Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет29/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
үкіметтік борыштың лимиті;

  • Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті;

  • жергілікті атқарушы орган қарызының лимиті.

    Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банк-те, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынган жоне өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болыи табылады, бұл сомалар берілген күнге (қаржылық жылдың соңына) тиісті қүрылымының нақты борышынан аспауы тиіс. Мәселен, Ұлттық банктің сырт-қы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50% деңгейінде белгіленеді, яғни мемлекеттік сыртқы қарыз алу бой-ынша тартылатын қаражаттардың көлемі жоғарыда атап өткені-міздей, еддің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу лимиті, бұдан бұрын айтылғандай, Республикалық бюджет туралы заңмен белгі-ленеді, онда үкіметтік борыштың лимиті де, оған қызмет көрсету-ге бағытталатын қаражаттардың ауқымы да бекітіледі.
    Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған лимиті сол жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пай-ызынан аспауға тиіс. Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірісінің 25 пай-ызьгаан аспауға тиіс. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге, оган қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджет кірісінің 10 пайызынан аспауға тиіс.
    Заңмен мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті — тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің қүрамында бекітілетін тіркелген сомасы белгіленеді, бұл соманың шегіңде Қазақстан Рсспубликасының мемлекеттік (үкіметтік, егемеңді) кепілдігі — үкіметгің несиегер алдында Қазақстан Республикасы-ның қарызгер-резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде толемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.
    2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңца Үкіметтік борыш лимиті 702 млрд. теңге молшерінде, ал Қазақ-стан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 8,05 млрд. теңге молшеріңде белгіленген. Сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 14,2 млрд. теңге көзделінген.
    Мемлекеттік борышты басқару — мемлекеттің озі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу,
    жаңа карыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы үтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің қүнын оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда бо-рыштың қалыптасуы өзгерту және оган қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган-, дардың қызметі ретіңдегі мемлекеттік борыштың мониторингі жүргізіледі.
    Мемлекеттік борышты басқарудың нақтылы процесі мыналар-ды қамтиды:
    1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен
    борыштың жай-күйін бағалау және- алдағы он жылдық кезеңге
    арналған болжамды жыл сайын дайындап отыру, онда өтеу және
    қызмет көрсету көлемдері, үкіметтік борыштың, жергілікті атқа-
    рушы органдардың қарыз алуы мен борышының мемлекет
    кепілдендірген лимиттері соларға сәйкес белгіленетін көрсеткіштерді
    анықтау.
    Бұл қүжатты дайындауды Қаржы министрлігі Ұлттық банк-пен және Мемлекеттік иңвестициялар бағдарламасын әзірлеуге уәкілетті органмен бірлесе отырып, елдің экономикалық дамуы-ның ұзақ мерзімді болжамы, жинақталған мемлекеттік және мем-лекет кепілдендірген борыштың колемі мен қүрылымы, несие ка-питалы рыногіндегі озгерістер болжамы негізінде жүзеге асырады;

    1. Қаржы министрлігі жүзеге асыратын, тиісті жылға арналған республикалық жоне жергілікті бюджеттерде бекітілген үкіметтің қарыз алу көлемін, нысандары мен талаптарын, үкіметтік борыш-тың лимиттерін және өтеу мен қызмет көрсету көлемін, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы мен борышының лимиттерін анықтау. Ұлттық банктің қарыздары бойынша бұл росімдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады;

    2. Ұлттық банктің Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар-дың қарыздарын Қаржы министрлігінің тіркеуі және үкіметтік қарыздар мен жергілікті атқарушы органдар қарыздары талапта-рының бақылауы мен мониторингі және оларды өзгерту;

    3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқа-рушы органдардың қарыздарын алуды, өтеуді және оған қызмет көрсетуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын Қаржы министрлігі жүзеге асыратын бақылауы мен мониторингі;

    4. Борыштың қүрылымын оңтайландыру жөніндегі, соның ішінде мемлекеттік багалы қағаздар жоніндегі, мемлекеттік борышты қаита күрылымдау, мемлекеттік қарыз алу тоуекелдерін басқару жөніндегі іс-шараларды дайындау мен іске асыру.

    Мемпекеттік емес қарыз аяуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген молшерде, кез келген ва-лютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.
    Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзе-ге асыруға қүқығы жоқ.
    Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен занды түлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыз-дар қарыз туралы шарттың нысанында болуға тиіс.
    Мемлекеттік кепіпдіктер несиегерлерге Қазақстан Республи-касы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бой-ынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде бері-леді.
    Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша қүқығы бар.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқару-шы оргаңдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы-ның атынан кепілдіктер беруге қүқығы жоқ.
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
    Мемлекеттік кепілдіктерді беру жогарыда аталған Занда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
    Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарт-тарынан туындайтын сыйақы (мүдде), комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық толемақыларын айтады.
    Борышты өтеу — қарызгердің қарыздың алынған сомасын не-сиегерлсрмен (қарыз берушілермен) шарттармен бслгілеген тортіппен қайтаруы (амортизация), борыштың басқа күрамды бөлігінің белгіленген тортібі мен міндеттемелердің орындауы.
    Мемлекеттік борышты басқару сонымен бірге мынадай әдістерді қамтиды: қайта қаржыландыру, айырбасталу (конверсия), мерзімді үзарту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), кемімелі (ре-грессиялық) ара салмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін үзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту (күшін жою).
    Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шы-ғару есебінен өтеуді білдіреді. Сонымен бірге бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей қүндық ара салмакпен бағамдық ай-ырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
    Айырбасталым деп бұрын шығарылған қарыздардың шартта-рын табыстылығы бойынша аз жағына да, коп жағына да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыс-тар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудагы халықтың мүдделігін күшейту мақ-сатымен істейді.
    Мерзімді үзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шартга-рын оларды үзарту немесе қысқартумен байланысты озгерту бо-лып табылады.
    Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.
    Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыз-дар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.
    Қарыздарды өтеудің мерзімін узарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншы-лықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра түру ту-ралы мәлімдейді.
    Мемлекеттік борышты тәлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режім ауысымы және жаңа үкіметгің бұрынғы міңдетгемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде бо-лады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мүмкін.
    Мемлекеттік борышты басқарудың аталған одістері ор түрлі үштасуда бір мезгілде, мысалы, айырбастау, мерзімді үзарту жоне сәйкестендіру немесе айырбастау және сәйкестендіру және т.с.с. қолданылуы мүмкін.
    Қаржыны сауықтандыру, соның ішінде мемлекеттік борыш-тың өсу қарқынын төмендету жоніндегі шаралардың ішінде мемлекеттік меншіктің бір бөлігін өткізуге болады, яғни жекеше секторға сату жолымен активтердің бір бөлігінен бас тарту; бұл тиімділігі аз меншікті қолдау жөніндегі мемлекет көтеретін ауырт-палықты азайтады.
    Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін, инвестицияларын салмайынша, экспорт және импорт алмастырушы салаларға, аграрлық сектор мен тұтыну тауарлары-ның өңдірісіне озат технологияларды тартпайынша мүмкін емес. Бірақ шетел капиталы мен валюта ресурстарын тарту оларды жоға-ры тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыз қаражатгарының қай-тарымына дәлелді тосілдемені қажет етеді: негізгі борыштың сома- сы мен пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты онімнің бір бөлігін басқа елдердің қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы бо-рыштың көбеюі ұлттық валюта бағамының, экспорт пен импорт-тың ара салмағының өзгеруімен, отандық экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс экономикалық зардаптарды тудыруы мүмкін.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет