Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет16/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Пәннің аталуы

Теориялық механика

Қысқартылған атауы

ТМ.

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практика, СӨЖ, СОӨЖ





Семестр:

2 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Камбарова О.Б.

Доцент/оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс –15 сағат, практикалық -15,
СОӨЖ –30 сағат, СӨЖ-30 сағат

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90 сағат,

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 ЕСТS

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Переквизиттер: математика, физика, сызба геометрия, дифференциалдық теңдеу

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқыту мақсаты: механика мәселелерін шешуде оқылған материалдарды қолдану туралы білімдерді игеру, студент берілген бағдарламаларға кіретін негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды білуі керек, статикалық және динамикалық есептердің есептемелі схемаларын жасау дағдыларын алуы керек, қойылған мәселе моделін құрастыра алуы керек.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Материя қозғалысының бірі ретінде механикалық қозғалыс. Теориялық механика – ғылым және оның жаратылыстанудағы мәні. Теориялық механикалық негізгі бөлімдері, олардың мазмұны және оқу реттілігі. Зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістері. Статика, байланыстар және олардың реакциялары. Үйлескен күш жүйесі. Күштердің эквиваленттік және теңгерілген жүйелері, тең әсерлі күш. Статика аксиомасы. Центрге қатысты оське қатысты күштер жұбына қатысты алгебралық және векторлық күштер моменті. Күштер жұбының алгебралық және векторлық моменттері. Күштер жұбының эквиваленттілігі, жұптар жүйесінің тепе-теңдік шарты. Күштер жүйесін қарапайым түрге келтіру. Статиканың негізгі теоремасы. Күштер жүйесінің басты векторы және басты моменті. Күштер жүйесінің векторлық және аналитикалық тепе-теңдік шарты. Вариньон теоремасы. Сырғанау үйкелісі, Кулон заңы, үйкеліс конусы мен бұрышы. Мүшелес конструкция тепе-теңдігі. Үйкеліс кезіндегі қатты дене тепе-теңдігі. Статикалық анықталған және анықталмаған мәселелер. Нүкте кинематикасы, есептері. Классикалық механикадағы абсолют кеңістік және универсал уақыт. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Нүкте мен дененің қозғалысын беру тәсілі. Нүктенің жылдамдығы мен үдеуін анықтау. Қатты дене кинематикасы. қатты дененің қозғалыс түрлері. Қатты дене нүктелерінің жылдамдықтарының осы нүкте арқылы өтетін оське проекциялары туралы теорема. Қозғалмайтын ось айналасындағы дененің айналмалы қозғалысы. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу. Айналмалы қозғалыс кезіндегі сызықтық жылдамдық және сызықтық үдеу. Қатты дененің жазық параллельді қозғалысы. Жазық фигураның жылдамдығын және үдеуін анықтау. Жазық фигураның нүктелері жылдамдықтарының лездік центрі. Нүктенің күрделі қозғалысы. Салыстырмалы өтпелі және кориолиос үдеуі. Жуковский ережесі. Үдеудің Кориолоиос теоремасы. Динамикаға енгізу. Негізгі ұғымдар мен түсініктер: салмақ, материалды нүкте, тұрақты және айнымалы күштер. Динамика заңдары. Нүкте динамикасының бірінші және екінші мәселесі. Материалдық нүктенің төрт бұрышты декартты координаттарда және табиғи үшбұрыш осіне проекцияларында дифференциалдық қозғалу теңдеуі. материалдық нүктенің салыстырмалы қозғалысы, нүктенің салыстырмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеуі. Классикалық механиканың салыстырмалылық принципі. Салыстырмалы тыныштық жағдайы. Механикалық жүйе, жүйе салмағы, салмақ центрінің координаттары. Жүйе нүктесіне әсер ететін күштер классификациясы, ішкі күштер қасиеттері. Жүйе инерциясының және қатты дененің ось және полюс жазықтығына қатысты инерция моменттері. Жүйе салмағы центрінің қозғалысы туралы теорема. Штейнер-Гюйгенс теоремасы. Нүкте мен жүйе динамикасының жалпы теоремалары. Қозғалыс санының өзгеруі туралы теорема, кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема. Потенциал энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. Қатты дененің ілгері-кейінді, айналмалы, жазық-параллельді қозғалысы кезінде дифференциалдық теңдеулер. Таңдалған центр мен оське қатысты дененің кинетикалық моменті. Даламбер принципі. Инерция күштері, инерция күштерінің басты векторы және басты моменті. Динамикалық реакцияны анықтауға принцип қосымшасы. Аналитикалық механика. Байланыстарды топтастыру және олардың теңдеулері. Нүктенің және механикалық жүйенің мүмкін қозғалысы. Жалпылама координаттар және жалпылама күштер. Мүмкін қозғалыстар принципі. Динамиканың жалпы теңдеулері.
Практикалық сабақтар: кіріс бақылау. Үйлескен күштер жүйесі. Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігі. Кинематика. Нүкте қозғалысының тәсілдері. Қатты дененің айналмалы қозғалысы. Қатты дененің жазық қозғалысы. Нүктенің күрделі қозғалысы. Динамиканың екі негізгі мәселелрі. Нүкте динамикасы. Динамиканың жалпы теоремасы. Даламбер принципі. Мүмкін қозғалыс принциптері. Материалдық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеуі. Динамиканың жалпы теңдеуі. 2-ші текті Лагранж теңдеуі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу және емтиханды тапсыру процесінде студент статикалық және динамикалық мәселелерді шешу тәсілдері, материалдық дене қозғалысын зерттеуге жалы заңдылықтар мен теоремаларды қолдану.




Тарату материалы – 15 дәріс, плакаттар – 15 дана., слайдтар – 20 д, «Теориялық механика» электрондық оқулық бойынша 1,2 бөлімдер




  1. Курс теоретической механики: Учебник для вузов/В.И. Дронг., В.В. Дубинин М.И. Ильин и др. /Под общ. ред. К.С. Колесникова. - М.: Изд-во МГТУ им Н.Э. Баумана, 2000. - 736с.

  2. Тарг СМ. Краткий курс теоретической механики.– М., 1998 и предыдущие издания.

  3. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике.– М., 1986 и предыдущие издания.

  1. Никитин Н.Н. Курс теоретической механики.– М., 1990.-607с

  2. Сборник задач по теоретической механике /Под ред. К.С. Колесникова.– М., 1983, и последующие издания

  3. Сборник заданий для курсовых работ по теоретической механике /Под ред. А.А. Яблонского.– М., 1999 и предыдущие издания.

  4. Цывильский В.Л. Теоретическая механика.– М.: Высшая школа, 2001-319с.

  5. Ешуткин Д.Н., Григорчак B.C., Кожахметова А.К. и др. Теоретическая механика (задания для самостоятельных работ).– Караганда, 2002 - 115с.

  6. Дасибеков А.Д., Камбарова О.Б. «Курс лекции по теоретической механике» Часть I, II (Статика, Кинематика), 2009г, Шымкент, ЮКГУ.

  7. Дасибеков А.Д., Камбарова О.Б. «Методическое указание для решения практических задач по теоретической механике», 2009г, Шымкент, ЮКГУ.

  8. Камбарова О.Б. «Курс лекции по теоретической механике для дистанционного обучения», 2005г, Шымкент, ЮКГУ.

12. Дасибеков А.Д., Камбарова О.Б., Кабылбеков К. «Курс лекции по теоретической механике» Часть I, II (Статика, Кинематика), 2009г, Электронный учебник, Астана.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет