Қан майданның ішінде кӛкем жүр-ау-а-а-ау.
Мылтық кезеп кӛкеме неміс тұр-ау, а-а-ау-ай.
Кӛкем-ау!
Қашан келер екенсің?!
Мен тағдырдан сұраймын күндіз-түні-ау, а-а-ау,
Кӛкеме атқан жау оғын маған бұр-ау, а-а-ау-ай.
Жан кӛкем!
Дидарыңды бір кӛрсем!..
Бҧдан кейінгі кезек маған келді. Ҥш қыз қосыла айтқан жаңағы зарлы ҽн
жҥйке-жҥйкемді босатқан мен не айтарымды білмей састым. Ҽзірлеп ҽкелдім
дегенімнің бҽрі жан толқытқан жаңағы ҽннен кейін мҥлде қажетсіз, керексіз
сияқтанды. Бірақ қыздар қыстап болмады. «Шықсын ортаға, айтсын бірдеңе»
деп жанымды шығарды. Амалсыз ортаға шықтым.
– Мен Абай ҿлеңдерінде кездесетін ескі сҿздердің тізбесін жасап, оларға
ҿзімше тҥсінік берген едім. Бҥгінгі конкурс сияқты қорытынды кешке соны
ҧсынуыма болады. Бірақ, мҧның ҿзі бір дҽптер, - дедім қыздарға дҽптерімді
кҿрсетіп. - Бҽрін табан астында оқып шығу мҥмкін емес. Сондықтан мен
қазір соңғы оқыған бір кітабымнан сҧлу ҽйел, махаббат жайында жазып алған
екі-ҥш нақыл сҿзім бар, соны оқып берейін.
Мен Майраға қарадым. Майра қыздарға қарады.
– Махаббат жайындағысын оқысын.
Sauap.org
133
– Соңғысын айтсын, - деп шуласты қыздар.
Абаева кітабын жоғары кҿтерді. Жҧрт тегіс тым-тырыс боп тыныштала
қалды.
– Иҽ, онда былай болсын, қыздар, – деді Майра. - Ербол ағайдың Абай
ҿлеңдеріне тҥсінік жасауы біздің ешқайсымыздың ойымызға келмеген ҥлкен
жҧмыс. Оны білудің бҽріміз ҥшін пайдасы бар. Ол ҽсіресе ертең біз мҧғалім
болып, мектепке барғанда керек. Сондықтан біз оны ағайдан сҧрап, кҿшіріп
алармыз. Меніңше, ағайға таңдаған қызын сҥю сыйлығын осы еңбегі ҥшін
беруімізге болады. Ал бҧл кісі жаңағы соңғы айтқанын оқып шықсын да,
сыйлығын алсын.
Мен бір жапырақ бҿлек қағазға тізіп алған махаббат жайындағы
сҿздерімді оқи бастадым.
«Махаббат бар жерде кҿз жасы қоса жҥреді.
Адамның ҿмірі қысқа болғанымен, махаббаты ҧзақ ҿмір сҥреді.
Қҧштарлық, – махаббат хабаршысы.
Қҧштарлықты кҿз айтып, тілекті тіл тҥсіндіреді.
Жҥрегін махаббат мекендесе,
ең сараң деген адамның ҿзі ересен мырза боп кетеді.
Ҽдемі ҽйелдің ҽлегі кҿп.
Сҧлу ҽйел сорға бітеді.
Кҿрікті ҽйелдің кҥйеуінің кҿңілінен кҥдік арылмайды.
Сҧлуға сҧқтанушы кҿп.
Сорлының ҽйелі сҧлу болады».
Жазып алған қағазымның екінші бетін оқымай ортасынан бҥктей салып,
қыздарға рахмет деген ишара жасадым.
Зайкҥл аузынан емшек тартып алған жас баладай боп, баж ете қалды.
– Екінші бетін оқыған жоқ, Майра. Ербол енді қағазының екінші
бетіндегісін оқысын, - деп елбелектеп ҧшып кете жаздады.
Абаева маған қарап, «Зайкҥл бҽрін естімей тынбайды» дегендей
жымиды да, басын изеді.
Бҧл тҿрешінің «тағы оқы» деген ҽмірі еді. Ҽскерде командир бҧйрығын
екі етпей орындап ҥйренген басым, қағазымның бҥктеуін қайта жаздым.
– Бҧл ҥзінділер Ҥндінің жазушысы Дандиннің «Он ханзаданың басынан
кешкен оқиғалары» деген кітабынан алынды. Ал, тыңда, Зайкҥл, - дедім мен
алдымен жҥзі жайнап, қҧлпырып отырған Зайкҥлге қарап алып.
– Оқи бер, оқи бер, - деді Зайкҥл шыдамсызданып. – Мен тыңдап
отырмын.
Мен тағы да оқуға кірістім.
"Махаббат жайына келетін болсақ, оның мҽні адамға дҥниеде теңдесі
жоқ ҿзгеше рахат беретіндігінде. Кеудесін махаббат кернеген еркек пен
ҽйелдің ойлайтыны ҿмірдің ҿзгеше сол рахатына жету ғана болады. Жҥрегіне
махаббаттың нҧры тҥскен жанның жай жҧрттан ҿзгешелігі оның
айналасының бҽрі кҥліп, қуанып тҧрғандай кҥйде болады. Ынтызар екі
жанның қҧшақтарының айқасуы ҿздеріне ҿшпес қуаныш боп танылып, кейін
Sauap.org
134
сол сҽтте еске алудың ҿзі ол екеуін ерекше елтітіп, ҿзгеше шаттыққа бҿлейді.
Жҥректі кернеген осы қуанышқа жету ҥшін ҥлкен қызметтегі адамдардың
ҿздері аса қиын ерліктер жасауға дейін барып, мол-мол сыйлықтар тартады.
Қауіпті іс қатерлі жанжалға дейін тҽуекел етеді...
...Ҽйелге, ҽсіресе жҥрегінде біреуге арналған маздаған махаббаты бар
ҽйелге, ҿзі сҥймейтін еркекке еріксіз қосақталудан қиямет қорлық жоқ.
...Мені махаббаттың улы жыланы шақты аямай. Жаныма дҽрі, дертіме
шипа сен ғана!
...О, қҧдірет, жалаңбҧт жҥгіріп, кҥні бойы қуалап торғай ататын сҽби
сияқты, садақ толғап, сан адамның жҥрегіне жебе қадалтатын махаббат
тҽңірі! Не жазығым бар еді менің? Неге мҧнша қинайсың мені? Біржола
ҿртеп, кҥл қылып жібермей, неге мҧнша кҥйдіресің аяусыз?..
...«Ҿзіңдей сен оның жҥрегіне! Оның жҥрегі алып жартастың
табанындай тҧрақты, нағыз болаттың ҿзіндей берік. Ол жҥректі ҿзгеше
байлық – ҿз махаббатыңның нҧрлы гауһар тасымен ҿрнектегейсің сен! Оның
биік кеудесі ҿзіңдей лайықты жардың салмағына жаншылып, ҿз рахатын
алсын ҿмірден».
Ханшаның нҿкер қыздары осылай деп ҥн қатты маған. Бҧл сҿздерден
кейін менің жҥрегімді қысқан махаббат бҧғауы одан сайын тарыла тҥскен
тҽрізді болды».
Мен бар оқығыштық ҿнерімді жҧмсап, бар жанымды салып, біреудің
сҿзін оқып тҧрғандай емес, ҿз жҥрегімнің бар сырын бір жанға ғана арнап
ақтарып тҧрғандай боп елтіп, егілгендей кҥйде ҥнімді ҥзіп, қағаздан басымды
кҿтердім. Ҽрине, мен бҧл сҿздерді тек қана Меңтайға арнап едім.
«Осынымды ҧқты ма екен?» деп мен басымды кҿтергеннен кейін,
басқаларға білдіртпеуге тырысып, Меңтай жаққа кҿз тастадым.
Мен оқыған сҿздерге қыздардың кҿбі іштей рахаттанып, бас кҿтере
алмай, тҿмен тҧқысыра сылқылдап кҥлісіп қалған екен. Зайкҥлдің екі кҿзі
ішіп-жеп, маған қадалып алыпты. «Тағы да бар ма, тағы да оқышы» деп
ҿтінгендей, сҧрап, тілегендей кҥй танытады. Тек Меңтай ғана кҥлместен,
жымимастан, менің сҿздерімді естімегендей боп, маған емес, терезе жаққа
кҿзін қадап, ойланып қалыпты.
– Иҽ, ағай, сыйлығыңызды алыңыз, – деді Майра жаңағы мен оқыған
ҥзіндідегі нҿкер қыздар мақтаған ханшадай жымиып. – Қалаған қызыңызды
сҥйіңіз.
Мен жаңағы махаббат жайында ҥзінділер оқыған сҽтте бар дҥниені
ҧмытып, ойымнан шығарған екенмін. Сҿйлегенім ҥшін маған да сыйлық
бары, сыйлық болғанда таңдаған, жаным жақсы кҿрген қызды қҧшақтап,
бетінен сҥюге праволы екенім енді ғана есіме тҥсті. Сол-ақ екен жҥрегім ҿз-
ҿзінен лҥпілдеп, дҥрсілдеп қоя берді. «Сҥйсем бе екен, сҥймесем бе екен?»
деп ойладым.
«Жоқ, осындай сҽті кеп тҧрғанда сҥйіп алайын, ол қайтер екен?» дедім
де, ақырын басып, Меңтайға қарай аяңдадым. Меңтай маған келе жатыр деп
ойламаған сияқты қалып кҿрсетіп, басқа қыздардай қымсынып, бетін баса
Sauap.org
135
бастаған жоқ. Мен оның қасына тақап қалғанда да ҿзінің сол жағындағы
қыздың бетінен сҥюге келе жатқан болар дегендей, оң жағындағы кҿрші
қызына қарай мойның бҧрып, оны сҿзге шақырды. Дҽл сол кезде мен, қолы
дірілдеп, ең алғаш мҿр ҧстаған ауылнайдай етектей ернімді жиған боп сҽл
бҥрістірдім де, оны Меңтайдың қағаздай мойнына былш еткізіп басып кеп
қалдым. Бейқам отырып, селк еткендей болып жҽне қытығы келген
сияқтанып қыз мойнын ішіне тартыңқырап, қайтадан сол жағына қарай
бҧрды. Ол кез менің қызға қҧмартып, қиналып жҥрген шағым емес пе?
Егеудей ернім Меңтайдың мойнын, кішкентай қҧлағын ҥйкелеп барып,
лезде қып-қызыл боп кеткен ақ бетінің ҧшына тоқтады. Оны, ҿзімше ақырын
ҿптім де, қыздарды қыран кҥлкіге батырып, мас кісідей сенделектеп ҿз
орныма қарай аяңдадым.
Менен кейін қыздар бірлесіп тағы да ҿлең айтты. Бірақ олардың не
айтқанын мен ҧққаным жоқ. Меңтайдың бетінен бір сҥйгенге, бір шиша
шербетті басыма кҿтеріп жалғыз сіміргендей, ҿз-ҿзімнен масайып, буын-
буыным қҧрып, елтідім де отырдым. Сол кезде қолына шағындау дҽптер
ҧстап ортаға Меңтайдың ҿзі шықты.
– Ойынның шарты ҿзгешелеу нҽрселер даярлап ҽкелуді талап еткен соң,
-деді Меңтай бҿгеле сҿйлеп, – мен мына бір дҽптерді ала салып едім. Мҧнда
шешемнің айтқан бірсыпыра сҿздері жазылған. Шешем бастауыш мектепте
мҧғалімдік қызмет атқарған, сауатты кісі болатын. Оқыған кітаптарының ақ
бетіне ҿз ойларын жазып тастай салатын.
Менің он жасыма дейін біз ауылда тҧрдық. Одан соң Риддер деген
қалаға кҿшіп барып, ҽкем жҧмысшы болды. Былтыр ауылға барғанда
(ҽкемнің інісі ауылда тҧрады) апам оқыған кітаптардың беттерін бір-бірлеп
ақтарып отырып, оның ҿз қолымен жазған жазуларын мына дҽптерге кҿшіріп
алған едім. Талай қызық кітапты ҿздерің де оқып жҥрсіңдер ғой. Мен
сендерге апамның жазғандарын айтып берейін. Мҧның кей тҧстары
тҧрпайылау да боп кҿрінер. Бірақ бҽріміз де ес білген ересек балалармыз ғой,
ондайларын алып тастамай-ақ тҧтас оқи берейін.
– Дҧрыс.
– Жҿн.
– Оқы, Меңтай, – дедік біз жарыса шуылдап. Меңтай тамағын кенеп
алды да, асықпай жайлап, бірінің соңынан бірін тізіп, ана жҥрегінен шыққан
ақылды нақылдарды ақтара бастады.
1. Жазғы салқыннан жаныңды аяма.
2. Ешқашан да, ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да
жақсылығы болады.
3. Қыз кҿйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың
жалаңаш жеріне кҿп кҿзінің қҧрты тҥскіш келеді. Ал халықта: «Есті қыз
етегін қымтап ҧстайды» деген мақал бар.
4. Ҽйелдің жалаңаш денесі еркектің қҧмарлығын қоздырады. Ақылмен
бҿгеп, сабырмен тҧсалмаған қҧмарлық таудан тҿңкерілген сел сияқты:
жолындағының бҽрін ҧйпа-тҧйпа етіп, жайпап, жойып кетеді. Сондықтан
Sauap.org
136
ҽйелдің, еркек қҧмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді кҿбейтпей
жауып, жария етілмейтінін қымтап ҧстауы абзал. Ҽсіресе етекті қара санға
дейін кҿтермеу, кеудені жалаңаштамау жҿн. Сонда еркек елеңдемейді, ҽйел
алаңдамайды, адалдық бҧзылмайды.
5. Ешкіммен барқылдап ҧрыспа, бағаңды жоясың.
6. Қарқылдап кҥлу, тарқылдап сҿйлесу – дарақылық белгісі.
7. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны кҿруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез
кҿруге емес, тез тҥзетуге кҿмектес.
8. Қызға қатты кҥлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп
жатыр.
9. Ауыз шешендік ҽркімде болады. Ҽсіресе қыздың аузы сҥйреңдеп кҿп
сҿйлемегені абзал. Ҿйткені қыздың кҥлкісі, жымиюы, бас изеуі, кҿзқарасы,
жҥріс-тҧрысы – бҽрі де сайрап тҧрған сҿз. Сондықтан оның аз сҿйлеп,
айналасына ақылмен танылғаны дҧрыс.
10. Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.
11. Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскҥнем жаман бала жақсы
ананы ажалынан бҧрын кҿрге кіргізеді.
12. Жаман туыс тістеуік, жақсы жолдас ҥйірсек. Жақсы дос жаман
ҽкеден артық.
13. Ҥміт кҥткен ҧлы оңбаған боп кетсе – ҽке сорлы; қызы кҥйеуге ҿтпесе
– шеше сорлы; сҧлу деп алғаны сҥйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы; қыран
деп тигені жапалақ боп шықса – жар сорлы.
14. Ақкҿңіл мен адал ниеттен туған іс ҽсем болмаса да сҥйкімді. Айла
мен арамдықтан туған іс, ҽдемі болса да жиіркенішті.
15. Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы
жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды
ету, одан да қымбат.
16. Кҿшеде кҿлденең тура қалып, бірінің ернін бірі жҧлып жердей боп
жалмап, жҧрт кҿзінше сҥйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ҧят та болмайды.
Ондай ҽдеттен без, ондай қҧрбыдан аулақ бол.
17. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сҧлу ҽйелге
жҽне ҧлы адамға ғана жарасады. Бҧл ҥшеуінен басқаға біткен қыңырлық
қырсықпен тең.
18. Махаббат – барша байлықтан кҥшті. Бірақ кҥштіге де кҿмек керек.
Сол сияқты махаббат та ҿзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ҧнатады.
19. Екі адамның бір-біріне шын ықыласпен қалтқысыз қызмет етуі не
араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
20. Еркекке жҥрек керек, ҽйелге тірек керек.
21. Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған ҧмтылудың
немесе о дҥниеден ҥміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді тҿгіп, барша
ой мен ақылды жҧмсап жер бетін, тҧрған ҥйіңді жҧмақ ете біл.
22. Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
23. Жақсы адам – магнит. Магниттің бірнеше темір шегені ҿзіне тартып
ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жҧрт кҿп ҥйіріледі. Ҿзің
Sauap.org
137
жақсы болсаң – айналаңда досың кҿп; жаман болсаң – жалғыз жҥресің;
орташа болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан
іздеме, жақыннан ізде, ҿзіңнің ішіңнен, ішкі дҥниеңнен ізде.
Жаның жақсы, жҥрегің жақсы, ақылың парасатты болса – іздеген досың
алыстан ҥйріліп ҿзі келеді.
24. Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі ҽдетпен ҽлі кҥнге дейін жҥзге
бҿлінеді. Содан соң ҽлі жеткені ҽлсізін аяғынан шалып, бҿтен жҥздің баласы
деп жҧдырықтап, жҧлмалап жҥндеп жатады. Алауыздықтың атасы – жҥз
жойылса екен. Жҥзге бҿлінгеннің жҥзі кҥйсе екен!
25. Ел билеген жақсы адамның ҿмірдің кҥнделікті кҥйбеңімен кетіп,
ертеңгі ҧрпаққа мҧра боларлық ҿз атынан ештеңе қалдырмауы ҿкінішті. Абай
атамыздың ҿзгелерден артықшылығы да осында – артына тастап кеткен асыл
кітабында ғой.
26. Біреуді пҽленше кҿп біледі деп мақтайды. Кҿп білген адам кҿп
тындырса мақтауға болар еді. Кҿп біліп, тҥк тындырмайтындар да бар.
Мҧндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай
«білгіштен» аз біліп, кҿп тындыратын қоңырқай адамның ҿзі артық».
Меңтай дҽптерінің бетін жауып, кҿкірегіне басты да, жҧртқа басын иді.
Қыздар қозыдай жамырасып, жарыса сҿйлей жҿнелді.
– Ҥндемей жҥріп, бар білім сенде екен ғой, Меңтай.
– Міне тамаша!
– Кітап сҿзінен кем емес!
– Кей кітаптарды қырық рет ақтарсаң да, мҧндай сҿздерді таба
алмайсың, –десті.
«Меңтайдың мҧнша сабырлы, ҧстамды болуы шеше тҽрбиесінен екен-
ау, –деп ойладым мен. - Асыл ана ешқашан да аптықпа, асықпа, шошақай
болма деп қызының қҧлағына сіңіріп отырған-ау тегі. Ақылды ананың адал
перзентіне берген ақ бата – тҽрбиесіне не жетсін, шіркін!»
– Ал, Меңтай, сыйлығыңды ал.
– Не тілейсің, – десті қыздар қаумалап.
Менің жҥрегім, қос ішегі қатты бҧралған домбырадай болып, соғуын
тоқтатып, тынып қалған сияқтанды. Меңтай не тілер екен, Зайкҥлше, біреу
келіп бетімнен сҥйсін дер ме екен? – деп ынтықтым.
Меңтай басын шайқады.
– Бҧл менің ҿз жанымнан шығарғаным емес, мен апамның айтқандарын
ғана оқып бердім.Сондықтан мен оған ешқандай сыйлық тілемеймін.
Менің екі бетім ду ете тҥсті. Жаңа, ҿз кезегім келгенде, біреудің сҿзін
оқып бергенім ҥшін ақы іздеп, Меңтайдың бетінен сҥйгеніме ҧялдым.
Кешіміз кҿңілді болып, ҧзаққа созылды да, университеттен жатақханаға
кеш қайттық.
Улап-шулап, кҿшені басымызға кҿтере дабырласып келе жаттық. Бір
қаға берісте менМеңтайға тіл қаттым.
– Меңтай, сен маған ҿкпелеп қалған жоқсың ба? - дедім.
– Неге?
Sauap.org
138
– Бағанағы сҥйгенім ҥшін.
– Ол, біріншіден, ойынның шартына байланысты болды ғой, - деді
Меңтай. –Екіншіден, сіз менің ағайым іспеттісіз. Ағасы бетінен сҥйгенге
қарындасы ҿкпелеуші ме еді?.
– Шын ҿкпелеген жоқсың ба? – дедім мен қуанып кетіп.
– Шын, – деді Меңтай байсалды ҥнмен.
– Онда рақмет саған...
Біраз жҥргеннен кейін тағы да ҥн қаттым.
– Меңтай, бір ҿтінішім бар еді айтатын, – дедім.
– Айтыңыз.
– Рҧқсат етсең, жаңағы оқығандарыңды кҿшіріп алар едім.
Меңтай ҥнсіз екі-ҥш аттады. Содан соң барып жауап берді.
– Дҽптерде басқа да шимайларым бар еді, – деп баяу айтты да, тез
шешімге келді. -Жарайды, алыңыз. Бірақ басқа ешкімге кҿрсетпессіз.
– Кҿрсетпеймін, – дедім мен ант еткендей елпілдеп. Қыз қолтығындағы
дҽптерін маған берді.
Бағана, оны бір сҥйгенше сҥйегім балқыған еді. Енді, дҽптері қолыма
тигенде, патшаның сарайынан кҿтергенінше алтын алған қайыршыдай
қуандым.
Жатақханаға жетіп, бҿлмеге кіргеннен кейін стол басына отыра қалдым
да, шамды кҿлеңкелеп алып, қадалып қыз дҽптерін оқуға кірістім. Дҽптердің
алғашқы бірнеше бетіне
«Апамның айтқандары» деген заголовокпен Меңтайдың бағанағы
оқығандары тізілген екен. Оның одан кейінгі беттеріне қыз ҿзінің оқыған,
білген, кҿрген жайларын жазыпты.
Соларға байланысты ҿз ойларын маржандай тізілтіп, қысқа-қысқа етіп
қағазға тҥсіріпті.
Біткен ҽр ойдың арасын сызықпен бҿліп тастап, кей жазбаларына жеке-
жеке ат қойып, рим цифрларымен тараулап отырыпты. Дҽптердің кей
тҧстары кҥнделік іспеттендіріліп, онда қыздың жан сырлары баяндалыпты.
Мен ол беттердің бҽрін, дастарқандағы тҽттінің бірінен соң бірін сҧрап қол
созған баладай болып, бас алмастан оқи бердім.
Таң ағарғанша тапжылмастан отырып мен Меңтай дҽптерінен
мыналарды оқып шықтым.
«Қҧлақтан кірген ҿтірік пен ҿсек ғашықтар жҥрегінің тҿріне тасқорған
боп қаланады. Тҥрмедей қапас, сҧрықсыз ол қорғанның кірпіштерін балталап
бҧзып, сҥйменмен соғып қирата алмайсың. Оған ҿзгеше қҧрал керек -
ақтыққа кҿз жетіп, адалдыққа кҿңіл сенгенде ғана ол кҥл болып кҿкке ҧшады.
Зҧлымдық махаббатты ториды. Қашанда махаббаттың қалай мерейін
тҿмендетсем екен деп аласҧрады. Тек кҥшті махаббат қана зҧлымдықтың
торына тҥспейді.
Шығыс нақылы. I. – Басқа кіммен дос болсаң, онымен дос бол, бірақ
мынадай ҥш адаммен дос болма, – депті бір данышпан ҿзінен ақыл сҧрай
келген адамға. – Ақымақпен дос болма, ол саған жақсылық жасаймын деп
Sauap.org
139
жҥріп-ақ жамандық жасайды; зеріккіш жанға жолама, қанша сенгеніңмен ол
сені тастап кетеді; ҿтірікшіден аулақ бол, ол сені ҿсекке танғанын ҿзі де
сезбей қалады.
ІІ. Бір адам қазының алдына келіп: менің ҥш тҥрлі қҧмарлығым бар,
олар: шарап, ҽйел, ҿтірік айтушылық. Осы ҥшеуінің қайсысын тастасам екен?
–депті. Қазы ойланып отырып:
«Ҿтірікті тастағаның жҿн болар» депті. Кеңес алған адам қайтып кетеді.
Бір кҥні оның бҿтен ҽйелге кҿңілі ауады. Сонда оның басына мынадай ой
келеді: іс аяғы насырға шауып, қазыға барсам – ол менен «басқаның ҽйелін
азғырғаның рас па?» – деп сҧрайды. «Иҽ» десем, жазаға ҧшыраймын, «жоқ»
десем, ҿтірікші боламын. Қой, одан да ҽйел қҧмарлықты да тастайын деген
қорытындыға келеді. Сҿйтіп ол ҿзінің шарап қҧмарлығын да тастаған екен.
«Бҧл байғҧс неге шҿлге қҧмар?» деп балық тҥйеқҧсқа таңданады екен.
«Бҧл неге соншама суға ғашық?» деп тҥйеқҧс балыққа таңданатын болса
керек.
Інжу теңіздің терең тҥбінен алынады. Теңіздің суығына тоңып, суына
тҧншықпағанның інжу мен меруертке қолы жетпейді. Махаббат та сол
сияқты.
Жылтыраған кішкентай ҧшқыннан лапылдаған ҿрт тҧтанады. Махаббат
та сол сияқты.
Жаманға бастамақ мҧраттан жақсыға бастар ҧят артық.
Шҿлдемей тҧрғанда екі рет ішкен судан, шҿл қысқанда бір рет
қанғанның ҿзі абзал.
Жалықпайтын жан жартасты мҥжіген сумен тең.
Кінҽ тағу – кикілжіңнің алғысҿзі.
Зеріккіш жанның махаббаты қайтарылмас қарызбен тең.
Соқырдың кҿзі кҿрмесе, кҥнде қанша жазық бар.
Тату болып ажырау, жаныңа тҥскен дақпен тең. Араз болып жақындау,
ол да ҿзінше бір мерей.
Тҧрақтылық – махаббат мҧраты.
Сҥйіскен жандар бір-бірінен алыста жҥрсе, тҥс кҿрісіп, тҥшіркеніседі.
Ҿңде - тҽн табысса, тҥсте – жан жанасады.
Тҥс туралы. Ғашықтар кҿретін тҥстің тҿрт тҥрі болады.
1. Сҥйгені тастап кеткен ғашық тҥсінде сҥйіктісімен жақындап,
қайтадантатуласып жҥргенін кҿреді. Ояна келсе, онысы тҥс болып, ҿкінішке
батады.
2. Сҥйгені жақында, бірақ араларында ҽлдебір салқын жҥрген ғашық
сҥйгенінің ҿзін тастап кеткенін кҿріп, қатты ҿкініп, кейде ҿксіп жылап
оянады.
Бҧл оның солай болып, кетпесе игі деген ішкі ойының жалғасы.
3. Сҥйгенінің ҥйі жақын жердегі ғашықтың тҥсіне ол алыстап, аулақтап
кеткен боп кҿрінеді. Бҧған қатты қиналып, ҥрейлене оянған ол бҧл тҥсі
екенін, ғашығының ешқайда кетпегенін біліп, «уһ!» деп, ҿз-ҿзінен қуаныш
табады.
Sauap.org
140
4. Сҥйгенінен алыста жҥрген ғашық тҥсінде оның қасында болып
шығады.
Екеуі қосылып, қуаныш, рахат табады. Ал ояна келгенде, оның бірі де
жоқ болып шығады да, бҧрынғыданда кҥшті қайғы мен қасіретке батады.
Ҧстамды ҽйел мен ҧстамды еркек кҥлге кҿмулі қоламтаға ҧқсайды, олар
кҥлді аршып, ҿздеріне жақын келген жанды ғана кҥйдіреді.
Ҿз ойларым:
Неге екенін білмеймін, мен ҽйелдер туралы, олардың жаратылыс-
табиғатындағы мҽңгілік мазасыздық жайында кҿбірек толғанамын. Кейде
менің ҽйелді тҥнгі бҿлмеде маздап жанып тҧрған шыраққа теңегім келеді.
Олай дейтінім, шырақ бҥкіл бҿлмеге сҽуле шашып, нҧр таратады. Соның
жарығымен ҥй ішінің кҥндізгі тіршілігі жалғасып, шаруасы істеліп, реттеліп
жатады. Сағат сайын шырақтың майы азайып, бойы аласаpa береді. Ең соңғы
тамшы майы сарқылып, біткеннен кейін, «ал, маған разы болыңдар»
дегендей, кеудеден ақтық рет дем шығарғандай бір дір етеді де шырақ сҿнеді.
Ол жан-жағына ҥздіксіз жарық шашып, қараңғылықты қуалаумен бар ҿмірін
ҿткереді де, мҽңгі ҿшеді.
Байқап, барлап қарасақ, ҽйелдің де ҿмірі осыған ҧқсайтын сияқты.
Бойжетіп, босаға ҿзгертіп, басынан қыз дҽурені кеткеннен кейін ол қызметке
тҧрады, жҧмысқа орналасады.
Біраздан кейін балалы-шағалы болады. Одан соң қызмет, кҥйеу жҽне
баланың ғана қамын ойлап, бар жанын соларға салып, дедектейді де жҥреді.
Кешке, артынып-тартынып жҧмыстан келе сала, білекті сыбанып
жіберіп, ҥй ішіне ас ҽзірлейді. Кҿпшілік еркектер тҥз шаруасы, кеңсе қы
зметінен келгеннен кейін, жығылып қалмау ҥшін дҿңгелек ҥстелді жағалаған
жас баладай болып, диванды тҿңіректейді. Мен мҧны ауылдан да кҿп кҿрдім,
қаладан да байқадым. Ал ҽйел оған мҥлде қабақ шытпайды, балаларының
бетінен бір-бір иіскеп алып, ҥй ішін кҥміс кҥлкіге толтырып, жайраңдап,
жарқылдап жҥре береді. Мен осының бҽрі ҽйел жҥрегіндегі шексіз
махаббатқа байланысты-ау деп ойлаймын. Меніңше, ҽйел махаббаты – ең
кҥшті махаббат. Еркектер ҽлімен кҥшті болса, ҽйелдер махаббатымен мықты.
Ҽйел махаббаты – ҽлемнің тҧтқасы. Мен осылай деп тҥсінемін. Ҽйел
махаббатының кҥші жердің тарту кҥшінен кем емес-ау деп ойлаймын.
Мінеки, ҽйел деген осындай ерекше еңбекші жҧрт. Ол дҥниеге ҿмір
таратады, коғам игілігіне еңбегімен ҥлес қосады, семьяға қуаныш ҽкеледі.
Сол ҥшін ол, қарлығаштай лыпып, ешқашан тыным таппайды. Бҧдан
басқа тіршілікті ешбір ҽйел – ҿмір деп тҥсінбейді. Біз де бір кҥні семья
қҧрып, апа, аналарымыздың мҽңгілік кҽсібіне кірісеміз-ау ҽлі. (Біздің диван
жағалағыштарымыз қандай болар екен десеңші?!).
Семья – мемлекеттің негізі. Біздің мемлекетіміз – азаттықтың,
ҽділдіктің, адамгершіліктің Отаны. Семьяға адалдықтың ҥлгісі де елден елге,
ҧрпақтан ҧрпаққа бізден тарауы керек.
Сондықтан мен ерлі-зайыпты адамдардың жҧптылық салтын, адалдық
заңындай ардақтап, бҧлжытпай орындауын қалаймын. Ҽйелдің жҥрегіне
Sauap.org
141
жара тҥспесе екен, ол ҽрқашанда бақытты, қуанышты бола берсе екен деймін.
Барлық ҽйелдің жары ақ кҿңіл, адал болса екен, олар ҽрқашан ҽйелдерін
қадірлей білсе екен деп тілеймін.
Мен Отанымды сҥйемін, ҿз мемлекетімді ҿз ҥйімдей кҿремін. Егер мен
соғыста болсам, сҥйікті Отаным ҥшін, Зоя Космодемьянская, Мҽншҥк
Мҽметова, Ҽлия Молдағҧлова сияқты, қасықтай қанымды, шыбындай
жанымды аямас едім. Бірақ менің ҥлесіме соғысқа бару тиген жоқ. Мен бҧл
соғыста талай адамның қаны тҿгіліп қорғалған қасиетті мемлекетімнің
моральдік негіздері одан сайын берік бола беруін мҧрат тҧтамын.
Ҿрістеген экономика мен берік моральдік негізі бар мемлекет ешқашан
да, ешкімнен де жеңілмейді деп білгендіктен соны нығайта беруге ҥлес
қосуды арман етемін.
Он сегіз жас - от боп лаулап тҧрған шағы екен ғой адамның. Жаның
жалынды болып, жас ғҧмырды еліңе пайдалы етіп ҿткізгенге не жетсін! Жан-
жағыңа нҧр шашып ҿткен ҿмірден ардақты не болсын!
Кино - жақсы ҿнер. Бірақ кейбір қыздардың сабақты тастап, кҥн сайын
киношыл болуы – жақсы ҿнер емес-ау.
Кҿз кҿрмегенге кҥдік келтірме. Кҥдік – ҿтіріктің, жаланың бір тҥрі.
Ауыздан шыққан сҿзді аңдыма. Аңдысаң да жаманға жорыма.
Сырлар. 1. Кеше университеттен Е., Ж. жҽне мен ҥшеуміз бірге қайттық.
Кҥлкілі, қызық жайларды кҿп айтысып, жатақханаға дейін жаяу келдік.
Бір кезде ҧлдардың қыздардан сыр жасырмайтындығы, ал қыздардың ҧлдарға
сырын айтпайтындығы сҿз болды. Е. менен осының себебі не деп сҧрады.
– Қыздың жағдайы қиын ғой, ағай, - дедім мен. - Олар жігіттерге сырын
лақ еткізіп ешқашан ақтара алмайды.
– Неге?
– Оның неге екенін айту қиын. Бҽлкім, қыз табиғаты, жаратылысы солай
шығар. Ҽйтеуір қыз сырын ішіне бҥгеді. Ол сҥйіп тҧрған адамына мен сені
сҥйемін деп айта алмайды. Айта алмағандықтан оның сҥйген жігітінен
айырылып қалуы да ықтимал.
– Айтуы керек қой.
– Ия, айтуы керек. Бҽлкім, қыздың қадірі сол айта алмауында шығар, кім
біледі.
– Мен қыз болсам айтар едім, - деді Ж.
– Қыз жанының нҽзіктігі, жасқаншақ, ҥркек, сыршылдығы айтқызбаса,
қалай айтасың? – дедім мен кҥліп.
2. Бҥгін біздің бҿлмеге жҥгіріп 3. келді.
– Мен бір жігітпен танысып едім, сынап берші, – деді екі иығынан
демалып.
– Қой, 3., «Шоқпардай кекілі бар, қамыс қҧлақ» деп заулатып қоя
беретін жігіт жылқы емес, қалай сынайды оны? - дедім ҽзілдеп.
– Қойшы, сен білесің ғой, адамның жақсы, жаманын бірден айырасың
ғой, –деп 3.
Sauap.org
142
– Танысқандарыңа қанша болды? – дедім ол қыр соңымнан қалмаған
соң.
– Бақандай он алты кҥн.
– Тым аз екен, – дедім мен басымды шайқап.
– Сеніңше, жігіт пен қыз қанша уақыт таныс боп жҥруі керек?
– Бір жыл, екі жыл.
– Ойбай, - деп 3. ның кҿзі бақырайып кетті. – Оған дейін менің ішім
жарылып кетеді-ғой, Меңтай-ау.
– Жігіттің жанын сынау айлар мен жылдарды керек етеді дейді, – деп
мен кҥлдім.
– Қойшы, кҥлмеші, мен оның барлық қасиеттерін санап шығайын, сен
маған оның қандай жігіт екенін айтып берші.
З. ҿлердегі сҿзін айтып, жалынғандай болды. Мен оған екі-ҥш сҧрақ
қойдым.
– Жігітің арақ іше ме?
– Ептеп ішеді, бірақ кҿп емес.
– Mac болғанын кҿрдің бе?
– Бір-ақ рет. Онда да бір вечерде жолдастары іш-іш деп болмаған соң...
– Басқа қандай мінін білесің?
– Басқа ешқандай міні жоқ: жақсы билейді, иіліп тҧрады, киноға
апарады. Оның ҥстіне ағасы жақсы қызметте кҿрінеді. З. мен жігітін жаман
екен деп айтып қала ма деп сасқалақтағандай, оны ҥсті-ҥстіне мақтай
жҿнелді.
– Қой, З., – дедім мен тағы кҥліп. – Бҧл сҧрақтарды саған ҽшейін, ҽзіл
ҥшін қойып жатырмын. Мен сырлас емес кісіге сын айта алмаймын. Бірақ
апамның бір жігіт жайында айтқаны есімде қалыпты. Қаласаң, соны аып
берейін.
– Айтшы, жігіттерді қалай сынау жайында болар, – деп З. одан сайын
ҥздіге тҥсті.
Апам мен жоғары класқа кҿшкеннен кейін ҿмірдің ҽр алуан қиындығы,
жақсы мен жамандық, ҽр қилы адам мінездері жайлы ҽңгімелер айтып
отыратын. Сонда байғҧс апам айтқанының барлығы менің қҧлағыма сіңе
берсін деп ойлайды екен ғой. Бір кҥні апам ҿз- ҿзінен отырып, маған жігіттер
жайлы ҽңгіме айтты.
– Ҿмірде мінсіз кісі болмайды, – деп бастады апам сҿзін. – Қызға жігіт
жҥз процент жақсы боп ешқашан да кездеспейді. Жігітті жҥз процент жақсы
ететін жақсы жар, жақсы ҽйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын
жақсы кҥйеуге шыға қоямын деуі қиын. – Апам осылай деп басын бір шайқап
қойды. Мен ҽлдебір кітапқа кҿз жҥгірткен боп, ҥнсіз тыңдап отыра бердім.
– Ол жігіттердің де кінҽсі емес, –деді апам қайтадан сҿзін жалғап. –
Олардың да бҧл істе білімі, тҽжірибелері жоқ. Келіншек алу керектігін білсе
де, онымен қалай ҿмір сҥру керектігін білмейді. Оны жҥре-жҥре жігітке ҿмір
ҥйретеді. Сондықтан жас жігіттер маған кесек-кесек руда іспеттес болып
Sauap.org
143
танылады. Ал жас ҽйелге сол руданың кенін алып, жақсы мҥсін жасау қажет,
ҿзінің кҿңіліндегідей кҥйеу етіп шығаруы керек.
Бҧл ҥшін біреудің еркесі боп бҧлғақтап ҿскен қыз байғҧста тҽжірибе
жоқ. Уһ! -деп апам ҽлде бір ауыр жҥк арқалап келе жатқандай боп кҥрсініп
қойды. –Ҽрине, руданы іс қылу оңай. Ол ҥшін заводта арнаулы мартен пеші
бар. Пештің қызуы руданы балқытып, оның бойындағы қҧрышты қоқыстан
бҿліп алуға мҥмкіндік береді. Содан соң шебердің таза қҧрышты қайта
пайдаланамын десе де еркі бар. Ал жігітті руда сияқты пешке салып балқыта
алмайсың. Оны тек ҽйелдің махаббаты ғана балқытады. Кҥшті махаббаты
бар, ақылды, сабырлы ҽйел ғана жаман жігіттен жақсы жар жасап ала алады.
Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай, сыйласымды, тату-тҽтті
ҿмірді бастарынан кешіреді. Бҧл жолда ҽйелдің кҿп қажыр, қайраты
жҧмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады.
– Апам байғҧс бҧл ҽңгімесін маған бір емес, бірнеше рет қайталап
айтқан еді, - дедім З. ға бҧрылып. – Сондықтан қҧлағымда қалыпты. - Ал енді
мен саған не деймін? Менің айтар ақылым біреу ғана...
– Е, соны айтшы, – деді З. шыдамсызданып.
– Менің айтар ақылым мынау ғана: ҿзің біл, ҿзің ойлан, ҿзің есепте.
Қыздың ҿзіне лайық ҿмірлік жар таңдауы ауыл боп ақылдасып, базардан ат
сатып алу емес. Ҿзің оны жақсы жігіт деп шаң жуытпай тҧрсың. Ал жақсы
жігіттің ҽлден арақ ішуі маған ҧнап тҧрған жоқ.
Қосылған соң кемшілігін тҥзеп ҽкетуге ҽлім келеді, апам айтқандай,
махаббатымның кҥші, ҿз қажырым оған жетеді десең, ҿзіңе серік ет оны.
– Сонда оны жаман жігіт дегің келе ме?
– Менің ешкім жайында асығыс пікір айтқым келмейді. Оның ҥстіне
ҿзім кҿрмеген, білмейтін адамым туралы олай деп тіпті де айта алмаймын.
Бҽлкім, бір қарағанда біреуге біреу жаман кҿрінгенімен, негізінде ол
жақсы адам боп шығар, кім біледі. Жігіт ҥстіндегі кҿйлек емес қой бірден иҽ
жақсы, иҽ жаман деп бағасын беретін.
– Осындайдың бҽрін қайдан білесің? – деді З. кҥліп.
Мен оған шындап жауап бердім.
–Адам бойындағы, ҽсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген тҽрбиеден
ғой. Апам маған ылғи: «Қарағым, адамды білмей жатып, асығыс жамандама.
Кім біледі, сол жаман деген адамның да жақсылығы болар» деп отырушы еді.
Мен ол кісінің ҿмірі біреуді «ол солай» деп жамандағанын естіген
емеспін.
Одан соң адамға тҽрбиені мектеп пен кітап береді ғой, – дедім.
– Мектепте мен де оқыдым, менің де шешем бар. Ендеше мен неге сен
білгенді білмеймін.
Бірақ мен ешқашанда бастаған кітабымның аяғына шыққан емеспін.
Неге екенін білмеймін, кітапты қолыма алсам-ақ ҧйқым келеді.
– Сен де жақсы қызсың, – деп мен З.-ның мойнына қҧшақтадым. – Сен
ақ кҿңілсің, ойыңдағыны жасырмай тура айтасың. Бҧл - жақсы адамның
қасиеті.
Sauap.org
144
Бірақ сен сҽл ҧшқалақсың, кҿргенің мен естігеніңді байыптай бермейсің.
Аздаған кҿрсеқызар, модашылдығың бар. Бірақ мҧның бҽрі кейін ҿзінен-
ҿзі қалады.
– Рас айтасың ба? Мен шынында жақсымын ба? - деп 3. қуанып қалды.
Қуанғаны сондай, ол маған ақылдасамын деп келген ҽңгімесін де
аяқтатпастан ҧмытып кетті.
Біз университеттің екінші курсын аяқтауға айналдық. Ертең бҽріміз
соңғы емтиханды ҿткізіп, ҥшінші курсқа кҿшеміз. Кейбір қыздар кҿше алмай
қала ма деп қорқып жҥруші едім. Ҽупірімдеп олар да ҿтіп келеді. Оларға
емтихан кезінде Е. ағай қатты кҿмектесті.
Ертең кешке курсты бітіруге арналған кешіміз болады. Оған бҽріміз
жаңа нҽрсе даярлап апаруға келістік. Мен «Апамның айтқандарын» оқып
берсем деймін».
Меңтай дҽптерін ең қызық романға ҥңілгендей боп, бас алмастан
оқыдым. Ҽшейінде кҿп ҥндемейтін, ешкіммен ешқашан да сҿз жарыстырып
жатпайтын, қҧптағанын жымиюмен жеткізіп, теріс кҿргенін ҥнсіз қалумен
аңғартатын Меңтайдың жан шешендігін жаңадан тағы да танығандай
болдым. Оқыған кітаптарынан жазып алған ҥлгі, ғибрат боларлық сҿздері,
қоғамдық мҽні бар кейбір мҽселелерге ҿзінше ой жҥгіртіп, баға беруі мені
сонша тебірентті. «Осындай кҿрікті, ақылды, адамгершілігі мол қызға қолы
жетіп, жар еткен жанның арманы болар ма екен, сірҽ», – деп іштей кҥрсініп,
ынтыққан ҥстіне ынтыға тҥстім. Бағанағы оны бетінен сҥйгенім ойыма
оралғанда жҥрегім лҥпілдеп, толқып, лықып аузыма келіп қалғандай болды.
Меңтайды ойынның тҽртібі дегенді сылтау етіп рҧқсатсыз сҥйгеніме
қайта қысылып, «апырай, ол ҿкпелеп қалған жоқ па екен?» деп жҽне
қиналдым.
Осы ойлармен мен таң ата бҿлменің шамын ҿшіріп, бажылдауық
тҿсегіме барып қисайдым. Мақтасы тҥйіртпек-тҥйіртпек боп екі-ҥш жерге
жиылып, ҿзге тҧсы мҥлде жҧқарып, темір тҿсектің ҥзік решеткаларын жапқан
матрац ҥстінде ҿлі тигендей боп дҿңбекшідім.
Кҿзден
ҧйқы
қашып,
Меңтай
туралы
ойым,
шынжырдың
шығыршықтарындай, біріне-бірі жалғасып, жаңа бір ҿлеңнің жолдары туды.
Ол жолдарды ҧмытпау ҥшін қайта-қайта орнымнан тҧрып, қағазға
тіздім.
Ҽрең дегенде бір-екі сағат кҿз шырымын алып, тҥске таман Меңтай
дҽптеріне оның тоқтаған жерінен жалғастырып мына шумақтарды жаздым.
Достарыңызбен бөлісу: |