Әзірлеген: Дәулетияр Ш. Б. «Inter-Lingua» лицейінің химия пәні мұғалім Алматы қаласы Білім басқармасының ҚббжтғӘО



бет7/23
Дата07.02.2022
өлшемі2,42 Mb.
#87967
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
хим каз-8

Қолданылатын оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.Белоусова Химия 8 сынып
Сабақтың нөмірі: 4
Сабақтың тақырыбы: Иондардың түзілуі
1.Оқу мақсаты: 8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
2. Конспект. Тұрақты электрондық конфигурация. Асыл газдардың атомдары тұрақты электрондық конфигурациямен сипатталады. Қалған элементтер осы энергетикалық тиімді электрондық конфигурацияға жетуге тырысады. Неонның (Ne) тұрақты электрондық конфигурациясы. Неон, Ne – периодтық кестедегі 18-топ элементі. Неон Ne − атомдық нөмірі 10-ға тең элемент. Бұл оның ядросында 10 протон және ядро айналасындағы орбитальдарда 10 электрон болатынын білдіреді. 18-топтың барлық элементтері инертті және сол себепті оларды асыл газдар деп атайды, бірақ асыл газдардың ішіндегі кейбір ауыр элементтер инертті табиғатына қарамастан байланыс түзеді. Неонның қолданылуы. Неон негізінен жарнамалық маңдайша жазуларында және жоғары кернеулі индикаторларда қолданылады. Тұрақты электронды конфигурация инертті газдарға тән және атомның сыртқы электронды деңгейінің электрондармен толық толтырылуын білдіреді.
Натрий катионының түзілуі. Натрий атомнының Na нөмірі 11-ге тең. Бұл натрий атомында 11 протон және 11 электрон болатынын білдіреді. Натрий атомының бірінші энергетикалық деңгейінде 2 электрон, екінші энергетикалық деңгейінде 8 электрон, үшінші энергетикалық деңгейінде 1 электрон бар.
+11Na0 2e – 8e – 1e –, Натрий катионының атомындағы екі электрон n = 1 энергетикалық деңгейінде болса, сегіз электрон n = 2 энергетикалық деңгейінде орналасады. +11Na+ 2e – 8e – Натрий (Na) 2, 8, 1 электрондық конфигурацияға ие. Алайда бір электронын жоғалту арқылы 2, 8 тұрақты конфигурациясын түзеді және натрий атомы оң зарядталған Na+ ионына айналады.
Хлорид анионының түзілуі. Хлордың (Cl) атомдық нөмірі 17-ге тең және ол периодтық кестенің 17-тобында орналасқан. 17-топ элементтердің сыртқы энергетикалық қабатында 7 электрон болады. Хлордың электрондық конфигурациясы (Cl) – 2,8,7. Берілген электрондық конфигурация тұрақсыз, себебі сыртқы электрондық деңгей аяқталмаған. Хлор электрон қосып алу арқылы тұрақты электрондық конфигурацияға ие болады. Хлор атомы бір электрон қосу арқылы тұрақты күйге жетіп, –1 зарядқа ие анионға айналады.
Теріс зарядталған иондар аниондар деп аталады. Аниондардың химиялық таңбалары сәйкес элемент таңбасының оң жақ жоғары бұрышына теріс заряд (–) қосып жазу арқылы белгіленеді. Егер атом бірден артық электрон қосып алған болса, онда теріс зарядтардың саны «–» белгісінің алдына жазылады, мысалы, O2−.
Катиондардың түзілуі. Катиондардың химиялық белгілері сәйкес металдардың белгілеріне оң заряд таңбасын жоғары оң жақ бұрышына қою арқылы жазылады. Егер берілген атом бірден артық электронын жоғалтса, оң зарядтардың саны «+» таңбасының алдына жазылады, мысалы, Li +Mg 2+Al 3+.
бейметалдардан аниондардың түзілуі. Периодтық жүйеде өз периодының соңына қарай орналасқан 16 және 17-топтың бейметалдары осы периодтың соңында орналасқан асыл газдардың электрондық конфигурациясына жетуге ұмтылады. 16-топтың сыртқы қабатында 6 электрон бар барлық элементтерден тұрады. Энергетикалық деңгейді толығымен толтыру үшін тағы екі электрон қажет. Бейметалл атомы 2 электрон қосу арқылы теріс зарядталған, −2 заряды бар анионға айналады. 17-топтың элементтерінің сыртқы қабатында 7 электрон болады. Сәйкесінше бір электрон қосып алып, −1 зарядқа ие болып, анионға айналады. Анионның химиялық белгісі сәйкес элемент белгісінің оң жақ жоғарғы бұрышына (−) белгісін қосу арқылы жасалынады. Егер берілген атом бірден көп электрон қосып алса, теріс зарядталған зарядтардың саны «−» таңбасының алдына жазылады, мысалы, FO2−.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет