Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет40/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық – техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй – жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.
Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногіндегі қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асырумен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларын орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензиясы уәкілетті орган береді.
Қор биржасының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асырумен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.
Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокте бағалы қағаздармен сауда жасуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін - өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.
«Бағалы қағаздар рыногінің инфрақұрылымы» ұғымы қолданылады, ол осы рынокті құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері және т.т.), ақпаратты, депозитарлық және есептік – крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.
Жоғары ұйымдастырылған қаржы рыногінің дамуына бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының – ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады.
Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногінің субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін - өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет