Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет36/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Қаржы рыногінің маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс - әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы рыногі бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылық құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы рыногінің болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама – қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы рыногінің дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялар жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы рыногінің жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігінің қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысы ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Қаржы рыногінің жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналасын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпыэкономикалық әлуетті тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.
2.Бағалы қағаздар рыногі, бағалы қағаздардың түрлері
Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар рыногі – шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногінің бөлігі. Бұл рыноктің жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктің қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногі экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі мүлдем болған емес. Оны дамыту үшін едәуір уақыт керек, өйткені ол меншікке қатынасты қайта құрумен (ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және акционерлеу) және мемлекеттік қаржы саясатының сипатын өзгертумен тікелей байланысты.
Бағалы қағаздар рыногінің жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногінде қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады. Сонымен бірге бағалы қағаздар рыногінің жұмыс істеуі тиісті құқықтық негіздерсіз де мүмкін емес.
«Бағалы қағаздар рыногі тұралы» заңның қабылдануы қор рыногінде қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туып отыр. Бұл заңның қазмет аясы онымен бірге бір бумада (пакетте) қабылданған «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» заңдарымен іштей астарласып жатыр. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар жарлыққа түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, «Акционерлік қоғамдар туралы» заң қабылданғаннан кейін қаржы рыногінің қызмет ететін сферасы болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бұл мәселеге мемлекеттік кәсіп орындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші роль атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шауашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіп орындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991 - 1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30 – ға жұық акционерлік кеммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы соммасы 110 миллиард сом болы. Соның ішінде банктердің үлесі 80 % құрады.
Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ынғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіп орынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан тұындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногіне тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет