Sauap.org
107
Тәңірім, соның дәмін халқынан жаз.
Ӛз кӛліне келгендей үйрек пен қаз.
Кӛпті сақта, кӛппенен бірге сақта.
Сӛйлейтін сонан басқа сӛзіміз аз.
Тана бҧл бірінші ҿлеңді айтып болып тоқтап, кҿзінің жасын сҥртті.
Жалғыз
Тана емес, ҥй ішіндегілердің барлығы егіліп, жылап кеткен еді.
Шалдардың кҿздерінен аққан жас тарам- тарам болып, сақалдарын жуды.
Кемпірлер жаулықтарының ҧшымен беттерін басып, иықтары селкілдеп,
бҧршақ
соққан егіндей жапырылып, тҿмен салбыраған бастарын кҿтере
алмай қалды.
Ҽркімнің кҿз алдына ҿз жалғыздары елестеді. Ақын ҿлеңі барлық ата-
ана жҥрегінің қылын шертіп, олардың ҿз жҥректерінің мҧңын ағытты. Ҽлден
уақытта шалдардың бірі бас кҿтерді.
– Сапакеңнің қалай ҿлгенін білесің бе, қарағым, – деді Танаға.
– Білемін, – деп бас изеді Тана. – «Қара қағаз» келгеннен кейін ақын ата
нҽр сызбай жатып алды. Бҧрынғыдай ел де араламады, ҿлең де айтпады.
Кҥндіз-тҥні тҿсегінен тҧрмады. Бір кҥні тҥсте мені шақыртты. «Отыр,
қарағым» деп қасына отырғызды да, ең соңғы ҿлеңін жаздырды. Біздің ҥй
ақын атаның ҥйімен кҿрші болатын. Ақын атам баласына арнаған бар хатын
маған жаздыратын. Ҿзінің жаңа шығарған бар ҿлеңін маған кҿшіртетін. Осы
ҿлеңін айтып жаздырғаннан кейін ақын ата ҥш кҥннен кейін дҥние салды.
– Е, жарықтық-ай.
– Байғҧс-ай, жалғызымен бірге кетейін деген де.
– Қайтсін, ет жҥрегі қан боп езіліп кеткен ғой сорлының, - десіп қарттар
бірінің сҿзін бірі қҧптады.
Сапекеңді соғыстан бҧрын менің де кҿргенім бар еді. Заманның қонағы
боп жатып, ақынның бірсыпыра ҿлеңдерін тыңдағанмын. Шоқша
қара сақалы
бар ҽр сҿзін сабырмен айтатын кесек тҧлғалы қара қоңыр кісі еді.
– Шырақтарым, екеуің дос болыпсыңдар, – деп еді Сапекең мен ауылға
қайтарымда Заман екеумізді екі жағына алып отырып. – Достық қарызы –
ауыр жҥк. Адал жар азбайды, адал дос алдамайды. Екеуің де бір-бір ҥйдің
жалғызы екенсіңдер. Біріңе бірің ақ дос, айнымас серік боп ҿтіңдер.
Ҽрқашанда адал болыңдар. «Адалдың арқаны ҧзын» деген сҿз шын сҿз.
Осыны естеріңнен шығармаңдар!
Бҧдан кейін мен қарт ақынды кҿргенім жоқ. Заман маған хат жазған
сайын «ҽкемнен сҽлем» деген сҿздерді жиі қосатын. Ол Сапекеңді «ҽке»
дейтін.
Ҿйткені Заман ҽкесінің егделеніп қалған кезінде,
қырықтан асқанда
кҿрген жалғыз баласы еді. Жаңа, Тана ҿлеңді ҽндете айтқан кезде менің кҿз
алдыма ақынның Ақжал тауының іргесіндегі аласа ҥйі елестеді. «Тҿр ҥйдің
тҿрт қанаты қҧлазып тҧр» деген жол сол ҥйдің тҿргі бҿлмесінде отырып
ақынның бізге айтқан мҽслихатын есіме тҥсірді.
– Айт, қарағым. Енді ақынның екінші ҿлеңін айт, – деп қарттардың бірі
Тананы қайтадан қолқалады.
Sauap.org
108
Тана домбыраның қҧлағын қайтадан бҧрап, жаңағы ырғақтан ҿзге, басқа
бір мҧңды ҥнмен ҽндете жҿнелді.
Достарыңызбен бөлісу: