Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл эмиссия шегінде біртектес белгілері және риквизиттерге ие болатын, осы эмиссияға арналған бірыңғай ережелер негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды жарияланған жарғылық капиталдық құру және өзінің қызметін асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы бағалы қағаздар шығару туралы эмитенттік шешім қабылдауын; уәкілетті органда бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеуді; инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды; бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етуді қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын ашық акционерлік қоғамдардың акциялары эмиссияланатын мемлекеттік тіркеудің, сондай – ақ акциялары шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Акционерлік қоғамдардың – банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногінің әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және Орталық депозиттарийдің акцияларының барлық эмиссиялары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған (документарлық) және құжатсыздандырылған нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздардың шығарудың құжаттандырылған нысаны – бағалы қағаздарға мүліктік құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың тізіміне тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғарғы басқару органының шешімі бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің құқықтары осы бағалы қағаздарды көрсету арқылы расталады. Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Бағалы қағаздарды иелерінің талап етуі бойынша тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.
Бағалы қағаздармен мәмілелер ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногінде – қайталама рынокте жасалады. Бағалы қағаздарды сатып алу – сату шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша нотариалдық куәландыруға тиіс.
Кәсіпқой қатысушылар ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногінде жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Кәсіпқой қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілеттігі оның клиентпен жасасқан мәмілелерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды айқындайтын шартымен расталады.
Акциялар, облигациялар және уәкілетті органдар бағалы қағаздар деп таныған оның басқ да түрлері, туынды бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысында уәкілетті орган белгіленген тәртіппен рұқсат етілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары, ипотекалық куәліктер, коносаменттер және заңдарға сәйкес құжаттардың басқа да түрлері Қазақстанда бағалы қағаздар рыногінің объектілері болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылары) инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін - өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тулғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар рыногінде инвестор ретінде іс – қимыл жасайды.
Эмитенттер – қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары - бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін - өзі реттейтін ұйымы - бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай – ақ бағалы қағаздар рыногі инфрақұрылымының неғұрлым тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.
Бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалары жатады.
Брокер – сыйақы үшін шарт жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асырушы делдал. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.
Дилер – бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге де мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы.
Кастодиан – клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздарды мен ақшасын сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелердің орындалуын бақылау және осы мәмілелер жөніндегі төлем агенті міндеттемелерін орындау, бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретіндегі қызметті және басқа қызметтер көрсету міндеттерін жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар депозитарийі – бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай – ақ бағалы қағаздарды биматериалдандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.
Орталық депозитарий – коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады. Орталық депозитарий алатын пайда оған қатысушылар арасында бөлініске салынбайды, ол оның техникалық дамуына жұмсалады. Орталық депозитарийдің клиенттері брокер – дилерлер мен кастодиандар болып табылады.
Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногінде брокерлік және дилерлік қызметке лизенциясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тулға. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және құнды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.
Өзін - өзі реттейтін ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және оларды бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қауымдастық нысанында құрады. Олардың негізгі міндеттері бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бұл рыноктегі қызмет ету әдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушіліре мен кәсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелері мен стандарттарын жасау және олардың сақталуын бақылау болып табылады.
Еліміздің қаржы рыногінде орныға бастаған қатынастарды реттеудің және қадағалау тиімділігін арттырудың біртұтас жүйесін ұйымдастыру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногін мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, № 872) қабылданды. Осы жарғылыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің функциялары мен өкілеттіктері Ұлттық банкке берілді.
Еліміздің есептік төлем балансын неғұрлым тиімді қалыптастыру, неғұрлым пәрменді валюталық реттеу мен бақылау жүргізу үшін Ұлттық банктің жаңа бөлімшелері - төлем балансы мен валюталық реттеу департаментін және Ұлттық банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылған.
Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың біртұтас жүйесіне кезең – кезеңмен көшу қамтамасыз етілуі тиіс.
4.Қор биржасы
Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыноктің баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.