Әдебиеттер
1.Зимняя И. Проектная методика обучения английскому языку. Иностранные языки в школе. - 2001 г. № 4.
2. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. - Алматы: Мектеп, 1989. 68-75 бб.
3.Каспин И.В.Сегаль М.М. Новые технологий в обучении иностранным языкам.
4.Интернет-технологии в средней школе. (Практическое руководство) Под редакцией Ольховской Л.И., Рудвковой Д.Т., Силаевой А.Г. - Москва. Прожект Хармони, Инк, 2001.
5.Андронкина Н.М. Проблемы обучения иноязычному общению в преподовании иностранного языка как специальности // Обучение иностранным языкам в школе и вузе. СПб., 2001. С.150-160.
ӘОЖ: 323(574)
1920-1930 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚ ИНТЕЛЕГЕНЦИЯСЫНЫҢ АҒАРТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Абдурахманов Н.А., Аманбекова Ч. Б.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной научной статье рассматривается некоторые вопросы деятельности казахской интелегенции в просвешении
Summary
This article discusses some of the scientific issues of the Kazakh intelligentsia in prosveshenii
ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары күшейген әміршіл – әкімшіл жүйенің әр кезеңінде ұлттық интеллигенция ұлт мүддесін көздеу мақсатында үнемі жаңа әдістерге көшіп отырды. Қашанда ұлтым деп оянған зиялы қауым өкілдері халықтың сауатын ашуға, оқу – дарытуға барынша ат салысып, басшылық етті. Дәл осы кезде пісіп жетілген интеллигенция қатары жаңа жағдайға байланысты күрес тактикасын өзгертіп, енді күрес арнасы рухани салаға ауысуы қажет деп білді. Сол себептен де интеллигенция көсемдері өз өкілдерін мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу және сол арқылы халыққа идеялық ықпал жасау құралдары ретінде оқу ағарту, мерзімді баспасөз, ғылыми орталықтар, әр түрлі салалардағы баспа орындарын кеңінен пайдаланудың ауқымды шараларын ойластырып, оларды белгілі бір дәрежеде жүзеге асырды.
Патшалық Ресейдің отарлау саясатының негізінде қазақ жері бөлшектеніп, рулық жүйесі ыдырап, күш арқылы дінге шоқындыру, тілі, ұлттық әдетінінен арылтуына әкеп соқтырды. Орыс тілін білгендерін болыс қою, аралас типтегі мектеп түрлерін ашу, орыс жазуына араластыру әрекеті қолға алынған еді. Патшалық билікті құлатқан кеңес өкіметі де орыстандыру саясатын міз бақпай әрі қарай жалғастырды.Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.
Қазақ интеллигенциясының өкілдері кеңес билігі тұсында қазақ тілінің сақталып қалуына барынша назар аударды. 1923 жылы С.Қожанов Түркістан ЦК КП бюросының жиналысында баяндама жасап, оның негізінде алғашқы үш жылда ана тілінде және орта, жоғарғы оқу орындарында орыс тілі тек ана тілінде оқуға мүмкіндік болмаған жағдайда оқылатындығы туралы қаулының қабылдануына мүмкіндік алды. 1923 жылы жарық көрген «О просветителськой работе среди киргиз – казахов» атты мақаласына өз пікірін білдірген С.Қожанов алдымен халық ағарту ісінде ана тілінде бастауыш ұлттық мектептерді қалыптастыру қажет екендігін атап өтті [1].
20 – 30 жылдары ұлттық – тіл құрылысында қазақ жазбасының реформасы басты орында болды. Билік араб графикасынан латынға ауысуды сауатсыздықтың жойылуы, баспа техникасының дамуы мен арзандауы, жазба машиналарының ана тілдерінде және «шығыстың еңбекші халқының Батыспен байланысын» жақсартуға мүмкіндік туғызады деген анықтамалармен түсіндірді. «Алфавиттік революциялар» алғашқыда латын, кейін кириллицаға ауысу ұлттық сананың базалық компоненттерінің трансформациясына алып келді. Кеңестік жүйенің тоталитарлық режиміне халықтың тілі мен дініде басты мәселелердің бірі болып көзге ілінген еді.
Интеллигенция арасындағы айтыстың ішінен А.Байтұрсыновтың латын графигіне қарсылығы айқын көрінді. А. Байтұрсынов өз қарсылығын қазақ мәдениеті мен ұлттық рухы тілмен бірге жоғалатындығын негізге алып, араб тілі игеруге қиындық туғызғанына қарамастан, әрі қарай оның дамуына қолдау көрсету қажеттігін алға тартты.
1912 жылы А. Байтұрсынов араб графикасын және қазақ тілінің орфографикасын негіздеді (усовершенствовал). 1924 жылы қазақ тілінің дыбысталуын араб тілінің графикасына салу арқылы «байтұрсыновтық орфографика» қалыптасты. Кеңес кезінде ғалым әртүрлі жиналыстар мен кездесулерде араб графикасының сақталуы барысында өз ойларын білдіріп, үнемі сол позицияны жақтап жүрді.
Ана тілінің қорғаушысы және реформаторы А. Байтұрсынов өз халқының этнонимі туралы мәселеніде қатар көтеріп жүрді. 1925 жылғы Кеңестердің Ү съезінде А. Байтұрсынов тарихи, мәдени негізге сүйеніп қазақ халқына өз дұрыс тарихи есімін қайтару туралы сөз сөйлеген еді. Бұған дейін қазақтарды қырғыз атап жүрген болатын. Съездің делегаттары бір ауыздан бұл мәселені мақұлдап, «Қырғыз АКСР - ін» «Қазақ АКСР» деп атауға шешім қабылдады. Кейін ҚазақАКСР ОАК Президиумы, яғни 1936 жылы 9 ақпанда қазақ еліне нақты есім орнатты: «казаки» орнына «Қазақстан» - «қазақтар» [2].
А. Байтұрсыновтың жақтастарының бірі, белгілі ғалым Х. Досмұхамедов өзінің «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты еңбегінде сингармонизм – түркі сөзінің негізі, оның түрік тілдерін отаршылдықтан құтқаруға мүмкіндігі бар деп көрсетеді. Сонымен қатар латын графикасына ауысуға басты қарсыластардың бірі М. Дулатов болды.
Латын графикасына ауысу мәселесі қазақ интеллигенциясы арасын екі арнаға бөлді. А. Байтұрсынов араб графикасының маңыздылығы мен қажеттілігі туралы өз позициясын «Еңбекші қазақ» газетінде баяндамалар, мақалалр түрінде жазудан талмады. 1927 жылы А. Байтұрсынов «... Қысқасы, жаңарған араб әрпі баспа дүниесі, жазу машинасы, оқыту жұмысы жағынан орыс әрпінен де, басқа Еуропа жұрттарының әріптерінен де анағұрлым артық болмақ» [3]. Бұл айтылған сөздерден ХХ ғасырдағы қазақ интеллигенциясы үшін елінің ертеңгі болашағына бей - жай қарамағандығын байқауға болады.
Латын тіліне ауысуға байланысты көптеген айтыстардың орын алғанына қарамастан ҚазақАКСР ОАК ІҮ сессиясы 1928 жылы латын тіліне ауысуды заңдастырды. Осы заңға сәйкес қала интелигенциясы, жұмысшылар мен шаруалардан латын тілін жазбада қолдануға белсенділік танытуларында мәселе алға қойылды. Партия органының осы мәселеде ұстанған бағытын ҮІ Өлкелік партия конференциясында Голощекин төмендегідей түсіндірді: «Латын әрпін енгізуге көзқараста Өлкелік комитет аса сақ болды. Біздерден партиялық қаулыны талап етті; біздің бас тартқан себебіміз, бұл іс қазақ комунистерінің, зиялыларының Қазақстанның қоғамдық күштерінің өздерінің жұмыстары, осы негізде олардың өздері жұмыс жасаулары керек, міне, сонда біз де партиялық шешімді береміз. Біздің міндетіміз – осыған итермелеу, осыған көмектесу, бірақ бұл жөніндегі мәселе нашар болып тұр. Олар өздерінің тартыстарында мәселенің бұл көзқарас артық па немесе қажет пе дегенге келіп тірелмейтінін түсіне алмайды. Олар, бұл мәселеде 3 процент сауаттылардың 97 процент сауатсыздарды тежеп отырғандарын түсіне алмайды. Осы сауатсыздарды латын әрпімен әлдеқайда жеңіл жазуға үйретуге болады, ал араб жазуын білетін 3 процентке келер болсақ, олар бұқараның мәдени дамуын тежеп отыр. Біздің қазақ комунистерінің міндеті – мұнда неғүрлым табандырақ болу және реформа жүргізуге қол жеткізу. Әзір ешбір партиялық қаулы болуға тиіс емес» [4]. Сондай– ақ, 1930 жылдың 6-8 ақпан айындағы Халық Ағарту Комиссариаты Коллегиясының жиылысында алфавит мәселесі қаралып, төмендегідей қаулы қабылдады: «окончательно изгнать арабский из всех отраслей государственной, общественной жизни, всем отделам и органам Наркомпроса развить усиленный темп работы, чтобы все стороны учебно – воспитательной, политико – просветительской, научной, библиотечной, издательской и канцелярской работы были переведены на новый алфавит на все 100 % к 10-летию Казахстана». Тарихтың өзі көрсетіп отырғанындай, араб жазуы жалпы адамзат тарихын артқа сүйремей, керісінше қаншама ілім – ғылымды өз соңынан жүргізді. Яғни, жоғарыда Голощекин жолдастың және Халық Ағарту Комиссариаты Коллегиясының жиылысында қабылданған қаулылар араб тілі немесе графикасы халықтың сауатсыздығын тежейді деген мәселе дұрыс болып шықпады. Қазіргі таңда араб дүниесі қазақтарға тыйым салған осы әріппен – ақ дүниежүзілік өркениеттің жетістіктеріне қол жеткізіп отыр.
Қарастырып отырған кезеңде қазақ интеллигенциясы ғылым, білімге баса назар аударып, халықтың сауаттылығын көтеруге тырысып бақты. 1923 жылы алғаш рет «Сана» атты ғылыми комиссияның журналы жарық көреді. Оның жұмысына Қазақстанның белгілі ғалымдары, саяси және қоғам қайраткерлері А.Диваев, О.Жандосов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, М.Әуезов, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев және т.б. үлкен қызмет атқарды.
Қазақ зиялылары өздерінің қызметтерімен қатар үнемі ұлт мәселесін көтеруден талмады. Солардың бірі А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин бастауыш мектептерде қазақ тілі мен тарихын оқытуды талап етіп, бұл зиялылар қазақ тілінде жарық көрген кітаптардың авторы болды.
Ұлт мәселесі қай уақытта болсын күрделі шиеленіскен мәселелердің бірі. Кеңес өкіметі орнағаннан соңда бұл мәселелер әлі де болса шешімін таппай келді. Тарихтан белгілі жаңа билік орнасымен әртүрлі қаулы қаралар, үңдеулердің орын алуы жүріп жатты. Алайда ескіден қалыптасқан жүйе өзгере қоймады. Осы тұста қазақ зиялылары ұлт мәселесінде оқу ағарту, тіл, сауаттылық мәселелеріне көп көңіл бөлді. Республиканың тіпті Одақ көлеміндегі сьездер мен конференцияларда осы мәселелер көлемінде пікірлер айтып, айтыстарға түсіп, өздерінің идеясын қорғау үшін жан аямай күрестерін жүргізді.
С.Қожанов «Оқытушыларды ескеру керек» деген мақаласында бұрын түпкілікті қарастырған мәселелерін қайта қарап, оның ішінде мұғалімдердің қадірін түсінуге шақырды. Ол үшін мұғалімдердің айлық ақысын өсіру керектігін, беделін көтеретін шараларды іздеу керектігін айтады.
«Оқу жұмыстары жұртшылықтың туы, жұртшылыққа құрал болуға тиіс», «Орнықты шын жұртшылық ағарту арқылы ғана табылады». «Қазақ – қырғыздың ұлт мектебін жасауға кірісіңдер», «Даярлау бөлімдері керек» деген мақалалары оның ағартушылық көзқарасының әр қырының көрінісін сипаттайды. Өзі төраға ретінде қол қойған Түркістан орталық атқару комитетінің жарнамасында С.Қожанов былай дейді: «Кейінгі жас өспірімдердің білім алып, көгеруі – жалпы әлеумет борышы. Жалпы еңбекшіл әлеумет болып, жастарды тәрбиелеп, ғылыммен азықтандыру жолына жәрдемген кіріссеңіздер!... Халық ағарту айының көздеген мақсаты: ашылған мектептерді қаражат жағынан жәрдем беріп, мұңсыздандыру болады.
Диқандар, жұмыскерлер, оқығандар қосылар! Бәріңіз де жергілікті хүкімет адамдарына халық ағарту айында қосылып күш көрсетіп, халық ағарту жолына жәрдем етіп, жергілікті халыққа көсемдік етіңіздер!» деген сөздерінен оның халық ағарту ісінің жанашыры екендігін байқауымызға болады.
Белгілі қазақ интеллигенциясының бірі А.Бірімжановтың есімімен өлкеде құқықтық білім берудің басталуына байланысты. Бұл кезде Қазақстанда маманданған кадрлар тапшы болды. Өлкеде білім беру курстарына дайындық 1923 жылдың наурыз айында басталып кеткен болатын. А.Бірімжановтың басшылығымен және С.Қадырбаев, Г.Бахаева мүшесімен арнайы комиссия құрылды. Комиссияның міндетіне курстың бағдарламасын, тыңдаушылардың саны мен шығын сметасы енді. Әдеттегідей курсты ұйымдастырушылар проблемаларға кезікті. Ол алдымен аталмыш курсты оқытатын маман кадрлардың және оқу құрал мен өткізу орталықтарының жетіспеушілігі еді. Бұған қарамастан сабақ 1923 жылы мамыр айында басталып та кетті. Сонымен қатар құқық курстарына тыңдаушыларға бірнеші талаптар қойылды [5]. Солардың бірі, ана тілі мен қатар орыс тілінде өз ойын еркін айтып, қағаз бетіне түсіре алатындай деңгейде болу тәрізді шарттар қойылды.
С.Сейфуллин республиканың ХКК төрағасы қызметін атқарып жүрген қызметінде Қазақстанның білімі мен мәдениетінің дамуына көп еңбек сіңірді. Соның бірі, ағарту ісінің әрі қарай дамуында 1924 жылы 12 - 18 маусым айларында Орынборда өткен республиканың халық ағарту жұмысшыларының Бірінші съезіне сәйкес қаулы қабылдады. Белгілі ғалым –лингвист А.Байтұрсынов съезде қазақ алфавитінен өзге, мектепке арналған оқулықтар туралы мәселе көтерсе, О.Жандосов Қазақстанның жоғары оқу орындары мен орта деңгейлі білім ошақтарына бұрынғы Алаш қозғалысының қайраткерлерін жұмысқа шақыру туралы ұсыныс тастады [6].
Ғылыми ұйымдар, ғылыми – зерттеу жұмыстарына және ағарту ісінде ҚССР Академиялық орталығы мен қазақ өлкесін зерттейтің тарихи-этнографиялық қоғам үлкен роль атқарды. 1922 жылы 6 желтоқсан айында С.Сейфуллин ХКК төрағасы қызметіне тұрғаннан соң «Положение о научных обществах и научно-вспомагательных учреждениях при них» атты құжатқа қол қойды.
Отаршыл коммунистер Сәкен Сейфуллин сияқты шыққан тегі кедей әрі жан-жақты қабілетті ұлттық кадрларды Коммунистік партияның даңғыл жолынан ауытқушылар деп айыптап республика басшылығынан тайдыруды мақсат тұтты. Тіпті Сәкен Сейфуллин Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалығынан кетсе де бірталай адамдар “сейфуллиншілер” деп қуғынға ұшыратылды. Сәкеннің өз басына тән ерекше мінездері немесе оның шығармаларында қателік деп табылған міндер “сейфуллиншілдер” жігінің мүшесі делінген адамдарға жөн - жосықсыз жапсырыла берді. Мысалы, 1922 жылы Сәкен Сейфуллин жазған Азия-Европа өлеңін негізге алып, “сейфуллиншілдер” Азияны Еуропаға қарсы қояды, Сәкен Сейфуллиннің Ахмет Байтұрсыновтың 50-жылдық мерейтойына (1923 жылы) арнап жазған мақаласын меңзеп “сейфуллиншілдер” алашордашылармен ымыраласуға дейін барды деген айыптар тағылды. Нәзір Төреқұлұлы, Ғаббас Тоғжанов, Хамза Жүсіпбеков, Ілияс Қабылов, Асқар Лекеров, Жақан Сыздықов, Ғ. Жәнібекұлы т.б. қаламгерлер “сейфуллиншілдер” жігі туралы дау-дамай өршітті. 1932 жылдың 26-29 ақпанында болып өткен КазАПП-тың бірінші съезі қазақ қаламгерлерінің сан немесе сапалық жағынан өсіп-өркендеуіне айтарлықтай әсерін тигізе алмады. Мұстафа Қайыпназаровтың баяндамасында және съездің шешімінде Мәскеуде атылып кеткен Жүсіпбек Аймауытов, қамауда отырған Мұхтар Әуезов пен Қошке Кемеңгеров, Смағұл Сәдуақасов пен Әмина Мәметова сынды жазушылар идеологиялық дұшпан ретінде табаланды. БК(б)П Қазақ өлкекомы басшыларының бірі М.Кахиани съезде сөйлеген сөзінде барлық қазақ жазушыларының ішінен жалғыз Сәкен Сейфуллинді таңдап алып, оны саяси тұрғыдан тұқырту әрекетін жасады. Ол Сәкен Сейфуллиннің ең жақсы шығармасы – “Көкшетау” поэмасы ескілікті жырлауға арналған, ежелгі қазақ ауылының тұрмысын мақтайды, “ескі дәуренге қайта оралыңдар деп үгіт таратады” деп сөкті. Ф.И.Голощекиннің пікірін қайталап, Қажымұқан балуанның жас ұрпаққа үлгі етілуі автор ойының таяздығын, мүсәпірлігін көрсетеді деп, Сәкен Сейфуллиннің “солшылдық мінезіне қарсы аяусыз қатал күрес ашу керек” деп шақырды. Мұндай жөнсіз айыптаулар қаламгерлер қатарының өсуіне кедергі болды, коммунистік басшылықтың әдебиетшілерге саяси қысымының күшейе түскенін көрсетті. Сондай – ақ, Алаш идеологиясының мирасқоры, жас талант С. Сәдуақасов 1925 – 1926 жж. Республиканың «Еңбекші қазақ» атты газетінде редактор, кейіннен Қазақ АКСР – нің оқу – ағарту комиссары қызметін атқарып, қазақ өлкесінің халық ағартуында өзіндік үлес қосуымен ерекшеленді. Республикадағы ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруда С.Сейфуллинмен қатар қазақ интеллигенциясының өзге де өкілдері ат салысты. [7].
Қазақ кеңестік зиялылары халық ағартуда бар күш-жігерін жұмсағанымен, Қазақстанның сол кездегі білім беру жүйесі тоталитарлық қоғам жағдайында дамып, әлеуметтік-саяси ықпалдан шыға алмады. Қазақстанның білім беру жүйесінің қалыптасуы “жаңа адамдарды” тәрбиелейтін маркстік тұжырымдамамен байланысты, жаңа социалистік қоғамға қажетті кеңестік қоғамның қалыптасуы жағдайында жүрді.
Әдебиеттер
М.Қойгелдиев Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХҮІІІ – ХХ – ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: «Жалын баспасы», 2004. – 400 б. бб.
Бейсембиев К. Победа марксистко – ленинской идеологии в Казахстане. – Алматы: Казахстан, 1970. – 384 с.
Устинов В.М. Служение народу. – Алма-Ата: «Казахстан» 1984. - 231 с.
Брайнин С., Шафиро Ш. К вопросу о роли казахской национальной интеллигенции в 1917 году // Большевик Казахстана. – 1933. - №4(28) – С. 75-77.
Устинов В.М. Зампред совнаркома Российской Федерации. – Алма-Ата: Казахстан, 1988. – 152 б.
Елеуов Т. Установление и упрочнение Советской власти в Казахстане. – Алматы: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1961. – 528 б. (328)
Кенжин А. К исторической оценке деятельности «Алаш-Орды» - «Степная правда». - 1922, 14 ноября (№247).
ӘОЖ: 297(574)
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ
Абдурахманов Н.А., Мырзахметова Ж.Т.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты,
Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной научной статье рассматриваются эпос батыров как историко-этнографический источник
Summary
This article discusses the scientific epic warriors as a historical and ethnographic source
Батыс пен Шығыстың тоғысқан жерінде өзіне тән, ерекше мәдениетін қалыптастырған, Далалық өркениеттің негізін салған қазақ халқы тату-тәтті өмір кешуде. Бұл елдің тарихын сарғайған сары парақтардан кездестіруге болғанмен, нағыз өзінің немесе өзі жазған төл тарихын қағаздан табу қиынға соғары анық. Ал оның тарихын оқи алу үшін жазу-сызуды білу, тілді білу, ғылымды білу жеткіліксіз, ол үшін қазақтың сырлы руханиятын білмек керек.
«Оқу мен жазудың жоқтығынан жазылған шежіре болмаған. Естігенін ұмытпайтұғын құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан ауыз алып айтуымен үлгі-өсиет қалдырған», - деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтқандай, фольклорлық мұраларымыздың бүгінгі күнге дейін жетуінің себебін ғана емес сонымен қоса осы жолдар арқылы ата-бабамызға мінездеме береді. [1]
Атақты тарихшы Е.Бекмаханов: «Фольклорлық материалдың маңыздылығы сонда, ол тарихи оқиғалар мен жеке адамдарға дәл және көбінесе дұрыс бағасын береді, себебі тарихты жасаушы және суреттеліп отырған оқиғалардың тікелей қатысушысы халықтың өзі болып табылады.» [2] – десе, Е.Бекмахановтың ойын белгілі фольклортанушы О.Нұрмағамбетова жалғастыра отырып: «В его фольклорном репертуаре наряду с песнями, сказками, пословицами и поговорками имеется много традиционных эпических произведений, отражающих жизнь и историю казахского народа с древних времен до наших дней.» [3] – дейді. Алаштың бір туар азаматы Ә.Бөкейханов: «Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс тілінде история культуры дейді) пайдаланғаны – жұрттың болмыс-салты, рухани мәдениетінің дәрежесі. Бұлардың бәрі сол жұрттың сол заманғы тіккен үйінен, киген киімінен, ұстаған аспаптарынан; сөздерінен білінеді. – Анық тарих – осы екіншісі. Бұған жем нәрселер (материал) жақсы, шын ақындар шығарған, бұзылмаған жырларда болады.»Сонымен осы фольклордың маңыздылығына келген уақытта ғалымдарымыздың ойы бір жерден шығып отыр. Халықтың тұрмыс болмысын, рухани мәдениетін көрсеткен тарих қана анық тарих екеніне бізде толығымен қосыламыз. Ал ондай тарихты біздер қайдан оқи аламыз? Міндетті түрде жырлардан, шежірелерден, мақал-мәтелдерден, аңыз-әңгімелерден, тіпті әжеміздің қызықтыра айтқан ертегісінен, анамыздың ыңылдап айтқан бесік жырынан да ести аламыз. Себебі сол жыр я аңыз-әңгіме т.б. өзінің пайда болған уақытының көңіл-күйін білдіреді. Әрине фольклорда таңғажайып эпизоттар да өте көп кездеседі. Ол айтушының әңгімелеп отырған ертегі, аңыз, әңгімесінің, немесе жыршының жырлаған жырын әрлендіріп, көркемдейтін, тыңдаушысын қызықтыру үшін міндетті түрде қосылатын алынбас элементтер. Сондықтан осы жерде кәсіби тарихшылардың рөлі артады. Бұл жайында А.Байтұрсынов: «Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын, сымға тартқандай, сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді.» - дейді. Фольклорды зерттегенде де тарихшылардың соның ішінде әсіресе деректанушылардың еңбегі зор болмақ. Себебі, деректанушылар дерекке салынған артық жерлерін ашыратып, сынға салып, тек шындыққа жақын мәліметтерді алады [4].
Е.Бекмаханов қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы ретінде фольклорлық деректермен жұмыс істейтін келешек зерттеушілердің нақты міндеттерін де көрсетіп берді. Ол: «Зерттеушінің аса маңызды міндеті; шындықты қиялдан ажыратып қана қоймай, сонымен бірге фольклорлық материалдарда хабарланатын фактілерді мүмкіндігі болғанша тексеру, оларды архивтік және әдебиеттік деректермен салыстыру. Жекеленген өлеңдердің әр түрлі нұсқаларын салыстырып, олардың о бастағы тексін табу да сондайлық қажет», — дейді. Ғалымның бұдан жарты ғасыр бұрын айтқан бұл ұсынысының бүгінгі күнде актуальдылығы әлденеше есе артып отыр. Қазақтардың тәуелсіздік алуына байланысты өз тарихына, оның қайнар көздеріне деген қызығушылығының артуы, фольклорлық материалдармен жұмыс істей білу қажеттігін де арттырып отыр.
Е.Бекмахановтың деректану саласында айтқан пікірлерінің бірі — әр түрлі фольклорлық деректердің шынайылық дәрежесінің де әр түрлі деңгейде болып келетіндігі және бұл факторды да зерттеушілердің ескеруінің қажеттілігі. Ол: «Ақырында, фольклор материалды бағалағанда, оның өзіне тән сипатын ескеру керек. Мәселен, айталық, өлең мен поэманың суреттейтін оқиғасының дұрыстығының дәрежесі көтерілісті көзімен көрген және оған қатысқан адамдардың аузынан жазылған әңгімелердің дұрыстығы дәрежесінен төмен болады, ал мұндай әңгімелерді түп қазық деректер болып табылатын мемуарлық материал ретінде күмәнданбай қарау ләзім», — деп , маңызды деректанулық тұжырым жасайды.Е.Бекмаханов фольклорлық деректердің тағы бір ерекшелігі туралы: «Мына жәйтті де ескеру керек: өзге таптың өкілі болып табылатын жырау ез табының мүддесі үшін көбінесе жырдың түп негізін өңдеп жіберіп отырған, Феодал басшы тобының тапсырмасымен арнайы түрде өз бетінше жырланған толып жатқан фольклорлық өлеңдерді кездестіретініміз осыдан» , — деп , заман талабына сай таптық тұрғыдан қарағанымен, деректану ғылымының аса бір күрделі мәселесін қозғаған [5].
Олай дейтініміз, мұндай түп негіздің саналы өзгертілуі — жалпы деректерде, әсіресе ауыз әдебиетінде жиі кездесетін, дерек мазмұнына әсер ететін субъективті факторлардың бірі. Деректі ауызша жеткізушінің не көшіріп жазушының өз табының, не өзі бағынышты ортаның мүддесіне сай түпнұсқаны бұрмалауы барлық халықтарда да кездеседі. Мысалы, мұндай жағдай орыс халқының тарихында жылнамаларға байланьісты көп ұшырасады, Жылнамалар, негізінен, не шіркеулерде не сарайларда жасалғандықтан, не қайта көшірілгендіктен жылнамашылар шіркеуді не сарай иесін өз туындыларында дәріптеп отырған, Бұл жағдайды ондаған орыс деректанушы ғалымдары өз еңбектерінде арнайы зерттеу объектісі ретінде қараған. Дәл осы фактор, дәлірек айтсақ «Игорь жорығы туралы жырдың» түпнұсқасының өрескел бұрмалануы дүниеге аты әлемге тараған, «АзиЯны» әкелді.
Қазақ халқының анық тарихынан мәліметтер беретін, оның ішінде этнологиялық құнды деректер алуға болатын кен қазынамыз – фольклор. Филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы ғалым С. Қасқабасов бұл мәселеге байланысты ойын тыңдасақ: «Фольклор адам тіршілігімен тікелей байланысты, оның болмысының бір бөлшегі. Сондықтан ол адам өмірінің барлық жағын бейнелейді, шаруашылығынан, тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан толық мәлімет береді... халық тарихындағы маңызды оқиғаларды қамтып, солардың негізінде жаңа шығармалар туындап, тарихи қайраткерлер жайында әңгімелейді... Фольклор халықтың өзінің тарихқа қатысын, көзқарасын танытады, маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым-қатынасын көрсетеді» - дейді.
Халықтың жадында сақталып, атадан балаға ауыздан-ауызға беріліп келген басты мұраларымыздың бірі – батырлар жыры. Батырлар жырын филологиялық тұрғыдан зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Бірақ әлі күнге дейін Қазақстан тарих ғылымы тұрғысынан өз орнын алған жоқ. Оның себептеріде белгілі. Бірақ бүгінгі таңда батырларымызды дәріптейтін, жоғымызды түгендейтін уақыт жетті [6].
А.Байтұрсынов: «Батырлар әңгімесінің құны қандай деген мәселеге келсек, мұнда айту тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда халық тән есебінде болғанда, батырлар жан есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы әңгіме – халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме; халықтың батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған. Ертек жырдағы батырлар сипатына қарасақ, ол жырлар халықтың рухы нағыз көтерілген шағында шыққанын байқаймыз» [7]. Яғни халықтың ішкі тарихын, рухын, мәдениетін тану үшін батырлар жырына баса көңіл аударуымыз қажет.
Фольклордың Қазақстан тарихының дерегі ретіндегі маңызын, зерттеуші қазақ халқының XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жазба әдебиетінің болмағандығымен, сондықтан тарихи ірі оқиғалардың ауызша тарих айту дәстүрі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырғандығымен түсіндіреді. Ауыз әдебиетінің маңыздылығын ол: «... тарихи оқиғалар мен жеке адамдарға дәл және көбінесе дұрыс бағасын береді, себебі тарихты жасаушы және суреттеліп отырған оқиғалардың тікелей қатысушысы халықтың өзі болып табылады», — деп, фольклордың халықтық табиғатымен дәлелдейді. Өмір халық тарихына сай келмейтін нәрсені халықтың қабылдап, өз жырына айналдырмайтындығын, оған халықты ешқандай күш зорлап көндіре алмайтындығын талай рет көрсетіп берді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда қандайда бір эпостық жырлар болсын әлі де қазақ тарихының негізгі дерек көзі ретінде толығымен өз орнын алған жоқ. Фольклор халқымыздың этнологиялық дерек ретінде де құндылығы зор. Сондықтан да тарихшылар алдында ғылыми тұрғыдан фольклордың қазақ халқының бірінші кезекте тұратын тарихи дерек көзі ретінде алға шығарып, маңыздылығын арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |