Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет184/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция
ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С
Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарын тартылу көздерi?

  2. Лизинг дегеніміз не?

  3. Лизингілік мәміледе қанша субъект қатысады?

10 тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер.
Дәріс 10

10.1. Тәуекел түсінігі мен түрлері және олардың жіктелінуі.


10.2. Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар.
10.3. Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері
10.4. Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері
10.5. Тәуекелдерді басқару әдістері.
10.6. Тәуекелдерді төмендету тәсілдері
10.1. Тәуекел түсінігі мен түрлері және олардың жіктелінуі
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет