Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет18/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Бақылау сұрақтары:
1. Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекет қызметтерінің мәні неде?
2. Сынып жетекшісінің ата-анамен жұмыстарының әдістері қандай?
3. Мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекет қызметтерін сипттаңыз.
4. Ата-аналармен балалармен қарым-қатынасы қандай болуы қажет?
5. Ата-аналармен педагогикалық ағарту жұмыстарының тізбесін келтіріңіз.
6. Тәрбие жүйесінің даму кезеңдерін сипаттаңыз.


7-тақырып. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері.
11-Дәріс
Тақырыбы: Қазіргі жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер бірлестіктеріне сипаттама.
Жоспары:
1. Балалар бірлестіктері – тәрбие институты ретінде.
2. Мектептің тәрбие жүйесінің дамуы мен қызметіне әсері.
3. Балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің типтері.
Негізгі ұғымдары: балалар бірлестігі, қозғалыстары, ұйымдары; оқушылар бос уақытын ұйымдастыру, формальды емес топтар, балалар бірлестігін тәрбиелеу.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы./Құраст. Жампеисова Қ. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Халитова І. Педагогикалық диагностика. Алматы 2008
4.Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы Алматы. «Ғылым», 2003
Реферат тақырыптары:
1. «Невада-Семей» қозғалысының тарихи маңыздылығы.
2. «Пионер» ұйымының тарихи даму кезеңдері.
3. «Скаутинг» қозғалысының қалыптасуының тарихи алғы шарты және Қазақстанда пайда болуы.
4. Алматы облыстық «Мың бала» қозғалысының маңыздылығы.
5. Ресейдің «Жас Россия» балалар қозғалысының тарихи дамуы.

Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуіне, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінегі Қазақстан халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «халықтың көптеген топтарының бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздері салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктерінің құрылып, дамуына мүмкіндік ашып отыр.


Еліміз егемендік алғаннан кейін Президенттің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан балалары» атты мемлекеттік бағдарлама жасалып, іске асырылады. Аталған бағдарлама төмендегі жеті мақсатты бағдарламаны қамтиды:
1. Балалар мен ананы қорғау.
2. Мемлекеттік тұрғыда әлеуметтік қорғауды қажет ететін балалар.
3. Мектептке дейінгі тәрбие.
4. Жасөспірімдердің құқық бұзушылық және қараусыздықтарын болдырмауға алдын-ала шаралар жүргізу.
5. Дарынды балалар мен жастарға тәрбие мен білім беруге байланысты «дарын» бағдарламасы.
6. Орта білім беру жүйесін информатизациялау.
7. Экология саласы бойынша ғылым және білім Халықаралық «ГЛОУБ» бағдар-ламасы.
Балалар қозғалысы – балалар бірлестігінің бірлескен іс-әрекеті. Балалар қозғалысы қоғамдағы балалар мен жасөсіпірімдердің мәртебесіне, шамасына қарай қоғамдық өмір мен іс-әрекетке қосылу, әлеуметтік шығармашылық пен азаматтық өзіндік сана, жасы толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін көтереді.
Балалар мен жастардың дамуында маңызды фактор - құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с. сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын – тұлғаны дамытудың маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. БҰҰ-ның баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7-18 деп қарастырылған.
Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол - дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалыс болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.
Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жастарды тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға - олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағытта қамтиды:
1. Дамтыушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдармен қарым-қатынасын жасау бірлестігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.
3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызғушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді.
Ұжым - әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: «Дұрыс тәрбиелеудің бірден-бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу керек деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы – жеке оқушыны ұйымдастыру, соны тәрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелеу болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен кейде жеке оқушымен сөйлеспей-ақ, бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейиіз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады», - деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.
Балалар ұйымдары - «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Жұлдыз», «Болашақ» бағдарламаларына сай жұмысын жүзеге асырады.
Оқушылар ұжымы іс-әрекет – істің әртүрлі саласында қалыптасады /еңбекте, ойында, оқуда, мәдени-көпшілік және спорт жұмыстарының барысында/.

Ұжымдық қатынастарды қалыптастыруда іс-әрекет анағұрлым пәрменді, әсерлі болуы үшін мынадай талаптарға жауап беретіндей болуы тиіс:
- Іс-әрекеттің балаларға қоғамдық мәнінің анықтығы;
- Іс-әрекет нәтижелерінің көрнектілігі және сезілгіштігі;
- Іс-әрекет мазмұнының оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- Іс-әрекеттерді орындауда шығармашылық инициативаны қолдану.
Сонымен қоғамдық іс-әрекет, қоғамдық талаптар жүйесімен ұштасады. Кез келген оқушылар ұжымын тәрбиелеу ұйымдастыруды тәрбиеші ең алдымен талап қоюдан бастайды.
Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі – талаптың бір-бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын-ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші ролін түсіну, талап түсінікті, нанымды, балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары және сенімді, дәйекті болуы көзделінеді.
Бүгінде балалар бірлестіктері:
- өзінің ұйымдастыру-құқықтық формасына (бірлестік, ұйым, қозғалыс, орталық,клуб);
- көлемі мен деңгейіне (пионер одағының ұйымы, республикалық «Невада» қозғалысы (Семей қаласы), аймақ аралық клуб);
- әрекеттерінің мақсаты және мазмұнына (елжандылық, экологиялық, саяси, скауттық, пионер);
- әрекет ету бағдарламасына («Атамекен», «Дәстүр», «Жұлдыз», «Ұлан», «Азамат», «Мың бала», «Ата кәсіп», т.с.с.);
- құрылымына (буын, бригада, команда, отряд, дружина, клуб, ерлік мектебі, салаут, т.б.);
- басылымдарына (газет, журнал, альманах, әдістемелік-хабаршы, т.б);
- ұйымдастыру базасына (балалар бірлестіктері, жалпы орта мектептері, қосымша білім беру, мәдени мекемелер, балалар үйі, тұрғылықты мекен жайы);
- ұйымдастырушыларына ( жетекші, лидер, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, т.б.) байланысты әртүрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет