Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет17/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Бақылау сұрақтары:
1. Ұжым дегеніміз не?
2. Ұжымның түрлері?
3. Оқушылар ұжымының қалыптасуы кезеңдері?
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы дегеніміз не?
5. Оқушылар өз іс-әрекетін өзбетінше ұйымдастыруы.


6-тақырып. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары
10-Дәріс
Тақырыбы: Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық өзара іс-әрекет технологиясы.
Жоспары:
1. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары.
2. Отбасының тәрбиелік потенциялды мүмкіндіктері.
3. Ата-аналар жиналысын дайындау және өткізу.
4. Ата-аналарға педагогикалық ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістері.
5. Қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі тәрбие технологиялары.
Мақсаты: студенттерге мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеттері оқушыларды тәрбиелеу туралы білімін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдары: Сынып жетекшісі, мектеп пен жанұя, ата-аналармен педагогикалық ағарту жұмыстары, т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы./Құраст. Жампеисова Қ. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Халитова І. Педагогикалық диагностика. Алматы 2008
4.Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы Алматы. «Ғылым», 2003
Реферат тақырыптары:
1. Сынып жетекшісінің мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекет қызметтерінің мәні.
2. Мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекет қызметтерінің ерекшеліктері.
3. Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастық формалары түрлеріне сипаттама.
4. Ата-аналармен педагогикалық ағарту жұмыстарының әдіс-тәсілдері.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие үдерісінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш- демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда.


Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшілігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.
Мектеп оқушылармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастары болуы;
- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің біраңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеуметтік- педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;
- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәжелі ұйымдастыруда;
- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналр мен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;
- баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;
- сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтамақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с
Осыдан барып мектеп пен жанұя тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат:отбасына, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынысы мәдениет деңгейін, жанұянің жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруда көздейді.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі- бір мінез- құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмысын жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата-аналрдың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семенарларда, ғылыми-практикалық конференцяларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5-қызметі атқаруы тиіс.
1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.
2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы иінез құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың педагогикалық–психологиялық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және атаналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формалаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
1. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ететін өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзаоа қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданылады:
- сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәденижорық, саяхат, кеш, спорттықжарыстар, т.с.с.);
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру(мектеп бітірушілерменкездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу т.б.;
-балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата – аналардың ашық есік күніне т.б. ;
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;
- мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;
- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек көрсету т.б.
2. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
3. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамды ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қоладу көрсетіп, оған қажетті материлдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың желпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді отақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді .
Ата-аналар жиналысының әдістемесі. Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруын міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстрының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, мәслихат өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет