Әрбір есеп шығаруға шыққан оқушы таңдаған фигурасынан қалай жүруге болатын жағдайларын айтып, содан кейін фигураға жазылған есепті шығарып,оны жылжытады. Қарапайым сияқты көрінгенімен бұл олардың шахмат ойынына қызығушылықтарын тудырса, екіншіден оқушырардың ойлау қабілеттерін дамытуға әсер етеді. Шахмат ойыны бәрімізге белгілі ой еңбегі.Ойынды екі оқушыны немесе оқушыларды екі топқа бөліп ойнатуға болады. Фигуралар түріне байланысты есептерді де күрделі етіп алуға болады.



Есептер:

1. 3.х

2.х 4.
«Жеміс бағы» ойыны.

Ойынды 5-7 сынып оқушыларымен өткізуге болады. Ойынның негізгі мақсаты есептер шығару болғанымен, олардың туған жер, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға деген тәрбиелік мақсатында орындай аламыз. Ағаштардың әсемдік ғана емес, экологиялықта пайдасы бар екендігін, оларды қорғап, өсіру керектігіне назар аудару. Және бұл ойынның тағы бір ерекшелігі жемістер арқылы жол жүру ережелерін,деңгейлік тапсырмаларды да қайталауға болады. Ал есептер жемістерге жазылады. Бір ойын арқылы ғана қаншама мақсаттарды қамтуға болады.

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы ержүректілік,батылдық халқымыздың енді ғана айтылып жаңарып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерін оқушыларға таныстыру. Әрбір ойынды бастамас бұрын оның тарихы, қалай ойнатылуы туралы мағлұмат беру керек. Ал мұны оқушылардың өзіне айтқызса нұр үстүне нұр. Солардың бірнешеуіне тоқталайық.

Есептер:


  1. 0,07+13,23=

  2. =

  3. 0.3+20.1=

  4. 11.21+9.3=

Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет