«Асық ату» ойыны.
Асықпен ойнамайтын бала жоқ. Бұлда біздің халқымызға тән ойын түрлерінің бірі, ерекшелігі қай асықты атып алса, сондай номерлі кеспе қағаздағы есепті шығарады. Атып алмаса орнына отырады.
Есептер:
Кеменің тынық судағы жылдамдығ 23,7 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы 12км/сағ.Кеменің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығы қандай?
4,27+11,21=
«Қыз қуу» ойыны.
Бір ұл бір қыз тақтаға есеп шығарып жарысады. Кім бұрын дұрыс шығарса сол жеңеді.
Тақтаға плакат ілінеді. Плакатта аттылы қыз бен жігіт бейнеленген,олардың жүретін жолдарында есептер жасырынған сол есептерді шешіп кім бірінші белгіленген жерге есептерді дұрыс және жылдам шығарып жетсе сол жеңімпаз атанады.
Есептер:
6.3+2.5+0.7=
4.5-2.1=
50.5*0.9=
5.81*1.5=
«Аламан бәйге» ойыны
Бұл ойынды өзіндік жұмысқа қолдануға болады. Сондай-ақ әрбір оқушының мүмкіндігіне қарай кеспе қағаздар даярлауға болады. Бұл ойынға сыныптағы барлық оқушы қатысады. Әр қатарға қос беттер беріледі де бірдей уақытта математикалық теориялар мен анықтамаларды жазып жарысады. Әр оқушы қанша теория немесе анықтама жазсада өзі біледі. Әр оқушы өзінің нешінші болып жазғанын санымен (1,2,3) белгілеп отырады. Ең соңғы оқушы жүргізушіге әкеліп береді. Ойынға есеп қиындығына қарай 3,5,7 минут беріледі. Қай қатардың дұрыс көп білетіндігі соңынан қорытындыланады. Жаппай сыныпқа арналған ойын.
Есептер:
Астанадан 85,3 км/сағ жылдамдықпен бір поезд шықты. Сол уақытта оған қарсы бағытта Көкшетаудан 76,8 км/сағ жылдамдықпен екінші поезд шықты. Олардың ара-қашықтығы бір сағатта қаншаға кемиді?
«Білек күші» ойыны.
«Білікті бірді,білімді мыңды жығады»-демекші екі оқушыны есеп шығартып жарыстыру. Бұл ойында білімнің маңызды екені,білек күші біздің біліміміз деп оларды оқуға шақыру, қазақтың сандарға байланысты мақал-мәтелдерінен жарыстырып, математикамен әдебиет сабақтарын өзара байланыстыра отырып тіл байлығын дамытуға, сөз қоржынын кеңейтуге тәрбиелейді.
Есеп:
4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді .Ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді?
«Орамал тастау» ойыны
Сұрақ жазылған орамал конвертті ойын бастаушы кез-келген бір оқушыға береді, ол математикаға қатысты бір сөздің бірінші буынын айтып, (тео-) екінші оқушыға береді. Ол екінші буынды (ре-)айтып сол оқушы конверттегі сұраққа жауап береді. Ойын осылай жалғаса береді. Сұрақтарға дұрыс, белсенді қатысқан оқушыларға баға қоюға болады. Ойын 10 минуттан аспауы керек. Математикалық термин сөздерді есте сақтауға,математикалық тіл байлығын дамытуға, сергіту сәтінде, өйткені сабақтарды еске түсіру барысында ойнатуға болады.
Есеп:
Қорада тауықтар және қояндар бар.Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ, болса қорада неше қоян,неше тауық бар?
«Ханталапай» ойыны.
Бір топ оқушыларды тақтаға шығарып асықтарды жерге бір оқушы лақтырады. Жердегі асықты кім көбірек жинаса және көп есепті дұрыс шығарса сол оқушы хан атанады. Басқа оқушыларды шығарған есебіне қарай бағалайды.
Есептер:
1.1,9*3.5=
0.2*8.5=
2.5*0.9=
1.7*0.3=
«Теңге ілу» ойыны.
Оқушылар бір-бір есептен дайындап отырады. Екі оқушы шығып есеп алады да қолма-қол шығарады. Ойын 5 минутқа арналған. Оқушы жауптарына баға қойылады. Әр оқушы ойынға қатысушы.
Есептер:
17.4*5.2=
5.81*1.5=
1.42*0.3=
2.6*0.24=
«Бинго» ойыны
Бинго ойыны бірнеше кезеңнен тұрады.
1.Кезең. «Бинго» билеттерін сату. Өтілген сабақ бойынша білуге міндетті сұрақтар тізбесімен барлық тақырыптар бойынша тірек –конспект жасап қоямыз. «Бинго» билеттерін сату кезеңінде осы сұрақтармен тірек-конспектінің тапсырмаларын пайдаланамын.Билетті сату кезеңі алдын-ала оқушыларға ескертіледі. «Бинго» билетін алу үшін әр оқушы екі сұрақпен бір тақырыпқа жауап беруі керек. Билетті сату кезеңі сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Билетті сату кезеңі бірнеше күнге созылуы мүмкін. Әр оқушыға бір билет сатып алу міндеттеледі. Сондықтан сынып оқушылары «Бинго» билетін алу үшін теориялық сұрақтарға мұқият дайындалып, сұраққа жауап бере отырып «Бинго» билетін сатып алады.
2-Кезең. «Бинго» билеттерінің сандарын жазу кезеңі.
Мұнда әр оқушы өздеріне берілген билеттер бойынша,есептерді шығарып, жауаптарын «Бинго» билеттеріндегі көрсетілген тор көздерге жазады.
Үлгісі төмендегідей: «Бинго»
Тор көздердің арасына ақ қағаз салынады,бұл алмалы-салмалы,өйткені «Бинго» билеті келесі сабақтарға да пайдаланылады.
Әр серия есептері билетпен қоса таратылады.Карточка түрлерінің бір,екі үлгісін көрсетейік:
А001
|
Б002
|
1.Теңдеуді шешу.0,3х=6
|
1.0,7х=49
|
2.Дәреже түрінде жаз.
|
2.Дәреже түрінде жаз
|
3.Есептеу.
|
3.Есептеу
|
4.Дәрежелеу
|
4.Дәрежелеу
|
5.Есептеу
|
5.Есептеу
|
Оқушылар осындай есептерді шығара отырып өз жауаптарын «Бинго» билетіндегі ,ойық терезелерге жазады.Бұл билеттегі сандарды жазу кезеңі.
3-Кезең. «Бинго» кубиктері арқылы ойын сандарын жазу.
Жазылған жауаптар бойынша оқушылар өздері жазған ішінде барын қоршап қояды.Кім есепті дұрыс шығарса ол «Бинго» ойынының жеңімпазы болады.
Мұғалім бағалайды.
Ойын технологиялары- оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер. Дидақтикалық ойындардың түрлері: ойын-саяхаттар, ойын-тапсырмалар, ойын-болжамдар, ойын- жұмбақтар, ойын-әңгімелер, ойын-өлеңдер. Ойынды өткізу түрлері: жалпы, топтық, жекелей. Ойынның атқаратын қызметтері: коммуникативтік немесе қарым-қатынастық, ойын-сауық, диагностика (өзін-өзі тану), әлеуметтендіру, коррекциялық (өзін-өзі түзеу). Ойын арқылы іске асатын дағдылар: бірлесе оқу және жеке ерекшеліктерді мойындау, басқаның үлесін бақылау, басқалар алдындағы жауапкершілік, қалыптан тыс ойлар ,барлық ойыншы жеңімпаз, шешім қабылдау дағдысы, көзқарастарды бөлісу дағдысы, түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру, өзара тәуелділіктің өмірлік тәжірибесі, ұжымның құрылуы және сезімнің дамуы, өзінің бағасын көтеру, өзін-өзі және басқаларды сыйлау. Ойын элементтерін жүргізе отырып оқыту мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр:
Ойын технологиясын қолдану кезінде баланың тапсырманың жауабын өз бетінше табу дағдыларына ие болды. Дәстүрлі сабақтарға қарағанда ойын технологиясын қолдану арқылы жүргізілген сабақтар арқылы балалар сапалы және терең білімге жететінін анықтадым. Яғни ойынды ойната отырып , берілген тапсырмаларды орнату арқылы баланың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырдым, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырдым, сөздік қорларын молайтым.
Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиеледі. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапымнан жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болуына себебін тигізді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастық мәні неде екенін түсіне бастады.Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік. өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келді. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастады. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші балатабанды, жігерлі екендігін аңғартты. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдердің қалыптасуына да әсер етті. Мәселен, орман ішінде ойналган ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықтарын қалыптастырды.
Ойын баланың алдында өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттіке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін-осы ойын» [5].
Қорыты келгенде, «ойын» түрлерін пайдалану біріншіден, баланың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылды.
Әдебиеттер
«Физика және математика» журналы. №3. 2005ж.
«Физика және математика» журналы. №5. 2005ж.
«Информатика, физика, математика» журналы. 1992ж.
Т.Оспанов «Математика».
«Физика және математика» журналы. №2. 2003ж.
Қ. Үсенбаева «Жоғары математика курсы».
УДК 81/ 1-027.21
Виды Обстоятельства и их место в предложении
в туркменском языке
Бекчаев Ё.
ТГПУим.С Айни.,г. Душамбе, Республика Таджикстан
В синтаксисе тюрка – язычных языков в научно – исследовательских работах до 1950 года обстоятельства делились на пять групп: обстоятельство времени, обстоятельство причины, обстоятельство цели, обстоятельство образа и действия (наречия).
Последние годы обстоятельства делились на восемь видов, некоторые учёные считают, что они делятся на шесть видов.
В туркменском языке М. Хамзаев считает, что обстоятельства делятся на пять групп: обстоятельства времени, обстоятельства места, обстоятельства цели, обстоятельства причины и обстоятельства образа действия (наречные).
Мы рассматривали мнения об обстоятельстве тюркологии, собрали примеры из художественной литературы, из народного творчества, и, основываясь на эти примеры, пришли к выводу, что обстоятельства имеет шесть видов: обстоятельства времени, обстоятельства места, обстоятельства цели, обстоятельства причины, обстоятельства наречные, обстоятельства меры.
Все эти виды обстоятельства по значению отличаются друг от друга, но некоторые из них по месту нахождению в простом предложении одинаковые.
1.Место обстоятельства времени в простом предложении.
В работах о синтаксисе тюрка – язычных языков по расположению в
а) обстоятельства времени в предложении в зоне сказуемого:
б) расположение обстоятельства времени в зоне подлежащего.
Обстоятельство времени в предложении в зоне сказуемого
Как и в других тюрка – язычных языках, так и в туркменском языке, согласно правилам синтаксиса, в основном обстоятельство времени находится в зоне сказуемого или находится перед сказуемым.
Например: Вепа был лейтенантом в начале войны.
Спокойно спящая стада на рассвете двигалась.
Я подумаю до утра.
Лошадь наконец - успокоилась.
Яблоки пока не поспели.
Расположение обстоятельства времени в зоне подлежащего.
Как и в тюрка – язычных языках, так и в туркменском языке обстоятельство времени может находится не только в зоне сказуемого , но и в зоне подлежащего, т.е. употребляется в начале предложения.
Например: Сейчас в его голове нет мыслей кроме этого.
Тот день было мероприятие у уездного начальника.
Во время заката солнца Нурягды остановил машину перед домом своего отца.
В то время пришли Чары и Вепа лысый и четыре стрелка с пятью собаками.
Сегодня вечером Берды с Гылычом были у Сергея.
На приведённых предложениях место обстоятельства времени – это его настоящее синтаксическое место, а не изменение его обычного места.
2.Обстоятельство места и его место в предложении.
Обстоятельства места образуется от слов, от значения место. Они употребляются в предложении как в тюрка – язычных языках, так и в туркменском языке в двух видах: в зоне сказуемого и в зоне подлежащего (в начале предложения).
В предложении обстоятельство места может находиться перед зависимым членом, выраженным глаголом и являющимся сказуемым.
Например: Окно его дома смотрит на улицу.
Он поднял наверх свои сломанные очки.
Мавы бежал к дому.
Корни бывают под землёй
Аннагулы спал во дворе.
Бараны пригнались к сараю (начлегу).
3.Наречные (образа действия) обстоятельства и их место в предложении.
В тюрка – язычных языках в том числе и в туркменском языке употребляются наречные обстоятельства, наречия и наречные глаголы, а также слова, обозначающие звук и вид.
Они согласно правилам синтаксиса могут находится перед зависимым словом, показывая как и каким образом появляется действие у связанного глагола.
Например: Дверь соседнего дома открылась широкая.
Юсуп идёт тихо шагая.
Слышал персидское чтение.
На языке туркменской художественной литературы можно встретить обстоятельство места после наречных обстоятельств.
Например: Почему так резко встали с места?
Иванов с быстротой поднялся на небо
Азери мгновенно встал с места.
4.Обстоятельства причины и их места в предложении.
Обстоятельства причины, обозначают причину возможности возникновения действия. Обстоятельства причины могут находится в зоне сказуемого.
Например: Мы опоздали из-заотсутствия машин.
Сегодняшний хлопок не был принят из-за влажности.
Он из-за радости пробежал всё село.
Согласно правилам синтаксиса обстоятельства причины чаще всего могут находится после подлежащего, но они могут употребляться и в начале предложения в следующих положениях:
1.Когда места подлежащего или второстепенных членов предложений меняются со стилистической целью.
Например: Я получил выговор по причине Ашыра.
Из-за тебя остался с работы.
2.При отсутствии подлежащего в предложении .
Например: Из- за тебя переехал в город.
5.Обстоятельства цели и его места в предложении.
Обстоятельства цели указывают на цели действия. Обстоятельства цели семантически отличается от обстоятельств причины, но месту расположений в предложении они одинаковые.
Говоря, по-другому обстоятельство цели чаще употребляется перед сказуемым.
Например: Дядя Мерген пришёл чтобы поженить сына.
Пришли около пятидесяти человек, чтобы проводить его.
6.Обстоятельства меры и его место в предложении.
В туркменском языке обстоятельство меры до настоящего времени употреблялось вместе с наречными обстоятельствами. Но как в тюрка – язычных языках, так и в туркменском языке этот вид обстоятельства, согласно требованиям, исследовался бы по отдельности.
Обстоятельства меры образуется от числительных и от слов, показывающих единиц меры.
По правилам семантики они находятся перед связанным членом предложения.
Например: Производительность труда увеличилась на 7 процентов, вместо 4 процента.
От ночных сплошных облаков не осталось ничего.
Внезапно дорога делилась на три.
Учащиеся сели на машины по двадцати, по двадцати пяти.
Вообще, место расположение в предложений обстоятельства и дополнения, связанных с одним членом, можно показать следующим образом:
1.Подлежащее, дополнение, обстоятельство, сказуемое.
2.Обстоятельство, дополнение, сказуемое.
3.Обстоятельство, подлежащее, дополнение, сказуемое.
4.Обстоятельство, подлежащее, дополнение, сказуемое.
В конце можно сделать вывод:
Одним из основных задач синтаксиса является порядок расположения слов в предложении как в других группах языков. Эта проблема из давних времен привлекала внимание ученых тюрка – язычных языков.
Все члены предложения: главные члены предложения (предикативный центр) и второстепенные члены предложения располагаются в предложении согласно по конкретным правилам.
Обстоятельства согласно правилам синтаксиса находятся в предложениях без инверсии в зоне сказуемого.
Обстоятельства времени и места, находясь в зоне сказуемого, они могут находиться и в зоне подлежащего, т.е. могут употребляться в начале предложения.
Обстоятельства времени и места могут находиться не только в зоне сказуемого или в зоне подлежащего, но они могут употребляться в конце предложения.
Литературы
Ачылова Г. Хазирки туркмен дилинде айыргычлы сѳз дүзүмлери. Ашхабад. 1951г.
Абдурахманов Г.А. Исследования по старотюркскому синтаксису. Москва, 1967 г. – 235 с
Аннануров А. Вопросы синтаксиса в плане перевода с русского на туркменский язык. Ашхабад. 1956 г.
Баскаков Н.А. Тюркские языки. Москва. 1960 г.
Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. Москва. 1962г.
Иманов А. Порядок слов а постом предложении в киргизском языке. Канд. Дисс. Автореф. Фрунзе. 1965 г.
Поцелуевский А.П. Основы синтаксиса туркменского литературного языка. Ашхабад. 1943г.
Художественная литература
Совет Эдебияты. № 2, 1969 г.
Гурбансахедов Г. Кырк тенге. Стр 17.
Сарыханов Н. Сайланан эсерлер. Стр 172.
«Эдебият ве Сунгат» 18.ХI. 1970 г.
А. Говшудов. Сайланан эсерлер. Стр 50.
ӘОЖ 821.512.122-1
АХМЕТБЕК БАЙСАЛБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ САРЫНЫ
Баймыш Л.Қ.
М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты
Резюме
В этой статье рассматриваются независимые идеи художественных особенностей в творчестве поэзии талантливых акынов Центрального Казахстана Ахметбек Байсалбайұлы
Summary
In this paper, the beautiful feature of the poetry composed by Ahmetbek Baisalbaiyly ule is in sight. Ant for independent peace, they rendered the contribution. Moreover, independent thought is mainly their poetry
Орталық Қазақстан өңіріндегі азаттық идеясының жаршысы болған ақынның бірі – Ахметбек Байсалбайұлы. Ол 1878 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы бұрынғы Қызылқайың шоғы (қазіргі «Березняки» аулы деп аталады) деген жерде дүниеге келген. Билікке араласқан, әрі әнші, әрі күйші, әрі ақын болған жан. Әлеуметтік теңсіздікке риза болмай, бүкіл шығармашылығын халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға арнаған жан. Ақын 1937 жылы «халық жауы» атанып, атылып кеткен соң, оның шығармалары мен есімін атауға тыйым салынды. 1966 жылы Ахметбек ақын ақталды. Өкінішке қарай, ақынның көптеген шығармалары ел аузында ғана өмір сүрді, баспа бетін көрмеді. Ақын шығармашылығына орнатылған ескерткіш деп 2008 жылы жарыққа шыққан кітапты атауға болады [1].
Ахметбек ақын шығармашылығын қазақ жеріндегі тәуелсіздік идеясынан бөліп алып қарауға болмайды. Ақынның «Тарих тараулары» ел арасына кеңінен тарап, жоғарыдағы кітапқа енген өлеңінде төмендегідей жолдар бар.
Мың жеті жүз отыз бір санасында,
Біз кірдік Россияның панасына.
Байлығымыз, достығымыз көрінген соң,
Қызықпас кім қазақтың даласына?
Жыл қыста, мың сегіз жүз алпыс сегіз
Қазыналық деді жердің Һәммасын да.
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз,
Кәпірдің кетті бәрі пайдасында.
Қадірмен, халық билеген ақсақалдар,
Бұл іске Һакім назар саласың ба? [1, 24 б.].
Ақын шығармасының құндылық қасиеті оның отарлау саясатының бетпердесін ашып, шыңғырған шындықты жырлауынан байқалады. Бұқар жырау мен бертіндегі Шортанбай жырларынан қуат алған Ахметбек Байсалбайұлы солар сезіп, болжаған дүрбелең заманмен бетпе-бет келді, соның аясында ғұмыр кешті. Замана келбетін, уақыт тынысын, қоғам келбетін суреттеп қана қоймай, аяусыз әшкерелеген ақынның ұлттық көркемдік ойлау жүйесін қаншалықты дәрежеге көтергені ғана емес, сонымен қатар, адам мен қоғам, адам мен билік арақатынасына өз түсінік-түйсігімен баға бергенін де байқаймыз.
Патшаның отарлау саясатына қарсы шығып, қаламын қару еткен Ахметбек ақында балғын балалық шақ, жастық дәурен қызықтарына арналған өлеңдер аз. Жастықтың қызықты да қызулы жағынан гөрі, сол тұстағы әлеуметтік теңсіздікке көбірек көңіл бөлгені байқалады. Дегенмен, ара-тұра сұлулық әлеміне қалам тартқанын да көреміз. Бұл ойымызға ақынның «Не сұлу» деген өлеңі мысал бола алады.
Не сұлу бұл өмірде, сәулем сұлу,
Жастықта ойын-сауық, дәурен сұлу.
Қасіретсіз жел көтеріп, қаңбақша ұшқан,
Нәрсе жоқ шырқап салған әннен сұлу.
Сұлудың қара қасы тартқан қалам,
Жіңішке белі нәзік талдан сұлу.
Ұятсыз, арсылдаған ит емес пе,
Бар ма екен әдемілік ардан сұлу?[1, 28 б.].
Беймезгіл заманда ғұмыр кешіп, ел-жұртының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақын өмір жайлы, өмір құбылыстары жайлы көп толғанады. Адам өмірінің түрлі кезеңдері, адам өмірінің мән-маңызы, мазмұны жайлы толғаныстары жыраулар поэзиясындағы дидактикалық сарыны басым толғау жанрын еске түсіреді. Зерттеуші пікіріне ден қойсақ, «Ойшыл шайыр философиялық пікірлер айту дәрежесіне еркін көтерілді. Ол дүниеде өзгермейтін ештеме жоқтығына яғни кәдімгі диалектика заңына, сан мен санаға, жеке мен жалпыға, мазмұн мен пішінге өз шығармаларында көңіл бөліп отырды» [1, 28 б.].
Ахметбек ақын Байсалбайұлы – 1917 жылғы ақпан төңкерісін қуана қарсы алғандардың бірі. Ол қазақ елі отаршылдықтан құтылды, енді өз тізгіні өзіне тиіп, өз алдына дербес ел болады деген пікірді ұстанды, сол ойына құлай сенді. Ақынның ел арасынан жиналған әңгімелеріне қарағанда, оның Алаш арыстарымен пікірлес, ниеттес болғанын көруге болады. Қазан төңкерісі жеңіске жетіп, кеңестік билік өмірге келген сәтте де ақынның болашаққа үлкен үмітпен қарап, сенімін жоғалтпағанын көруге болады. Алайда азамат соғысы, жиырмасыншы жылдардың, отызыншы жылдардың басындағы қолдан ұйымдастырылған аштық, шаруашылық саласындағы оралымсыздықтар, өктемдік, әкімшілік-әміршілік жүйенің өз дегеніне жету үшін, ештеңеден тайынбайтын жанкешті әрекеттері ақынды тығырыққа тірегені, жігерін құм қылғаны байқалады.
«Ғұлама ақын 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты, бассыздықты ашу-ызамен өлтіре сынап, сол үшін жан азабын шегіп, көпке дейін ар азабынан арыла алмаған «Аштық азабы» деген өлеңінде ізгі ниетті адамдар қуғын-сүргінге түсіп, олардың орнына алаяқ қулар, пайдакүнемдер, берекесіз сұмдар келгенін көпшілік алдына жайып салды:
Ата сөзі балаға мирас екен,
Айтылған соң бір болмай қалмас екен.
Аштан өлген кісінің моласы жоқ,
Деуші еді, осы мақал рас екен.
Моласы қайдан болсын, көмген жан жоқ,
Ауырып, өз үйінде өлген жан жоқ.
Ауырды деп аузына сусын беріп,
Таза арулап қолынан көмген жан жоқ.
Қаңғырған қазалының қайда өлгенін,
Көмбек түгіл көзімен көрген жан жоқ.
Жалғыз-жарым кісі емес, шамаң келер,
Халық тұр ма қасында көмек берер?
Өлген де аш, өлуге таянған да аш,
Қош, бауырым, дер-дағы жүре берер.
Қарайып қала берер орынында,
Киімшең тірі күнгі порымында,
Боранда тау паналап, ығып келіп,
Өлген малдай жартастың қорымында.
Соның бәрін көзіменен көрген қарт біз,
Қара табан, қанды жол жорығында [51, 33-34 б.].
Ақын өлеңіндегі осы жолдардың өзінен-ақ шыңғырған, қаны сорғалаған шындықты байқау қиын емес. «Адамзат баласы яғни кеңес халқы коммунизмде өмір сүреді» деген сандырақ кешегі социалистік қоғамда салтанат құрғанын еске алсақ, ақын шығармалары бүгінгі күн биігінен сол тұстағы қоғамдық-әлеуметтік, идеологиялық жайттарға үңілуге мол мүмкіндік туғызғанын баса айтқан орынды. Кеңестік дәуірдегі ащы шындық бертінде ғана айтылып жатса, Ахметбек ақын сол кездің өзінде-ақ тайсалмай жырлаған, отты жырларына арқау еткен. Зар заман ақындарын алдын ала болжаған заманы Ахметбек шығармашылында реалистік сипатқа ие болып, кеңес өкіметінің солақай саясатын батыл әшкерелейді. Шолақ белсенділердің тәргілеу кезіндегі жасаған зұлымдықтары, олардың халықтың бар сенгені – қолындағы барын тартып алған заңсыз әрекеттері ақын назарынан тыс қалмайды.
Деген екен тағы бір заман келер,
Ол күн туса басыңа жаман келер.
Өз дәулетің өзіңе шаян болып,
Меншікті мүлкің қалмас шамаң келер.
Ғылымсыз, нақ еңбексіз дүние тапқан,
Ақыр байдың аяғы аштан өлер.
Сол заман бай басына келген жоқ па?
Мұны да жұрттың көзі көрген жоқ па?
Қызық деген дәулеттің қылмыс болып,
Қылғанын қылға теріп тізген жоқ па?
Кейін жаннан бездіріп тіршілікте,
Малынан айрылған жан мүлкін тығып,
Көмгенін көрген жандар талап кетті.
Балыққа жем, бақаның тойы болып,
Тентіреп, ақырында тарап кетті [1, 33-34 б.].
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары басындағы кеңестік билік әкелген ойранды ақын айна-қатесіз берген. Ақын – сол алапат, трагедияның куәгері. Өзі басы-қасында болған. Көптеп күткен бостандығымыз осы ма еді деп түңіледі ақын. Ел азаматтарының, зиялы қауымның өкілдері басына түскен нәубет, зұлматты Ахметбек ақын бірден аңғарып, ел басына туған қайғылы халді осылайша жырлаған.
Жүруге жарамайтын кемпір мен шал,
Баланы қорасына қамап кетті.
Халықтың кері кетті жалды атынан,
Қарсы келуге қорқады мандатынан.
Аузынан от, мұрнынан жалын шығып,
Жүргізбеді алды түгіл, жанды артынан.
Қалғаны халі бітіп, онда өлді,
Шыққаны сандалып кеп, жолда өлді,
Манағы ел табам деп шыққан жаяу,
Жүре алмай қаңғып жүріп, жолда өлді.
Салық тауып сала алмай қашқан елді,
Қашқанда да дерегі қастан өлді.
Ақымақтың асыра сілтеуімен,
Төлей алмай мойнынан асқан өлді.
Қорада мал, қалтада пұл таусылып,
Соның бәрі ақырда аштан өлді [1, 34-35 б.].
Осынау ұзақ өлеңінен соң-ақ Ахметбек ақын кеңестік билікке сенімсіз жан болып шыға келеді. Ақынның әр шығармасына (ел арасына тараған) назар аудару күшейеді. Оның әр қадамы, айтқан сөзі аңдуда болады. Бұл орайда Ж.Бектұровтың Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде кезінде жарияланған мақаласын келтірсек те, сол кезеңнің нақты шындығына ащы болса да көз жеткіземіз. Республика бойынша, әсіресе, Орталық Қазақстан өңірі бойынша жылт еткен жаңалықты, ескі мұраны қалт жібермей қадағалап, үн қосып отыратын зерделі қаламгер былай деп жазады.
«Мен Ахметбек ақынның атын, жеке өлеңдерін Ғабиден ағамыздан, беріректе қайтыс болған Қарағандының қарт ақыны Көшен Елеуовтен еститінмін. 1966 жылғы октябрь айында Қарағандының бұрынғы жазалау – заң орындарынан Елеусіз Дәрменов дейтін жігіт телефон соғып: «Бізде арабша жазылған біраз қағаздар бар еді. Соны оқып бере аласыз ба?» деп өтініш айтты. Осы мекеменің қызметкері Жетен Сүлейменов ертеңіне болмашы бір жұпыны ескі папка әкелді. Бұл екі қызметкердің екеуі де қазір Қарағандыда, пенсияда. Ескі папканы ақтарып отырсам, «Истопник» дейтін бір бүркеншік, құпия атпен біреуі Ахметбектің аузынан естіген, әлде сол айтты деген халықтың аталы сөздерін, сонымен бірге ақынның қазақ даласындағы отызыншы жылдардағы ашаршылықты сөккен «Қанды жорық» атты өлеңін астыртын тиісті орындарға ұдайы жеткізіп отырыпты. Бұларды өзін «стажер» деп атаған Төлеков дейтін біреу, тағы бір тергеуші ме, Әбділда Жексенбинов дейтін қазақ орысшаға аударып, кейде көшіріп отырыпты. Екеуі шала сауатты адамдар сықылды, өйткені, «Аударманың» сыйқы мынадай: Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың» деген жыр жолын «Куда ты, бедняк, бежишь от советской власти?» деп аударыпты. Арабша сырт көзге ұқсас келетін «Керей» мен «кедейді» ажырата алмапты. Әлде әдейі бұрмалаған да болу керек. Шала белсенділердің озбырлығын, Совет өкіметі жолын бұрмалағандарын сөккен өлеңді қағаз бетіне түсіруге келмейтін өрескел, былапыт, қайтсе де ақынды қаралап көрсететіндей жексұрын сөздермен аударыпты.
Осылайша жалған айтып, жала жабудың қорытындысында Ахметбек Байсалбаевқа саяси айып тағылып, 59 жасында оның көзі құрып кетті. Осының бәрін сипаттап, орысша бес-алты бет өз пікірімді жазып, тиісті орынға бердім. Көп кешікпей Қарағанды облыстық соты сол 1966 жылы А.Байсалбаев ақынды ақтады» [2]. Аталмыш мақалада Ж.Бектұров белгілі жазушы Ғ.Мұстафиннің: «Мына шоқ біздің Ахметбек ақынның Қызылқайыңы. Осы тоғайда ол көп жыл отырып еді. Кісілікті, білімді әрі ерен ақын еді. Жұртты отырықшылыққа бастап, егін салуды үйретіп еді. Совет құрылысының алғашқы жылдарында мына Байдаулетте (Қарасу-Миньковка селосы) совет болысы да болып еді. Бұл кісінің аты С. Сейфуллиннің «Тар жолында» да бар. Қазақ даласы ашаршылыққа ұшырағанда Ахметбек Алтай жаққа көшіп кетіп, ел іші тынышталған кезде қайтып келіп еді. Бірақ беделді болған, аузына кісі қараған, тілі өткір осы ақсақалды шала белсенділердің халыққа істеген қиянатын қатты сөгіп, сынағаны үшін 1937 жылы құртып жіберді» - деп елін аралап жүргенде айтқанын келтіре кетіпті [2].
1937 жылы НКВД түрмесінде отырып жазған «Кәрілік» атты өлең - ақынның ең соңғы туындысы.
Кәрілік ең әуелі бастан келер,
Ағарып сақал менен шаштан келер.
Әлсіреп асқазаның тамақ талғап,
Онан соң ішетұғын астан келер.
Кәріліктің төртіншісі тістен келер,
Сырқырап буын-буын іштен келер.
Бой мұздап, қайратыңның бәрі кетіп,
Азайып әл-қуатың күштен келер.
Кәріліктің бесіншісі көзден келер,
Мылжыңдап көп сөйлеген сөзден келер.
Бел омыртқаң сықырлап, сынғандай боп
Бастырмай тізе менен аяқтан келер.
Алтыншысы бір кәрілік күйден келер,
Баяулап әр қимылың күйбең келер.
Балаң тілді алмаса келінменен,
Ең күшті кәрілік ит үйден келер[1, 40 б.].
Бұлар – Ахметбек ақынның жырауларша толғап, адам өмірінің кезеңдеріне берген бағасы ғана емес, сонымен қатар, мына фәни жалғанмен де қоштасуы деп қабылдаған абзал. Ақын өз шығармаларымен сонау ойранды жылдардағы қаны сорғалаған шындықты тайсалмай айтып кетті.
Жалпы, Орталық Қазақстан төңірегіндегі ақындар шығармаларының тәуелсіздік идеясының көтерілуіне қосқан айрықша үлесін дәл біз сөз етіп отырғандармен шектеуге болмайды. Жоғарыда айтқанымыздай, тағдыр теперішін көп көріп, өктем де әкімшілдік-әміршілдік жүйенің озбырлығына бетпе-бет келіп, зардап шеккендер бұрынғыдай белсенді әрекет жасай алмай, іштей тынды. Тыныш өмірді аңсады, ауылдағы жетістіктерді, өндіріс саласындағы табыстарды жырлады, бірақ олардың көкірегіне із салған, қоғамына деген наразылықтан ада болған жайды бірден кесіп айту қиын. Олар әйтсе де қоғам болашағына жарқын сеніммен қарады деуге болмайды.
Әдебиеттер
1. Каренов. Рашит Әл-Карени. Көмейінен жыр төгілген Ахметбек ақын. – Қарағанды, 2008. - 78 б.
2. Бектұров Ж. Ахметбек ақын. //Орталық Қазақстан. – 1989, қаңтар - 19.
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. - 240 б.
ӘОЖ 159.9
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Байбекова М.М., Байзақова Ә.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Данная статья рассматривает специфические особенности организации процесса психологического консультирования
Summary
Theoretical and methodical foundations of psychological counseling
Қазіргі таңда кеңесберу,психологиялыққызмет көрсету әрекеттері жаңа заман талабына сай заманауи даму белгісіне айналып келеді.Халықтың аталмыш көмек түріне жүгінуісана-сезімнің артқандығына куә десек артық айтқандық емес.Енді осы процесс жайлы бірқатар мәліметтерді оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.
Кеңес берудегі байланыс кеңес беруші мен клиенттің өзара әрекеттесуінің ерекше бір динамикалық түрде дамуы болады, онда клиент кеңес берушінің көмегімен өзінің ішкі ресурстарын позитивті тұрғыдан қолдануға үйренеді, әрі кеңес беру мүшелері арасында сезім, бағдар, құндылықтар алмасу жүзеге асады.
Кеңес берушінің міндеті – клиентпен бүкіл кеңес беру процесі барысында үнемі терапевтикалық байланысты ұстау.
Кеңес беру байланысына тән сипаттамалы ерекшеліктер:
Эмоционалдылық. Ең бірінші кезекте адамның когнитивті аумағы емес, эмоциясының белсенділігі бақыланады, әрі оны зерттеу жүзеге асады, яғни клиент пен кеңес беруші арасында бастан кешу,сезім, эмоцияларды өзара алмасуы.
динамикалылығы, кеңес беру аумағында әрбір үнемі өзгеріс, клиенттің пайда болуына қарай қозғалыстың болуы, байланыстың ерекшелігі
құпиялылығы, яғни психологиялық кеңес берудің негізгі принципі ретіндегі кеңес беру байланысында сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Клиентті тыңдай білу – кеңес беруші консультант пен психотерапевтің маңызды кәсіби шеберлігінің бірі болады.
Кеңес берудің сыртқы жағдайларына қойылатын талаптар.
кабинет қабырғаларының дыбыс өткізбестігі, бұл тыныштық сезімін тудырады.
Жағымды тондар /түске боялу/ және кабинеттің жағымды күйі;
Жұмсақ жарық, яғни тіке тура тиүспейтін және оның көздеріне тіке ұрмайтын жарық;
Бірнеше ыңғайлы орындық, креслолардың болуы, яғни кеңес берудің бірден бірнеше мүшелерімен жұмыс жасауға мүмкін болатындай /мысалы, ата-аналар, жұбайлар т.б./, кушетка, матрос т.б. релаксациялық сабақтар үшін болуы шарт.
Жиһаздың тым бөлшектеніп кетпеуі абзал;
Кеңес берушінің пікірін бейнелейтін жеке заттардың жоқтығы;
Қосалқы қызметшінің қайырымдылығы /мысалы, тіркеушінің жеке мінез-құлқы, іс-әрекеті/.
Кеңес беру кеңістігін құрудың талаптары
Клиентпен танысуды міндетті түрде бірінші болып консультант жарты жолдан күтіп алып, әрі өзін, таныстыра отырып бастауы керек;
Клиентке өзі отырғысы келетін орынды таңдау мүмкіндігін беру. Клиенттің орынды таңдауы, оның қажеттілігі жайлы білуге мағлұмат бере алады: мазасыз клиент үшін кеңес беруші мен клиент арасында стол болғаны ыңғайлы болады;
Кеңес беру уақытын ұйымдастыру талаптары
Әңгімелесудің ұзақтығын сақтау көп жағдайда кеңес берудің тиімділігін анықтайды;
Кабинетте міндетті түрде сағаттың болуы;
Әңгімелесудің әрбір кезеңіне уақытты құрылымдап бөлу;
Кеңес беруші әрекетінің сәйкестігі: яғни кеңес беруші консультанттың әрбір қимыл, техникасы клиенттің дұрыс қабылдауы үшін
Кеңес берудің уақыты әдетте ересек адамдармен - 50-60 минут, ал баламен - 30 минут болу керек.
Кеңес беруші уақытты бақылап отыруы тиіс, әрі уақыт жөһнінде клиентке хабарлап отыруы керек.
Терапевтикалық клиенттің эмоционалды компоненттері
Бұл компоненттердің болуы кеңес беру байланысының ядросы болып табылады, әрі кеңес беруге едәуір дәрежеде терапевтикалық эффект береді. Терапевтикалық климаттың эмоционалды компонентері кеңес берушінің жеке тұлғасының қасиеттеріне негізделеді, әрі оның кәсіби дағдылары болып табылады.Терапевтикалық климаттың маңызды эмоционалдық компоненттері мыналар:
Сенімділік
Ашықтық, шынайылық
Эмпатия
Клиентті сөзсіз сыйлау
Сенімділік – терапевтикалық байланыстың тереңдігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды компонент. Клиенттің кеңес берушіге деген жоғары сенімділігі клиенттің ашылуына, маңызды проблемаларды талқылауға, қорқыныш, сезімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Кеңес беруші клиентке қатысты қарым-қатынаста өте табиғи, әрі достық пейілде болуы керек.
Клиенттің толық ашылуына, пікіріне бағалаусыз оқыту, кеңес беру, үйретусіз қарау керек;
Клиентке кеңес берушінің шынайы қызығушылықпен қарауы, яғни адамды зерттеу объектісі ретінде қарамауы керек;
Кәсіби құпияны сақтау және құпиялық принципін ұстану;
Шынайылық – терапевтикалық климаттың компоненті ретінде болып, клиенттің ішкі өз әлеміне қорқыныш, қауіп-қатерсіз енуі және қолдауды сезінуі болады. Шынайылықтың келесі сипаттары болады:
конгруэнттілік, яғни кеңес беруші өзімен-өзі, яғни жасанды болмай табиғи күйде болуы керек.
Клиентпен қарым-қатынаста шынайылық, әрі ашықтық шегін сақтау, яғни клиентпен жеке өз мәселесін талқылауға болмайды.
Эмпатия – терапевтикалық климаттың компоненті ретінде бола отырып, кеңес берушінің клиентпен идентификациясы сияқты болады, яғни олардың бір-бірін түсінуі. Эмпатияның келесі сипатты ерекшеліктері болады:
Бұл екі тұлғаның тоғысу, бірігуінің, ұштасуын білдіретін жұмбақ, әрі үнемі түсінікті бола бермейтін процесс, онда екеуі де /кеңес беруші де клиент те/ ішкі өзгерістерді бастан кешіреді.
Кеңес берушінің дәл реакциясы, клиенттің қайғысын дөп сезуі, әрі ол қайғы өзінің жеке қайғысы ретінде қабылдау.
Кеңес берушінің клиентке қатысты бағасыз, бағалаусыз қарым-қатынасы.
Эмпатия тек қана эмоционалды сезгіштікті білдіріп қоймайды, әрі когнетивті талқылауды білдіреді, яғни клиенттің сезімі мен күйін талдай білу шеберлігінің болуы.
Клиентке эмпатияны білдіру тәсілдері:
Үзіліс, кідіріс, үндемей қалу
Клиент сезімдерін бейнелеу, яғни кеңес беруші клиенттің белгілі бір сезімін суентификациялайды /яғни өз басынан өткен сияқты салыстырады/. Былай деп айтуы мүмкін: сіздің қандай күйде тұрғаныңыз меніңше, ...
Метафора, ертегі т.б. қолдану
Психологиялық кеңес беру процесі
Психологиялық кеңес беру процесі үнемі, тұрақты түрде клиент пен кеңес беруші тұлғасының өзгерісі деп түсініледі. Психологиялық кеңес беру процесін жоспарлау келесілерді өзіне қосып алады:
Клиентпен бірінші кездесуді талдау;
Психологиялық анамнезді жинақтау;
Клиент проблемасының бағасы.
Кеңес берудегі психологиялық анамнез
Психологиялық кеңес берудегі психологиялық анамнез деп – клиент және оның проблемалары туралы кең көлемдегі ақпарат алуды айтады. Анамнезді жинау кеңес беру процесінде жүзеге асады және кеңес берушіге клиенттің тұлғасының «портретін» құруға көмек береді.Клиент туралы ақпаратты 3 бөлікте қарастырады:
Демографиялық ақпарат:
жасы
жынысы
отбасы жағдайы
мамандығы
білімі.
Өзекті проблемалары мен кемістіктері:
кемістіктер пайда болу уақыты
кемістіктер пайда болуға әсер еткен оқиғалар
кемістіктер салдары болған оқиғалар
клиенттің өз бетімен проблемаларды шешу әрекеттері, ол әрекеттің нәтижелері
өзге мамандарға көмек сұрау жағдайлары /егер орын алса/
анамнез /ішкіліктік, есірткі қолдану, ата-ана, туыстарда бар психологиялық кемістіктер/
психоәлеуметтік анамнез /маңызды тұлғалық байланыстар/
пренатальды, кезең ерекшеліктері /жүктіліктің өту барысы/ - айнала жағдай /қайырымды, кикілжіңді/, баланың әкесімен қарым-қатынасы; ішімдік , темекі шегуі т.б.; осы жүкті кезеңдегң деенсаулық күйі т.б.
босану ерекшелігі /қиындықтар болса/
кіші бастауыш кезеңі – даму динамикасы, оқу, құрбылармен қарым-қатынас
ересектік кезең – клиенттің жүзеге асу дәрежесі, қызметтегі қарым-қатынас, маңызды оқиғалар, өмірлік ұстанымы, болашаққа жоспары.
Психологиялық анамнез жинаудың келесі тәсілдері бар:
клиентпен әңгімелесу
клиенттің мінез-құлқын бақылау, вербалды емес әрекетін бақылау
өзге мамандар пікір, есептерін зерттеу
психодиагностика
қабілет, интеллект, танымдық аумақты зерттеу тестілері
тұлғалық тестілер: жеке адамның эмоциялық, темперамент, мінез ерешеліктерін зерттеу
ситуативті тестілер, яғни тестілеу кезіндегі клиенттің күйін зерттеу тестілері
проективті әдістемелер: клиенттің тұлғасын бағалап, түсінуге мүмкіндік беретін суреттер салғызу, көрген түстері, жазған шығармалары т.б.
Психологиялық кеңес берудегі раппорт
Психотерапияда раппорт гипнозбен тығыз байланысты және гипноз жасаушымен клиенттің сөздік байланысы деп түсініледі. Психологиялық кеңес беруде раппорт кеңес берушінің клиентпен жылы жеке байланыс қарым-қатынас орнатуын және өзара сенім атмоферасын құруын айтады, ол байланыс әрі қарайғы кеңес берушінің терапевтикалық ықпалы мен клиенттің өзгерісінің негізі болады.Кеңес берушінің клиентке қызығушылық танытуы кеңес беру өзара әрекетінің алғашқы минуттарында басталады, әрі келесі тәсілдермен жүзеге асады:
Сәлемдесу;
Кіріспе әңгіме;
Кеңес берушінің вербалды емес әрекеті;
Кабинеттің қалпы, жағдайы;
Кеңес берушінің бағыт, бағдары, мінез-құлқы
Сәлемдесу таныстық кезеңінде кеңес берушінің өзін сыпайы, әрі қызығушы күйде ұстауы клиенттің есімін атаудан басталады.Кіріспе әңгіме. Әңгіме басында, әдетте, клиент қиындық көреді, яғни толқу немесе қорқыныш сияқты сезімдерді кешеді, кеңес беруші мазасыздық пен өзге жағымсыз сезімдерді жою үшін сезім тудыра отырып, алғашқы минуттарда әңгімелесуде келесі сөз тіркестері мен әңгіме тақырыбын қолдануға тиіс:
Клиенттің есімін еске түсіру
Клиенттің туған жерін еске түсіру
Жалпы ортақ таныстарды еске түсіру
Кабинеттің ішіндегі кейбір заттар, т.б. туралы байқату.
Клиенттің киім киісі, әшекей, қосалқы заттар /аксессуар/ т.б. туралы ескере кету
Ауа райы, соңғы жаңалықтар туралы әңгімелей кету
Клиенттің статусы, оның шұғылданатын іс-әрекеті жөнінде әңгімелесу
Егер клиент кіріспе әңгімелесуді қажет етпесекеңес беруші зорлық жасауға болмайды.Кабинеттегі жабдықтар клиент пен кеңес беруші арасында сенім атмосферасының құрылуына мықты әсер етеді. Кеңес беруші келесі мәселелерге мән беруі міндетті:
Кеңес беруші мен клиент арасындағы кеңістікте қандай да бір зат немесе жазба,не журнал столы болуы тиіс.
Клиент бетіне жарық ұратындай жарыққа қарама-қарсы отырмауы тиіс.
Екеуінде деыңғайлы жиһаз болуы керек. Егер де кеңес берушіде ыңғайлы кресло болып, ал клиентке орындық ұсынылса, бұл жағдай теңсіздік сезімін туғызады.
Кеңес берушінің бағыт-бағдары мен мінез-құлқы раппорттың жүзеге асуында маңызды рөл атқарады. Кеңес беруші келесі кәсіби және мінез-құлықтық бағдарларға зейін аударуы тиіс:
әңгімелесудің құпиялылығын сақтау және бұл ережені клиентке айту
кеңес берушінің клиент әдет мінез-құлқын, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне баға бермеуі
эмпатия байқату
клиенттің табиғилығын қалыптастыру, кеңес беру процесін асықтырмау
кеңес берудің бастапқы кезеңінде ғана емес, бүкіл процесс барысында сенім атмоферасын сақтау.
Әдебиеттер
1. Байбекова М.М. Әлеуметтік-психологиялық тренингтер, әдістемелер мен жаттығулар. Шымкент,2013ж.
2. О.В.Галустова.Психологическое консультирование.Конспект лекции.М.,2006г.
3. Г.И.Колесникова.Основы психологического консультирования.Р.-на Дону.2005г.
4. Мей Р. Искусство психологического консультирования.М.,1994г.
ӘОЖ .78.072
ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ ЛИРИКАСЫ
С. Бахадырова
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В этой статье исследуется лирика Т. Айбергенова
Summary
In this article is written about doing of T. Aybergenov’s lirika
Төлеген Айбергеновтың өмірбаянында «Қарақалпақстан жерінде Қоңырат ауданында туған» деген мәлімет оның атын, шығармашылығын мәңгіге қарақалпақ жеріне алтын сия мен байлап қояды. Ал, оның шығармашылығында «Қарақалпақстан» тақырыбы ерекше жырланады. Қарақалпақстанда туып, басқа елдерде жүрген ақындар көп. Ал қарақалпақ халқының өзінің де ақындары көп. Бірақ, бұл елге, халыққа деген махаббат, құрмет Төлеген өлеңдерінде ерекше мақаммен жырланады. Оның мақамы жоғары адамгершілік, адамдарға басқа халықты қалай сүюге үйрететін идеяға толы.
Төлеген Айбергеновтың өлеңдерін оқығанда толқымайтын жүрек, лириканың сиқырлы бесігінде тербелмейтін адам жоқ. Жүрегіңде бір сұлу сезім есіліп, гулеп, буырқанып, толқып жатады.
Ол бар болғаны отыз жыл жасап өтті. Осы аз өмірінде өлмес мұра тастап кетті. Ол қазақ поэзиясының алтын қорын байытып, бір белеске көтеріп кетті. Оның осы бай мұрасының әрбір өлең жолында туылған жердің кең даласын, Үстірт кеңістігін, қора-қора болып жайылған мал жайлауын, Аралын, Әмудариясын өшпес бояулармен сызылған ғажайып образын көремін. Төлегеннің лирикаларынан соң туған жерді құшақтап, төбеңе көтеріп ардақтап алғың келеді, оның бауырында еркелеп дүниеге келгеніңе риза болып кетесің. Оның барлық лирикалары жүрекке жақын, ол тап сенің жүрек сырыңды айтып, сенің сөзіңді сөйлеп сен үшін жырлап жатқан ақын сияқты. Ол туған жердің, кіндік қаны тамған топырақты сүйген, туылған жердің кең даласын ардақтаған, жүрегі кең, қайталанбас талант иесі.
Арманың ада болмас арна сенің,
Туған жер, сірә сенің бар ма шегің!!
Сен үшін қызыл аяқ қырды кезіп,
Жалаң аяқ жар кешемін.
Жазушы Ә. Кекілбаев Төлеген Айбергеновтың «Өлеңдер» жинағына жазған «Көктемнің жазға ұласар жайсаң шағы» мақаласында оның мына өлеңін келтіреді:
Аруана жаудың қолына түссе,
ботасын шайнап өлтіріп,
Қаралы мойнын қайтадан артқа
бұрмастан халге келтіріп,
Жеріне тартып отырады екен
моншақтап жасы боздаумен,
Омырауын шерге толтырып.
Өмірде ұзақ жасауың үшін болғаныменен қайғың қас,
Туған жер, сен деп қайғыра алмасам,
тағдыр да мені бай қылмас.
О бастан саған ынтызар туған аруана
тектес ұл ем мен,
Қазығын таппай қайрылмас.
Әрқашан аңсап оралам саған
тартпасын мені қай тарап,
Көгілдір көлге алқынып ұшқан,
аққудың даусын қайталап...
Қазір туған жер туралы толғансаң, тіліңе ең алдымен осы бір жолдар оралатын болады.
Төлеген лирикасының басты қаһарманы –«Сағыныш» деп жазушы Төлегеннің лирикаларының бас лейтмотивін дұрыс анықтаған. Оның шығармаларында Сағыныш тақырыбы бас әріппен айтылады. Ол нені сағынды сонда? Ол кіндік қаны тамған жерін, жігіт болып атқа мінген ана топырағын сағынды. Бұл сағыныш адамды адам болуға үндейді, елін есіне алмайтын адамдарды уялттырады, туған жерді қәдірлеп білмейтін адамдарды тәрбиелейді. Төлеген туылған жерін сағынғанда жүрегінен сұлу сезім мен толқыған романтикалық толқын оқыған адамды елді қалай сағынуға болатынына үйретеді, Отанды қадірлеудің мағынасын түсіндіреді. Туған жерді сағыну бұл жоғары адамгершілік, биік сана, биік интеллекттен туады. Туған жерін сағынып білмейтін адамдар, туған жерін бір келіп көру ойына келмейтін адамдар қанша?! Ал, Төлегеннің сағынышы құдірет!!! Бұл нағыз мәрт адамгершілікті адамның сағынышы, ол сағыныш адамды арманға, жақсылыққа, қаһармандыққа жетелейтін сағыныш.
Туған жер тақырыбы оның шығармаларында биік бір төбе. Оның лирикаларында Туған жер қол жетпес армандар белесі, ақынға ой беретін шабытының арқауы, ұшуға қанат байлайтын құдіретті күш болып жырланады. «Туған жер» өлеңінде :
Ай маңдай алуан дарынның,
Тері боп тамшылайсың сен,
Сан жүйрік армандарымның,
Тұлпарын қамшылайсың сен...
Сен десе толған ағыстан,
Қалайша ақтарылмайын,
Сағынып салған алыстан,
Солдаттың хаттарындаймын.
Шынында да ол туған жерін « алыстан салған, солдаттың хаттарындай» сағынып, туған жерді қадірлеп ғұмыр кешті. Ә. Кекілбаев айтқандай «оның қай жырын оқысаңыз да осындай сағыныш сазы еседі. Ол туған жерге деген сағыныш, достарға деген сағыныш, өлеңге деген сағыныш...».
Ақынның «Алтын қалам» алқасынан шыққан «Өлеңдер» жинағы «Кегейлі дәптерінен» өлеңімен бетін ашады(Алматы, 2010). Осы өлең оның «Мен саған ғашық едім» (Алматы, 2005) жинағының да бет ашары етіп алынған. «Кегейлі» ол туып өскен Қарақалпақстан жеріндегі дарияның аты және Қарақалпақстанда бір ауданның аты осы дария атына қойылған. «Кегейлі» сөзі дария бойында өсетін ағаштың атына қойылған. «Кегей» бұл қара үй, арбаның дөңгелегі соғылатын иілгіш ағаш. Ол дария бойында ғана өседі. Сол ағашты өсіріп, соннан үй, арба, үйдің уығы, керегесі, шаңырағын соғып күн көрген елді «Кегейлі елі» деп , ал сол дарияны «Кегейлі» деп атаған. Ақын өлеңін қарақалпақ классик ақындары Бердақ пен Ажнияздың атымен бастайды:
Кегейлім жердің еркесі,
Жас жаным толқып тұр менің,
Бердақтың сүйген өлкесі,
Ажнияз айтқан жыр ма едің!!!
Ақын Кегейліні жердің еркесі деп көкке көтерсе, ал қарақалпақ халқын «қаһарман», «алып» , «көңілі көктем, кең кеуде», «күшті едің шіркін, ой неткен!», «жаны пәк достар» деп ардақтайды. Солай деп отырып ақын, осы жерде ойнап күлген, бар өмірін өткізген ата-анасына деген махаббатында сол жер мен бірге береді :
Жоныңда әкем жорға атпен,
Жортып бір өткен Кегейлі,
Атаның жолын жалғап мен,
Елтіп бір жеткен Кегейлі ,- деп жырлайды.
Ақын осы дариямен ата-бабасының, ата- анасының тағдырын бірге жырлайды.
Қырында анам қыз күнін,
Қыздырып өткен Кегейлі,...
Су алған сайда әжемнің,
Сырғасы қалған Кегейлі,
Сырласы қалған Кегейлі,
Мұңдасы қалған Кегейлі.
Анаммен тұстас болғандар,
Әкеммен қиқу салғандар,
Мендегі ыстық сәлемді ал,
Мендегі ыстық арманды ал.
Бұл не деген арманға толы адамгершілікті сезім!!! Өлеңнің әрбір жолында терең мағына, тарих, адам тағдыры жатыр. Әкенің ат шауып өткен жастығы, шешенің қыз болған керілген жері, құрбылары, жастығымен бар тағдыры қалған жер қалай ақынға қадірлі болмасын?!. Ақын өзіне ең қадірлі адамдардың тағдырымен байланысты туған жерін қимай сағыныштан жалын кернеген жүрегінен шыққан сезімін өлең етіп берген.
Ақынның шығармаларында Арал теңізі, Әмударияның бұйраланған толқындары, қарақалпақ жерінің кең даласы, ойы мен қыры, ақ көңілді, кең пейілді адамдары ерекше сүйіспеншілік, ыстық сезіммен жырланады. Ақын өзінің қысқа өмірінің ішінде туған жерді асқан арман, жүректі тебіренткен шермен жырлап өтті. Туған жерді жырлау әрбір азаматтың парызы. Бұл тақырып әдебиетте жырлана беретін мәңгі көнермейтін тақырып. Ол тақырыпты әр ақын өз талантының мүмкіндігіне қарай жырлап береді. Бірақ, Төлегеннің лирикаларында туған жер бүтіндей басқаша жырланады. Ол жаңғырықты сөзді де пайдаланбайды, ол жай қарапайым тіл мен туған жердің адам баласына қандай қадірлі екенін береді.
Ол туылған жерінің дариялары, тауы мен тасы, көлі мен қалалары ақынның төгілген лирикаларында ерекше бір көркем тілмен жырланады. Осындай өлеңдері «Барса келмес», «Әму жағасында», «Әмудария жайлы өлең», «Қоңыратқа», т.б. Ақынның лирикаларының бір топ кейіпкерлері қарақалпақ халқының жігіт- қыздары, еңбек сүйгіш қонақжай адамдары. «Қарақалпақ қызына», «Зәурешім- ау!», «Жеңешеме», «Демалысқа келгенде», «Мәрияш қарындасқа», «Ұстазға», «Алтын ұяма», «Он жылдық сыбағасын асағасын», «Қарақалпақ қызына», «Ұстазға» өлеңдері қарақалпақ халқының адал перзенттеріне, қарақалпақ жерінде қалған достарына, сүйген адамдарына арналған. Ал, ақынның «Апрельде кел, жыр шағы», «Үстірт басында», «Қарауымбет», «Туған еліме», «Әмудария жайлы өлеңдер», «Қоңыратқа», «Туған елге», «Өскен жер», «Ойының ойпатында өрледі өлең», «Ауылым», «Мектебім», «Туған дала» өлеңдері өзі сүйген Қарақалпақстанның табиғаты, тауы мен даласы, теңізі мен көлі, дариясы мен қалаларын жырлауға арналған.
Т. Айбергеновты тек ғана қазақ халықының ақыны деп қарау бір жақты болар деп ойлаймын. Ол адамзаттың ақын, өзінің туылып өскен жерін көкке көтеріп жырлап өткен ұлы гуманист ақын. Оның өлеңдеріндей болып қарақалпақ жерінің табиғаты, мөлдір суы, тамылжыған бау- бақшасын сүйіп жырлаған ақындар кемде-кем.
Өскен жер, кіндікті кескен жер,
Қымбат қой қырыңнан ескен жел,
Ойға әр, жүрекке нәр берген,
Тауыңнан зымырай көшкен сел.
Көліңнен су жұтсам бір қасық,
Көңілім кетеді мың тасып,
Көктемдегі сүйріктей тез өсіп,
Келемін сенімен сырласып.
Уатылған алтындай сары құм,
Жаныма жаудырар жарыған,
Құямын күн демей, түн демей
Арманның ақ сазан балығын. «Өскен жер»
Көктемнің аспанындай алабың көк
Аңқиды жусан иісі, дала гүлдеп,
Тос маған, сімірейін шеребеңнен,
Мен де кен болар екем , Қарауымбет. «Қарауымбет»
Оның «Үстірт басында» өлеңінде Қарақалпақстан жерінде созылып жатқан биік Үстірт тауын жырлаған. Ақынның өзі осы тау баурайында балалығы өткен. Оның бұл өлеңінде жусан мен сексеуілге толы кең таудың келбетін, оның мөлдір таза ауасын былай береді:
Малынып тұр көк жусан,
Таңның маржан шығына,
Хош иіске құмартсаң,
Шық самалдың ығына. «Білесің дос, көзіңше».
«Әму жағасында» өлеңінде:
Тілек көп аттануда да,
Жақсы екен бірақ оралу,
Шеткеткен шақтарымда да,
Ұмытқаным жоқ о, Әму! -дейді. Шынында да ақын кіндік қаны тамған киелі топырақты соңғы деміне дейін ұмытқан жоқ. Оны қарақалпақ халқы да ұмытпады. Төлегеннің өлеңдерін Қарақалпақстанда білмейтін адамның өзі жоқ. Оның өлеңдері қарақалпақ халқының жүрегінің төрінен орын алған. Оның өлеңдері халықтың күнделікті тұрмысында халық пен бірге жасап жатыр. Оны халқымыз тойларда, мүшайраларда, театр сахналарында, т.б. халық жиналған жерде айтады. Қарақалпақ халқы оны адал перзентім деп есептейді, өзін сағынышпен жырлап өткен ақынын ардақтайды, халық өзінің жүрек төрінен оған орын беріп келеді.
Төлеген Айбергеновтың өлеңдерінің әрбір жолында бүткіл туылған жердің табиғаты, адамдары, тарихы жатырған сияқты. Ақын қай жерде жүрсе де өзі мен бірге туылған жерін жүрегіне түйіп алып кеткен сияқты, ол туылған жерінен ұзақта жүріп, туылған жерін әлпешлеп аялап, сағынып жасап кетті.
УДК 413.2: 484
РАЗГРАНИЧЕНИЕ ОМОНИМОВ В РУССКОМ ЯЗЫКЕ И ИХ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ В ХУДОЖЕСТВЕННОЙ ЛИТЕРАТУРЕ
Байдулаева С.С.
Международный гуманитарно-технический университет, Шымкент, Қазақстан
Түйін
Бұл мақалада омонимдердің пайда болуы ерекшеленуі және оның көркем әдебиетте пайдалануы қарастырылған
Summary
This article is about occurrence and differentiation of homonyms and use them in art literature.
В лексической системе русского языка есть слова, которые звучат одинаково, но имеют совершенно разные значения. Такие слова называют лексическими омонимами, а звуковое и грамматическое совпадение языковых единиц, которые семантически не связаны друг с другом называется омонимией. (Гр. – homos – одинаковый + onyma – имя). Например, ключ' – 'родник' (студеный ключ) и ключ' – 'металлический стержень особой формы для отпирания и запирания замка' (стальной ключ); лук ' – 'растение' (зеленый лук) и лук ' – 'оружие для метания стрел' (тугой лук). В отличие от многозначных слов лексические омонимы не обладают предметно-семантической связью, т. е. у них нет общих семантических признаков, по которым можно было бы судить о полисемантизме одного слова.
Наряду с омонимией обычно рассматривают смежные с ней явления, относящиеся к грамматическому, фонетическому и графическому уровням языка.
1. Среди созвучных форм выделяют омоформы – слова, совпадающие лишь в какой-нибудь одной грамматической форме (реже – в нескольких). Например, три' – числительное в именительном падеже (три друга) и три ' – глагол в повелительном наклонении единственного числа 2-го лица (три морковь на терке). Омонимичными могут быть и грамматические формы слов одной части речи. Например, формы прилагательных большой, молодой могут указывать, во-первых, на именительный падеж единственного числа мужского рода (большой ' успех, молодой ' специалист); во-вторых, на родительный падеж единственного числа женского рода (большой ' карьеры, молодой ' женщины); в-третьих, на нательный падеж единственного числа женского рода (к большой ' карьере, к молодой ' женщине); в-четвертых, на творительный падеж единственного числа женского рода (с большой ' карьерой, с молодой ' женщиной).
2. В русском языке употребляются слова, которые звучат одинаково, но пишутся по-разному. Это омофоны (гр. homos– одинаковый + phone – звук). Например, слова луг и лук, молод и молот, везти и вести совпадают в произношении вследствие оглушения звон- ких согласных звуков на конце слова и перед глухим согласным. Изменение гласных в безударном положении приводит к созвучию слов полоскать и поласкать, зализать и залезать, старожил и сторожил. Одинаково произносятся и слова шефствовать и шествовать, острова и острого, браться и братца и др. Следовательно, омофоны – это фонетические омонимы, их появление в языке связано с действием фонетических законов.
3. Слова, которые пишутся одинаково, но произносятся по-разному, называются омографами (гр. homos– одинаковый + grapho – пишу). Обычно они имеют ударение на разных слогах: кружки – кружки, засыпал – засыпал, парить – парить и т. д.
Строгая дифференциация языковых явлений требует отграничить собственно лексические омонимы от омоформ, омофонов и омографов.
Появление омонимов в языке объясняется следующими причинами.
В результате заимствования иноязычных слов может произойти формальное совпадение в звучании и написании слова-«пришельца» и исконно русского.
2. Слова, вошедшие в русский язык из разных языков-источников, могут оказаться созвучными.
3. Из одного языка заимствуются одинаково звучащие слова.
4. При образовании новых слов из имеющихся в языке корней и аффиксов также появляется немало омонимов.
5. В языке появляются омонимы и как результат совпадения вновь образованной аббревиатуры с давно известным полнозначным словом.
6. Омонимами становятся исконно русские слова, претерпевшие различные изменения в результате фонетических и морфологических процессов, происходящих в языке.
7. Источником появления омонимов может быть и разрыв в семантической структуре многозначных слов, при котором отдельные значения настолько расходятся, что уже не воспринимаются как принадлежащие одному слову. Так, из многозначности развивалась омонимия пар свет ' – 'вселенная' и свет ' – 'рассвет, восход солнца'.
Проблема разграничения омонимии и многозначности может возникнуть в том случае, когда омонимы появляются в результате семантического расщепления многозначного слова. При этом на основе разных значений одного слова формируются совершенно разные слова. Их прежние семантические связи утрачиваются, и только этимологический анализ позволяет установить некогда общий семантический признак, свидетельствующий об их едином историческом корне. Например, вследствие распада многозначного слова появились омонимы: брань ' – 'ругань' и брань ' – 'война, битва'; метить ' – 'ставить метку' и метить ' – 'стараться попасть в цель', среда ' – 'окружение' и среда ' – 'день недели' и др.
Современной наукой выработаны критерии разграничения омонимии и многозначности, помогающие развести значения одного и того же слова и омонимы, которые возникли в результате полного разрыва полисемии.
Омонимы, как правило, приводятся в отдельных словарных статьях, а многозначные слова – в одной, с последующим выделением нескольких значений слова, которые даются пол номерами. Однако в разных словарях порой одни и те же слова представляются по-разному.
Так, в «Словаре русского языка» С. И. Ожегова слова положить – 'поместить что-либо, где-либо, куда- либо' и положить –.'решить, постановить' даются как омонимы, а в «Словаре современного русского языка» (МАС) – как многозначные. Таково же расхождение и в толковании других слов: долг – 'обязанность' и долг – 'взятое взаймы'; лад – 'согласие, мир' и лад – 'строй музыкального произведения', славный – 'пользующийся славой' и славный – 'очень хороший, симпатичный'.
Поэты используют омонимические рифмы, которые нередко придают стихотворению особую занимательность: Вы, щенки! За мной ступайте!
Будет вам по калачу,
Да смотрите ж, не болтайте, А не то поколочу! (П.).
Снег сказал:
Станет речка голубей,
Потечет, качая стаю
Отраженных голубей (Козл.).
Это четверостишье напоминает полемику о слове трогать в эпоху Карамзина.
Дорога до Ялты
будто роман:
всё время
надо крутить. (от просторечного “крутить любовь”).
Зачастую каламбур рождается при использовании чистого омонима:
Чтобы суше пяткам -
пол
стелется,
извиняюсь за выражение,
пробковым матом.
Ещё одно нововведение - подмена части фразеологизма:
В этой теме,
и личной,
и мелкой,
перепетой не раз
и не пять. . .
Здесь Винокур выделяет несколько случаев: употребление изолированных именительных падежей (чаще поэт употребляет их несколько подряд, с опредедениями и без них, но обязательно без глаголов
Итак, слова, охарактеризованные как смежные с омонимией явления, совпадают либо только в звучании (омофоны), либо только на письме (омографы), либо и в звучании, и на письме, но лишь в отдельных формах (омоформы).В художественных произведениях, особенно в поэзии, омонимия и смежные с ней явления зачастую используются как средство языковой игры для создания особой выразительности текста (ср.: У которых есть, что есть, — уже подчас не могут есть… (Р. Бернс, пер. С. Я. Маршака)). Намеренное столкновение омонимичных слов также является одним из средств создания рекламного текста: Праздник вкуса (в этой рекламе продуктов питания вкус имеет значение ‘свойство пищи’, но при этом контекст допускает и значение ‘чувство изящного, красивого’).
Однако процесс этот далеко не активный и не последовательный в лексической системе современного русского языка. Наряду с фактами устранения омонимии наблюдается появление новых омонимов, омофонов и омографов, что имеет определенную языковую ценность и не может поэтому рассматриваться как явление отрицательное, которому язык сам «чинит препятствия».
Литература
1.О. С. Ахмановой.«Словарь омонимов русского языка», М. 1974
2.О. С. Ахманова. Фонология, Морфонология, Морфология. М., 1966, стр.
3.О. С. Ахманова. «Вопрос о языковой «картине мира» и проблема омонимии», 1968.
4.О. С. Ахманова «Очерках по общей и русской лексикологии», М. 1980
УДК 413.2: 484
СТИЛИСТИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА УПОТРЕБЛЯЕМЫЕ В УЗКИХ СФЕРАХ ПРИМЕНЕНИЯ ЯЗЫКА
Байдулаева С.С.
Международный гуманитарно-технический университет, Шымкент, Қазақстан
Түйін
Бұл мақалада стилистикадағы сөз нормасын пайдалану жөнінде қарастырылған
.
Summary
This article is about norms a word of the use in stylistic
Стиль языка – это совокупность языковых особенностей – лексических, грамматических, фонетических, предающих речи определенную окрашенность,делающую ее разговорной, научной, деловой и т.д.Со стилистической точки зрения всю общенародную русскую лексику(кроме слов диалектных, узкоспециальных) можно разбить на три большие группы :
1. Лексика нейтральная ( межстилевая);
2. Лексика устной речи;
3. Лексика письменной речи.
Языковые средства, используемые при созданий того или иного стиля, делится на две стилистические группы: на средства, употребляемые в русских сферах применения языка, и на средства, отражающие отношения к самим словам.
К стилистическим средствам, которые употребляются в узких сферах применения языка, относятся: историзмы, диалектизмы, просторечия, жаргонизмы, профессионализмы, т.е. территориально и социально-ограниченные языковые средства. Их стилистическая роль заключается в приданий речи местного (диалектного) или профессионально-производственного колорита.
В толковых словарях русского языка многие слова снабжены так называемыми стилистическими пометами: книжн. ( книжное слово), высок. (слово, относящее к высокой лексике), офиц. ( официальное), разг. (разговорное), прост. (просторечное) и др. Но большинство слов в любом толковом словаре не имеют стилистических помет. Это и есть нейтральные, межстилевые слова: человек, головы, дерево, стол, часы, улицы, хороший, новый, московский, легко, весело, просто, я, мой, наш, восемь, сто и т.д.
Нейтральной лексика называется потому, что лишена особой стилистической окраски.
Стилистически нейтральные слова составляют большую часть общенародной лексики. Сюда относятся большинство существительных: окно, стол, день, работа, радио, телевизор, лекция, театр, любовь и .р. прилагательных:
глубокий, южный, прямой, интересный, русский, бумажный, огромный и др.
глаголы : работать, улыбаться, ненавидеть, ездить, ходить, организовывать, терпеть, знать и др. наречия: весело, ясно, очень, по-нашему, втроем, слегка, и др.
местоимений: я, ты, он, мы, наш, свой, кто, что, этот и др.
служебных слов (предлогов, союзов, частиц): в, на, по, без, и, а, но, если, бы, же, ведь и др.
К межстилевым словам относятся все числительные.
Только междометий не бывают межстилевыми словами ( т.к. есть такие стили, где междометия не встречаются, например научный стиль, официально-деловой стиль.)
Нейтральная лексика – необходимая основа словарного состава языка.
Лексика устной речи.
К лексики устной речи относятся слова, характерные для устных разновидностей языка, прежде всего для непринужденного разговора. Эти слова не употребляются в научном стиле, деловых бумагах, официальных документах и т.д. Лексика устной речи не однородна. Эту группу делят на
- Лексику разговорную
- Лексику просторечную.
К разговорной лексике относятся слова , придающие речи оттенок неофициальности, непринужденности, но не грубое.
Разговорная лексика не выходит за пределы лексики литературного языка.
Лексика просторечная выходит за пределы строго нормированной литературной речи ( эти слова отличаются грубыми выражениями, бранным характером) они не рекомендуются к употреблению в речи культурных людей, в научной и технической литературе. Собственно просторечная лексика называемая также простонародной, напоминает диалектную и отличается от последний, что областные слова закреплены за определенной территорией, а просторечные употребляются в разных областях России ( и в городе, и в деревне).
К лексике письменной речи относятся слова, употребляющиеся преимущественно в письменных разновидностях литературного языка, в научных статьях, учебниках, деловых бумагах, в официальных документах, - и не употребляющих ( или редко употребляющихся) в непринужденных беседах, в повседневной бытовой речи. Язык художественной литературы письменной речи.
В научном стиле значительную роль играет специальная лексика, или терминология состоящая из терминов, слов с точно определенным значением. В каждой отрасли науки есть свои термины, например: синус, косинус, тангенс, спряжения, (грамматические термины) и т.д. Главное в научных трудах - это точное выражение мысли, поэтому эмоциональная лексика здесь встречается значительно редко.
В научном стиле широко употребляется сложноподчиненые предложения, вводные слова, указывающие на порядок мысли и др. позволяющие точно и ясно выразить мысль.
В газетах и журнальных статьях, в выступлениях на общественно-политические темы ( это публицистический стиль), естественно, большое место занимает общественно-политическая лексика, например: государство, демократия, референдум, реформа, депутат, мобилизовать, массы, активный и многие др. В публицистике широко используют слова и обороты, окрашенные эмоциями торжественности, сочувствия, иронии, негодования и т.д.
Употребляется всякого рода фразеологические сочетания, пословицы, поговорки, междометия, восклицательные и вопросительные предложения, обращения.
К лексике официально-деловой стиль ( деловой и официальный) – это стиль постановлений протоколов, заявлений и др. документов.
К лексике официальной относиться сравнительно небольшое количество слов и словосочетаний, употребляющихся главным образом в официальных документах, например: начисление, начет, место пребывания, соискание, надлежит, место нахождения, невостребованный, полномочный представитель, вынести постановление, считать недействительным, во исполнения решения.
Однако то или иное слово к тому или иному стилю, нужно помнить, что разное значение слова могут относится к разным стилистическим группам лексики. Например, слова тряпка, осел, ворона, свинья, щенок, скот, бревно, мешок и др. в прямом смысле относятся к лексике нейтральной. В некоторых переносных значениях эти слова имеют разговорную или просторечную окраску: тряпка (безвольный, вялый человек), осел,( глупый человек) и т.п.
Стиль художественной литературы занимает особое место в литературном языке. В художественном произведении слова не только несет определенную информацию ( сообщает о чем – то) но и служит для эстетического воздействия на читателя при помощи художественных образов. Чем ярче правдивее образ, тем сильнее он воздействует на читателя. Выбирая единственно необходимое в каждом случае слово, писатели создают яркие и запоминающиеся образы родной природы и народной жизни рисуют духовный мир своих героев, передают их речь во всем ее своеобразии.
В своих произведениях писатели их отображают различные исторические эпохи, героями художественных произведений могут быть представители разных классов и социальных групп, действия может развертываться в самых разных местах нашей страны и за рубежом. Поэтому для реалистического воспроизведения действительности, для того, чтобы создать правдивые, речевые характеристики героев, вызвать у читателя более точные представления об определенной исторической эпохи, о том месте, где развивается действие писатели используют, когда это нужно, не только слова и формы литературного языка, но и устаревшие, диалектные, научные и просторечные.
Литература
1.О. Галаева «Русский язык» справочник школьника М. 1995 г.,Филологическое общество «Слово», ТКО АСТ., С. 433-438.
2. В.Ф. Греков «Пособие для занятия по русскому языку» М.«Просвещение» 1987 г., С. 18-23.
3.В.В. Бабайцева. «Русский язык – теория». М. «Просвещение» С. 160-165.
ӘОЖ:35:Б-12
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бабашева Д.Р.
№ 74 негізгі орта мектебі, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Экологические проблемы и воспитание учащихся на уроках географии
Summary
Ecologic problems and education of students at Geography lessons
Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқарас пен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, оқушылардың білім сапасын жетілдіруді талап етуде. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін халқымыздың озық дәстүрлерімен байланыстырып, ұлттық негізде тәрбиелеуге баса назар аударылып келеді.Ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, экологиялық, отаншылдық, эстетикалық бағытта тәрбиелеу қажеттілігі айқындалуда [1].
Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын суюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды да, қадірменді парызы" деген сөздері жалпы білім беретін мектептердің жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы мақсаттарымен сабақтасып жатыр.
Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы табиғи қорларға бай ел, олай болса, қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғаттың аялайтын ұрпақ тәрбиесі мен біліміне көбірек көңіл бөлу қазіргі өмір талабы. Дүние жүзіндегі барлық халыққа деген сүиіспеншілік пен құрмет сезімін, олар атқарып жатқан ұлы істерге белсене араласу үшін туған елге деген патриоттық сезімде тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау сезімін дамытумен тікелей байланысты». Жалпы білім беретін мектептегі география пәндері бойынша сабақ беру оқытудың әдіс-тәсілдері кунделікті өмірдегі талапқа сай жаңаша болуды қажет етеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, әрбір тақырыпқа және әр сынып оқушыларының жас шамасына қарай физиологиялық талапқа сай жүргізіледі.Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
«XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық кезеңнен тұрақты даму парадигмасына ойысып барады. Осы жаңа бағыттағы тенденциялар, жаңа концепциялардың мәні де, мақсаты да адамның экологиялық санасын, мінез-құлқын, табиғатпен қарым-қатынасын жақсарту, яғни жалпы адамзат ізгілігінің құндылығын биік деңгейге жеткізу», - [2].
Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, Қазақстанның эколог-педагог ғалымдары экологиялық білім, экологиялық тәрбие мәселелерімен шұғылданып, бұл жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге атсалысуда.
Атап айтқанда: Н.Сарыбеков, Ә.Бейсенова, М.Сарыбеков, Ж.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Танабаев, С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалұлы, Д.Сарыбеков, К.Бұзаубақова, Г.Құрманбаева, А.Болтаев, С.Тілеубергенов, Д.Жангельдина, Н.Т.Есеналина, К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды. «Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқарманың негізгі мақсаты мен міндеті - облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын үйлестіру, «Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі» заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау» - [3].
Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - оқытушының міндеті. Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру отыру шарт. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр. Экологиялық тәрбиені мынадай топшаларға бөлуімізге болады. Мысалы, ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану; мектеп оқушылары тал егу шаруашылықтарына ұдайы көмек көрсетіп отырулары шарт. Оқушылардың басты атқаратын жұмыстарының түрлері: көшеттерді өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен қорғау; қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау; оқушылардың тәжірибе жұмыстармен айналысуларына жағдай жасау; оқушылардың табиғатқа зиян келтіретін жәндіктермен күресуі; экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылуы тиіс.
Ол жерде дәріс-баяндар оқылады; жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады; экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру болып табылады. Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіре түседі. Сонымен қатар ауыл маңайындағы өсімдіктер, жан-жануар, құстар және олардың қорғау шараларына негізделген экологиялық үйірменің жылдық жоспарын құру да табиғатты қорғау шараларын жақсартады.
Әдебиеттер
1.Окружающая среда и мир на планете. - М: Наука, 1986.
2.Дотта Л. Планета земля в опасности. - М: Мир, 1988.
3.Демешев М .Я. Пока не поздно. - М: Молодая гвардия, 1991.
ӘОЖ:30:Б-18
ОРАЛХАН БӨКЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ОБРАЗЫНЫҢ БЕРІЛУІ
Берентаева А.К., Қожабекова Р.Т.
ӘАИУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Описания портретов в произведениях Оралхана Бокея
Summary
Descriptions of portraits in works of Oralkhan Bokey
Қаламгер Оралхан Бөкеев өзінің сан алуан жазған шығармаларында кейіпкерлерінің ішкі жан-иірімдерін шебер сомдаған жазушы. Әрбір кейіпкерінің ішкі түйсігін бере білу тұрғысында қаламгер-жазушының қаламы да шыңдала түсіп, еселенді. Жазушы-қаламгер Оралхан Бөкеевтің барлық кейіпкерлерінің ішкі иірімдерінің жан-жақты ашылуымен шығарма желісі тартысты, қызықты құрылған. Былайша айтқанда, жазушының барлық кейіпкерлерінің «бағы ашылған». Сондай бір кейіпкер жазушының «Атау керек» повесіндегі Нүрке кемпір образы. Нүрке кемпір образы рагедиялық тұлға. Алғаш оқыған сәтте повестің бас кейіпкері - Ерік пен Айна сияқты болғанымен, бүкіл оқиға желісі Қандауыр мен Нүрке кемпірден бастау алады. Жазушы Нүрке кемпір бейнесін бұралаңы көп тағдыр иесі ретінде суреттеуімен биікке шығара алған. Автор осындай тағдырдың талқысында жүрген Нүрке кемпір мен Айнадан ерекше бітімді әйел бейнесін жасады. Қаламгер өзі сомдаған кейіпкерінің басындағы қыруар оқиға, құбылысты ең алдымен, өз жүрегінен өткізеді. Повестегі Нүрке кемпір образын ашуда қаламгер оны қоршаған басқа да кейіпкерлермен сабақтастырып берген. Бұл да жазушының өзіндік жазу стилі.
Бұл тұрғыдағы жазушының ең басты ерекшелігі – ер мен әйел адамның табиғи жаратылыстарының егіз, бірінсіз-бірі құны болмайтындығын шебер жазады. Жазушының жазғандары өзара тарихпен астасып жатыр. Сол тарихи шындықты қаламгер әсем астастырып, әдебиетпен байланыстырып, бере білген. «Адам ата - Тәурат, Інжіл, Забур секілді діни кітаптар және Құран дерегі бойынша Аллаһ Тағала өз құдіретімен жаратқан ең алғашқы адамның аты. Тәуратта адамзаттың түпкі бабасының неден жаралғанын таратып айтпай, «топырақтан жаралғансың, топыраққа қайта айналарсың» (Тәурат, 3,19) деп қысқа ғана қайырады. Адам ата мен Хауа ана туралы аңыз-хикая жеті миллиард адамзаттың жартысына қатысты. Иудаизм, христиан, ислам діндерінде Адам ата мен Хауа ана туралы әңгімелер құлаққа әбден сіңісті болған», - [1].
