Бақылау сұрақтары:
1. Сынып жетекшісінің міндеттері қандай?
2. Сынып жетекшісінің қызметтері сипаттама беріңіз.
3. Тәрбие жұмыс жоспары дегеніміз не?
4. Тәрбие жүйесін ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің рөлі қандай?
5. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық жұмысы қандай?
5-тақырып. Педагогикалық үрдістегі балалар ұжымы
9-Дәріс
Тақырыбы: Оқушылар ұжымына сипаттама. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі.
Жоспары:
1. Тәрбие жұмысын жоспарлау – оқушылардың жеке тұлғасы мен балалар ұжымының дамуын және мектеп мен сыныптағы тәрбие жұмысының стратегиясын жобалау үрдісі ретінде.
2. Ұжымдағы өзін-өзі басқару.
3. Ересектер мен балалардың ынтымақтастығы.
4. Сынып жетекшісінің қызметіндегі диагностика. Социометрия әдісі.
Мақсаты: студенттерге ұжым - жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды құралы, балалар ұжымының қалыптасу үдерісі, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі ұжым мәселелері туралы теориялық және тәжірибелік жайларды ашып көрсету және түсіндіру.
Негізгі ұғымдары: ұжым, балалар ұжымы, ұжымның құрылымы, ұжымның даму кезеңдері, ұжымның қалыптасуы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, сынып жетекшісінің іс-әрекеті.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы./Құраст. Жампеисова Қ. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Халитова І. Педагогикалық диагностика. Алматы 2008
4.Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы Алматы. «Ғылым», 2003
Реферат тақырыптары:
1. Ұжымның қалыптасуы туралы теориялар.
2. Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама.
3. Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдары.
4. Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі.
5. Оқушы ұжымын диагностикалау.
Оқушылар ұжымы - ортақ мақсат және қоғамдық іс-әрекет арқылы біріккен тұрақты адамдар бірлестігі. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі –жағымды қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік, өзара сенім. Ұйымшыл ұжым ғана саяси, адамгершілік, мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыға ие болады. Ұжымда шығармашылық белсенділік, достық,жолдастық байланыс нығаяды. Сондықтан тату-тәтті, мақсатшыл ұжым тәрбиені ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. Отбасы, балабақша, мектеп, сынып, спорт секциясы, көрекмөнер студиясы, т.б. ұжым түрлеріне жатады. Бұлардың барлығында да балалардың әлеуметтенуі, қоғамға бейімделуі жузеге асады. Ұжымда өмір сүре білу, қоршаған ортамен санаса білу адамның әлеуметтік дамуының жоғарғы сатысы. Тәжірибелі ұстаздар оқушыны ұжымда тәрбиелеу мен жеке тәрбиелеуді табиғи түрде үйлестіреді. Себебі,сыныпта да ерекше назар аударатын, жекелеп тәрбиелейтін оқушылар болады. Бұл тәжірибеші жұмысындағы әр түрлі желі емес, тұтас үдерістің екі жағы.
Тәрбие тәжірибесі мектеп оқушыларының бойындағы жауапкершілік ұжымшылдық, достық, жолдастық, өзара көмек сияқты бағалы адамгершілік қасиеттерді тек ұжымда ұжымдағы әр оқушының қабілетін танып, өз орнын табуына жағдай жасау, әрбір баланы көшбасшы болуға, өзін-өзі басқара білуге тәрбиелеу. Өз мәселесін шеше алатын адам ғана жоғары мемлекеттік мәселелерді шеше алатындығы айқын.
Ұжым ішіндегі сыйластық сезімін қалыптастыруда ұстаз басты рөл атқарады. Алайда, ешбір ұстаз оқушыға сыныптас жолдасын күшпен сыйлата алмайды, әртүрлі шараларды ұйымдастыру арқылы бір ұжымға біріктіреді. Оқушылар ұжымы педагогикалық басшылықты қажет етеді, бірақ әкімшілік билеп-төстеуге жол беруге де болмайды. Оқушылардың дербес шығармашылығын, белсенділігін шебер бағыттап отыру керек. Оқушылардың ынтасын жоғалтып, артық мазасызданып қамқоршы болу да негізсіз.
Оқушылар ұжымы 3 кезеңнен тұрады. Ұжымның даму кезеңдерін ұлы педагог А.С.Макаренко айқындаған. Ол балалар ұжымның даму мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне баллалардың ара қатынасы тәуелділігіне байланысты жіктеді.
Сонымен ұжым дегеніміз – адамның өзінің негізгі мүдделерін ұжымдық мүдделермен бірдей ұғынуы, сезінуі, кез жеткізуі және өз ұжымының мүддесі үшін әрекет өтуді іштей қажетсінуі.
Жеке адамнан ұжым мүдделерінің жан-жақты үйлесімді болуын талап ететін ұжымшылдық принципі бүкіл ұжым алдына да белгілі бір міндеттер қояды. Біз бәріміз үшін, бәріміз сіздер үшін–деген қағидамен үйлеседі. Ол өзімшілдікпен, менмендікпен сыйыспайды, жалпы халықтық, коллективтік және жеке мүдделерді үйлесімді ұштастырады. Бұл анықтамада әр адамның өз коллективі алдындағы міндеттері және коллективтің өзінің әрбір мүшесіне деген қамқорлығы көрсетілген.
Философияның әдіснамасының негізі бойынша кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.А.Сухолинский т.б. ұжым теориясына зор үлес қосты. А.С.Макаренко балаларды ұжым тәрбиелеудің теориясының әрі практикасының негізгін жасай отырып, жас өспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп есептейді.
Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек. Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко дұрыс тәрбиелеудің бір-бір жолы жеке адамды тәрбиелеу емес барлық ұжымды тәрбиелеу керек. Ең алдымен біріншіден жеке оқушыны ұйымдастыру, соны тәрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелеу болған кезде олар жақсы ұжым болады. Балалар өздері ұйымдасқан соң оқушымен сөйлеспей-ақ, бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек.
Міне осыдан соң ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны қалыптастырамыз сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады Оқушылар ұжымы ұйымдасқан бірақ олардың міндеттерінің түсіндіру жұмысын бастау керек. Ұжымды ұйымдастырудың жолдары. Қандай болмасын ұжымды ұйымдастырудың негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады. Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс-әрекетті таңдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.
Оқушылар ұжымы – іс-әрекеттің әр түрлі саласында қалыптасады /еңбекте, ойында оқуда мәдени көпшілік және спорт жұмыстарының барысында/.
Ұжымдық қатынастарды қалыптастыруда іс-әрекет анағұрлым пәрменді, әсерлі болуы үшін мынадай талаптарға жауап беретіндей болуы тиіс:
- іс-әрекеттің оқушыларға қоғамдық мәні анық болуы тиіс.
- іс-әрекет нәтижелерінің көрнектілігі және сезілгіштігі;
- іс-әрекет мазмұны оқушының жас ерекшіліктеріне сәйкестігі:
- іс әректтерді орындауда тврочестволық инициативаны қолдану.
Сонымен қоғамдық іс-әрекет, қоғамдық талаптар жүйесімен ұштасады.
Кез-келген оқушылар ұжымын тәрбиелеуді ұйымдастыруды тәрбиеші ең алдымен талап қоюдан бастайды. Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі –талаптың бір-бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын-ала ұжым ережелерін зерттеп білу бірінші күннің зор шешуші ролін түсіну, талап түсінікті, нанымды, балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары және сенімді, дәйекті болуы көзделінеді.
Талап қоюды ең алғашқы кездесуде жалпы оқушылар жиналысынан бастау пайдалы, нәтижелі болады. Активтермен жүргізілетін жұмыстар жүйесі - ұжымды ұйымдастырудың басты шарттарының бірі.
Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу мұғалім,мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс-әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол коллективтен шыққан ең алдыңғы топ мықты активтің роліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған.
Актив дегеніміз балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, ұжымның стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі.
Активпен жұмыс жүргізудегі педагогикалық міндеттер:
- сенімді активтерді іріктеу, жастар ұйымдарының активтерінің іріктелуіне басшылық жасап, көмектесуі;
- оқушылар алдында мұғалімнің сенімді, беделді оқушылары активі бар екенін сездіру;
- актив оқушылардың беделін, сенімін арттыру үшін орындай алатын класс жұмыстарын тапсыру, өздері шешім қабылдауына мүмкіндік туғызу:
- активтер өскен сайын оқушыларды көбірек олардың айналасына топтастыра бастау, олардың оқушылармен өзара әректтесу шеңберін кеңейту;
- оқушылар коллективінің барлығына дерлік тапсырмалар беру,тұрақты қоғамдық міндеттер жүйесін белгілеу;
- активтердің қоғамдық жұмысқа деген жауапкершілік, қажетсіну сезімінің басқа оқушыларға да ықпалы болуына сүйеніп, әр оқушының талап, тілегіне сай жұмыстарды шебер үйлестіріп отыру;
- активтердің үнемі ұжым алдында есеп беруін іске асыру, ал ұжым мүшелерінің тапсырмаларының орындалуын активтер тобының тексеруіне, бақылуына сеніп беру.
Осылай ұжымда активтер тобы құрылу арқылы коллектік қатынастар тәжірбиесі қалыптасып, ұжымның біртіндеп ұйымдасуына, дамуына көмектеседі.
Жоғарыда аталып өткендей коллективті ұйымдастыру және тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі параллельді ықпал жасау.
А.С.Макаренко жеке адамға әрі ұжым активінің әрі мұғалімнің қатар талап етуін параллельді әсер ету принципі деп атаған. Әрбір оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқына барлық ұжым жауап беруде параллельді ықпал принципі болады. Мысалы, кластағы бір оқушының нашар бағаға алуы барлық оқушыны қынжылтуы–бір мәселені шешуге екі жақтан да әрекет жасау ұжым беделінің өсуіне көмек береді.
Қоғамдық пікір туғызу ұжымның жеке адамға әсер ету күшін арттырады. Қоғамдық пікір әр оқушының тәртібінің өлшеміне айналады. Оқушыға талап қою мен сенім көрсету жағдайында өсіп, жақсыға ұмтылуға үйренеді.
Қоғамдық пікір туғызу ұжымның жеке адамға әсер ету күшін арттырады. Қоғамдық пікір әр оқушының тәртібінің өлшеміне айналады. Оқушыға талап қою мен сенім көрсету жағдайында өсіп, жақсыға ұмтылуға үйренеді.
Ұжымның толық мәнді рухани өмірі бұл үнемі үздіксіз дамып, жетіліп отыратын үдеріс. Мұның негізіне ең алдымен оқушылардың ынтымақтасқан біріккен, мазмұнды қызықты еңбектері жатады. Ұжымның өсу, қозғалысы және жеке адамның дамуы бұл бір-бірімен шартты байланысты үдеріс. А.С. Макаренко ұжымның даму дидактикасын ұжымның алдағы қуанышты іс-әректтері және перспективті мақсаттарымен байланыстырған.
Сондықтан педагогика теориясында оқушылар коллективін ұйымдастыру және тәрбиелеудің маңызды жолдарының бірі-оқушылар коллективіндегі перспективалы жолдар жүйесі. Оқушылар ұжымын құрудың және дамытудың ең тиімді жолының бірі–оқушылар алдында үнемі қызықты, тартымды перспективаларды қоя білу.
Перспектив - ұжымның барлық мүшелерінің қол жеткізуге талпынатын, олар жүзеге асыру үшін күресетін, жарқын, қызық және қуанышты оқиға. Алдына ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өміріне шын мәнінде қуат беруші күш ол ертеңгі күннің қуанышы екенін А.СМакаренко тәрбие жұмыстарында бірімен бірі байланысты түрде құрылған үш түрлі перспектива арқылы белгілеген; жақын, орта, алыс перспективалар.
Жақын перспектива - оқушылардың күнделікті өміріндегі орындалатын жұмыстары. Оқушылардан бірден–ақ еңбек ету перспективасы талап етіледі. Басқаша айтқанда бұл орындалатын еңбектер оқушылардың әрқайсына толық, түсінікті, ертеңгі қуанышты көре алатындай болуы керек. Мысалы, жексенбіге белгіленген қызықты серуен де циркке немесе киноға бару да, қызықты ойын-жарыс және әртүрлі сенбіліктерде де т.б. осындай істер жақын перспектива бола алады. Ұжым алдындағы жай қуаныштың өзі ғана ұжым ісінің мақсаттың болуына көмектеседі. А.С.Макаренко адамның бірлігі қарапайым, жай мақсаттың күн үлгерілген сайын күрделеніп отыруы керек, мақсаттың тоқтауы әлеуметтік мәні жоғарлауы қажет деген.
Ұжымның перспективасы оқушылардың іс-әрекетінің қызықты, көтеріңкі болуына көмектеседі. А.С.Макаренко перспектива ұжымның тоқтауы болмауына үнемі ілгері қозғалып отыруыны негізгі және тоқтауы-ұжымның өлімімен тең болатынын ескертеді.
Бірақ мақсат орындап, одан әрі сол мақсат жалғаспаса ұжымда тоқырау, тыныштық орнайды. Ал, бұл жағдай коллективтің ыдырауына себеп болады. Инициатива, күш-жігер талап ететін перспективалар-коллективтің алға ұмтылу, ұйымдасу нығаю заңы болып табылады.
Педагогика теориясында орта перспективаға уақыт жағынан едәуір дайындықты қажет ететін, оқушыларды толғандыратын, қызықтыратын ұжымдық іс-әрекеттер жататыны айқындалған. Мәселен, оқушы ұйымдарымен жастар жиналыстарын, тақырыптық пікір сайыстар мен кештерді, мектептің әртүрлі мерекелерін дайындау және өткізу орта перспектива бола алады.
Алыс перспективаға–уақыт жағынан ілгерірек,әлеуметтік жағынан мазмұнды жұмыстар, мұнда қоғам өмірі, болашақ қоғам мүддесін орындауға байланысты алынатын істер жатады.
Алыс перспектива мектеп жағдайында өз жеке перспективасын Отанның келешегімен байланыстыратын, өзінің болашақ мамандығы жөнінде,ойланатын ұжымның әр мүшесінің жеке перспективасынан құралады. Тек бұл жағдайда алыс перспектива мектеп нәтижесінің көрінісі қызметін атқарады. Ұжым мүшесі өзінің болашақтағы бет алысын қоғам мүддесі және Отан игілігі үшін еңбек етумен байланысы жоқ.
Тар көлемдегі жеке перспективасымен анықтаса, бұл ұжым мен мектеп оған адамның шын қасиеттерін дарыта алмағанын, оны шын мәніндегі коллективизм рухында тәрбиелей алмағанын көрсетеді. Адамды тәрбиелеу деген сөз ол адамда перспективалы жолдардың болуын тәрбиелеу деп түсінуге болады. Сынып ұжымының алдында күнделікті кезекшілік,класс кітапханасын ұйымдастыру, сынып ішін жабдықтау, жаңа жылға дайындық жүргізу т.б ұжымдық істер шеңбері кеңейіп, ол әр ұжым мүшесінің тартымды ісі болуы шарт.
Жоғарыдағы айтылған перспективалар барған сайын күрделеніп, әлеуметтік мәні артып кластың, мектептің бүкіл еліміздің пайдасына бағытталған еңбектерімен ұштасуы керек. Сонымен ұжым алдында пермпективалар неғұрлым жиірек қойылса және оған оқушылар ынталанып отырса–ұжымның соғырлым дамуы жеделдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |