Sauap.org
131
Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Тұрғаны әрқашанда қасын керіп.
Сыпаты жақсы қатын айтсам бітпес,
Мадақтап жаман қатын ерін күтпес.
Ұқсатса аз ба, кӛп пе тапқаныңды,
Кез келсе кедейшілік ештеңе етпес, а-а-ау!–
деп
Жомартбек шанақты
сарт еткізе соғып, орнынан тҧрып, тағы да жан-жағына қарап бас иді.
Бҽріміз қол соқтық.
- Енді жаман қатын туралы айт, - деді Зайкҥл шыдамсызданып.
«Айтайын ба?» дегендей, Жомартбек биігірек креслода қолына кітап
ҧстап, ҿзге жҧрттан оқшаулау боп отырған Майраға қарады. Ол «рҧқсат»
дегендей, басын изеді. Абаева қазір ҥшінші курсқа бҥгін ғана кҿшкен
студенткадан гҿрі ҥш жылдан бері ел билеп тҽсілденіп қалған ҽйел
патшаларға ҧқсайтындай еді. Кҥлмей, ашылмай, басын тік ҧстап, иегінен
ишара жасап, саусағының ҧшымен бҧйрық беріп отыр.
Қолындағы кітабы
хазіреттің асасы немесе
Богдан Хмельницкийдің булавасы сияқты, оны сҽл кҿтерсе болды,
шулап отырған жҧрт тым-тырыс тына қалады. Абаевадан рҧқсат алған соң
Жомартбек қайта шырқады.
Болмайды пейлі сұлу жаман қатын.
Білмейді үйретсең де сӛздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс-жанжал сӛздің артын.
Кетеді таң атқан соң ӛсек бағып,
Еріне былшылдайды елді шағып.
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап, жыбыр қағып.
Кісіге күле сӛйлеп келмес жанап,
Былдылдар ел кӛзінше байын сыбап.
Таусылды күні-түні ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап...
Орамал жерде жатыр, кірі батпан.
Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтіне шелектегі ит кеп тисе,
«Кет!» деп те айтпайды оған, құдай атқан. – – о-о-о, е-е-е...
Оуф!
Тҿрешінің ҧйғаруымен Жомартбекке де сҥю сыйлығы тиді. Ол
алшаңдап, Зайкҥлге қарай жҥрді. Ернін шҥршитіп, нақ соны ғана сҥйетіндей
боп, ыңғайланып бара жатты. Зайкҥл қҧйтыңдап, басын қиқаңдатып, ернін
ыңғайлай бастады. Жомартбек оны ҿзіне қарай ҧмтылта тҥсті де,
басын
шапшаң бҧрып, шҿп еткізіп Зайкҥлдің қасында отырған Назилҽштің бетінен
сҥйді. Зайкҥл сҥйісуге ыңғайлап шошайтқан ернін не істерін білмей, тҥсі
Sauap.org
132
бҧзылып нҽумез боп қалды. Оны бағып отырған біз жҽне қыран кҥлкіге
баттық.
– Зайкҥл, немене сҥйіскің келіп пе еді, кел, –
деді Жомартбек ештеңе
болмағандай жайбарақат оған қарай бҧрылып.
– Архимедтың тҧтқасын ҧстағандай болмай, аулақ кетші, - деді Зайкҥл
теріс айналып.
– Менің ҿз тҧтқам да жетеді, – деді Жомартбек бейнебір Зайкҥлмен
ҧрысқандай баж ете қалып. – Біреудікі маған дҽрі емес.
Осылай деп Жомартбек Зайкҥлге қарап кҥлейін
дегендей боп ыржиып
келе жатты да, дереу, біреумен тҿбелесіп қалғандай, тҥсін томсырайта қойды.
Бҧлай, бет бейнесін лезде екінші тҥрге тҥсіре қою сияқты артистік ҿнер
курста Жомартбекке ғана тҽн болатын.
Осынысымен ол бҽрімізді бҧрын да талай рет кҥлдірген еді. Бҧл жолы да
ол біздің кҥлмес еркімізге қоймады.
Қанипа, Сақила, Назилҽш ҥшеуі ҥш жақтан қол кҿтерді.
Майра ҥшеуіне де бас изеді. Олар ортаға келіп, соғыс кезінде шыққан
«Кҿкем-ай» деген ҽнді шырқады.
Елде жҥрген жас бауырдың майдандағы ағасын сағынып, жҥректің
запырандай зарымен айтқан жан-жҥйені босатар ащы ҽні
аудиторияны
кернеп кетті. Ҥш дауыс қосыла шырқап «Кҿкем-ай!» деп зарланғанда
терезенің шынысына дейін дірілдеп, қалтырап кеткендей болды.
Достарыңызбен бөлісу: