А векторы түрінде горизонталь оське бүрышпен салайық. А векторы сағат тіліне қарама-қарсы бағытта сурет жазықтығына перпендикуляр өтетін Оу осінен бұрыштық жылдамдықпен айналып тұрсын. Онда бұрышы уаұытқа тәуелді сызықтық түрде өседі.
векторының горизонталь оське
проекциясы: .
Бұл теңдеу тербелістегі х шамасының берілген уақыт мезетіндегі мәнін анықтайды. Механикалық тербелістерде осы шама ығысуды, ал электромагниттік тербелістерде заряд шамасын береді.
Қандай да бір шаманың уақыт бойынша бірінші туындысы сол шаманың өзгеріс жылдамдығына тең. (Серіппелі маятникте бұл жүктің қозғалыс жылдамдығы х = v, ал тербелмелі контурда зарядтың өзгеріс жылдамдығы, яғни ток күші і =q'.) Сонымен, біз жылдамдықтың гармоникалық тербелісінің теңдеуін алдық:
.
Бұл тербелістің амплитудасы -ге тең. Оны векторлық диаграммаға горизонталь осьпен бұрыш жасайтын вектор түрінде салайық. және векторларының арасындағы бұрыш -ге тең. векторының горизонталь оське проекциясы берілген уақыт мезетіндегі жылдамдыққа (ток күшіне) тең.
мен теңдеулерін салыстыра отырып, екі тербелістің фазалар айырымы -ге тең екенін көреміз. Екінші туынды х" (яғни жылдамдықтың не ток күшінің бірінші туындысы) механикалық тербелістерде үдеуге, электромагниттік тербелістерде ток күшінің өзгеріс жылдамдығына тең.
немесе .
амплитуданы да векторлық диаграммаға салайық. және векторларының арасындағы бұрыш , бұл және тербелістерінің фазалар айырымына тең.
Диаграммаға салынған амплитудалардың бәрі сағат тілінің бағытына қарама-қарсы бүрыштык жылдамдықпен айналады. Олардың арасындағы бұрыштар уақытқа қатысты өзгермей, сәйкес тербелістердің фазалар айырымына тең болып қала береді.
Сонымен, векторлық диаграммада гармоникалық тербелетін шамалар және олардың тербеліс фазаларының айырымдары көрнекі түрде кескінделеді. Мысалы, диаграммадан ығысу х пен үдеу х" нөлге теңелгенде ( мен векторлары вертикаль осьтің бойымен бағытталғанда), жылдамдықтың х' максимал мәнге жететінін көруге болады. Ал жылдамдық х' = 0 болғанда, ығысу х пен үдеу х" ең үлкен мәнін алады.
Әдебиеттер
1. Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.
2. Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)
3. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.
4. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1012 ж.
5. Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 2011 ж.
ӘОЖ: 94-058.237(574)
КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАЛЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ
Беккулова А.А., Махатова Л.Т.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной научной статье рассматривается деятельность первых представителей советской творческой интелегенций
Summary
This article discusses the scientific activities of the first representatives of the Soviet creative intellectuals
Қазан төңкерісі бұрынғы ұлттық интеллигенцияны жоққа шығарып, жаңа социалистік сипаттағы ұлттық интеллигенция құруды міндет етіп қойып, осы мақсатқа жету жолындағы қауырт іс-әрекеттерге көшті. Қазақтың ақын жазушыларының бірен-сараны ғана Қазан революциясын құп көріп, негізгі бөлігі бұл төңкерісті қазақ халқына сырттан таңылған құбылыс деп қабылдады. Революция қарсаңыңда қазақтың шығармашылық интеллигенциясының басым көпшілігі ұлттық-демократиялық көзқарасты ұстанды. Төңкерістен кейін олар өз дүниетанымын бірден өзгерте алмады. Сондықтан 1917, 1918 жылдар ғана емес, 1925 жылы да "кеңестік" деп атауға лайықты қазақтың ақын-жазушылары әлі қалыптасып үлгермеген еді. Бұл кезеңде кеңестік ұлттық интеллигенцияның қалыптасуына қажетті қоғамдық негіз ж а салды.Қазақ тіліндегі кеңестік алғашқы республикалық газет — 1919 жылдың 17-ші желтоқсанында 1-ші саны жарық көрген "Ұшқын" газеті болды. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы бүгінгі "Егемен Казақстан" өзінің тарихын осы "Ұшқыннан" бастайды. 1920 жылы 13 қарашадан бастап газет "Еңбек туы", 1921 жылы 7 қарашада "Еңбекшіл қазақ" атымен шықгы. Ерекше атап өтілуге тиісті мәселе — газеттің бастауында тұрған адамдар туралы нақтылы деректердің тапшылығы. Газеттің 1919-1922 жылдары редакторлары мен шығарушылары жайында баспасөз тарихын зерттеуші ғалымдар — Қалижан Бекхожин, Саттар Имашев, Темірбек Қожакеев, Сағымбай Қозыбаев, Жарқынбек Бекболатов, т.б. әркім әр түрлі жазып жүр.
Соңғы уақытқа дейін "Ұшқынды" кім шығарды дегенде,"Казревком құрған Тәмимдер Сафиев бастаған редакциялық алқа (мүшелері Мерғали Ешмүхамбетов пен Әміржан Қаратаев)" деп жауап беріліп келді. Алайда, кейбір деректерге қарағанда (мысалы "Ана тілі", 1992, 7мамыр) "Ұшқынның" алғашқы редакторы — 1938 жылы саяси қуғында қаза тапқан Халел Есенбаев болған. Әртүрлі басылымдарда "Ұшқын" — "Еңбекшіл қазақтың" 1922 жылға дейінгі редакторлары немесе редакциялық алқасының мүшелері ретінде Бернияз Күлеев, Смағүл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Амаңғали Сегізбаев, Сәбит Мұқановтардың есімдері аталады. Дерек көздері нақты көрсетілмегендіктен бұл қаламгерлердің газетті шығаруға қашан, кім ретінде қанша уақыт қатысқандығын тексеріп-анықтау қиын. Бұл мағлұматтар газеттің толық емес тігінділерінде көрсетілген деректермен қайшылыққа келеді [ 1].
Мұрағаттық құжаттарда келтірілген мәліметтері де тексеруді кажет етеді. Біздіңше, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты қорында сақталған төмендегі екі құжат 1921 және 1922 жылдардағы газет редакциясының құрамын анықтауға көмектеседі.
жылы 22 қазан күні РК(б)П Қазақ облкомы (Киробком) төралқасы материалдық жағдайдың қиындығынан шықпай тоқтап қалған "Еңбек туы" газетінің орнына "Еңбекшіл қазақ" атты газет шығарылсын, оның редакция алқасына Мұхтар Әуезов, Еркеғали Алдоңғаров, Әбдірахман Байділдин, Абдолла Асылбеков, Телжанов енгізілсін деген қаулы қабылдады. Көрсетілген дерек аталған бес адамның тек екеуінің ғана (Еркеғали Алдоңғаров пен Әбдірахман Байділдин) өмірбаянында расталады. 1926 жылдың 4 наурызында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің кызметкері Әбдірахман Байділдин жазған ресми сипаттағы жазбасында "Еңбекшіл қазақ" газетінің 1921 жылдың 7 қарашасы мен 1922 жылдың тамызына дейін төрт адамнан тұратын — Мұхтар Әуезов, Абдолла Асылбеков, Еркеғали Алдоңғаров және Әбдірахман Байділдин — редакциялық алқасының шығарғандығы, 1922 жылдың тамыз айында газеттің жауапты редакторы болып Сәкен Сейфуллиннің тағайындалғаны айтылады. Бұл дерек Тұрсынбек Кәкішевтің кітаптарында расталады [2]. Редакциялық алқа түріндегі ұжымдық басқару газет өміріндегі жеке тұлғалардың атқарған қызметі туралы талас пікір тудырса, Сәкен Сейфуллиннен бастап (1922-1924) газетті басқарған журналистер — Молдағали Жолдыбаев (1924-1925), Смағұл Сәдуақасов (1925-1926), Тұрар Рысқұлов (1926), Ораз Жандасов (1926), Ораз Исаев (1926), Ғаббас Тоғжанов (1926-1932), Әйтіке Мусин (1932-1934), Ғабит Мүсірепов (1934-1936), Жанайдар Сәдуақасов, Жүсіпбек Арыстанов, Сақтаған Бәйішевтердің (1936-1941) газеттің жауапты редакторы болған күні мен айына дейін газеттің өзінен және мұрағаттық деректермен нақтыланды.
1924 жылдың 17 қаңтарында РК(б)П Қазақ обкомының басшы қызметкері Әбдірахман Байділдин Молдағали Жолдыбаевқа Кеңестер съезіне делегат болып Мәскеуге кеткен Сәкен Сейфуллиннің орнына "Еңбекшіл қазақ" газетінің редакторы міндетін уақытша атқаруды жүктеді. Сол жылғы 11 сәуірде РК(б)П Қазақ обкомының төралқасы Молдағали Жолдыбаевты "Еңбекшіл қазақтың" редакторы, ал Зарап Темірбеков пен Рақым Сүгіровты редакция алқасының мүшесі етіп бекітті. 1925 жылы 7 сәуірде Бейімбет Майлин БК(б)П Қазақ өлкекомының бюросының шешімімен "Еңбекшіл қазақ" газетінің редакциясына кызметке жіберілді .
Көрнекті қазақ журналисі Шәймерден Тоқжігітов 1922 жылы 23 ақпанда өз қолымен толтырған анкетасында Семейде басталған коғамдық және шығармашылық қызметін тізіп шыққан. Осы кісіге байланысты мұрағаттарда табылған құжаттар белгілі каламгердің еңбек жолының белестерін айқындай түсуге мүмкіндік береді. Шәймерден Тоқжігітов 1924 - 1925 жылдары РК(б)П Семей губкомының үгіт-насихат бөлімін басқарды әрі "Казақ тілі" газетінің редакторы қызметін атқарды. Казкрайкомның тапсырмасымен 1924 жылдың күзінде семейлік "Казақ тілі" газетінің қызметін арнайы тексерген Сәкен Сейфуллин газетінің саяси бағыты редакторлыққа Шәймерден Тоқжігітов келгеннен бері түзелді, оған дейін бұл газеттің таптық түғыры айқын болмай келген еді, газеттің дұрыс жолға қойылуына Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы Әбілқайыр Досов жолдастың газет редакциясының қызметін тікелей бақылауға алуының үлкен ықпалы болды деп жазды. Айта кету керек, Сәкен Сейфуллин оң бағасын берген Әбілқайыр Досовтың (1899 -1938) ұлттық баспасөз ісінің дамуына қосқан үлесінің айтарлықтай болғандығын айғақтайтын мұрағаттық деректер бірталай кездеседі. 1920ж. ол Омбыда шыққан "Кедей сөзі" газетінің редакторы да болды. 1925 жылдың 9 қаңтарындағы губкомның мәжілісінде ол калың ауыл бұқарасына арналған журнал шығару мәселесін көтерді. Губерния басшылығын құптатып, қажетті қаражат көздерін тауып, журналдың алғашқы сандарын шығарды. Журналдың редакторы болып Шаймерден Тоқжігітов, мүшелері — губерниялық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Сейдалин және каламгер Жантілеуов Қали бекітілді. Абайдың оншақты өлеңдерін алғаш жариялаған "Таң" журналы осылай дүниеге келген еді. БК(б)П Қазақ өлкекомының бюросы 1925 жылы 20 сәуірде Шәймерден Тоқжігітовты Ташкентке "Ақжол" газетінің редакторы етіп жіберу туралы шешім қабылдады. Шәймерден Тоқжігітов Семейден кеткен соң журналды ешкім корғап қала алмады. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бюросы 1925 жылы 2 маусымдағы отырысында Казкрайкомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежовтың (1936 -1938 жылдары КСРО ішкі істер халкомы болды) баяндамасы бойынша Таң" журналын жапты.
Қазақ публицистикасының (көсемсөзінің) өсіп-дамуы журналистика-ның қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Ғалымдар кеңестік дәуірде жарыққа шыққан түңғыш публицистикалық кітап деп Абдолла Асылбековтың "Біздің де күніміз туды" (Орынбор, 1921) шығармасын бірауыздан атайды. Абдолла Асылбековтың ізін ала Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мүқанов, Ерғали Алдоңғаров, Әбдірахман Айсарин, Молдағали Жолдыбаев, Аманғали Сегізбаев, Нағима Арықова, Сара Есова, Шәймерден Тоқжігітов, Хамза Жүсіпбеков сынды публицистер шықты. Жергілікті және орталық баспасөз бетінде өз орталықтарының өзекті мәселелерін көтерген қазақ публицистерінің қатары жыл өткен сайын арта түсті [ 3].
Жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап, Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдар қазақ журналистерінің сан және сапа жағынан қарыштап өскен кезеңі болды. Ғасыр басында "Айқап", "Қазақ" сынды ұлтжанды басылымдарды шығарған алғашқы журналшылдар Қазан төңкерісінен кейін жаңа сипаттағы басылымдардың шығуьіна көмектесті, тілшілердің жас ұрпағын әдеби шеберлікке баулыды. Олардың адал еңбегінің арқасында мерзімді баспасөздің ел өмірінде алатын орны өзгерді.
Қазақ тілінде "журналист" деген сөз әлі қолданбаған заманда газет-журналдардың авторлары "жазушы" делінді. "Тілші" деген термин қазақ тілінде жиырмасыншы жылдары қолданысқа еніп, бас кезінде "жазушы" терминімен қатар айтылып келді. "Жазушы дегеніміз екі түрлі, — деп жазды Сәбит Дөнентаев, — бірі — әрі оқулы, әрі газет-журнадың мәнісін білетін адамдар; екіншісі — көзі ашық қана, жазу танитын ел кісілері. Әуелдегілерге біз жаз, жазба деп еш нәрсе айта алмаймыз. Өйткені олар қолы тиіп, жазғысы келсе, біз айтпай-ақ жазар. ... біз салғанда қолқаны елдегі жазу танитын ақсақалдар, жастарға саламыз" деп елдегі оқығандарды, ауылдағы түрлі дарын иелерін ұлттық баспасөз жұмысына үн қосуға шақырды. "Жазушы", "тілші" терминдерімен қоса кейде "газетші" және "журналшы" (қазір "Ана тілі" газеті "журналист" деген сөздің қазақша баламасы ретінде қолданады) сөздері де пайдаланылады.
Арнаулы оқу орындары жоқ заманда тілші ретінде газет-журнал бетінде үлкенді-кішілі шығармашылық туындыларды жариялау — қазақ журналистерінің қалыптасуының басты жолы болды. Дарынды әрі белсенді авторлар газет редакцияларына қызметке алынып маман журналистерге айналды. Ұлттық журналистер БАҚ құралдарының төрт - бес түрінде өсіп жетілді: жергілікті (уездік, округтық, аудандық, губерниялық, облыстық) газеттерде; орталық яғни республикалық басылымдарда; салалық ("Ауыл тілі", Наркомземнің "Колхоз", Түрксібтің "Теміржолшы" газеттері т.б.) БАҚ құралдарында; мекемелер мен оқу орындарының қабырға газеттері мен қолжазба журналдарында; радиожурналистика (жергілікті және республикалық радиотораптарда шығармашылық қызмет істеу арқылы).
Соғысқа дейінгі жылдар ұлттық баспасөздің қаулап өскен кезеңі болды. 1917 - 1919 жылдары қазақ журналистері "Сарыарқа" (Семей, 1917 - 1919),.— редакторлары: X. Ғаббасұлы, Имам Әлімбекұлы, Райымжан Мәрсекұлы; "Тіршілік" (Ақмола, 1917-1918), шығарушылары: Рақымжан Дүйсенбаев, Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Бәкен Серікбаев; "Ұран" (Орда, 1917-1918) — Ғ. Мүсағалиев, "Бірлік туы" (Ташкент, 1917-1918) — Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожанов, Кайретдин Болғанбаев; "Жас азамат" (Омбы, Қызылжар, 1918-1919) — Қошке Кемеңгерұлы, Біләл Малдыбайұлы, т.б.; "Абай" журналы (Семей, 1918) — Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов; "Дұрыстық жолы" (Орда, 1919) — Наркомнацтың Бөкей облыстық бөлімшесінің үні; "Ұшқын" (Орынбор, 1919-1920) — Қазақ ревкомының үні сияқты, т.б. басылымдар дүниеге келсе, 1920-1925 жылдары мұнан әлдеқайда көп газет-журналдар пайда болды: "Ақжол" (Ташкент, 1920-1925) - Сұлтанбек Қожанов, Міржақып Дулатов, Ғазымбек Бірімжанов жоне т.б.; "Бостандық туы" (Қызылжар, 1921-1928) — Сабыр Айтқожин, Әбдірахман Айсарин, Жақан Сыздықов, Мәжит Дәулетбаев, Сәбит Мүқанов, т.б.; "Жас Алаш" (Ташкент, 1921-1922) - Ғани Мұратбаев, Ілияс Жансүтіров, Сара Есова; "Өртең" (Орынбор, 1922) — Смағұл Сәдуақасов, Еркеғали Алдоңғаров, Әбдірахман Байділдин, т.б; "Жас қайрат" (Ташкент, 1922) —Ғани Мұратбаев, Сәдуақас Баймаханов, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.; "Шолпан" (Ташкент, 1922 - 1923), т.б. [4 ]
1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында Ғани Мұратбаевтың редакторлығымен қазақ жастарына арналған түңғыш басылым — "Жас алаш" газетінің түңғыш саны жарық көрді. Алғашында Қазақстанның оңтүстігінде ғана (Түркістан АКСР-де) тараған осы газетті шығаруға Ғани Мұратбаев, Ілияс Жансүгіров, Сара Есова белсене араласты. "Жас алаш" 1922 жылдың тамыз айына дейін шығып тұрды. 1922 жылдың бірінші кыркүйегінен бастап "Жас алаштың" орнына "Жас қайрат" газеті шыға бастады (Ташкент). Бұл газетті шығарушылар Ерғали Алдоңғаров, Иса Тоқтыбаев, Өтебай Тұрманжанов болды. 1924 жылдан бастап мЖас қайрат" журнал болып шықты. Темірбек Қожакеев: "Газет кезінде де, журнал болып түрғанда да оған Ғани Мұратбаев тікелей басшылық етті" [5] деп әділін жазады. Сонымен бірге Ташкентте шыққан жастар басылымдарына "Ақжолдағы" зиялылардың үлкен көмегін ашып айтуымыз керек. Казақ автономиялық республикасындағы жастардың түңғыш басылымы — "Өртең" газетін (Орынбор, 1922 ж.) Ахмет Байтұрсынов, Смағүл Сәдуақасов, Ерғали Алдоңғаров, Әбдірахман Байділдин шығарды. "Өртең" газеті екі ай шығып тұрды.
Қазақтың жастар баспасөзін ұйымдастырушылардың ең көрнектісі Ғани Мұратбаев (1902 - 1925) болды. Ғани Мұратбаев аз ғана уақыт ішінде өзін үлкен қоғам қайраткері, талантты ұйымдастырушы, дарынды журналист, редактор, публицист, аудармашы ретінде танытып кетті. Газеттерге 1920 жылдан бастап жаза бастаған Сара Есова өзінің естелігінде: "Маған журналистика жұмысында өз күшінді сынап көр деп кеңес берген Ғани Мұратбаев болатын. Жастар өз ортасынан талантты публицистер кадрларын даярлау керектігі жайында ол өте қыза әңгімелеуші еді. Мен оның кеңесіне құлақ асып, 1922 жылдан бастап бүтіндей газет жұмысына ауыстым. Әуелі Жетісудан облыстық қазақ газеті Тілшіде" редактор, ал кейініректе "Әйел тендігі" журналына редактор болдым" [6] деп жазды.
Тамаша журналист Ерғали Алдоңғаровтың (1901-1930) бірталай қазақ басылымдарының бастауында түрғандығы белгілі. Соның бір айғағы —төменде келтірілетін құжат. 1923 жылы 17 казанда Қазақ КЖО-ның саяси-ағарту бөлімінің алқасында Е Алдоңғаров қазақ жастарына арналған журнал шығару туралы мәселе қойып, басшыларды "Жас қазақ" журналын шығаруға көндірді. Журналдың 5 адамнан түратын (Еркеғали Алдоңғаров, Смағүл Сәдуақасов, Алма Оразбаева, Иса Тоқтыбаев, Қазанғапов) редакциясы да осы күні бекітілді. "Жас қазақ" журналы 1923-1925 жылдары шығып тұрды. 1924 жылдың 8 ақпанында "Лениншіл жас" газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газет редакторы Еркеғали Алдоңғарұлының жазған бас мақаласында жаңа басылымның мақсаты: "елдегі надан жастарды окуға шақыру" деп түсіндірілді.
Еркеғали Алдоңғаров 1925 жылы шыққан "Пионер" журналының да түңғыш редакторы болды. Осы журналдың алғашқы санында Шолпан Иманбаеваның өлеңдері жарияланды. Жастар баспасөзінде шыныққан Еркеғали Алдоңғаров "Еңбекші казақ" газетінің жауапты хатшысына дейін көтерілді. Еркеғали Алдоңғаров жас қаламгерлерге өнеге көрсетті, олардың шығармашылық жағынан төселуіне үлкен қамқор бола білді. "Менің дүниетану әліппемнің бетін ашқан, алғашқы сабақты берген аяулы Еркеғали Алдоңғаров еді" деп еске алады қазақ журналистикасының ардагері Ахмет Елшібеков.
1925 жылдың күзінде Мәскеуге келіп, Бүкілодақтық Коммунистік журналистика институтына (КИЖ) оқуға түскен Ілияс Жансүгіров қазақтың күнделікті басылымдары уақытында келіп жетпегендіктен, ұлттық баспасөзден қол үзіп қалғандай сезінді. Мүндай жағдайға төзгісі келмеген Ілияс Жансүгіров БК(б)П Қазақ өлкекомының үгіт-насихат бөліміне хат жолдап, Мәскеуде оқитын қазақ студенттеріне "Еңбекші қазақ", мЖас кайрат" және "Советская степь" газеттерін жіберіп тұруын сұрады (1925 жыл 28 қазан). Қазөлкеком АПО-сының меңгерушісі Ораз Жандосов аталған газеттердің бір данасын КИЖ студенттері Ілияс Жансүгіров пен Ықылас Ысқақовтың атына міндетті түрде жіберіп түруды міндеттеп редакцияларға нұсқау берді (1925 жылдың бесінші қарашасы) .
Сөз шеберлігіне бейімділік, ақындық дарынның ерте байқалуы - ақындардың шығармашылығын зерттеуден келіп шығатын зандылық деуге болады. Мүны аз ғана ғұмыр сүрсе де ақындық, каламгерлік өнерімен жарқырап өткен Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 -1920), Бейсенғали Жәнікешев (1894 - 1921), Баймағамбет Ізтөлин (1899 -1921), Бернияз Күлеев (1901-1930), Шолпан Иманбаева (1904 -1926), шығармашылығы растайды.
1922 жылы "Қызыл Қазақстан" журналының он үшінші санында Елжас Бекеновтың "Бидің жауыздығы" атты әңгімесі жарық көрді. Бұл әңгіме жазушы, журналист Елжас Бекеновтың тырнақалды туындысы еді. Аз уақыт ішінде талапты, әрі шебер каламгер болып республикаға танылған Елжас Бекеновтың өмірбаяны қызықты, ал шығармашылық мұрасы ауқымды болды. Шығармашылық интеллигенция өкіліне айналмастан бұрын ол Көкшетау, Қызылжар, Томск губерниясында қара жұмысшы, 1916 жылы бірінші дүниежүзілік соғыстың майдан жұмысына алынғандар қатарында болды, мұғалімдік етті, Сәбит Мүқановпен бірге Кеңес қызметіне қатысты, Көкшетау уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болды, Орынбор рабфагінде оқыды. 1922 жылдан бастап он бес жылдай Қазақстанның әдеби өміріне бір кісідей атсалысқан Елжас Бекенов көптеген газет редакцияларында, республикалық кәсіподақ, бақылау комиссиясы (РКИ), Қазақ АКСР-і ОАК-нің жергіліктендіру комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Мәскеудегі БК(б)П жанындағы Орталық марксизм-ленинизм курсының редакторлық бөлімін оқып бітірді (1931-1933). КНИИМЛ-да ғылыми қызметкер болды. Ұлтшыл атанып ұсталар алдында 1937 жылы Қазақстан Главлитосының саяси редакторы болған еді. [7].
Қазан төңкерісінен кейінгі кезенде ұлттық шығармашылық интеллигенцияның құрамдас бөлігі — өнер иелері сан және сапалық өзгерістерге ұшырады. Таптық күрес, саяси сипаттағы кауырт жүргізілген науқандар, қызыл идеологияның қысымы — бұл кезеңді интеллигенция үшін бір қалыпты даму кезеңі етпеді. Өнер адамдарының тағдыры, олармен бірге жалпы қазақ халқының тағдыры ауыр сынға түсті.
Әдебиеттер
Бес арыс. Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. Алматы: Жалын, 1992. 294-295-б
Кәкішов Т. Қызыл сұңқар Аламаты: Қазақстан 1968
Қамзабек ұлы Д. Руханият. Алматы: Білім, 1997. 203-б
Ахмедов Ғ.Алаш алаш болғанда. Алматы: Жалын,1996. 146-б
Қожакеев Т.// Лениншіл жас 1991.5-мамыр.
Есова С. Октябрьдің ұрпақтары. Кіт: Қазақстан азамат соғыс жылдарында. Алматы: Қаз.мем.баспасы., 1960.377-б
Қозыбаев М. Тарих зердесі. 1-кітап. Алматы: Ғылым, 1998. 65-68,70-71б
УДК 66.097.(088.8)
ИССЛЕДОВАНИЕ КИНЕТИКИ ФЕРМЕНТАТИВНОГО ГИДРОЛИЗА КУКУРУЗНЫХ КОЧЕРЫЖЕК
Бердалиева А.М., Алтаева Г.Н., Байжаханова А.Ш.
Международный гуманитарно-технический университет, Шымкент,Қазақстан
Түйін
Бұл мақалада жүгері қалдықтарының ферменттік гидролизінің математикалық моделі және кинетикасы туралы мәліметтер берілген
Summary
В данной статье рассказывается о математической модели и кинетики ферментативного гидролиза кукурузных кочерыжек
Основное направление развития гидролизной промышленности - создания принципиально новых технологий на стадии гидролиза сырья путем внедрения высокоскоростных процессов, обеспечивающих получение качественных сахаров и минимальное разложение их. Кроме того, для дальнейшего развития гидролизных производств следует расширять их сырьевую базу путем использования новых перспективных отходов сельского хозяйства и отходов пищевой промышленности. Использование этих отходов будет способствовать улучшению экологической обстановки в различных регионах планеты.
Следующим уравнением можно представить в общем виде реакцию ферментативного гидролиза субстата (S): S + Н2О Продукты реакции.
Михаэлисом и Ментен исходя из допущения, что фермент (Е) и субстрат образуют премежуточный комплекс (Е S) предложена схема ферментативного гидролиза. В их схеме принимается, что комплекс разрушается с образованием продуктов реакции и что комплекс находится в равновесии с ферментом и субстратом. В следующих стехиометрических уравнениях ими представлена реакция ферментативного гидролиза:
k1
Е + S Е S, (2.12)
k2
k3
Е S + Н2О Е+Продукты реакции (Р) (2)
Зависимость начальной стационарной скорости превращения субстрата для большинства изученных ферментативных процессов выражает уравнение Михаэлиса-Ментен:
Vо=dS/d=dP/d=k3[Ео][Sо]/(Км+[Sо]), (3)
где Км=(k2+k3)/k1 – константа Михаэлиса; k1 и k2 константы скоростей равновесной реакции (1) образования субстратно-ферментного комплекса; k3 константа скорости реакции (2) разложения субстратно-ферментного комплекса.
Уравнение (3) Михаэлиса-Ментен отражает участие в механизмах ферментативных превращений промежуточных соединений фермента с субстратом и распространяется на поли и моноферментные, а также многостадийные системы. Константа скорости k3 характеризует лимитирующую, самую медленную стадию процесса. Наиболее широко распространены ферментактивные реакции, в которых лимитирующие стадии имеют k3 100 с-1 и Км 10-4 М [4].
Для процессов ферментативного гидролиза отдельных полисахаридов разрабатываются системы кинетических уравнений. Так, для ферментативного гидролиза крахмала альфа-амилазой и глюкоамилазой учитывающее все факторы связанные с гидролизом крахмала разработана система кинетических уравнений [5]. Авторы этой работы пришли к выводу, что на первом этапе гидролиза крахмала роль альфа-амилазы состоит в расщеплении крахмала и обеспечении глюкоамилазы необходимым субстратом, что в результате повышает скорость образования глюкозы. В этом состоит синергизм действия двух ферментов, что выражается двумя дифференциальными уравнениями скорости реакции для альфа-амилазы и для глюкоамилазы. Когда относительная молекулярная масса субстрата экспериментально снижается до 5000, действием альфа-амилазы можно пренебречь. Скорость образования глюкозы подчиняется только уравнению скорости при использовании в качестве фермента глюкоамилазы.
В ферментативном реакций каталитические параметры могут от наличия в реакционной системе различных эффекторов зависеть, таких, как ионы водорода, ингибиторы, активаторы и т.п.
Ингибиторами называются вещества, которые подавляющие ферментативных реакций. На обратимые и необратимые можно подразделять всех ингибиторов. Различают среди обратимых ингибиторов конкурентных и неконкурентных. Те которые, связываются с активным центром фермента и препятствуют связыванию субстрата с активным центром называются конкурентными ингибиторами. Можно вытеснить из комплекса ингибитор, только при изменении концентрацию субстрата.
А тех которые связывают фермент или его комплекс с субстратом, называются неконкурентными ингибиторами. Конформация молекулы фермента при этом меняется, сопровождается реакция обратимой инактивацией каталитического центра.
Известны ингибиторы более широкого спектра действия. Например, соли тяжёлых металлов Hg, Pb, Cu, Ag благодаря своей способности денатурировать белок инактивируют ферменты.
Также используют уравнению Михаэлиса - Ментена для кинетических характеристик систем, содержащих эффекторы.
Различают ферменты эндо- и экзо-типа по механизму гидролитических расщеплении субстратов. Если фермент действует на концевые группы молекулы, то это фермент экзо-действия. Ферменты эндо-действия те, которые если фермент действует на химические связи, удалённым от концов.
В настоящее время остается дискуссионным вопросом механизм деструкции полисахаридов ферментами по типам эндо- и экзо-, а также классификации механизмов в рамках эндо-типа. Для ферментов выделяют три способа деструкции полимеров. Первый способ называется «одно цепочечный», второй «много цепочечный» и третий «комбинированный».
Механизм деструкции полисахаридов максимально упорядоченным является, только при «одноцепочечному» способу. Молекула фермента связывается с одним концом молекулы полисахарида и полностью гидролизует её путём последовательного отщепления (обычно одинаковых по величине) фрагментов. И только после этого фермент атакует следующие молекулы полимера.
По неупорядоченному принципу происходит «многоцепочечный» способ деградации субстрата. Молекула фермента случайно одну из молекул полисахарида атакует, отщепляет звено от неё и распадается фермент-субстратный комплекс. Затем также в случайном порядке молекула фермента атакует следующую молекулу.
За время существования одного фермент-субстратного комплекса гидролизуется несколько связей. Комбинированный способ заключается в том, что. В данном случае идёт чередование одно- и многоцепочечного механизмов.
Получение ксилозы и ксилита из альтернативного сырья может стать новым направлением производственной выработки. Ксилоза и ксилит - высокоценная продукция, которую можно использовать в качестве заменителя крови для болеющих сахарным диабетом. Сырьевой базой при производстве ксилозы является остаток лесохоза и отделочной древесины (опилок, рейки, куски и т.д.), в сельском хозяйстве остатки растений (кукурузные кочерыжки, оболочка семечки, оболочка зерна хлопка, солома и т.д.). Для катализа гидролитического расщепления субстратов основными источниками ферментов гидролаз являются зерновые солоды, плесневые грибы и ферменты бактериального происхождения.
В гидролизном производстве процессу ферментативного гидролиза предшествует комплекс механических и водно-тепловых обработок, которые способствуют более быстрому и полному осахариванию. В результате механической обработки образуются отходы, которые содержат в основном целлюлозу. Целлюлозу также возможно подвергнуть процессу пентозного гидролиза в аппаратуре, описанной для древесины. Гидролиз происходит в присутствии кислоты и при температурах от 150 до 1900С. При этом общая продолжительность пентозного гидролиза около 3 ч. Альтернативой данному процессу является процесс ферментативного гидролиза целлюлозы.
Математическому моделированию ферментативного гидролиза полисахаридов, в частности, крахмала, посвящены работы [1], [2]. Большая часть работ содержит аналитическое описание кинетики гидролиза с рассмотрением влияющих на скорость процесса факторов.
Кинетика гидролиза в виде реакции первого порядка описана в [3]. В работах [4] для повышения адекватности моделей предлагались кинетики реакций второго порядка, с графическим представлением реакцией с изменяющимся порядком.В ряде работ использовалась модель Михаэлиса – Мюнхена [5].
В данной работе будем использовать модель, основанную на приближенном представлении механизма ферментативных реакций. В этой модели принимается, что при взаимодействии фермента с субстратом, образуется фермент – субстратный комплекс, который распадается с образованием продукта реакции. При условии, что имеется один субстрат и один продукт, реакцию можно изобразить в виде схемы:
(1)
Где: Z – субстрат;
Е – фермент;
S – продукт
Математическая модель:
(2)
(3)
где : А – субстрат;
Р - продукт
Е – несвязанный комплекс;
ЕА – фермент – субстратный комплекс;
А0 – начальная концентрация субстрата;
Еt – общая концентрация фермента
Максимальные скорости процесса определяются следующему :
(4)
Константы Михаэлиса: Константы равновесия:
Уравнение скорости в традиционном виде :
(5)
Уравнение скорости в безразмерном виде:
(6)
Где :
Аппроксимируем экспериментальные данные приведенные в таблице-1 моделью Холдейна.
В таблице 1 приведены результаты экспериментального исследования кинетики гидролиза кукурузных кочерыжек.
Достарыңызбен бөлісу: |