Адам ата мен Хауа ана туралы аңыз-әпсанадағыдай, ең бастысы, әйел мен ер азаматты табиғи жаратылысы егіз, бірінсіз-бірі құнсыз болатын жарасымдылық ұғымында алып суреттеуінде. Уақыт өте келе, ол үйлесім отбасынан бастау алып, дамып, кең қанат жаяды. Қаламгер жазушы үшін әйел ұғымы асыл әже, аяулы ана, қамқор апа, сүйкімді қарындас секілді образдармен сипатталады. Өз тұрғыластары заман талап еткен теңдікке жеткен әйел образын сомдағанда, жазушы тек қана әйел затының болмысына ғана тән мәңгілік құнды қасиеттерді зерттеп-зерделеуге бар күшін салған. Бұл жөнінде шығармада жазушы өзіндік жазу стилін толық қалыптастырған.
Осы жерде әйел затына байланысты «жаны сірі» деген сөз қолданылған. «Жаны сірі» деген сөз туралы белгілі ғалым Н.Уәлиев былай деген: «Халық тілінде байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз орамдарының (мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны сірі» сөздердің небір шоғырлары алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады», - [2,115] деуі тұрақты тіркес құрамында бүгінгі күнде тарих қойнауына озған сөздердің кездесуінен де көруге болады. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны сірі» сөздердің шоғыры, мақал-мәтел, фразеологизмдерді көркем шығармалардан молынан кездестіреміз», - [2,115]. Мысалы,
«Айтып-айтпай не керек, Ерік әдемі еді ғой: қара торы, сұңғақ, бәрінен де көзі - азиялық әлпетіңе ойда жоқта орналасқан европалық көгілдір тартқан көзі мен қара бұйра шашы... Екеуі қолтықтасып қатар келе жатқанда, көлде жүзген аққудай аса жарасатын, дос-жарандарының бәрі қызыға да қызғана қарайтын», - [3,85].
Әйел мен ер-азаматтың өзара жарасымы мен бір-біріне деген мейірбан қамқорлығы ғана олардың адами болмысын қалыптастырып, өмірді мәнді ететіндігін қаламгер түрлі тұрғыдан талдап, жазған. Мысалы, үнемі ерінің өзіне деген назарын күте-күте жалығып, көңілін аудару үшін түрлі мінез ауытқуларын бастан кешірген Айна еңсесі биік ер-азаматтық қасиетті аңсайды. Мысалы,
«Айна ғұмыры жеткенше жылқы баққан жылқышының қызы еді. Бүкіл балалығы, қырмызыдай боп бой жеткен шағы жаз-жайлауда өтті. Сондықтан ба, қылтың-сылтыңы жоқ, біртоға еді. Қыста әкесі мұртына мұз қатып, тым алысқа, тау-таудың бауырына жылқы тебіндетіп кетер еді де, ауылдағы үйінде шешесі екеуі ғана қалатын. Баладан жалғыз, ермек етер, ербең етер ешкім жоқ болған соң, ертеңді-кеш айналсоқтап анасының жанынан шықпайтын. Студенттік өмірінің ішінде, әсіресе, есінде қалғаны - үнемі бір ой үстінде жүретін, қара бұйра шашты, кірпіктері қолмен қондырғандай аспирант еді. Онымен жалғыз-ақ рет жолықты, өмір бойы есінде қалды - есінде елес қана болып қалды, әйтпесе түр-түсін, аты-жөнін баяғыда ұмытқан. Кей кезде, ғажап, түсіне кіреді: аппақ тұманның арасында адасып жүргендей, бұл жақындаған сайын алыстап, қаздай қалқып, үйректей жүзіп, мәңгі шексіздікке жылыстап баратын-ды...
Жарық дүниедегі ең сұмдық – көңілдің түпсіз тереңіне сақтаған
сыр-сандығының қақпағын байқаусызда ашып алу десек, ондай жан адамға, әке-шеше, жан-жарыңа да жария етпес құлыптаулы құпияның болары табиғи. Әлемде бірде-бір адамның толық сыры ашылмай, арғы дүниеге аттанады. Ол күнә емес. Адамдықтың асыл қасиеттерінің бірі. Мынау іргесінде кәперсіз ұйқтап жатқан Еріктің ішіне кім кіріп шығыпты?!
Шіркін-ай, тал бойыңа біткен осыншалық сұлулықты сұп-суық
мінезіңмен қор қылдың-ау... Ажарың бар, ашуың жоқ. Сондықтан да бір-бірімізден жеріп барамыз.
Оған кім кінәлы? - деді самаурынға шоқ салып тұрған Айна.
Осы маған тағылған кінәның барлығын өзіңе қайырсам қайтесің... Осы
менен күткен мінез-құлықты, қылықты өзіңнен іздеп, көксемейді деп ойлайсың ба?
Енді Ерік тосырқап қалды.
Соңғы кезде, - деді Айна мейлінше жайбарақат қалыпта, - сенің де бір
нәрсеге басың қатып, сенделіп жүргеніңді сезбейді дейсің бе? Менің сұлулығымды сусындап тауысқандай, тіпті бұл өмірде бар-жоғыммен де санаспай сансырайсың, өз-өзіңнен сандалып шаршайсың. Неге? «Сыйларға тілің жоқ болса да, сипарға қолың жоқ па?» - деп, апам айтып отырушы еді...
Ой, өзің шешен екенсің ғой. Айта түс. Образың жаңа ғана ашылып
келеді...
Айта түс деп айтақтамай-ақ қой, Аламойнақ емеспін. Шырынымды сорып тауысқан екенсің, қиналма да қинама, апарып таста ауылға.
Жағымсымай-ақ қой, оттығы онсыз да аузы-мұрнынан шығып тұр.
Екеу арасындағы айтыс созалаңдап барып, жарасымды әзілге ойыса бастаған. Расында да, тоң-торыс күйдің тоңы жібігендей, жүздеріне жылу жүгіріп, бітеу жараның аузы ашылғандай болып еді», - [3,131].
Бұрыннан қалыптасқан тұрақты тіркестер «...халықтың атам заманғы өмір-тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын «алтын арқау»; олар - рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден-бір кепілі. Бұл қазына-байлықтан айырылған этникалық қауым - өзінің өткен өмірінен айырылды деген сөз, ондай қауымның болашағы да жоқ. Тұрақты тіркестер тарих пен өткен уақыттың табын бойында сақтаған рухани шежіре. Оны жылдар елегінен бүгінгі күнге келіп жеткен тұрақты тіркестердің бойында өз заманының табы сақталатындығы даусыз», - [2,7].
Қаламгер-жазушы өз шығармаларында әйел образын жасауда ер-азаматтың бет-бейнесін сабақтастыра алып отырады. Оның ұғымында «ер адам намысты, әйелден бір саты қандай да бір қасиетімен жоғары тұрғанда ғана өмірде үйлесімділік болады» дейтін ойды емеуірінмен білдіреді. Кездейсоқ қана кездескен аз ғана уақытта әйел жүрегіне сәулелі шуақ қалдыра білген Таған бейнесі арқылы қаламгер әйел жанының қаншалықты мықты болса, соншалықты нәзік екендігін көрсетеді және әйел затының жаратылысының ер-азаматтарапынан ұдайы мейірім мен қамқорлықты күтетіндігін шебер аңғартып өткен. Қарымды қаламгер жазушы Оралхан Бөкеев жоғарыда айтқандай адамның ішкі жан-дүниесі мен ішкі иірімдерінің білгірі. Мысалы, «Бұқтырманың сарынына құлақ түргендей жайбарақат та меңіреу. «Дегенмен, мықты, діні берік жігіт, - деп ойлады Қандауыр.
Әйтпесе мені жекпе-жекке шақырар ма еді. Тек арам болып жүрмесін.
Тамырын басып көрейін».
Жолдас бастық, менде не ақыңыз бар? Ұзында - өш, қысқада -кегіңіз жоқ еді ғой. Жолыңызға көлденең тұрған жерім бар ма еді. Тіпті бір-бірімізді жыға танымаймыз да ғой», -[3,200].
Ол қарапайым адамдардың жүрек-жарды арман, тілектерінің бүкіл өмір жолында сан-қилы себеппен өзгеріп, не бақытқа не бақытсыздыққа әкеп соғатын арналарын табиғи қарапайым тілмен шебер бере білген жазушы. Повесть те осындай азаматтық мәселелерді көтеруімен құнды. Оралханның қолтаңбалық туындыларынан-ақ («Үркер», «Атау кере», «Қайдасың қасқа құлыным», «Қамшігер») ешкімге ұқсамайтын өзіндік сөз саптауын, тәкәппар мінезін, ұқыр қиялы мен зейіні өзінің оқырмандарын бірден өзіне баурап алатындығымен ерекшеленеді. Қаламгердің ой мен сезімді, пайым мен парасатты қатар сабақтастырып өрген туындылары оқырманды бірде тұңғиық терең ойға жетелесе, енді бірде асқақтыққа, өршіл рухтыққа тартып, кең тынысты, айрықша болып шығатын. Дана қазақ әр нәрсенің өзінің қайыры бар, демекші, Жазушы Оралхан Бөкеев табиғат берген зерде, зейіні, пайым-парасаты, әдебиетке, мәдениетке, сөз өнеріне деген құштарлығының арқасында ерек болып өседі. Қаламгердің сөз өнеріне деген құштарлығы журналистика факультетіне алып келген. Оның шығармаларындағы сөйлемдердің мәні құнды. Мысалы,
Сіздің орныңызда болмағаныма қуанамын.
Қуансаң - сол. Сенен гөрі менің бас бостандығым жоқ.
Жетектесе жүрем, айтақтаса - үрем. Әйтпесе бұл қазақтың бөлісе алмай жатқан несі бар?
Тек жығылдым деп кек сақтамасаңыз, әйелім мен баламды есен-сау босатсаңыз
болды, мен-ақ халық жауы болайын, бір үйден - бір жау жетер.
Менің саған жасар жақсылығым - жалғыз. Сөз жоқ, семьяңды үйіңе
қайтарамын. Өзің білесің, бұл жер - шекара ауданы, сондықтан көп тергеп, тексермей «арғы бетке қашпақ болды» дегенді желеу етіп атып тастауға құқылымыз. Халық жауларын төменге айдағанда, Бұқтырма үстіндегі ағаш көпірден өтесіңдер. Қапы қалма... және бұл сырды тісіңнен шығарма...
Қандауырдың маңдайынан сұп-суық тер шықты. Шолақ қол тапаншасын
тағынып, кителін киіп, үсті-басын түзеді. - Мә, бастығын тастай зытқан қорқақ иттің мылтығын мойныңа асып ал, - деп, бесатарды Қандауырға ұсынды.
Жүр, кеттік. Әттең, қазақтардың барлығы сендей болса ғой... Онда айдағанға
жүрмес ек, айтақтағанға үрмес ек...
Қылмыс деп ешкім қолымнан қаққан емес. Дегенмен, қамалып жатқандардың барлығы сүттен ақ, судан таза екеніне кім кепілдік бере алады. Адамның ішіне кім кіріп шыққан, ішінде ит өліп жатқандары бар. Солардан тазарту керек, санасын сауықтыру керек. Бүгін мүләйімсіп жүргенімен, күндердің күні жалын күдірейтіп шыға келеді», - [3,204].
Қаламгер өзінің бір сұхбатында «мені әдебиетке әкелген журналистика» деп мәлімдеген. Университеттің алдыңғы курстарынан бастап-ақ өзінің сөз қнеріне деген құштарлығын білдірген қаламгер екінші курстан бастап-ақ аудандық басылымдарға шағын әңгімелер, очеректер жаза бастаған. Осылайша, қаламгер Оралхан Бөкеевтің журналистік қарым-қабілеті барынша ашылған. Мерзімді басылымдарда жиі-жиі жарияланған очерк-эсселер қазақ әдебиетіне өзіңдік өрнегі мен мүлдем бөлек жазу мәнері бар балаң қаламгердің келе жатқанынан хабар берген-ді. Белгілі қаламгердің өзі де «Егер мен сол алғашқы жарияланған суреттеме, очеректерімді жазбаған болсам, бұндай үлкен шеберлік мектебінен өте алмас едім» деп мәлімдеген сұхбатында. Жазушы өз заманындағы қарапайым, еңбек пен бейнетке пісіп, көндікке ауыл адамдар туралы көп жазған еді. Мысалы, «Қайдасың қасқа құлынымдағы» Орал, «Өлірадағы» Қойшы, «Елең-алаңдағы» Зарлық, «Құм мінезіндегі» Бархан, «Мұзтаудағы» Ақтан, «Өз отанды өшірмедегі» Дархан, «Сайтан көпірдегі» Аспан күнде араласып-құраласып жүрген қарапайым ауыл адамдары, замандастарымыз. Жазушы шығармашылығының ең басты жеңісі мен жемісі - қаламгердің кейіпкерлері мен ондағы ауыл адамдары замандастары бейнесін оқырманнның ешқандай жазушының кейіпкерлерімен шатастырмай, бірден танитындығында. Бұдан шығатын қорытынды, қаламгер Оралхан Бөкеевтің шығармаларының оқырман қауымға соншалықты жақындығында, оқырманмен етене арасас-құралас болып кететіндігінде, жазушы туындыларының жазылу тілінің қарапайымдылығында жатыр.
Мысалы, «Кім сендерге пысықсып далаға шығар деген?! - деп айғай салды. Ала жаздай аман-есен үйде отырғанда, астынан су шыққандай жылы орнынан қозғап... ісім сендермен болсын!
Төбеге телміріп жатқан кемпір айғайды құлағы шалды білем, ұлының ұрысына нәумез болды білем, ендігі сәтте Ерікті көздей бағжия қараған. Сұп-суық жанары өңменінен өтердей қорқынышты еді, адам танымастай ісініп өзгеріп кеткен шешесінің оқтаулы көзінен жасқана шегініп: «Әне, тағы да мені айыптап жатыр», - деп, күңкілдеген күйі үйден шыға жөнелді».
Қаламгер Оралхан Бөкеев өз кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесіне, олардың ішкі сезім, арпалыстарына, кеуде сарайындағы адамның ішкі ойымен арпалысып жататын нәзік иірімдерге бар жан-дүниесімен үңілетін қарымды қаламгер. Ол жазу өрнектері қаламгердің бар шығармаларында орын алған. Кез-келген шығармасын оқыған оқырман оның өзіндік сөз саптау үлгісі мен үрдісін жақсы біледі. Оралханның әр шығармасындағы сөз саптаулары соны, тың, жаңа, сөйлемдер бірін-бірі қайталамайды. Яғни, жай сөйлем мен тұрақты тіркес өзара бір-бірімен үндестік тауып отырады. Мысалы: «Жыланның жусағанын білетін білімің қарапайым нәстені түсінуге жетпей қалады екен. Шал-менің ата жауым. Ал сен менің дәмімді аттап, сол «жаумен» ауыз жаласасың. Осы есіргенің жетер, есін барда еліңді тап», - [3,8] деген сөйлемде бір емес екі мақалды бір сөйлемге сиыстырып, біріншіден, күрделі сөйлем жасап, екіншіден сөйлемнің мәні мен мазмұнын арттырып тұр.
Ал келесі берілген сөйлемде, сөйлемнің бірінші құрамында тұрақты тіркес болатын болса, екінші құрамын қаламгер өзі сәйкестендіріп, ұқсатып құрағаны жазушы шеберлігін көрсетеді. Мысалы: «Есектің еті арам, күші адал» дейді екен қазақтар, ендеше, ара жазғанның тартқаны - бал, шаққаны - у», - [3,8] деген ойдың санасына орала кеткеніне насаттанғандай атқа қонды. Қаламгердің шығармашылық өсу кезеңіндегі толысқаны, 1984 жылғы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» атты кітабына енген шығармаларынан да байқаймыз. Аталған шығармаларында қаламгер өз заманының үнін, замандастары, тұрғыластары, қатарластары туралы терең, жан тебірентерлік толғаныстарға барып, барып қана қоймай, үңіліп, адам - атты жұмбақ әлемнің ішкі қалтарыстарындағы жықпыл-жыраларын ашуға ұмтылады. Осындай ерен ізденістің берген нәтижесі де оң болды, қаламгер Оралхан Бөкеев осы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл сыйлық - қаламгер Оралхан Бөкеевтің шығармашылығының лайықты бағасы екендігіне дау болмаса керек-ті.
Әдебиеттер
1.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: ДПС, 2011. - ЫСБН 978-601-7026-17-2
2.Уәлиев Н.М. Фразеология және тілдік норма. - Алматы: РБК. 1999. - 120 б.
3.Бөкеев О. Ұйқым келмейді: Повесть, әңгімелер. - Алматы: Жалын,1990. - 560 б.
ӘОЖ:32:Б-8
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДА БЕРІЛУІ
Базарова Ж.Б., Қожабекова Р.Т.
ӘАИУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Подача устойчивых словосочетаний в поэзии жырау
Summary
Ways of giving of set expressions in poets’ works
Тіл білімінде тұрақты тіркес саласын жеке пән ретінде зерттеп, қалыптастырып, оның зерттеу нысаналарын айқындап, теориялық тұжырымдар жасап, қомақты еңбектер жазған академиктер І.Кеңесбаев пен Ә.Қайдар, С.Сәтенова, Г.Смағұлова, Н.Уәлиев, т.б. еңбектерін айтуға болады. Тұрақты тіркестерді құрылымдық тұрғыдан зерттеу кезінде оның құрамындағы сөздердің мағынасын ашу, түп нұсқалық талдау жасау, варианттарын көрсету, синонимдік қатарын анықтау тәрізді мәселелерді Г.Смағұлова, лексика-фразеологиялық жүйедегі бірліктерді Ж.Манкеева және т.б. ғалымдар зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарастыра отырып, ғылымға өзіндік жаңалықтарын ала келді. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түспегендіктен: тұрақты тіркес, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық орам, фразеологиялық тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жүр.
«Қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестер мен тұрақты тіркестер деген атаулардың ажыратылмай, бірінің де орнына бірі қолданылуы өте шартты, шын мәнінде бұл екеуі бір емес, тұрақты тіркес деген ұғымның шеңбері әлдеқайда кең, ал фразеологиялық тіркестер соның бір бөлегі ғана, оған фразеологиядан басқа сөз болып отырған атаулық тіркестер (көр тышқан, алты бақан, бас бармақ, ат дорба, жарыс сөз, күн тәртібі, темір жол, жер шары, еңбек кітапшасы, Арал теңізі, Алматы қаласы, Қиыр Шығыс т.б) де енсе керек», - [1,72].
Профессор С.Исаевтың айтуы бойынша тұрақты тіркестің ұғымы өте кең. Оған атаулық тіркестер, фразеология, мақал-мәтел, қасаң сөз және т.б. сөйлеу барысында даяр қалпында қолданылып, тұрақтылық сипат алған тілдік бірліктерді жатқызуға болатынын көреміз. Ақын не жазушы қаламы тұрақты тіркестерді тілдік қолданыстағыдай өзгертпестен жұмсауы да, белгілі бір мақсатқа орай құрылым-құрылысын, мағынсын жаңғырта қолдануы да мүмкін. Қазір жаңғыртудың өзі екі түрлі болып келеді. Оның біріншісі, - жалпытілдік қолданысқа тән түрлендірулер де, екіншісі тек жазушы қаламына тән түрлендірулер.
Тұрақты тіркестер бейне жасауда, қоғам, табиғат көріністерін бейнелі, көркем суреттеуде, адамның психологиялық жағдайын көрсетуде, ішкі сезімін суреттеуде бірден-бір дайын құрал болып табылады.
Көркемсөз шеберлері тұрақты тіркестерді көркемдік тәмсілдерінің айшықты құралы ретінде қолданады:
Тұрақты тіркестерді семантикасы мен құрылымын еш өзгертпей, сол күйінде қолданылу - бұл узуалдық қолданысқа жатады;
Тұрақты тіркестерді семантикасы мен құрылымын өзгертіп, өңдеп, яғни трансформацияланған күйінде - бұл окказионалды қолданыс түрі.
Көркем шығарма авторлары фразеологиялық тұлғаларды әлдебір идеялық мақсатпен, образды ситуацияны жан-жақты ашуда көбірек қолданатын тәсіл – окказионал қолданыстағы фразеологизмдер [2,72].
Осы жайында зерттеуші С.Сәтенова: «Фразеологизмдердің структуралық-семантикалық тұрғыдан өңделіп берілуі, ақын-жазушылар тарапынан көркемдеу, зерлеу, трансформациялау арқылы белгілі бір ойға назар аудару тәрізді қажеттіліктен туған құбылыс. Тұрақты сөз оралымдарының құрамындағы сөздердің ықшамдалуының басқа сөздермен ауыстырылып берілуі, яғни контаминациялануының өзіндік себептері, түпкі мақсаттары бар» [3,86].
Тұрақты тіркестерді авторлық мақсатқа сай қолданылу құбылысы, яғни тұрақты тіркестердің әртүрлі стилистикалық тәсілдер арқылы трансформацияланып, мағыналық және құрылымдық жағынан өзгеріске ұшырап қоолданылуда зерттеушілер Ә.Қайдар, Т.Қоңыров, Н.Уәлиұлы, М.Бекбаева, Е.Бектұрғанов және т.б. еңбектерінде талданған. Адамның көңіл-күйіне, жан дүниесіне қатысты тіркестерді тірек сөз ретінде қолданған жырлаушылар құбылтып, көңіл-күйді мәнді, әсерлі беру үшін соны тіркестер жасаған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан. Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халық, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясында жыршы-ақынның дүниетанымы, сыртқы ортаны, өмір құбылыстарын елестетуі мен сезінуі, өзіндік ой жүйесі образды сөздің қуатымен бірге өрнектеледі. Эпикалық шығармаға поэтикалық тіл қызмет етеді. Поэтикалық тіл ақынның жан тебіренісін, биік сезімін жарыққа шығарады. Өлең мәтінінің алғашқы ұшырасуда көзге көрінетіні оның ұйқасы мен формасы. В.Г.Белинскийдің айтуынша, «Сөз - ойдың көрінісі», яғни ойдың киімі - сөз. Автор толғанысы мен ой түйінін қандай сөзге орады, қандай сөзді таңдап, талғап алды? Ойды қалай өреді? Бұл өлеңнің алғашқы қалпында көзге ұшырасады. Өлеңнің графикалық формасы көркем шығарманың бейтарап қалпы сияқтанғанымен, мәтінді визуалды қабылдауда, белгілі бір дәрежеде, алғашқы әсерді қалыптастырады. Сондықтан көркем шығарманы талдаудағы көрнекі құралдың бірі көркем мәтіннің өзі болып табылады.
Өлеңнің дискурстық формасы оқушының көркем шығарманы көркем қабылдауын ұйымдастыру міндетіне қызмет етеді. Көркем қабылдауды ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдері бар. Соның бастысы – өлеңді мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу көркем мәтінді аудиалды қабылдаудың тетігі. Көркем мәтіннің болмысына терең бойлап, жете меңгермейінше оны сөйлету қиын. Өлеңдегі әр сөз, бунақ белгілі ой ағымын ұсынады. Оны дәл сол мәнінде тиісті ырғағымен оқу үлкен шеберлікті талап етеді. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында классикалық әдістердің бірі саналатын шығармашылық оқыту әдісінің бір тәсілі - көркем мәтінді мәнерлеп оқу. Мысалы,
Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт, - деп дәріптеген.
Өлеңнің тілдік формасын зерделеу жекелеген тіл бірліктерінің жүйесін, өлеңнің композициялық құрылымын тануға кеңінен жол ашады. Өлеңдегі тіл бірліктерінің семантикалық мәнін айқындағаннан кейін олардың өлеңдегі құрылымы мен жүйесін аңғаруға болады. Өлеңнің композициялық құрылымы қайталаулар арқылы шеңбер түзеді. Кез-келген шығарма өзіндік даралығымен ерекшеленеді. Олар жанры, тақырыбы жағынан ұқсас шығарманың өзі айтпақ ойы, құрылымы, тілдік ерекшеліктері жағынан алуан түрлі болып келеді. Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын («мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған» - Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық.
Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер
(Қазтуған)
Еңсегей бойлы ер Есім
Есім сені есірткен,
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, - деп тәж-тағына есірген
Есім ханның қылығын ашу үшін «е» дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.
Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауынан:
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екембіз…
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екенбіз?!
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?! -деген жолдар арқылы
өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен, әрі «к» дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулар поэзиясы сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар, Жыраулар поэзиясы мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады.
Онда өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз пен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулар поэзиясының алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады.
Елге, ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Асан Қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, қарақалпақ халықтарында да сақталған. Мұндағы деректер арасында алшақтық жоқ деуге болады. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, филос. толғаулардың авторы. Ол ел іргесінің берік болуын армандайды. Өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Осы орайда академик-жазушы М.Әуезов «Қазақ халқы өзінің тарихы жолында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символындай сезді. Ел мұңын жоқтаған ақындардың Асан есімін ауызға ең алдымен алатыны да осыдан», - [4,57].
Әдебиеттер
1.Исаев С. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің бір типі жөнінде // Қазақстан мектебі, 1965. № 9. - 73 бет.
2.Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. - Алматы, 1998.
3.Сәтенова С. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің авторлық қолданысқа қарай өзгеруі. - Алматы, 1997.
4. «Уақыт және әдебиет». - Алматы, 1962.
ӘОЖ: 94(574)
САҚТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ МЕН МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӨНІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Бахтыбаев М. М.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной научной статье рассматриваются некоторые вопросы истории изучении памятников сакских племен в годы независимости
Summary
This article discusses some of the scientific questions of history study of the monuments of the Saka tribes in the years of independence
Қазақстан мен Орта Азия проблемалардың бірі көшпелі және отырықшы өркениеттердің өзара байланысы болып табылады. Ол бұл мәселенің түрлі аспектілерімен қатар, аймақта егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығының өркендеуін, отырықшы қоныстардың пайда болып, олардың қалаларға айналу үдерісін археологиялық тұрғыдан зерттеуді қамтиды. Бұл үдерістер хронологиялық тұрғыда сақ дәуірінен орта ғасырларға (б.д.д. VII ғасырдан б.д. XIV ғасырға дейін) және одан кейінгі орта ғасырларға (XV -XIX ғғ.) созылған мерзім ауқымында қарастырылады. Нақтылы зерттеу орны ретінде Жетісу өлкесінің солтүстік-батыс бөлігі (Іле алқабы мен Жоңғар бөктері) қарастырылып отыр.
Евразияның кең-байтақ даласы мен таулы алқаптары жер жағдайының ерекшелігіне байланысты әлемдік тарихтың айрықша құбылысы - көшпелі өмір салты қалыптасқан аймаққа айналды. Көшпелі тұрмыс заттық және рухани мәдениеттен айқын көрініс беріп, ЦуиащанМонғолияға дейінге ұлан ғайыр кеңістікті жайлаған бірқатар қоғамдық құрылымдарда өз өзгешеліктерімен қайталанып отырды. Көшпеңді халықтардың жерлеу ғұрпында қорған-обалар, соның ішіңде ақсүйектер жерленген «патша» қорымдары басым болып келеді. Заттық мәдениет саласыңда тұрмыс-тіршілік ерекшелігінен туған көптеген мәнер-үлгілер қалыптасып, орнықты. Этникалық және жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, олар, тұтастай алғанда, тек далалық өмір салтына ғана тән белгілер болып табылады. Көшпенділердің негізгі баспанасы - киіз үй құрылымы, сондай-ақ жасалған материалы жағынан (ағаш, тері) болсын, пішін-тұрпаты жағынан болсын (астауша, аяғы бар үстелдер, шар тәрізді дөңгелек бұйымдар, көшіп-қонғанда алып жүруге ынғйлы жанторсықтар) қайталанбас сипаттағы ыдыс-аяқ жабдықтары осыны аңғартады. Тек көшпенділерге ғана тән киім-кешек түрлері, мәселен, өкшесі жоқ жұмсақ аяқ-киімнен шалбар мен белдікке дейін айтарлыктай мән-маңызға ие. [1].
Жалпы алғанда, көшпелі өмір салтына байланысты Еуразияның далалық белдеуіндегі халықтар мен тайпалар өткерген үш үлкен тарихи дәуірді бөліп көруге болады. Олардың біріншісі, яғни қола дәуірі б.д.д- Ш-ІІ ғасырлар кезеңіне жатады.
Қазақ археологиясындағы серпінді кезең еліміз тәуелсіздік алған жылдары басталды. Бұрынғы кезеңдердегі тар мағынадағы таптық, идеологиялық ұстанымдарды өркениеттілік көзқарастар ығыстырып, жаңа әлеуметтік-қоғамдық шынайы ахуалдар қазақ халқының сана-сезімін, рухани болмысы мең дүниетанымын өзгертуде. Осыған орай отандық тарихнамада ешқандай бұрмалаушылықсыз шыншыл да акиқатты ғана паш ететін тарихқа деген қажеттілік әуел бастан-ақ қауырт өсе түскендігі белгілі. Республикада еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тарихымыздың беттерін қайта қарастырған көптеген іргелі еңбектер жарык көріп, жыл сайын жүйелі түрде бірнеше халыкаралык ғылыми-теориялык конференциялар үйымдастырылып келеді. Олардын барлығы бүрын «ақтандақ» болып келген сан алуан проблемаларды зерделеуге мол мүмкіндіктер беруде.Соньшен қатар Қазақстан тәуелсіздік алған соң шетелдікәріптестермен бірге кұрған Қазақстан-Ресей, Қазақстан, Америка, қазақ-француз, казақ-италиян, т.б. халықаралық экспедициялар еліміздің аумағында жұмыс істей бастады. Бұлғылыми экспедициялардың далалық ізденістерінің барысында жаңа мағұлматтар алынып, отандық археологияға сүбелі үлес қосылды. Бұдан қола дәуірін зерттеу де кенде емес екендігін уақьптың өзі көрсетіп отыр. Сайып келгенде, Қазақстан кола дәуірін зерттеу тарихында жаңа белес ашылды. [2].
Қазақстан территориясын мекен еткен сақтардың тұрмысы мен заттай мәдениетінің ескерткіштеріндегі тәуелсіздік тұсындағы зерттеулерге, әсіресе 1990жылдарға тән бір нәрсе, бұл кездері бұрын зерттелген материалдар ептеп жарыққа шыға бастады. Мамандар 1980-жылдар ортасындағы археологиялық ізденістердің мағлұматтарын біршама уақыт өткен соң ғылыми талдаудан өткізіп, көпшілік назарына ұсына бастады. Мысалы үшін, Бұл көне заман тайпаларын тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу XVIII ғасырдың ортасынан, нақты айтқанда XIX ғасыр басынан басталады. Страбондағы “батпақты жерде өмір сүретін апасиак (массагет) тайпаларын” кейбір зерттеушілер осы жерге орналастырады. Ірі қалалар қатары XIII ғасырдағы европалықтардың георгафиялық картасында берілген. Осы жерлерді шығыс ойшылдары әл-Бируни, ибн Хаукал, Идриси неғұрлым жақсы білді. XIX ғасыр басынан бастап Орта Азия мен Қазақстанды орыс “саяхатшыларының” мықтап зерттей бастауы 1740 жылы Гладышев пен Муравиннің Хиуаға барар жолда Жанкентті көруге себеп болды.
Тақырыпқа қатысты С. П. Толстовтың жүргізген зерттеулерінің нәтижелі, талданған, Сырдарияның төменгі ағысындағы сақтардың сақ-скиф әлеміндегі орнын, онда кімдер тұрғандығын анықтаған бірден-бір еңбегі 1962 жылы жарияланған “По древним дельтам Окса и Яксарта” атты еңбегі. Әр жылдардағы зерттеу жұмыстарының қорытындылары тас дәуірінен этнографиялық дәуірге дейінгі жыл сайын шығатын “Труды Хорезмской археолого-этнографияеской эскпедиции” атты еңбектерінде жарияланып отырды [3].
Кейіннен зерттеулерді шәкірттері Л. М. Левина, Б. И. Вайнберг, М.А.Итина (Түгіскен қорымын), Вишневская (Ұйғарақ қорымын), Яблонский (Аралдың оңтүстігіндегі ерте көшпелілерді) жалғастырды. 1973-1985 жылға дейін археологиялық экспедиция құрып, ал 1986-1991 жылдары ескерткіштерді “қорғау” мақсатындағы жұмыстар арқылы Сырдың төменгі ағысындағы қалалар мен қоныстарды, қамалдарды Л. М. Левина зерттеді. Оның зерттеу қорытындылары тек 1992-1995 жылдары “Низовье Сырдарьи в древности” атымен бес шығарылымы шықса, 1996 жылы “Этнокультурная история Восточного Приаралья” атымен соңғы қорытынды монграфиясы жарық көрді. Бұл еңбектерінің бірінші шығарылымынан басқасы жетіасар мәдениетіне арналған[ 4].
XX ғасырдың 80 жылдарының соңынан бастап ҚазКСР ҒА ҚР БҒМ-нің З.С.Самашев басқаратын Батыс-Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы аймақтағы ертедегі мәдениеттің қызықты ескерткіштерін зерттеді: сақ дәуірінің ондаған тас мүсіндері ретінде көрінетін Бәйте типтес жерлеу-ғибадат ету орыны; Дықылтас жерлеу және ғибадат ету нысаны с. сармат дәуіріндегі Аралтөбе қорымдары және басқалары. Тоқсанбай және оба-ғибадат ету орны Үстірттегі Қызыл Үйік ертедегі қоныстарын зерттеуде.
Еліміз егемендік алып, археология ғылымының түйткілді мәселелерін шешуге кіріскен шақта, сақ проблемасын көтеріп, олардың тұрмыс мен мәдениетіне, дүниетанымына қатысты жаңа тұжырымдар айтыла бастады. Атап айтар болсақ, белгілі археолог ғалымдар Б.Н. Нұрмұханбетов, З.С. Самашев, Ж.Қ . Құрманқұлов, Ә.Т. Төлеубаев, А.З.Бейсенов т.с.с.
1980 жылдардың соңында А.З.Бейсенов Орталық Қазақстан аумағында Тасмола мәдениетінің ескерткіштерін зерттей бастады және 1990 жылдардың соңында тақырыпқа байланысты кейбір қорытындылар ұсынды [5].
1970-1980 жылдары аталмыш ескерткіштердің бірен-сараны республикалардың түрлі өлкелерінде қазылып, алынған деректерге байланысты пікірлер айтылды.
Сөз болып отырған ескерткіштер Қазақастан аумағында кең тараған. Одан тысқары жатқан көршілес өлкелерде, атап айтсақ, Ресейге қарасты Алтай өлкесінде, Оңтүстік Орал сыртында, Төменгі Еділ бойында кейде шоғырлана, кей жерде шашыраңқы орналасқан топтары бар. Сонымен қатар, бұл обалардың бірен-сарандары Еділден әрі батыс өлкелерде, Шығыс Еуропа жерінде де осындай тараған.
Қазақстаннан тысқары жатқан ескерткіштер Ресей археологтарының назарында. Бұлардың алғашқылары 1930 жылдары белгілі болды. Кейіңгі кезеңде мұның ішінде «мұртты» обалар көбірек шоғырланған Оңтүстік Орал сыртындағы жәдігерлер неғұрлым жақсы зерттелуде [6].
«Мұртты» обалар Қазақстан жерінде өте көп. Оның ішінде бұл ескерткіштердің алғаш пайда болып, қалыптасқан жері – Орталық Қазақстан мен оған жапсарлас жатқан солтүстік өлкелер. Мұны обалардың таралу ерекшеліктері, қазба деректері көрсетеді.
Б.з.д. ҮІІ ғ сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейінен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген обалар мен қоңыстардың орындары қалған. Олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Бұл сөзімізге дәләл келтіретін болсақ 1980-1990 жылдардағы «Қазпроектреставрация» институты Алматы қаласымен оған жақын территориядағы археология ескерткіштерің табу мен зерттеу бойынша жұмыстар атқарды.Осы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жатқан қорған қабірлер тіркелді. Бұл Үлкен-Алматы өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Бұл қорғандардың топтары Ұлжан-1, және Ұлжан-2 деп аталады.Рысқұлов көшесінде тағыда сол жақ жағалаудағы диаметірі 25-30 м, биіктігі 2-3 м болатын 3 қорған бар, оларды Шаңырақ деп атайды. Топтарға бұл атауларды кейінгі зерттеушілер осы территориядағы шағын аудандардың атауы бойынша берген.
Сондай сақтардың тұрмысына қатысты материалдар шоғыры Шығыс Қазақстан аумағында теңдесіз ескерткіш Берел қорымнда көпте кездескен. Алтай тау тізбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде жатқан жан-жағын тау жоталары қоршаған ерте темір және түрік дәуірінің Майемер қорғандарында З.С. Самашев басқарған қазақ-француз экспедициясы зерттеу жұмыстарын бастады [7].
Жетпістен астам ерте темір және түрік дәуірінің қорғандары шоғырланған Берел қорымында 1998 жылдан бері З.С. Самашев басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Төрт қорғандар тобынан тұратын солтүстік батыстан оңтүстік шығыс бойы бағытталған әртүрлі көлемдегі тас үйінділі қорымда осы уақыт аралығында ежелгі көшпелілердің № 4, 9, 10, 11, 18, 23, 31, 32, 34, 36, 71, 72, 73 сынды жиырмаға тарта қорғандары қазылып зерттелді . Әлемге әйгілі № 11 қорғаннан әйел мен еркек мүрделері, сонымен қатар, толықтай ат әбзелдерімен 13 жылқы және түрлі аңдық мәнерде жасалған бұйымдар және т.б. жәдігерлерді тапты [8].
2003-2006 жылдары ҚР БҒМ Археология Институты қала және қала төңірегіндегі археологиялық ескерткіштерге зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Шаңырақ және Ұлжан-2 обаларына археологиялық қазбалар жүргізілді. Шаңырақ обалары құрылыс зонасында қалып қойған, бұл жердегі 3 қорған қазылды. Ұлжан-2 тобы Үлкен Алматы өзенінің оң жақ жағалауында Ұлжан ықшам ауданында орналасқан. 2006 жылы Археология Институтының қызметкерлері № 4 қорғанға қазба жұмыстарын жүргізді. Қорған тоналған, дегенмен қарақшылардан қалған бірнеше алтын қапсырма табылған. Бұл сақ қорғандарының барлығы дерлік тоналған деп айтуға болады. Тек заттардың фрагметтері, шашылған адам және мал сүйектері, қыш ыдыстармен ағаш қалдықтары қалған [9]. Зерттелген обалардан алынған заттар мен оба көлемдерінің әр түрлі болып келуі темір дәуірі кезіндегі тайпалар арасындағы өзара әлеуметтік теңсіздіктердің болғандығын көрсетеді. Әсіресе, Есік қорғанынан табылған алтын киімді бозбаланың сырт келбеті де осыны айғақтай түсері сөзсіз. Ал Бесшатыр қорғаныдағы ағаш табыттың өзіндік ерекше етіліп жасалуы- олардың белгілі бір үстемдік жасағанынан мәлімет берері сөзсіз. Жалпы алғанда Жетісу өңірінің сақ ескерткіштері одан әрі зерттелуде. Қазіргі таңдағы Қазақстан археологиясында өзекті мәселелердің бірі қоныстарды зерттеу. Осыған байланысты жыл сайын археологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, қазба жұмыстарды одан әрі толықтыруда. Дегенмен бұл өңірдің ескерткіштерін әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Әдебиеттер
Кочевники на границах Хорезма // Труды ХАЭЭ. М., 1979. т. 11.
Қазақстан тарихы. 1 том, А., 1996 ж.
Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962. C. 210-212.
Итина М.А. История степных племен Южного Приаралья, ІІ-начало І тысячелетия до.н.э. – М., . – Т.10. – 212 с.
Бейсенов А.З. Новые памятники тасмолинской культуры //МЧ. Алма-ата,1989.
Усманова Э.Р. Новые материалы по эпохе кочевников из Джезказганской области//Ранний железный век и средневековья Урало-Иртышского междуречья. Челябинск, 1986.
Таиров А.Д. Ранние кочевники Южного Зауралья в 7-2 вв. до н.э. Автореф. дисс... канд.ист.наук. Москва, 1991.
Самашев З., Ермолаева А., Кущ Г. Қазақ Алтайының көне қазыналары. – Алматы: Өнер, 2008 Зданович С.Я., Зданович Г.Б., Малютина Т.С., Хабдулина М.К. Работы в Целиноградской области //Археологические открытия – 1975. Москва, 1976.
Акишев А.К. Искусство и мифология саков. Алма-ата, 1984.
УДК 341
ИСТОРИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ИЗУЧЕНИЯ КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИХ ОТНОШЕНИЙ
Г. Батырбеккызы
МКТУ им. Х. А. Ясауи, Туркестан, Казахстан
Түйін
Мақалада Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясының байланыстары қарастырылған. Аса көңіл Кеңес Одағының ыдырығанынан кейінгі уақытқа бөлінген
Summary
The article deals relations between Republic of Kazakhstan and Russian Federations. The special value is given to the Post-Soviet period
После развала СССР распалось и то единое экономическое пространство, в котором находились бывшие союзные республики. Со времени обретения независимости Казахстан находится в дружеских отношения с Россией. Об этом свидетельствует, тот факт, что два государства сохраняют добрососедские взаимоотношения. Подписанный спустя лишь чуть более полугода после распада союзного государства базовый двусторонний договор о дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи до сих пор сохраняет свою силу - и формально - наряду и наравне с принятой пятью годами позже Декларацией о вечной дружбе и сотрудничестве, ориентированном в XXI столетие, - и как основной источник прецедента во взаимоотношениях двух государств.
Истоки казахстанско-российских отношений уходят в глубь веков. Многовековой ход истории этих отношений, в том числе в различные эпохи и в составе единого государства, стал в современный период основой зарождения и развития отношений равноправного партнерства Республики Казахстан и Российской Федерации. Оба государства на этом этапе решали проблемы определения своего статуса в системе мировой политики, построения взаимоотношений с ведущими мировыми державами, вхождения в международно-правовое поле [1].
Последовательный процесс развития двусторонних отношений Казахстана и России, двух крупнейших государств постсоюзного пространства, на фундаменте богатой исторической традиции взаимоотношений может быть рассмотрен в качестве модели становления равноправных и взаимовыгодных отношений между новыми независимыми государствами.
С формальной точки зрения казахстанско-российские отношения есть отношения суверенных и равноправных государств. Однако по своему содержанию они носят крайне асимметрический характер. Это касается как экономического потенциала обеих республик, так и их геополитической и военно-политической “весовой категории”. Такая исходная диспропорция взаимных потенциалов предполагает содержательное отличие интересов. Тем не менее здесь больше плюсов, чем минусов. Хотелось бы выделить лишь те из них, которые определяют весь комплекс двусторонних межгосударственных отношений. Это потенциально спорные приграничные участки, требующие компромиссного политического решения во имя сохранения статус-кво во всем регионе; спорные месторождения минеральных ресурсов (статус Каспийского моря), также ожидающие совместных решений; космодром “Байконур”, в сохранении и развитии которого объективно заинтересованы как Астана, так и Москва; военное присутствие России в Казахстане, обусловленное обстановкой, складывающейся по периметру внешних границ Казахстана [2].
Высокий уровень сотрудничества имеет объективные причины, связанные не только с огромной, составляющей более 6000 км, общей протяженностью границ, активным взаимодействием сопредельных регионов, но и общностью исторических, хозяйственных и духовных ценностей двух крупнейших евразийских народов казахов и русских. Важнейшее значение для Казахстана подчеркнул Президент Н. А. Назарбаев имеет развитие отношений с Российской Федерацией.
Это обусловлено ее политическим и экономическим весом в мировом сообществе, большой протяженностью наших общих границ. Россия крупнейший торговый партнер нашей Республики. Во многом совпадают наши позиции по различным международным вопросам. Наконец, граждан наших стран связывают миллионы родственных связей. Это делает Россию естественным союзником нашего государства. Казахстанская правда, 16 декабря 1995 г. Наши инициативы в области внешней политики исходили не только из необходимости укрепления безопасности, но и из осознания другой, не менее важной долгосрочной перспективы.
Отдельного рассмотрения заслуживает активное участие Казахстана и России в интеграционных проектах, созданных на постсоветском пространстве. Во многом благодаря курсу, ориентированному на стратегическое партнерство, нашим странам удалось быстро адаптироваться к условиям глобализации и достичь серьезных экономических успехов. В результате сегодня ставшее уже привычным определение тандема Казахстана и России в качестве "локомотивов интеграции" как нельзя лучше соответствует реалиям [3].
Многосторонняя дипломатия прочно укоренилась в качестве системообразующего вектора внешнеполитической деятельности Астаны и Москвы. Казахстан и Россия внесли значительный вклад в разработку Концепции дальнейшего развития СНГ и плана по ее реализации, утвержденных недавно в Душанбе. Тем самым заложена практическая основа для постепенного выведения Содружества на новый уровень взаимодействия.
Как показывает опыт, важно налаживать отношения, в первую очередь, со странами-соседями. Знать и понимать друг друга - вот самая прочная основа для взаимного учета интересов государств-соседей [4].
На сегодняшний день огромные просторы России и Казахстана, их человеческий потенциал, богатые природные ресурсы оказывают важнейшее влияние на развитие всего обширного евразийского континента, а следовательно, имеют и немалое международное значение. Поэтому с уверенностью можно сказать, что двустороннее сотрудничество двух стран на разных уровнях развивалось и будет развиваться в далеком тысячелетии.
Литература
1. Назарбаев Н.А. Казахстан 2030 - Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. - Алматы, 1997.
2. Концепция внешней политики Казахстана, одобренная 16 марта 2001 г. Советом
Безопасности РК // Kazakhstan today. 16 марта 2001 г.
3. Мансуров Т. Казахстанско- российские отношения в эпоху перемен. М., 2001.
4. Мансуров Т.А. Казахстан и Россия: суверенизация, интеграция, опыт стратегического партнерства. М., Русский раритет., 1997.
ӘОЖ 519.681.006.3(075.8)
МЕХАНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР
Балгимбекова Ұ.Б., Егизбаева Ж.А.
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассмотрены проблемы внесения новых информационных технологии в профессиональную тенденцию преподавателя и влияния гармонического колебания при изучении законов механическогоколебания.
Summary
The article considers the problems introduction new informational of technology in teacher professional a tendency and the impact of harmonic vibration in the study of the laws of mechanical vibrations.
Тербеліс деген өте кең ұғым. Айталық, маятник тербелісі, машиналар двигателі поршенінің қозғалысы, кеменің шайкалысы, көпір мен үйлердің теңселісі, айнымылы токтың тізбектегі тербелісі осының бәрі тербелістің мысалдары бола алады. Сонымен, тербеліс деп белгілі уақыт өткенде қайталанып отыратын процестерді, қозғалыстарды айтады. Тербелмелі қозғалысты (тербелістерді) қарастырғанда, тербелістің қайталануын сипаттайтын белгілерді ажыратып аламыз. Олар мыналар:
1) бастапқы қалпына қайтып келгенге дейін кететін уақыт, 2) тепе-теңдік күйден шыққаннан кейінгі ең үлкен ауытқуы, 3) тербеліс сипаттайтын заңдылықтың математикалық түрі.
Тербеліп тұрған жүйені тербеліс жүйесі деп атайды. Тепе-теңдік қалпынан шығарылған, бірақ сыртқы күштің әсерінсіз тербеліс жасап тұрған жүйенің тербелісін еркін тербеліс деп атайды. Сыртқы күштің әсерінен болатын тербелісті еріксіз тербеліс деп атайды. Егер тербелмелі жүйенің энергиясы өзгермесе, онда оны өшпейтін тербеліс, ал энергиясы азая беретін болса, онда өшетін тербеліс деп аталады. Тербеліс кезінде өзгеретін физикалық шамалардың мәні бірдей уақыт ішінде қайталанып отыратын болса, ондай тербелісті периодты тербеліс деп атайды. Тербелмелі қозғалыстағы дененің бұрынғы қалпына қайтып келуіне кеткен ең аз уақытты период (Т) деп атайды. Бұл уақыт ішінде бір толық тербеліс жасалады. Уақыт бірлігі ішінде жасалатын толық тербелістер санын периодты тербелістердің жиілігі депатайды: жиілік Герцпен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |