Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет21/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Бақылау сұрақтары:
1. «Дарындылық» дегеніміз не?
2. Дарынды балалармен жеке жұмыс жасаудың ерекшеліктері.
3. Дарындылықты жетілдірудің жолдары қандай?
4. Мектептен тыс уақытта дарынды балалармен жұмыс жасауы.
10-тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі.
14-Дәріс
Тақырыбы: «Кәсіби бағдар жұмысының» мәніне түсінік.
Жоспары:
1. 12 жылдық мектептегі кәсіби бағдар жұмысының ерекшелігі.
2. Бастауыш сынып оқушыларын түрлі мамандықтар әлемімен таныстыру.
Мақсаты: студенттерге оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдіс-тәсілдері, формалары және педагогикалық кәсіби бағдардың ерекшеліктерін үйрету.
Негізгі ұғымдары: кәсіптік бағдар беру, кәсіптік бағдар берудің әдіс-тәсілдері, педагогикалық кәсіби бағдар беру жұмыстары.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы./Құраст. Жампеисова Қ. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Халитова І. Педагогикалық диагностика. Алматы 2008
4.Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы Алматы. «Ғылым», 2003
Реферат тақырыптары:
1. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.
2. Қазіргі кездегі педагогикалық бағдар берудің әдістемесі.
3. Оқушыларға кәсіптік ағдар берудің әдіс-тәсілдері.

Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.


Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Нарықтық экономика жағдайында жаңа қоғамның талабы мен жекешелендіру саясатының жүйесі жүзеге асырылуы мектептегі және мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеу және отбасындағы еңбек тәрбиесін түбірімен өзгертуді қажет етеді. Сол себептен де мектептерде оқушыларды қабілеттеріне сай оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырған жөн. Осы кезеңде мектептегі сыныпта және сыныптан тыс еңбек тәрбиесі мәселесі ұстаздар мен әрбір отбасын ойландыруықажет. Бұрынғыдай мемлекеттің қамтамасыз етуі жәнемектептерде еңбекке үйретуге қажетті арнайы жабдықталған оқу шеберханалары, кәсіптік бағдарлау сыныптары, сыныптан тыс жүргізілетін үйірме, оқушылардың жазғы демалысы кезінде ұйымдастырылатын өндірістік бригадасы, еңбек демалыс лагерлерімүлдем жұмыс істеуден қалды. Мектептердің матеориалдық базасын жақсартуға бөлінетін қаржы жетіспейді. Осындай олқылықтарды болдырмау, оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесін жақсарту, белгілі бір кәсіпке бағдарлап оқыту жаңаша ұйымдастырылуда.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсеңді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжым-ның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Кәсіптік бағдар беру – белгілі бір мақсатты істі орындауды адамның ақыл-ойы дамуының маңызды факторы болып табылады. Балаларға әсіресе, еңбек әрекеті үлкен әсер етеді. Еңбек әрекеті баланың қоршаған дүниені, нақтылы заттарды тануына – оны тұрмыста пайдалана білуге үйретеді, санасын байытады.
Жасөспірімді кәсіптік әрекетіне әзірлеу мектеп оқуының барлық жылдарында жүргізіледі, ал мұнан кейін арнаулы орта дәрежелі және жоғарғы оқу орындарында да жалғастырылады.
Кең салалы қоғамдық талаптармен өмір сүретін оқушылар ұжымдарының күнделікті жүйелі еңбек әрекеттері, оқушыларды өнімді еңбекке оларды еңбектегі жігерлілікке дағдыландырудың, еңбек әрекетіне тәрбиелеудің реальды негізі болып саналады.
1. Мектептегі кәсіптік бағдар берудің мақсаты мен міндеттері.
Педагогтер дамытқан кәсіптік бағдар берудің бағдарламасы екі негізгі міндеттен тұрады. Бірінші міндет - жастардың еңбекке деген көзқарасы мен борышын қалыптастыру. Оны мынадай тәрбие жолдарымен іске асырады.
1. Жастардың бойына Отан игілігіне еңбек етуге деген әзірлікті және тілек- талапты қалыптастыру;
2. Қоғамды өркендетудегі еңбектің мәні мен маңызын түсіндіру;
3. Кәсіпке деген көзқарасты, еңбектің адамзат үшін өмірлік және рухани қажеттілігін түсіндіру;
4. Кәсіпке деген адамгершілік көзқарастың қалыптасуы үшін жастарды адалдыққа, ақ ниеттілікке және жауаптылыққа баулу;
5. Қалай да болсын еңбекке және еңбек адамына құрмет көрсетуді, қоғам мүлкіне жаны ашуға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын ысырапсыз пайдалануға үйрету;
6. Кәсіптік бағдар берудің түрлеріне шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу.
Кәсіптік бағдар берудің екінші міндеті – жастарға еңбек ету үшін керекті білім беру, олардың іскерлігі мен дағдысын арттыру. Бұл міндет мынадай тәрбие жолдарымен іске асырылады.
1. Кәсіп етуге керекті білімді оқыту;
2. Кәсіптік мамандық алу үшін база болатын ғылымдардың негіздерін оқыту;
3. Қазіргі индустрияның ғылыми негізі туралы мағлұмат беруге көмектесетін политехникалық ғылымның элементтерін меңгерту;
4. Технология сабағының барысында жалпы техника, агротехника және ауылшаруашылық техникасы туралы, еңбекшілердің өндірістік қызметі туралы мағлұматтар беру, сонымен қатар техника түрлерін жүргізу мен қатар оларды жөндеп сақтау туралы арнайы білім беру;
5. Кәсіптік бағдар берудің түрлерін іс жүзіне асыру туралы дағдыларды қалыптастыру;
6. Жұмыс түрлерін жоспарлауды, оны ұйымдастыруды, жұмыс орнын жинақы ұстауды, құрал жабдықтарды күтіп, оларды орынды қолдана білуді үйрету.
Тәрбие үдерісінде еңбек тәрбиесінің өзіндік ерекшелігі бар. Адам баласы тарихында алғаш рет мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері қоғамның объективті талаптарын көрсетеді. Сонымен бірге ол әрбір баланың жан-жақты даму мүддесімен сәйкес келеді.
Адамның жан-жақты дамуы үшін дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегінің байланысуы жағдайында әр салалы еңбек әрекеті қажет. Осыдан келіп еңбек тәсілінің міндеті туады: оқушыларда дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегін ұйымдастыратындай қажеттілікті, іскерлік-біліктерді және дағдыларды қалыптастыру.
Мектептегі кәсіптік бағдар ерекшелігінің бірі өсіп келе жатқан адамның адамгершілік сапаларын, еңбекке көзқарасын тәрбиелеу.
Адамгершіліктің бастамасы қоғамдық пайдалы еңбектің барлық саласында еңбек адамдарын сыйлаушылықтан басталады. Еңбек әрекеттеріне психологиялық әзірлік балаларда қоғамға йдалы мүше болуға ұмтылуды, даярлықты қалыптастыру болады.
Кәсіптік бағдар ерекшелігі – оның жалпы политехникалық біліммен, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиелермен байланысты болуы.
а) оқу үдерісінде оқушылардың алған білімдері, практикалық іс үшін негіз болады. Оларда материалдық байлықтарды өндіруге ынталандырады.
Кәсіпті оқумен органикалық түрде байланысуының өз еркінше дамуының, өзін-өзі бақылауының және өзін-өзі тәртіптендіруінің маңызды құралы болады.
б) мамандыққа сай оқу процесінде оқушылар нақты дағдылар алады.
в) еңбек тәрбиесі жалпы және политехникалық оқу негізінде оқудың белгілі мамандыққа икемдігін ашып дамытады.
Еңбек тәрбиесі үдерісінде әр салалы еңбек ету сапасы қалыптасады. Ұжымшыл еңбекке практикалық қана емес,адамгершілік даярлық қалыптасады, адамдарға көңіл аудару, жолдастық өзара көмек, ұжымдық қасиеті тәрбиеленеді. Оқушылардың жас өзгешелігіне қарай еңбек бірте-бірте күрделене түседі.
а) Оқу үдерісіндеі кәсіптік бағдар беру үдерісі – оқу еңбегі оқушылардың еңбегінің негізгі түрі. Бұл еңбек ақыл-ой және ерік жігерлілігін талап ететін өте-мөте күрделі және ауыр еңбек. Мұнда оқушылардың көп уақыт бір мәселе жөнінен оқу жұмысымен айналысуға шыдамдылығы қажет. Оқу еңбегінің барысында еңбекке әдеттену, еңбек дағдылары мен іскерліктері кейінгі еңбек әрекеттерінің басқа салаларының дамуына әсер етеді.
Оқу еңбегінің ерекшелігі – оның нәтижелері оқушылардың өздеріне бірден білінбейді. Оқу еңбегі – негізінен интеллектуальды /ақыл-ой/ еңбек.
Еңбек тәрбиесінде еңбек сабақтарының мәні өте зор, оларда оқушылар еңбек операцияларын меңгереді. Бұл сабақтарда оқушылар өздері үшін керекті және басқа нәрселерді даярлайды, еңбек дағдыларын меңгереді, техникалық және технологиялық білімдермен қаруланады. Оқушылардың еңбеккерлік сезімдері, әсіресе жоғарғы сыныптарда, оқушылар бригадаларында, мектеп мастерскойларында беки түседі.
Оқу үдерісінде оқушылар еңбекке және еңбек адамдарын сыйлап, оларға құрметпен қарауға тәрбиеленеді. Бұған оқушылардың қоғам өміріндегі еңбектің ролін айқын ашатын көркем шығармаларды оқуы да ықпал етеді.
ә) Сыныптан тыс жұмыс үдерісіндегі еңбек тәрбиесі. Еңбек тәрбиесін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіншілігі мол. Оқудан тыс уақыттағы «Шебер қолдар» үйірмелеріндегі жұмыстар, натуралистік, тәжірибелік, техникалық және басқа үйірмелердегі жұмыстар еңбек әрекетін қамтиды, оқушылардың шығармашылық ойларын дамытады. Үйірмелерде әрбір оқушы тек қана сабақтарда алған практикалық дағдыларын ғана дамытып жетілдірмейді, сонымен бірге өз істерінің-әрекеттерінің түрлері мен әдістерін тыңдауда инициатива көрсетеді, өз еңбегін рационализациялаудың /тиімді етудің/ жолдарын іздестіреді, еңбекке творчествоны енгізеді. Оқушы зерттеу еңбегінің /көпшілік-ғылыми әдебиеттерді пайдалану, жазба жұмыстарын жүргізу, байқаулардың нәтижелерін қорыту т.б./ дағдыларын меңгереді.
б) Оқушылардың өзін-өзі күтуіне байланысты еңбектері. Еңбек тәрбиесінің жүйесінде оқушылардың өзін-өзі күтуі кең орын алады. Оқушылар оқу жабдықтарын жөндеуге қатынасады, сыныптарды ретті және тазалықта ұстайды. Фермалардағы, мектеп участогіндегі жұмыстарға араласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет