Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет20/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Бақылау сұрақтары:
1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы дегеніміз не?
2. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуының қандай тиімді жағдайы бар?
3. Мектептің педагогикалық кеңесі және сынып жетекшісінің семинары (сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі) дегеніміз не?
4. Тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін зерттеу және жинақтап қорытындыла ерекшеліктері?


9-тақырып. Сынып жетекшісінің дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі
13-Дәріс
Тақырыбы: «Дарынды бала» ұғымына түсінік. Отбасындағы дарынды бала.
Жоспары:
1. Балалардың дарындылығы жайындағы қазіргі тұжырымдама.
2. Сынып жетекшісінің дарынды балалармен жұмыстарының ерекшелігі.
Мақсаты: студенттерге дарынды балалрмен жұмыс істеу әдістемесін, дарынды балаларды анықтауға мұғалімге қойылатын талаптарды және оларды оқыту мәселелерін үйрету.
Негізгі ұғымдары: дарындылық, қабілеттілік, талант, дарындылық диагностикасы, дарынды баларды анықтау, дарынды балармен жұмыс.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы./Құраст. Жампеисова Қ. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Халитова І. Педагогикалық диагностика. Алматы 2008
4.Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы Алматы. «Ғылым», 2003


Реферат тақырыптары:
1. Сынып жетекшісінің дарынды балалармен жұмысы.
2. Дарынды балаларды анықтау диагностикасы.
3. Дарынды балалардың ерекшеліктері.
4. Қазіргі кездегі дарынды баларды оқыту мәселелері.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.


Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр, қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?», «Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гете, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердің (Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с.) ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ.
Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбіне «Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушы ұнамайды. П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А.Бэн, В.Вундт, Д.Милль, Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психологтер ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В.Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсіндіреді. арнаулы дарындылық дегеніміз - бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. Сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интеллектіні құрайды.
Дегенмен, іс-әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психиканың одан да күрделі ерекшеліктері: жаңа, ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары «креативтілік» ұғымы «интеллект» ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытынды-ласақ, дарындылық - тұлғаның жалпы, интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше ақындардың біразы сурет, қолөнермен қосымша шұғылданып, жақсы туындылармен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы, универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
Дарынды оқушыны оқытудың міндеттері:
- оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру ;
- шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту;
- оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, әлемдік адамгершілік негіздерін бас-шылыққа алуға, демократия мен ізгілендіру талаптарына сай болуға баулу;
- шәкірттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Дарынды балаларды оқытудағы жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:
Бірінші кезең – Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау жүйесін құру.
Екінші кезең - Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау жүйесін құру.
Үшінші кезең - Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы оның білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамыта түсу жүйесін құру.
Жоспарды жүзеге асыру үшін төмендегілер іске қосылды:
1. Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен тығыз байланыс жасау арқылы: әдістемелік көмек, арнайы әдебиет, сынақ тестілері, мұғалімдер және оқушыларды арнайы дайвндвқтан өткізу жүзеге асырылады.
2. Министрліктен түскен нұсқауларды басшылыққа ала отырып, облыстық пәндік олимпиадаларға, әр түрлі сайыстарға қатысу, олардың материалдарын жан-жақты сараптау және оқушыларға түсіндіру.
3. Дарындылықты, ерекше қабілетті анықтауға арналған арнайы тестілерді немесе бақылау жұмыстарын пайдаланып, оқушылардың білім және ой-өріс деңгейіне талдау жасау:
- сырттай оқу бағдарламасы арқылы тапсырмалар беріп, жеңімпаздарды мектеп-интернатқа шақыру;
- қабілетті оқушысы анықталған мектепке жан-жақты әдістемелік және арнайы әдебиеттермен көмек көрсету.
4. Аудандық және қалалық білім бөлімдерімен тығыз байланыс жасай отырып, сол аймақтардағы ерекше қабілетті оқушыларды мектеп-интернатқа оқуға тарту бағытында түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
5. Жоғары оқу орындары және колледждермен қарым-қатынас екі бағытта құрылады: бірінші – ерекше қабілетті оқушымен жұмыс жасаудың педагогикалық және психологиялық аспектілері бойынша; екінші - мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру бойынша.
Дарындылықты дамыту жолдарының бірі болып келетін мына сызбанұсқаны ұсынып, оқыту жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік туады:



Жеке тұлға



Олимпиада резервтерін
дайындау
штабы

Ата-аналардың дарынды қолдау
және дамыту
қорлары





Оқушылардың ғылыми қоғамы







Әдістемелік
бірлестіктер және психолог





Мектеп әкімшілігі



1. Барлық құрылымдардың қызметінің басты нысаны – жеке тұлға не оқушы.


2. Олимпиада резервтерін дайындау штабы жылына 2 рет барлық пәндер бойынша олимпиадалар және 8 пән бойынша ой-өріс марафондарын өткізеді.
3. Оқушылардың ғылыми қоғамы бес бағыт бойынша ғылыми жұмыстар ұйымдастырады, арнаулы курстар жүргізеді, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болады.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.
1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезіну;
- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу танытуы және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылу.
2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
- қызмет нысаның, яғни, педагогикалық үрдісті білуі;
- оқушы дарындылығының моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- дарынды оқушыны анықтаудың психо-диагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштермен байланысына да көңіл бөлуі;
- дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
- дарынды оқушыны зерттеуге психо-диагностикалық күнделік жүргізуі;
- оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;
- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;
- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі;
- дарынды оқушының ата-анасына әр түрлі педагогикалық-психологиялық кеңестер беруі.
Сондай-ақ, дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейнесі» мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Мұғалімнің дарынды қушымен жұмысқа дайындығының қалыптасуының мәселесі арнайы ғылыми зерттеуді қажет етеді. Ал қазіргі жағдайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интеллектуалды, әлеуетті арттыру қажет. Сондықтан мұғалімдер арнайы курстар арқылы және өзін-өзі жетілдіру арқылы, әріптестерімен тәжірибе алмасу арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейін жоғарылатуы тиіс.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «...Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады». Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни, кәсіби тағдыры тек қана мұғалімге байланысты. Өкінішке орай дарынды баланы анықтап дамыту, оған қолдау көрсетуқазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет